- •Бизнес - жоспарлау Бизнес – идеялар және оларды талдау
- •Бизнес – жоспарлаудың әдістемесі
- •«Бизнес - идеялар»
- •Сіздің бизнес-идеяңыз қандай? Сипаттаңыз
- •Бизнес-жоспардың құрылымы
- •Түйіндеме
- •Бизнес-жоспар не үшін қажет?
- •Бизнес-жоспардың құрылымы:
- •Бизнес – жоспар құру үшін қажетті ақпарат:
- •Ірі қара мал бордақылау бойынша ферма ашу жобасының түйіндемесіне мысал
- •Жоба түйіндемесі
- •Түйіндеме
- •2. Жобаның кіріспесі (концепциясы)
- •3. Кәсіпорынды немесе жобаны сипаттау
- •4. Өнімді сипаттау
- •Ерекше сауда ұсыныстарының мысалы - шаштараз
- •Өнімді немесе қызмет көрсетуді сипаттаңыз
- •Ерекше сауда ұсынысын қалай жасауға болады?
- •Ерекше сауда ұсыныстарына мысал келтіріңіз
- •5. Маркетинг жоспары
- •Өткізу нарығын сипаттау
- •Іскерлік ойын swot- талдау (ми шабуылы)
- •6. Өндірістік жоспар
- •Өндірістік жоспар
- •7.Ұйымдастырушылық және басқару жоспары
- •Фирманың ұйымдық құрылымын сызып, кім басқаратынын, жұмысшылар санын жазыңыз
- •Жобаны жүзеге асыру
- •9.Қаржылық жоспар
- •9.1 Шығындарды болжау
- •Шығындар жоспары
- •Өзіндік шығындарды керекті табыспен салыстыру (практикалык тапсырма)
- •9.2 Пайда мен залалды болжау
- •9.3 Қаржылық бағалау коэффициенттерін есептеу
- •9.4 Инвестициялардың экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу
- •Жобаңыздың өтелу мерзімін есептеңіз
- •Қаржылық есептеулер жасаңыз
- •9.5 Cash-flow проекциясы
- •Қаржылық есептеулер жасаңыз
- •10.Жобаның тәуекелділігін талдау жасау
- •Тәуекелдерді бағалаңыз
- •11.Әлеуметтік-экономикалық аспектілер мен жобаның қоршаған ортаға ықпалы
|
|
ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы
Кәсіпкерлік мектебі
Жұлдызбаев Н.Е.
БИЗНЕС – ЖОСПАРЛАУ
ОҚУ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ
Шымкент-2016
Мазмұны
Бизнес – идеялар және оларды талдау.......................................... |
3 |
Бизнес – жоспарлаудың әдістемесі .............................................. |
4 |
Бизнес-жоспардың құрылымы...................................................... |
6 |
1.Түйіндеме............................................................................................... |
6 |
2.Жобаның кіріспесі (концепциясы)...................................................... |
9 |
3. Кәсіпорынды немесе жобаны сипаттау............................................. |
11 |
4. Өнімді сипаттау................................................................................... |
12 |
5. Маркетинг жоспары............................................................................. |
14 |
6. Өндірістік жоспар................................................................................. |
22 |
7.Ұйымдастырушылық және басқару жоспары................................... |
25 |
8.Жобаны жүзеге асыру.......................................................................... |
27 |
9.Қаржылық жоспар................................................................................ |
27 |
10.Жобаның тәуекелділігін талдау жасау............................................ |
38 |
11.Әлеуметтік-экономикалық аспектілер мен жобаның қоршаған ортаға ықпалы......................................................................................... |
39 |
Бизнес - жоспарлау Бизнес – идеялар және оларды талдау
|
Кез-келген жоспардың негізі – бизнестің идеясына негізделеді. Идея – әзірге немен шұғылдану керектігі туралы жалпы көріністі береді. Бизнес-идея – бизнес-жоспардың бастапқы жолы, барлық жетістіктер осы бизнес-ойдың дұрыс таңдалғанына байланысты. |
Тек білімді және тәжірибесі мол бизнесмен ғана кез-келген бизнес-ойдан табыс таба алады. Ал бизнесін жаңадан бастап жатқандарға жақсы бизнес-идея таңдай білу басты мәселе болып табылады.
Өз ісімді қалай бастасам болады? Ол үшін үш нұсқаның біреуін таңдауға болады:
дайын бизнесті алу;
франчайзингті пайдалану арқылы бизнесті бастау;
өз ісімді жаңадан бастау.
Бизнес-идеяны қалыптастыру үшін:
Сіздің нарықтағы сұраныс жайлы түсінігіңіз болуы тиіс;
Өзіңіздің нені өндіріп/сататындығыңызды түсінуге тиіссіз;
Сіз сатып алушыңыздың кім болатынын білуге тиіссіз;
Сізге өз тауарыңызды қалай және қай жерде сататыныңызды елестету керек;
Сіздің бизнесіңіз қоғамға қандай пайда әкелетінін білуге тиіссіз.
Бизнес-ой жақсы болуы үшін қандай болу керек?
Ол бизнесмен үшін әлеуетті табысты және лайықты болу керек.
Табысты бизнес-ой деп бірінші кезекте нарықта бос орынды иемдене алатын, яғни ерекше ойды айтады.
Ал осы ерекше ойларды қайдан табамыз?
Ерекше ойлар біздің әрқайсымыздың ойымызға келеді, бірақ біз оны ақылға қонымсыз деп керек етпейміз. Қазір теледидардан көптеген тауарларды жарнамалайды. Ол тауарлардың қайсысы болмасын, қарапайым, әрі ерекше ойға негізделген. Мысалы, жақында ғана сүлгісін ұстамай-ақ сығуға болатын еден жуғыштар шықты, еш қиыны жоқ сияқты. Әрқайсымыз осындай еден жуғыш болса екен деп армандайтынбыз, алайда бір-ақ адам жасауға кірісті.
Табысты ой мынаны ұстану керек:
Сатып алушы Сіздің тауарыңызға мұқтаж болу керек, мұқтаж болмаса – бизнес жоқ. Кей жағдайда сатып алушы сіздің тауарыңыз туралы білмей, бірақ тауардың оған қажеттілігін түсінуі керек. Мысалы, сатып алушы қандай да бір дәрінің бар екенін білмесе де, оның қажеттілігін білу керек;
Сатып алушылар Сіздің тауарыңыздың құнын төлей алуы керек. Егер Сіз экологиялық таза қаймақ шығара аласыздар ма деп сұрасаңыз, он адам иә дейді, ал оған екі есе қымбат ақша төлейсіздер ме десеңіздер, жауабы сіздің көңіліңізден шықпауы мүмкін.
Бизнесті ұйымдастыру тәсілдері:
1. Қаржы салымдарынсыз бизнесті ұйымдастыру;
2. Бастапқы капиталды тарту арқылы бизнесті ұйымдастыру;
3. Дайын бизнесті сатып алу;
4. Бизнес-франшизаны сатып алу.
Бизнес – жоспарлаудың әдістемесі
|
Еркін кәсіпкерлік бизнес жоспарлаудан құралады. Бизнес-жоба ойға алынған негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілетін нәтиже есептеледі. |
Әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.
Бірқатар жағдайларда бизнес-жоспарда іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба біріктірілген. Операцияның бизнес-жоспарын дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер бизнес-жоспар құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға дейін бизнес-жоспар құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін басты нәрсе болып саналуы керек. Егер сіздің бизнес-жоспарыңыз болмаса, онда бизнес-операцияны қаржыландыруға, несие беруге келісім беретін адамды таба қоюыңыз қиын болады.
Барлық іс бизнес-идеядан басталады. Бизнес-идея – бұл Сіздің келешек бизнес жайлы түсінігіңіз. Бүгінде өндіріліп жатқан нәрсенің барлығы және бүгінде сатылып жатқан нәрсенің барлығы – біреулердің идеяларының жемісі. Біз Сіздің қолыңыздан қандай іс келетінін, және Сіздің қандай іспен айналысуды қалайтыныңызды шамалап білетініңізге сенімдіміз. Алайда бұл үшін Сіздің келешек бизнесіңіздің картинасын елестетіп қана қою жеткіліксіз болады.
Практикалық тапсырма
Іскерлік ойын
Инвестор және идеялар
Тыңдаушыларды үш топқа жіктейміз. Үш инвестор ең жақсы идеяларға баға беріп таңдау жасайды. Идеяларды тыңдауға 10 минут уақыт беріледі. Инвестор ең жақсы ұнаған идеяларға пікір береді.
