- •Тестілер
- •1. Экономикалық заңдар дегеніміз:
- •2. Ғылыми методологияның мәні:
- •2 Тақырып.
- •Тестілер
- •1. Игіліктер мен қызметтер жасау үшін басқа барлық ресурстарды реттеу және байланыстыруға бағытталған адам капиталының ерекше түрі:
- •3 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •4 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •5 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •3. Нарық инфрақүрылымы дегенде не түсіндіріледі:
- •6 Тақырып. Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •7 Тақырып. Фирма және кәсіпкерлік теориясы
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •1. Кәсіпкер тауарлар шығаруды сол кезге дейін жалғастыра береді, қашан?
3. Нарық инфрақүрылымы дегенде не түсіндіріледі:
А) өндірістің материалдык жағдайы;
В) өндірістің жалпы жағдайын қамтамасыз ететін, шаруашылық кызметінің саласы мен аясы;
С) қызмет аясы;
Д) өндіріс құралдары;
Е) тауар өндірушілердің тиімді кызметі үшін жалпы жағдайда қамтамасыз, ететін, қызмет аясы мен әр түрлі ұйымдардың жүйесі
6 Тақырып. Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі.
Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың бағадан тыс факторлардың ықпалымен өзгеруі.
Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал жасайтын бағадан басқа факторлар.
Сұраныс мен ұсыныстың өзара әрекеттері, нарықтық тепе – теңдік.
Икемділік ұғымы. Сұраныс мен ұсыныс икемділігі.
Қайталауға арналған сұрақтар
Сұранысқа ықпал ететін факторлар.
Ұсынысқа ықпал ететін факторлар.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың құралдары ретінде.
Келесі терминдердің анықтамасын табыңыз:
Өндіруші артықшылығы.
Сұраныс заңы.
Ұсыныс заңы.
а) Баға өсімі сұраныстың азаюына әкелетіндігін көрсететін гипотеза.
б) Өндірушілер белгілі бір тауарлар санын сатуға дайын минималды сомасы мен олар осы тауарды іс жүзінде сататын сома арасындағы айырмашылық.
в) Сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты болған жағдайдағы тауарға сұраныс пен осы тауар бағасы арасындағы өзара байланыс.
г) Жиынтық табыс пен жиынтық экономикалық шығындар арасындағы айырмашылық.
д) Ұсынысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты болған жағдайдағы тауардың ұсынысы мен осы тауар бағасы арасындағы өзара байланыс.
Есептерді шығарыңыз.
1 есеп. Сумкаға сұраныс қисығы келесі теңдікпен сипатталады Qd = 600 - 2Р, онда Р - баға, Qd – 1 айдағы сұраныс көлемі. Оның ұсынысының қисығы Qs = 300 + 4Р. Тауардың тепе-тең өндіріс көлемімен бағасы қаншаға тең. Егер баға «төбесі» 10$ тең болса, пайда болатын дефицит қаншаға тең?
2 есеп. Тұрғындар табысының артуынан видеомагнитофон және нанның сұраныс қисығы қалай өзгереді?
есеп. Велосипедке сұраныс қисығы келесідей берілген:Qd = 6000 - 20 Р, онда Р – баға, мың тг.
Ұсыныс қисығы келесі түрде: Qs = 3000 + 40 Р. Тепе-тең өндіріс көлемі қаншаға тең?
4 есеп. Сұраныс қисығының ығысуы неден болғандығын түсіндіріңіз?
Q
Тестілер
1. Қай фактор сұраныс қисығын оңға немесе солға жылжыта алады?
А) салық пен дотация
В) шекті қайтарымдылықтың төмендеу заңы
С) тұтынушының ұнатуы
Д) шекті пайдалылықтың төмендеу зағы
Е) ресурстар бағасы
2. Х тауардың У тауармен ауыстырудың шекті нормасы 3-ке тең. Бұны төменгінің қайсысы көрсетеді?
А) Х тауарын тұтыну У тауарын тұтынудан гөрі қалаулы
В) У тауардың қосымша 1 бірлігін алу үшін Х тауардың 3 бірлігін тұтынуы қымқаруы керек
С) тауарлар тең бағалы
Д) Х тауары У тауарынан гөрі 3 есе бағалы
Е) тауарлар бірін-бірі ауыстыра алмайды
3. Егер Х тауардың сұранысы икемсіз болса, онда бағаның 10% төмендеу нәтижесінде?
А) сұраныс көлемі 10 %-дан кем өседі
В) сұраныс көлемі 10 % төмендейді
С) сұраныс көлемі 10 % өседі
Д) сұраныс көлемі 10 %-дан артық өседі
Е) сұраныс көлемі 10 %-дан кем төмендейді
4. Сұраным икемді, егер де:
А) Е<1
В) Е>1
С) Е=шексіздікке
Д) Е=1
Е) Е=0
5. Сұраныс қисығының өзгерісіне қайсы фактор әсер етпейді?
А) тұтынушылардың саны
В) тұтынушылардың табысы
С) тұтынушылардың ұнатуы
Д) тауардың бағасы
Е) алмастыратын тауарлардың бағасы
6. Сұраныс заңына сәйкес:
А) тауар бағасы құлдырағанда, жоспарланған сатып алу көлемі өседі
В) сұраныс өскенде, баға өседі
С) сұраныс қисығы оңға қарай құлдырайды
Д) егер тұтынушылардың табысы өсетін болса, онда олар тауарларды көбірек алады
Е) ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді
7.Баға 3%-ға төмендегенде, сұраныс 3%-ға жоғарлады. Сұраныстың бағалық икемділігі туралы не айтуға болады?
А) абсолютті икемді сұраныс
В) сұраныс икемсіз
С) икемділік нольге тең
Д) абсолютті икемсіз сұраныс
Е) икемділігі бірге тең
