Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

Ауру – астан

Қазақ «Ас – адамның арқауы» деп тегін айтпаса керек. Шындығында да, адам денсаулығының бас­ты кепілі – дұрыс тамақтану. Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі – адамдардың дұрыс тамақтанбауы. 

Ас – өмірдің көзі екені рас. Таңдап, талғап жейтін дәрумендері ағзаға пайда әкелетін ас-судың жөні бөлек. Дегенмен, қазір ұй­қыға кеткенше ықылық атып тойып, ас ішетіндер жетіп артылады. Соның зар­дабы болар, тіпті, жасы отызға жетер-жетпесте қарын­дары шығып, демігіп қала­тын азаматтар мен келін­шек­тер көбейіп кетті. Бұл – жалғыз бізде емес, әлемнің біраз елде­рін­де қалыптасқан ахуал. Айталық, еуропа елдерін­де көпшілік жылдам дайын­­да­ла­тын «хот-дог», «гам­бур­герді» оқу орын­дары, мектептерде сатуға тыйым салды. Өйт­кені, жыл­дам ас жеу мен майлы тамақ­тан мектеп оқушыла­рының, жастардың арасын­да ша­ма­дан тыс сал­мақ қосып, семіздік ауруы­на шал­дық­қандар аз емес кө­рінеді. Зерт­­теу­­шілердің ай­туы­на қара­ғанда, жер шары тұрғын­дарының 30-35 пайызы семіз­діктен зардап шегеді екен. Бұл – бір, екіншіден, қазір асқазан-ішек, жүрек-қан тамырлары, қант диабеті сынды аурулар көбейді. Мұндай сырқат­тардың себебі, асты жөнсіз көп әрі асығыс ішіп-жегеннен дейді дәрігерлер. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  дерек­тері  бойынша, аурулардың 80%-ы белгілі бір дәрежеде тамақтануға байланысты, ал дерттердің 40%-ы  тамақ­тану факторына тіке­лей байланысты. Бабаларымыз айтқан «Ауру – астан» . Балалардың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! Адам тәулігіне 5 рет тамақтануы тиіс, – дейді диетолог-дәрігерлер. Әр тамақтанғанда ас мөлшері 200 грамнан аспай, яғни, адам ас ішкенде тоя жемей, тек қарынның ашқаны басылғандай мөлшерде ғана тамақтануы тиіс. Әрі кешкі сағат 6-7-ден кейін мүлде ас ішпеу керек. Соны­мен қатар, көп қимыл­дап, әсіресе, жаяу жү­ріп, жүгіріп, бір сөзбен айт­қанда, күн сайын бойда­ғы энергияны сыртқа шыға­рып отырған жөн. Сондықтан, дұрыс тамақтана білейік!

Мәтін тапсырмалары:

1-тапсырма.Мәтінді оқып аударыңыз.

2-тапсырма.Мәтінге 5 сұрақ құрастырыңыз.

3-тапсырма.Мәтінді пайдаланып, « Дұрыс тамақтану» тақырыбына ақыл-кеңес жазыңыз.

1-жаттығу.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Адам тәулігіне 5 рет ... тиіс, – дейді диетолог-дәрігерлер. Әр тамақтанғанда ... мөлшері 200 грамнан аспай, яғни, адам ас ішкенде ... жемей, тек қарынның ашқаны басылғандай мөлшерде ғана тамақтануы тиіс. Әрі кешкі сағат 6-7-ден кейін мүлде ас... керек. Соны­мен қатар, ... қимыл­дап, әсіресе, жаяу жү­ріп, жүгіріп, бір сөзбен айт­қанда, күн сайын бойда­ғы энергияны ... шыға­рып отырған жөн.

2-жаттығу. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.

3-жаттығу.« Дұрыс тамақтану» деген тақырыпқа шығарма жазыңыз.

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.