Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник бизнес план - каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
673.21 Кб
Скачать

«Бизнес - идеялар»

Сіздің бизнес-идеяңыз қандай? Сипаттаңыз

ПрактиКАЛЫҚ ТАПСЫРМА

Канва бизнес-моделі бойынша сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз

Негізгі серіктестер

Негізгі серіктестеріміз кімдер?

Біздің жабдықтаушылар кімдер? Серіктестерден қандай ресурстар аламыз?

Біздің серіктестердің негізігі қызметі?

Негізгі қызмет түрлері

Біздің өткізу нарықтарымыз?

Біздің клиенттерімізбен қарым-қатынасымыз? Бізге түсетін ақшалай түсімдер?

Құнды ұсыныстар

Клиенттерге қандай құнды лық береміз? Қандай қажеттілігін қанағаттандырамыз? Біздің өнімдерден клиент қандай артықшылық алады? Клиенттердің қандай мәселерін шеше аламыз?

Клиенттермен қарым-қатынас

Әр клиент сегменті бізден не күтеді? Қандай қатынас орнатылған?

Тұтыну сегменттері

Біздің клиенттеріміз кімдер?

Кім үшін құндылықтар құрамыз?

Әр түрлі клиент сегменттерін бөле аламыз ба?

Маңызды ресурстар

Өткізу каналдары

Қандай өткізу каналдарын клиент сегменттеріне ұсына аламыз?

Шығындар құрылымы

Біздің бизнес-модель қандай маңызды шығындары бар? Қандай маңызды ресурстар анағұрлым қымбат? Қызметтің қандай түрлері шығындарды көп қажет етеді?

Кірістердің түсу ағыны

Кірістердің қандай ағындарын көбейте аламыз?

Әрбір кіріс ағынының мөлшері қандай?

Бизнес-жоспардың құрылымы

Бизнес-жоспар мұқаба парағынан басталады және онда жобаның аты, мазмұны бойынша суреті, кіммен жасалған, қай қалада жүзеге асады және жасалған жылы жазылады. Содан кейін бизнес-жоспардың мазмұны, құрылымына қарай беттері қойылып жасалады. Бизнес-жоспардың құрылымы, көлемі және бөлімдердің нақтылану дәрежесі шығаратын өнімге, технологиялық мүмкіндіктеріне, компанияның ерекшелігіне және қызмет ету сферасына және т.б. байланысты әр түрлі болып келеді. Негізінде ол төменде көрсетілген бөлімдердің болуын қажет етеді.

Бизнес-жоспардың құрылымы:

  1. Түйіндеме;

  2. Кіріспе;

  3. Кәсіпорынды немесе жобаны сипаттау;

  4. Өнімнің сипаттамасы;

  5. Маркетинг жоспары;

  6. Өндірістік жоспар;

  7. Ұйымдастырушылық және басқару жоспары;

  8. Жобаны жүзеге асыру;

  9. Қаржылық жоспар;

  10. Жобаның тәуекелділігін талдау;

  11. Әлеуметтік-экономикалық аспектілері мен жобаның қоршаған ортаға ықпалы.

  1. Түйіндеме

Бизнес - жоспар мазмұны түйіндеме парағынан басталады және 1-2 беттен аспауы тиіс.

Түйіндемеде келесі ақпаратар болуы қажет:

  • кәсіпорынның толық атауы, мекен-жайы мен телефоны;

  • кәсіпорынның сипаттамасы, оның спецификасы, бүгінгі күнге дейін кәсіпорынның даму жолы;

  • басқару персоналының біліктілігі туралы қысқаша мәліметтер, осы жобаны жүзеге асыруға қажетті қандай қабілеттері бар;

  • жобаның ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттары, қандай өсімге жетуге болады, қандай кіріс алу жоспарлануда, қандай уақыт кезеңінде;

  • тактикалық жоспар, қойылған мақсаттар қалай орындалатындығы туралы қысқаша сиппатама;

  • нарық конъюнктурасының қысқа мінездемесі, мақсатты нарықтар мен сол нарықтағы фирманың орны;

  • кәсіпорын өнім мен қызметтерінің артықшылықтары, компания ресурстары мен оның қаржылық жағдайы;

  • жобаның жалпы құны, инициатордың жобаға инвестицияландыратын қаржы көлемі;

  • қаржыландыру қажеттілігі, инвестициялаудың керекті формалары мен шарттары, заемдық қаражаттарды қайтару бойынша кепілдігі;

  • жоба тиімділігінің негізгі экономикалық көрсеткіштері.