Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау:

1.Тақырып №9, атауы: Меншік мәнді сөйлем. Азаматтардың құқықтары мен

бостандықтары.

2.Сабақтың мақсаты: Меншік мәнді сөйлем туралы түсінік беру,практикалық

жолмен меңгерту. мәтін мазмұнын дұрыс түсініп,ауызша

ойын айтуға дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- меншік мәнді сөйлем

-меншік мәнді сөйлем қосымшаларын

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап

беру,сөйлемдер құрау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Меншік мәнді сөйлем.

2. Меншік мәнді сөйлем қосымшалары.

3. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:, түсіндіру әдісі,кейс әдісі, , ізденіс әдісі, ойын әдісі,

Меншік мәнді сөйлем.Изафеттік тіркес және –нікі, -тікі, -дікі қосымшалары арқылы меншік мәнді сөйлемдер жасалады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген ли¬берализм өкілдері - Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша: "1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" (12-бап).

Мәтінге тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа он сөз тіркестерін аударыңыз.

2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіз?

Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу тетіктерін қалай жетілдіруге болады?

Қазақстанда адам  құқықтарының  қорғалуын  қамтамасыз ететін органдарды атаңыз.

3-тапсырма.Мәтінді мазмұндаңыз.

1-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Қоғам, әлеуметтік норма, даму үрдісі, объективтік құбылыс, жеке адамның құқығы, бостандықтар жиынтығы, өмір қажеттіліктері, қамқорлық жасау, әлеуметтiк орта, мiндеттi, құқығы, борыш, парыз, нормативті құжаттарға сәйкес, кепiлдiк, қамтамасыз ету, қол сұқпау, кемсiтуге, бұзбауға.

2-жаттығу. Меншік мәнді сөйлемдер құрастырыңыз.

Құқық, бостандықтар, мемлекет, қоғам, адамзат, қарым-қатынас, қағида, халық, заңдар.

3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.