Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник бизнес план - каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
673.21 Кб
Скачать

6. Өндірістік жоспар

Бизнес-жоспардың бұл бөлімі тек өнім немесе қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлермен жасалады. Бұл бөлімнің басты міндеті нақты қажет адамдарға кәсіпорынның қажетті өнім немесе қызмет көрсету санын өндіре алатындығын, оның мерзімін көрсету. Бұл бөлімде өндірілетін өнім мен қызмет көрсетудің санын болашақ 2-3 жылға, ал ірі кәсіпорындарға 4-5 жылға көрсеткен жөн.

«Өндірістік жоспар» тарауында келесі мәселелер тиянақты баяндалады:

  • өндіріс бағдарламасы және кәсіпорынның өндірістік қуаты.

  • өндіріс үдерісінің сипаттамасы (технологиялық жобалар).

  • шикізат пен материал өнім берушілер және олармен байланыс.

  • өндірістің шығыны.

Өндірістік бағдарлама белгілі уақыт ішінде шығарылатын өнімнің санын, түрлері мен сапасын, нақтылық және құндық өлшемін көрсетеді. Сонымен қатар өндіріс факторлары да (өндірістің орналасқан орны, жұмыс күшінің жеткіліктігі, көлік мәселесі, сумен қамтамасыз етілуі, телекоммуникация және т.б.) есепке алынады. Өндіріс қуатын бағалауда өндірістің негізгі құралдарының мөлшері мен жабдықтың қуаты, пайдалану мерзімі, жаңғырту, қайта құру мен жаңарту мүмкіндігі ескеріледі. Өндіріс үдерісі, яғни өндіріс технологиясы жан-жақты сипатталады. Ол үшін қазір қолданып жүрген ескі технологияның отандық және шетелдік түрлерін атап көрсету, өндірісті әртараптандыру, т.б. қажет. Технологияны ауыстырғанда жабдықты, еңбек ресурстарын өзгерту және қуат көздері қажет болады, бұл өндіріс шығыны мен инвестиция мөлшерін өсіреді. Технологияны таңдағанда ең алдымен бастапқы материалды, шикізатты дұрыс өңдеу, жинақтау бұйымдары және олардың сипаттамасы (көлемі мен құны), материал және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етушілерді таңдап алу, олардың қажет уақытта жеткізілуі, технология үдерісіндегі өндірістік ағын жүйелерінің барлық кезеңде қамтамасыз етілуі ескерілуі керек. Өндірістік жоспардың соңында, өндірістік және өндірістік емес шығындар көлемі, өндіріс қуаты мен технологиясының есептері, өндіріс қоры мен ескеру жиынтығы, жеке өнімнің өзіндік құны белгіленеді.

Мысал, біздің мысал бойынша жоспарлы өндіріс пен сату бағдарламасы келесідей

Кесте 5 – Жылдар бойынша жоспарлы өндіріс бағдарламасы

Көрсеткіш (жылдық)

2 015

2 016

2 017

2 018

2 019

2 020

Сүт сауу, л.

36 450

64 800

48 600

61 560

67 230

71 442

Сиыр басы, бас.

18

18

14

17

19

20

Орташа 1 сиырға сүт сауу, л/жыл

3 600

Ет өндірісі, тн.

0

0

2

2

2

2

Сату бағдарламасы маркетингтік зерттеулер нәтижесі негізінде (тұтынушылар талғамын анықтау мақсатында), сонымен қатар жарнамалық акциялар мен өнімді жеткізудің келісім-шарттары арқылы жүргізіледі.

Кесте 6– Жоспарлы сату бағдарламасы, мың теңге

Табыс баптары

Сатылымның бастау мерзімі

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Сүт сату

04.15 бастап

3 888

5 184

3 888

4 925

5 378

5 715

Ет сату

01.17 бастап

0

0

1 843

1 657

1 805

2 365

Барлығы

 

3 888

5 184

5 731

6 582

7 184

8 081

Баға құру кезінде тұтынушылардың сатып алу қабілеті, олардың орташа табыс деңгейімен анықталып ескерілген.

Баға құру нарықтық баға мен өнімнің толық өзіндік құнына негізделген.

Кесте 7- Өнімге жоспарлы бағалар

Сүт

тг./литр ҚҚС-сыз

80

Сиыр еті

тг./кг. ҚҚС-сыз

1000