Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

7. Бақылау:

1. Тақырып №16, атауы: Етіс категориясы. Жеке кәсіпкерлік.

2. Сабақтың мақсаты: Етіс категориясы туралы білімдерін толықтыру. Тіл байлығын

дамыту. Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте

отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- етіс туралы түсінік

- етіс түрлерін, жұрнақтарын

- мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- етістіктен етіс түрлерін жасау

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Етіс.

2. Етіс түрлері.

3. Жеке кәсіпкерлік.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, ізденіс әдісі, жобалау әдісі

Етіс

Етіс – іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Етістер төрт түрге бөлінеді: өздік, ырықсыз, өзгелік, ортақ.

Түрі

Жұрнақтары

Мысалдары

Өздік

(возвратный)

-ын, -ін, -н

Омар жуынды.

Омар киінді.

Ырықсыз

(страдательный)

-ын, -ін, -н (если в корне есть л, ла, ле)

-ыл, іл, -л (в др. случаях)

Шешім қабылданды.

Тапсырма орындалды.

Сабақ аяқталды

Өзгелік

(понудительный)

-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз

-тыр, -тір, -дыр, -дір, - т

Ол терезені Аянға жуғызды.

Ол терезені Аянға жудырды.

Ортақ

(взаимный)

-ыс, іс, -с

Ол Әсемге терезе жуысты.

Ол інісіне есеп шығарысты.

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы.Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Жеке меншік кәсіпкерлік субъектіне қатысты жағдайлар: жеке кәсіпкерлік субъекттері, микро – бизнес субъектері, шағын кәсіпкерлік субъекттері, орта кәсіпкерлік субъекттері және ірі бизнес субъекттері. Жеке кәсіпкерлік субъектісі дегеніміз – заңды тұлғалардың қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке тұлғалар. Жеке кәсіпкерлік жалғыз адам болуы немесе біріккен адамдар болуы да мүмкін. Біріккен кәсіпкерлік бірнеше адамдардың өз мүлкі арқылы жауапкершілігімен бірігіп кәсіпкерлікпен шұғылдануы. Жеке кәсіпкерлік түрлері: Жеке - жеке азаматтар өз меншігіндегі мүлік негізінде жауап береді Біріккен - ерлі зайыпты адамдардың бірге меншігіндегі пайдаланатын мүлкі негізінде отбасы кәсіпкерлігі: тұрғын үйге біріккен меншігі шаруа қожалығын бірігіп ашу негізінде Жай серіктестік, әрқайсысының өз меншігінен үлесін қосу арқылы Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде ең көп тараған түрі жеке кәсіпкерлік болып табылады. Бизнестің бұл түрімен айналысу арзан, әрі қарапайым, себебі: – біріншіден, құрылтайшылық құжаттар дайындау қажет емес; – екіншіден, егер әріптестер анықталмаса, жұмысты өз бетімен бастауына немесе патент алуына болады; – үшінші, мемлекеттік тіркеу және басқа мөр, бухгалтерлік есебін дайындау айтарлықтай күрделі емес; – төртінші, I, II, III топтағы мүгедектер мен оралмандар (азаматтығын алғанша) ұйымдастырған шаруа қожалықтары мемлекеттік тіркеуден тегін өтеді.

Мәтін тапсырмалары:

1-тапсырма.Мәтінге сөздік жасаңыз.

2-тапсырма. Мәтінді оқып ,сұхбат кұрастырыңыздар.

3-тапсырма. Баспасөз беттерінен жеке немесе біріккен кәсіпкерлік туралы ақпарат тауып,

әңгімелеп беріңіз.

1-жаттығу.Мәтіннен етістіктерді теріп жазып,етіс түрін ажыратыңыз.

2-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Мама попросила дочь вытереть пыль. Мы попросили ребенка спеть песню. Они заставили Санию выпить лекарство. Быстро умойся и садись за уроки. Концерт закончился поздно. Помоги ему отнести эти вещи в кабинет. Поделись своей идеей.

3-жаттығу. Мәтінді ретімен орналастырыңыз.

Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар.