- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •9 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •Есептер
- •10 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •Есептер
- •1. Есепті жылы елдің дамуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталды (ақша түрінде, шартты бірлікте):
- •2. Төмендегі деректерді пайдаланып жұө,тіө көлемін анықтаңыз (шартты ақша бірлігінде):
- •11 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •12 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •13 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •14 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •1.Экономика келесі жағдайлармен сипатталған:
- •3. Үкімет бір мезгілде шығындарды 30-дан 40-қа, салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы.
- •15 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
10 Тақырып.
Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу.
1. Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде.
2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі.
3. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
Қайталауға арналған сұрақтар
Ұлттық экономика құрылымы
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, ұлттық есептер жүйесі
Жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім: есептеу әдістері
Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, қайта бөлу
Ұлттық байлық: мазмұны және құрылымы
Тестілер
1. ЖҰӨ-ң ЖІӨ-нен айырмашығы неде:
А) ЖҰӨ-ң көлемінде осы ел резиденттерінің шет елде тапқан табысымен, ел территориясында тұратын шет ел азаматтарының табысының айырмасы ескеріледі;
В) ЖҰӨ ел территориясында тұратын резиденттермен өндірілген және сатылған тауарлар мен қызметтердің соңғы құны;
С) ЖІӨ тек сатылған тауарлармен қызметтер құны;
2. Табыстармен шығындар бойынша есептелген ЖІӨ-р арасындағы қатынас қандай:
А) табыстар бойынша ЖІӨ шығындар бойынша ЖІӨ мәндері тең;
В) экономикалық өсу жағдайында табыстар бойынша ЖІӨ мәні шығындар бойынша ЖІӨ мәнінен артық;
С)олардың арасындағы айырмашылық сол кезеңдегі инфляция қарқынына байланысты;
3. Нақты жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - бұл:
A) Құрылымдық жұмысыздық кезіндегі өндірістің ауданы.
B) Циклдық жұмыссыздық кезіндегі өндірістің ауданы.
C) Толық жұмысбастылық кезіндегі өндірістің ауданы.
D) Шаруашылықтың нақты ауданы.
E) Өндірістің ауданы.
Есептер
1. Есепті жылы елдің дамуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталды (ақша түрінде, шартты бірлікте):
- ЖҰӨ -100;
- негізгі капитал амортизациясы- 10;
- үй шаруашылықтарының тауар және қызметтерді иеленуге кеткен шығындары- 50;
- тауар және қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 15;
- таза экспорт-(-4);
- жанама салықтар- 5;
- трансферттік төлемдер- 2,5;
- табысқа салынған табыс-7,5.
Анықтау керек: ТІӨ, ҰТ (ЖІӨ- жанама салықтар), ҚЖТ.
2. Төмендегі деректерді пайдаланып жұө,тіө көлемін анықтаңыз (шартты ақша бірлігінде):
а) тауарлармен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 60;
ә) тұрғындардың соңғы тұтынулары (жеке сатып алушылық шығындар)-230;
б) меншіктен табыстар-80;
в) материалды айналым қорлар өсімі-34;
г) амортизациялық төлемдер- 25;
ғ) дивиденттер-10;
д) жұмыскерлердің еңбек ақысы -200;
е) бизнеске жанама салықтар-15;
ж) таза ішкі инвестициялар-28;
з) трансферттік төлемдер-10;
и) корпорациялар табысына салықтар-28;
к) салынған капиталдан проценттер -10;
қ) корпорациялар пайдасы-50;
л) азаматтардың жеке жинақтары-15
11 Тақырып.
Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы.
1.Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары
2.Экономикалық өсу теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі
3.Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
4.Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары
Қайталауға арналған сұрақтар
Экономиканың циклдік дамуы экономикалық динамиканың жалпыға ортақ нысаны
Циклдік ауытқуларпдың себептері: сыртқы және ішкі
Экономикалық цикл және оның әртүрлілігі (қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік циклдер). Цикл фазалары
Дағдарыс: мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық салдары
Аграрлық дағдарыс және оның өнеркәсіптік дағдарыстан айырмашылығы
Құрылымдық дағдарыс
Экономикалық өсу түсінігі және оны өлшеу
Экономикалық өсудің түрлері мен фаторлары
Экономикалық өсу үлгілері
Экономикалық өсуді өлшеу тәсілдері
ҚР-ғы экономикалық өсудің негізгі бағыттары
