- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •9 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •Есептер
- •10 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •Есептер
- •1. Есепті жылы елдің дамуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталды (ақша түрінде, шартты бірлікте):
- •2. Төмендегі деректерді пайдаланып жұө,тіө көлемін анықтаңыз (шартты ақша бірлігінде):
- •11 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •12 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •Тестілер
- •13 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •14 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
- •1.Экономика келесі жағдайлармен сипатталған:
- •3. Үкімет бір мезгілде шығындарды 30-дан 40-қа, салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы.
- •15 Тақырып.
- •Қайталауға арналған сұрақтар
8 Тақырып.
Өндіріс, фирманың шығындары мен табысы.
1. Фирма шығынының құрылымы және пайда
2. Фирманың шекті шығындары
3. Масштаб тиімділігі
Қайталауға арналған сұрақтар
Шығындардың түрлері мен олардың жіктелуі
Тұрақты және өзгермелі шығындар
Өндіріс көлемінің өсуі кезіндегі тұрақты және өзгермелі шығындар динамикасының ерекшелігі
Жалпы, орташа және шекті шығындар, олардың арасындағы өзара байланыс. Масштаб эффектісі
Қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдегі өндіріс шығындары, олардың арасындағы өзара байланыс.
Өндірістің трансакциондық шығындары, олардың арналуы
Өндіріс шығындарын азайту және пайданы көбейту
Тестілер
1. Тұрақты және өзгермелі шығындар жиынтығы шығынның қай түрін береді:
А) нақты шығындарды;
B) тұрақты шығындарды;
C) жиынтық шығындарды;
D) нақты емес шығындарды;
E) өзгермелі шығындарды.
2. Пайданың бұл түрі фирманың жалпы түсімінен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі) алып тастағанда туындайды:
А) орташа тұрақты пайда;
B) экономикалық пайда;
C) альтернативті пайда;
D) қалыпты пайда;
E) бухгалтерлік пайда.
3. Фирманың шикізат, қондырғы, көлік, энергияны сырттан сатып алуға жұмсаған шығындары, демек кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алулары:
А) нақты шығындар;
B) тұрақты шығындар;
C) альтернативті шығындар;
D) инвестициялық шығындар;
E) орташа тұрақты шығындар.
9 Тақырып.
Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу.
Өндіріс факторына сұраныс.
Жер рентасы – жер иесінің табысы.
Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде.
Қайталауға арналған сұрақтар
Пайданың экономикалық табиғаты
Пайда кәсіпкердің табысы және фирманың қызмет етуінің басты нәтижесі ретінде
Пайда шамасын анықтайтын факторлар
Еңбекақының негізінде не жатқанын айтып беру
Еңбекақы мәнін түсінудегі экономистер көзқарастарының эволюциясы
Еңбекке ақы төлеу нысандары мен жүйелері
Пайыз капиталға табыс түрінде, пайыздық мөлшерлеме
Экономикалық рента жер, оның қойнауына табыс нысаны ретінде және рента түрлері. I және II дифференциалдық рента, абсолюттік рента. Арендалық төлем. Жер бағасы.
Тестілер
Салық – бұл:
А) Мемлекеттік жәрдем
В) Қайырымдылық шығындар
С) Айып пұл санкциясы
Д) Міндетті төлем
Е) Әлеуметтік көмектер
2.Қай рента капиталмен және еңбек тиімділігіне байланысты?
А) Абсолюттік рента
В) Дифференциалдық рента 2
С) Дифференциалдық рента 1
Д) Пайда
Е) Монополиялық рента
3.Дифференциалды рентаның пайда болу себебі:
А) Жердің шектілігі
В) Жердің орналасуы және әртүрлі құндылықтың болуы
С) Шаруашылықтың объектісі ретінде жерге монополия
Д) Жерге деген меншік монополиясы
Е) Абсолютті рента
Есептер
1. Жалға алушы фермер жерге салынған 50 мың.долл капиталдан 20% пайда алады. Өнім өткізгеннен кейін алынатын қосылған өнім көлемі 30 мың.долл құрайды. Жердің меншік иесі алатын рента көлемін анықтау керек.
2. Екі шаруашылықта күзгі бидай алқабында өнімділігі әртүрлі 1мың га. қамтылған, егінділігі сәйкесінше 30 және 40 ц/га. Егер 1 ц үшін баға бірінші шаруашылықтың жеке құны деңгейінде бекітіліп 500 тенге құраса, екі шаруашылықтағы дифференцияалды рента қанша болады. Екінші шаруашалықтағы 1ц жеке құны – 300 тенге.
