- •Практикалық сабақтар
- •2016 Жылдың 15 тамызында университеттен жіберілген №55 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.
- •Талапарыз
- •Қолы мерзімі
- •Түйіндеме (Резюме)
- •2003 – 2005 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық мектеп
- •2005-2009 Жж. Қазақтың Мемлкеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті
- •Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының магистранты Алиева Жазира Алиқызына
- •Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Магистратура бөлімі (күндізгі)
- •25 Қазан, 2016 ж.
- •Түркістан қаласы, 2016 жылғы 25 қазан
- •2016 Жылғы 25 қазан Тараптардың қолы:
- •Кепілхат
- •Түркістан қаласы, 25 қазан 2010 жыл
- •Сенімхат
- •2016 Жылғы 20 қазан, Түркістан қаласы
- •2016 Жылғы 20 қазан қолы
- •Жеделхат мәтіні
- •2. Сілтемелер мен ескертулер
- •Қағидалары
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен лексика-грамматикалық тест тапсырмалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Түйіндеме (Резюме)
Резюме француз тілінен алынған термин. «Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағынаны білдіреді.
Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы нақты, қысқаша мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Түйіндеме жазудағы сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды ұтымды көрсете білу.Осы арқылы таңдаған жұмыс орнына қол жеткізу. Мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынасыңыз, интуицияңыз сияқты қасиеттер жазылуы керек Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі..
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі мен кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндеменің мазмұндық - құрылымдық жүйесі :
- аты жөні
- туған жылы, күні, айы, туған жері
- ұлты
- жынысы
- мекен-жайы, телефоны
- отбасы жағдайы
- азаматтығы
- білімі
- бітірген оқу орындары
- кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі
- тілдік дағдылары
- компьютерлік сауаттылығы
-жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б)
- қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау қағаздары, сертификаттар, патенттер, наградалар т.б).
Жиналған мәліметтерді резюмеде берудің екі жолы бар : хронологиялық және функционалдық.
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса, бірінші аяқталған оқу орны жазылады.Егер жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткен дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты.Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі.Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен жазылуы керек.Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.
