Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оулы ЭТ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.52 Mб
Скачать

4 Рыноктық қатынастар теориясы

Рынок мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан оқшауланған еңбектің өте нәзік әрі күрделі экономикалық байланыс механизмі. Қазіргі рынок шаруашылық байланыстары мен экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі. Осы жүйеде орталық рөлді жеке мүдде мен бәсеке атқарады. Солар арқылы кең көлемді ақпарат өңделеді, тауарлар мен кызмет керсетуді, капитал мен еңбекті ке-ректі жеріне, керсетілген мерзімде жеткізіп отырады. Осының бәрін кезінде ағылшын экономисі А. Смит рыноктық күшті, "көрінбейтін қол" деп атаған болатын. "Көрінбейтін қол" идеясының мәні мынада, адамдар өз мүддесіне әрекет етіп, өзінің қара басының қамын ойластыра отырып, түтас болғанда қоғам үшін тиімді игіліктер рыногының негізін қалайды.

Рынокты бір сөзбен анықтап, сипаттау мүмкін емес, қалай болғанда да нақты алыс-беріс үшін сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін орны деп түсіндіруге де болмайды. Рынок түсінігін тар және кең мағынада беруге болады. Тар мағынада тауар айналыс саласы — сауда, кең мағынада рынок бүл қоғамдық өндірісті үйымдастырудың белгілі формасы, онда өндірушілер мен тұтынушылар өзара әрекет ете отырып, нақты экономикалық мәселелерді ше-шеді:

1) Қандай тауарларды, қашан және қандай мөлшерде өндіру қажет? Киімді көп өндіріп, тамақты аз ендіру керек пе, әлде керісінше ме, жазғы киімді қыста тігу керек пе, әлде жазда тігу дұрыс па? Не ендіру керек екендігін жоғары оргавдар емес, рынокта қандай тауарларға сүраныс білдіретін тұтынушылар шешеді;

2) бүл тауарларды қандай ресурстардан және қавдай технологияның кемегімен өндіру керек? Жерді өңдеу әдістерін таңдап алу, нан мен жемісті химиялық тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсіру керек пе, әлде басқаша әдіспен бе? т. б. Осы проблемалар ендірушілердің өзара бәсекесі арқылы шешіледі. Мұнда тиімді ендіріс әдістерін, жана технологияны пайдалану жолымен ендіріс шығывдарын азайтқандар табысқа жетеді;

3) тауарды кімге арнап шығару керектігі құпиясы ұлттық табысты қоғамның әр қилы мүшелерінің арасында бөлу механизмінде дер едік. Бүл процесс рыноктағы сұраныс пен үсыныстың арақатынасынан байқалады, яғни халықтың төлем қабілетін сұранысы арқылы айқындауға болады.

4.1 Рыноктық қатынастарды талдаудағы формациялық және өркениеттік бағыттар

4.1.1 Қоғамдық-экономикалық формация теориясының мазмұны

Қоғамдық шаруашылықты рыноктық үйымдастырудың қажеттігіне қазіргі кезде күмән келтірушілер өте сирек.

Қоғамдық-экономикалық формация тарихи материализмнің негізгі категориясы (ғылыми үғымы). Оның күрделі жүйеленген иерархиялық (өзара тәуелді) құрылымы бар. Оның құрылымдық элементтері — өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.

Дамудың белгілі бір деңгейінде тұрған өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қозғалысының бірлігі мен әрекеттесуі өндіріс әдісін құрайды. Өндірістік қатынастардың жүйесі базис ретінде көрінеді, оның үстіне қондырма бой көтереді. Ол — саяси, құқықтық, идеологиялық ұлттық, жанұялық және басқа коғамдық қатынастар мен институттар жиынтығын керсетеді. Өндіріс әдісі қондырмамен өзара бірлесіп, әрекеттесуінің нәтижесі қоғамдық-экономикалық формацияны қүрайды. Адамзат дамуының табиғи-тарихи жолы қоғамдық-экономикалық формацияның жүйелі ауысуын көрсетеді. Бүларға: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік қоғамдық-экономикалық формациялар жатады.

Материалистік диалектика дамудың жалпы теориясы ретінде қоғамдық-экономикалык формация дамуын зерттеудің методологиялық негізі болып табылады. Бүл теория дамудың қайнар көзі мен қозғаушы күші деп объективті қайшылықтар, қарама-қарсы жақтардың бірлігі мен күресін алып қарайды. Жүйенің маңызды жақтарының арасындағы қайшылықтардың дамуы, қарама-қарсы жақтардың сәйкес келуінің күшеюі жолымен іске асып жатады. Формациялық теорияның негізгі жағдайлары төмендегідей:

- Қоғамдық-экономикалық формациялар біртіндеп табиғи-тарихи процесс орын ауысуы түрінде дамиды;

- материалдық өмірдің рухани өмірмен салыстырғанда жетекші рөлі негізгі және туынды қатынастардың өзара себеп-салдарлы байланысы, мазмұны, мәні жағынан өте бай;

- өндірістік қатынас қоғамның базисі болып табылады, қондырманың базистен туынды сипаты бар;

- таптар тарихтың тұлғасы және қоғамның негізгі бірлігі болып табылады, ал таптық күрес — таптардың өзара қатынастарының негізгі формасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]