Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикалы сабатар ЭT-8-15_практикалар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.79 Кб
Скачать

12 Тақырып.

Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

1. Жұмыссыздық және оның түрлері.

2. Оукен заңы

3.Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филипс қисығы.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық түсініктерінің мазмұны

  2. Жұмыссыздық көрсеткіштері

  3. Жұмыссыздық түрлері

  4. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және экономикалық салдары

  5. Филлипс қисығы

  6. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу

  7. Инфляция: түрлері, себептері, салдары

  8. Инфляция деңгейі

Тестілер

1. Филлипс қисық сызығы инфляция деңгейімен ненің арасындағы байланысты көрсетеді?

А) Ақша массасын

В) Экономикалық цикл

С) Нақты процент мөлшерлемесі

Д) Процент мөлшерлемесі

Е) Жұмыссыздық

2. Инфляция дегеніміз:

А) Арнайы сый ақы

В) Міндетті төлем

С) Экономикада өрлеу

Д) Орташа бағаның өсуі

Е) Бағаның төмендеуі

3. Инфляцияға қарсы фискалдық саясат нені талап етеді:

А) Салық механизмі қолданылмауын

В) Салық пен мемлекет шығындарының азаюын

С) Салық азаюы мен мемлекет шығындарының өсуін

Д) Салық пен мемлекет шығындарының көбеюін

Е) Салық салудың өсуімен мемлекеттік шығындардың азаюын.

4. Егер, баға өсімі жылына 200% болса, онда:

А) ұшқыр инфляция

В) айқын инфляция

С) жасырын инфляция

Д) созылмалы инфляция

Е) секірмелі инфляция инфляция

13 Тақырып.

Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша-несие жүйесі.

1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Кейнстік үлгі.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік.Мультипликатор теориясы.

3. Ақша-несие саясаты.

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Ақша жүйесі және оның элементтері

  2. Ақша-несие жүйесінің реттеу әдістері.

  3. ҚР-ғы Ұлттық банктің реттеу қызметі.

14 Тақырып.

Ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздігі және мемлекеттік реттеу.

1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы

2. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері

3. Мемлекеттік реттеу объектілері және функциялары

4. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары мен әдістерінің қажеттілігі

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары

  2. ҚР-ның ақша-несие жүйесі және ақша-несие саясаты

  3. Қаржы жүйесі. Мемлекеттік бюджет.

  4. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс.

Есеп

1.Экономика келесі жағдайлармен сипатталған:

С=20+0,8 (Y-T+F) I=60; T=40(салықтар); F=10(трансферттер); G=30

А) Тепе-тең табыс көлемін анықтаңыз

Б) Үкімет экономиканы ынталандыру үшін шығындарды 40-қа арттырады.

  • жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді.

  • тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді.

  • мем.шығындар мультипликаторы нешеге тең.

  • МБ сальдосы қалай өзгереді.

2. Үкімет салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы (G=30 көлемінде).

  • жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді.

  • тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді.

  • салықтар мультипликаторы нешеге тең.

  • МБ сальдосы қалай өзгереді.

3. Үкімет бір мезгілде шығындарды 30-дан 40-қа, салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы.

  • жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді.

  • тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді.

  • Мультипликатор эффектісі қалай өзгереді.

  • МБ сальдосы қалай өзгереді.