- •Практикалық сабақтар
- •2016 Жылдың 15 тамызында университеттен жіберілген №55 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.
- •Талапарыз
- •Қолы мерзімі
- •Түйіндеме (Резюме)
- •2003 – 2005 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық мектеп
- •2005-2009 Жж. Қазақтың Мемлкеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті
- •Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының магистранты Алиева Жазира Алиқызына
- •Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Магистратура бөлімі (күндізгі)
- •25 Қазан, 2016 ж.
- •Түркістан қаласы, 2016 жылғы 25 қазан
- •2016 Жылғы 25 қазан Тараптардың қолы:
- •Кепілхат
- •Түркістан қаласы, 25 қазан 2010 жыл
- •Сенімхат
- •2016 Жылғы 20 қазан, Түркістан қаласы
- •2016 Жылғы 20 қазан қолы
- •Жеделхат мәтіні
- •2. Сілтемелер мен ескертулер
- •Қағидалары
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен лексика-грамматикалық тест тапсырмалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
ҚОЛХАТ
Мен, ППМ-911 тобының студенті Төлебаева Жанар, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану үшін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 2000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік № 58942510
25 Қазан, 2016 ж.
Ал егер бағасы өте жоғары құндылықтарды уақытша пайдалану кезінде мынадай қолхат үлгісі жасалады
ҚОЛХАТ
Түркістан қаласы, 2016 жылғы 25 қазан
Мен, азаматша Мұсақызы Ақсәуле мекен-жайым: Түркістан қаласы, С.Ерубаев көшесі, 47-үй, (жеке басының куәлігі № 2664555 Қазақстан Республикасының ІІМ берген), Түркістан қаласы, Шяхмет көшесі, 9-үйде тұратын Асқарұлы Мақсаттан (жеке басының куәлігі № 5697770 Қазақстан Республикасының ӘМ берген) 500 000 (бес жүз мың) теңге алдым.
2016 жылғы 20 қазанда жасасқан келісім-шартқа сәйкес 2016 жылғы 26 қазаннан 26 желтоқсанға дейін алынған ақшаның пайызын төлеп тұруға міндеттенемін. Пайыз мөлшері келісім-шартта көрсетілген.
Азамат Асқарұлы Мақсаттың міндетін орындаудан басқа талабым жоқ.
2016 Жылғы 25 қазан Тараптардың қолы:
Қолхаттың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:
- құжаттың аты;
- қолхат беруші туралы толық мәлімет ( аты-жөні,мекен-жайы,жеке куәлік нөмірі)
- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні,мекен- жайы,жеке куәлік нөмірі)
- алынған заттың атауы (егер ақша болса ,көлемі санмен де,жазбаша да көрсетіледі
- қайтарылатын нақты уақыты
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
- қолхат жазылған күн;
- тараптардың қолы;
- мекеме мөрі .
Сонымен, қолхат құқықта жазбаша дәлелдің бір түрі ретінде қолданылады. Құжаттың аты айтып тұрғандай ол жеке адамның өз қолымен жазылады. Қолхатқа мекеме не ұйым жауап бермейді. Қолхатта ақша көлемі санмен, сосын сөзбен жазылып көрсетіледі.
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары :
Жағдаяттық тапсырма.
1. Қосымша оқулықтардан үлгіні басшылыққа ала отырып , досыңыздың автокөлігін 2 ай мерзімге жалға пайдалануға алғаныңыз жөнінде қолхат жазыңыз.
Кепілхат
Жоспары:
Кепілхат
Кепілхаттың құрылымы
Кепілхаттың жазылу үлгісі
Қысқаша теориялық мәліметтер:
КЕПІЛХАТТА кепіл зат азаматтық құқықта міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру тәсілі, несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табуы. Борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілген мүліктің есебінен өтеледі. Бай материалдық құндылықтарды кепілге тек олардың меншіктенушілері ғана қоя алады.
КЕПІЛХАТ
Түркістан қаласы, 25 қазан 2010 жыл
Мен, азамат Ержан Бауыржанұлы мекен-жайым Түркістан қаласы, 33-үй, 33-пәтер, жеке басымның куәлігі № 015027 Қазақстан Республикасының ІІМ берген, Түркістан қаласы, Сәтбаев көшесі, 25 үйде тұратын жеке басының куәлігі №269878455 Қазақстан Республикасының ІІМ берген, Асқар Наймантайұлынан 3000 (үш мың) АҚШ долларын алдым. Өз міндеттерімді орындауға:
- келісім-шартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;
- алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
- келісім-шарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
- мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға кепілдік беремін.
Осы кепілхат үш дана етіп жасалған: бір данасы Түркістан қалалық №7 нотариалдық кеңседе, екінші данасы – Асқар Наймантайұлында, үшінші данасы – азамат Ержан Бауыржанұлында сақталған
Е.Бауыржанұлының қолы)
Нотариустың қолды растаған белгісі
Жағдаяттық тапсырма:
Сіз досыңызға үлкен көлемде қолхатсыз ақша бердіңіз. Дер кезінде қайтармай жатыр. Сіз не істайсіз?
Өте шұғыл түрде досыңыздың танысынан үлкен көлемде ақша алуға тура келіп тұр. Қолхат жазып жатуға уақытыңыз жоқ. Өзіңіз жасза салып, қолымды қоя салыңыз дей аласыз ба?
Сіз кітапханаға орналасқан жас мамансыз. Студенттер сізден аса құнды кітапты үйге алып кетуге өтініп жатыр. Сіздің іс-әрекетіңіз
2. Төмендегі «Т» кестесі деп аталатын кестені толтырыңыз. Мұнда екі құжатқа тән басты белгілерді жазып шығу тиіс
