Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалы сабатар ЭT-1-7 практикалар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
43.67 Кб
Скачать

1 Тақырып.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Экономикалық теория нені зерттейді?

  2. Экономикалық зерттеу не үшін керек?

3. Экономикалық теорияда қандай зерттеу әдістері қолданылады?

4. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылығын түсіндіріңіз. Олар қалай өзара байланысқан?

  1. Экономистер неге үлгі (модель) құрады?

5. Соңғы кезде қандай макроэкономикалық проблема­лар талқылануда?

Тестілер

1. Экономикалық заңдар дегеніміз:

а) әлеуеттік-саяси қатынастардың экономикалық нормативтері

б) экономикалық құбылыстардың субъективті-психологиялық бейнесі

в) объективті, тұрақты қайталанып отыратын экономикалық құбылыстардың себеп-салдарлы байланы-сының моделі (үлгісі)

г) ғылыми зерттеудің ерекше әдістері

2. Ғылыми методологияның мәні:

а) қоғам дамуын тарихи-логикалық бірлікте талдау

б) адамның қоғамдағы рөлін айқындау

в) ғылыми жүйелерді жасау

г) жеке ғалымдар ілімі

2 Тақырып.

ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ

  1. Өндіріс факторлары деген не?

2. Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігіне сипаттама беріңіз.

3. Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор.

4. Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті деген не?

5. Өндіріс құралдарына не жатады?

6. Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары

7.Өндірістің ақпараттық факторы

8.Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде

9.Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым

10.Өндірістің экологиялық факторы

Тестілер

1. Игіліктер мен қызметтер жасау үшін басқа барлық ресурстарды реттеу және байланыстыруға бағытталған адам капиталының ерекше түрі:

А) Капитал

В) Еңбек ресурстары

С) Кәсіпкерлік қабілеті

Д) Табиғи ресурстар

Е) Информациялық ресурстар

2.Өндіріс-бұл:

А) материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру процесі

В) заттардың үлкен жинағы

С) жеке қажеттілікті қанағаттандыру

Д) қоғам байлығы

Е) адамның іс-әрекеті

3 Тақырып.

МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР

ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

1. Меншік неге адамзат қоғамының өндірістік-экономикалық қатынастарының негізі болып табылады?

2. Қоғамдық меншікке негізделген экономикалық жүйе неге капитализммен экономикалық жарыста объективті ұтылысқа ие болады?

3. Меншіктің әр формаларының кемшіліктері мен артықшылықтарын айыра білу

  1. Меншіктің қай формасында адамзат қоғамының болашағы дұрыс дамитынын дәлелдеу

  2. Меншік формаларының бір-бірінен табанды айырмашылықтарын білесіз бе?

  3. ҚР-ғы жекешелендіру мәселелерін анықтау

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Меншік формаларына анықтама беріңіз?

2. Меншіктің заңдық және экономикалық жақтарының айырмашылықтарын анықтауға қандай факторлар әсер етеді?

3. Адам мен қоғам өміріндегі меншіктік қатынас-тардың рөлі мен мәнін негіздеңіз?

4. Мына ойды қалай түсіндіруге болады: «Жеке меншік - жекеленген, ал қоғамдық - иесіздендірілген»?

5. Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта ҚР-да меншік­тің қай формасы бекітіледі?

6. К.Маркс түсінігін негіздеңіз - «Шенеуініктер жеке меншік сияқты мемлекеттік және саяси билікті меншіктенеді?

Тестілер

1. Меншіктік қатынас - бұл құқық. Иелену құқығына ие болу деген не? Өндірістік қатынастарсыз иеленуге бола ма?

2. Меншік - адамдар арасында тарихи өзгеретін жүйе:

а) өндіріс процесі мен қызмет көрсетудегі объективті қатынастар

б) материалдық игіліктерді бөлу және оларды тұтыну

в) қоғам мүшелерінің еңбек қызметінің арасындағы айырбас

г) жеке кәсіпкерлер мен өндіріс қаражаттарын меншіктену

д) а, б, в жауаптары дұрыс

е) барлық жауаптар дұрыс

3. Қорлар мен өндіріс факторларының меншік иесі болу деген не?

а) қорларды иелену құқығы

б) қорлар, өндірілген тауарлар мен қызметтерді билеу және меншіктену

в) шешім қабылдау құқығы - не және кім үшін өндіру

г) материалдық игіліктерді кім үшін және қанша өндіру

д) а, б жауаптары дұрыс

е) барлық жауаптар дұрыс

4. Меншіктің қоғамдық формаларының теориялық негізін құрды:

а) У.Петти

б) А.Смит және Д.Рикардо

в) В.Ленин

г) К.Маркс

д) Ф.Энгельс

е) Дж.Кейнс

5. Меншіктің жанама қатынасы іске асырылады:

а) экономикада нарықтың реттеу және ынталандыру қызметтері жүзеге асырылмағанда

б) керісінше экономикалық категориялар жүзеге асыры­лады - нарықтың реттеуші және ынталандырушы қызметтері;

в) тәуекел, ізденушілік, ынта кәсіпорын қызметін басқарғанда

г) керісінше, тәуекел, ізденушілік, ынта болмағанда

д) а, г жауаптары дұрыс

е) б, в жауаптары дұрыс