Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НҰСҚАУЛЫҚ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.94 Кб
Скачать

Түркістан қаласы №15 М.Жұмабаев

атындағы орта мектептің

директоры Т.М. Әлиұлына

АРЫЗ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде сессия тапсыру үшін 2016 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 1 ай көлемінде ақысы төленетін демалыс беруіңізді сұраймын.

2016 Жылдың 15 тамызында университеттен жіберілген №55 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.

Психология пәнінің оқытушысы: Н. Пазылбек

05.09.2016 ж.

Түркістан қалалық сотының төрағасы Қ.Болатұлы мырзаға

Талапкер: Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, 14-үйдің тұрғыны А.Жандосова

Жауапкер: «Бонус» сауда үйі

Талапарыз

Мен 2016 жылдың 11 шілдесінде 1 жылдық кепілдеме мерзімімен «Бонус» сауда

үйінен 75 000 (жетпіс бес мың) теңгеге тоңазытқыш сатып алдым. Орнату кезінде

ақаулықтар байқалды. Мен сауда үйінің меңгерушісіне тоңазытқышты қайта қабылдау

немесе ауыстырып беру туралы өтініш білдірдім. Алайда меңгеруші менің

өтінішімді орындаудан бас тартты.

Осы мәселеге байланысты заңды түрде шара қолдануыңызды сұраймын.

Қолы мерзімі

Талапкер: А.Жандосова

2011 ж. 15 шілде

4 Сабақ тақырыбы: Жеке тұлға туралы ақпарат беретін ресми кеңселік құжаттар

Сабақ жоспары :

Өмірбаян, құрылымы, түрлері

Жеке өмірбаян

Қызметтік өмірбаян

Шығармашылық өмірбаян

Қысқаша теориялық мәліметтер:

Өмірбаян жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылатын ресми құжат. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады.

1.Адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін толық көрсетеді. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады , көлемі жағынан шағын болады.

2.Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.Мұндай өмібаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады.Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп, қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі.

3.Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық саяси қызметтері өз тарапынан емес,басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар – А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, А.С.Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әртүрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың бірі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза,жүйелі түрде сиямен жазылады. Арнайы қағазға да жазылуы мүмкін.

Өмірбаянның мазмұндық- құрылымдық жүйесі:

1.Құжаттың аты

2.Аты-жөні (толық жазылады) туған жылы айы, күні, туған жері

3.Ұлты

4. Білімі, оқыған оқу орындары

5.Қоғамдық- саяси қызметі

6.Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет

7.Қазіргі жұмысы, мекенжайы