- •Практикалық сабақтар
- •2016 Жылдың 15 тамызында университеттен жіберілген №55 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.
- •Талапарыз
- •Қолы мерзімі
- •Түйіндеме (Резюме)
- •2003 – 2005 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық мектеп
- •2005-2009 Жж. Қазақтың Мемлкеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті
- •Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының магистранты Алиева Жазира Алиқызына
- •Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Магистратура бөлімі (күндізгі)
- •25 Қазан, 2016 ж.
- •Түркістан қаласы, 2016 жылғы 25 қазан
- •2016 Жылғы 25 қазан Тараптардың қолы:
- •Кепілхат
- •Түркістан қаласы, 25 қазан 2010 жыл
- •Сенімхат
- •2016 Жылғы 20 қазан, Түркістан қаласы
- •2016 Жылғы 20 қазан қолы
- •Жеделхат мәтіні
- •2. Сілтемелер мен ескертулер
- •Қағидалары
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен лексика-грамматикалық тест тапсырмалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасы
Есбалаева Роза Жұмабайқызы
Сартбаева Дудариша Қарақанқызы
Мағжан Сәуле
5В010800 – ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ, 5в010400 – БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ, 5В011700 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ, 5В020500 – ФИЛОЛОГИЯ: ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ, 5В011800 – ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ, 5В130100 – ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА. 5В130200ғ - СТОМАТОЛОГИЯ
(Мамандықтың коды және атауы)
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша
практикалық сабақтарын өткізуге
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Түркістан 2016
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультетінің Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының мәжілісінде қаралы (Хаттама№1, 01.09.2016ж.).
Құрастырғандар: Есбалаева Р.Ж., Сартбаева Д., Мағжан С.
М 44 Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен барлық мамандықтарда оқитын студенттердің практикалық сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау /құраст. Есбалаева Р., Сартбаева Д., Мағжан С. – Түркістан, 2016 ж. – 48 б.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен студенттердің практикалық сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау барлық мамандықтың студенттеріне ұсынылады. Әдістемелік нұсқау Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Кіріспе
Университетіміздің барлық мамандықтарында 2016-2017 оқу жылынан бастап «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы пән ретінде өткізу жолға қойылды
Бүгінгі студент келешекте мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, қызметкерлері немесе олардың құрамдас бөлімдерінің ертеңгі басшылары. Мекемедегі құжаттарды құрастыратын, ресімдейтін, я осы істерге басшылық жасайтын мамандар. Сондықтан мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» арнайы курсын оқу орындарының оқу жоспарына енгізудің маңызы зор болып отыр.
Қалай десек те, еліміздегі мемлекеттік ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге кірісіп кетті. Сондықтан іс жүргізуде әрбір азамат құжат жұмыстарымен айналысқан жағдайда өзінің сауаттылығын, білімін, шеберлігін жоғары ұстаған жөн.
Әрбір қызметкер, білікті маман әр түрлі іс қағаздарының жазылу тәртіптерін, толтыру үлгілерін білулері қажет.
Әдістемелік нұсқауда пәнге қатысты қысқаша түсініктеме, жұмысты өткізу мен қорғау, студенттерге ескертпелер, жеке тапсырмалар т.б. тұрады. Әдістемелік нұсқаудың мақсаты іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің маңыздылығын, құндылығын ұғындыру болып табылады. Іс қағаздарды мемлекеттік стандартқа сәйкес толтыру әдістері, құжаттың стилі, оларға қойылатын талаптардың ерекшеліктерімен таныстырып, іс жүзінде жүзеге асыру.
Қосымшада құжат толтырудың үлгілері студенттерге оңтайлы болу үшін қатарластырылып беріледі.
Әдістемелік нұсқауда ресми құжаттарға сүйене отырып, сауатты түрде құрастыруға, құжаттарды рәсімдей алуына мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқау кафедраның «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсында әрбір студент іс қағаздары үлгілерімен таныса отырып, құжат түрлері бойынша мемлекеттік тілде құрастыру, ресімдеу жұмыстарына дағдыланады. Бұдан басқа термин сөздер мен ресми іс қағаздары стилінің қолданылуын практика жүзінде қалыптастыра алады.
Мақсаты: Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
Болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету. Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың дұрыс ресімделуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Практикалық сабақтардың маңыздылығын анықтайтын себепкер шарттар:
- пән бойынша құжаттарды дұрыс құрастыруда және оны меңгеруде үлкен орын алады;
- практикалық сабақ студенттердің пәнге деген көзқарастарын қалыптастырады;
- практикалық сабақ барысында студенттердің келесі қабілеттері қалыптасады: еңбекқорлық, мақсаттылық, ұқыптылық, жинақтылық, өздік ойлау, іске деген жауапкершілік;
- жүйелі тапсырмалар студенттердің ойлау қабілеттерін арттырады, білімдерін тереңдетеді, кеңейтеді;
Сабақ соңында студенттер мыналарды білуі қажет:
-Қазақстан Республикасының Тіл туралы Қазақстан Республикасының Заңын, оның қашан, қай жылы қабылданғанын және оның мазмұнын;
- Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін;
- құжаттардың түрлерін;
- құжаттарды құрастырудың және ресімдеудің негізгі талаптарын;
- құжат мәтінін дұрыс құрастыруын;
- реквизиттердің қазақша атауларын;
- реквизиттердің орналасу тәртіптерін;
- ресми іс қағаздары стильдерінің ерекшеліктерін;
- іс жүргізуге байланысты термин атауларын;
- іс қағаздарын толтыруда мемлекеттік тілде сауатты жазу.
Жұмысты өткізу және қорғау:
- студенттер бақылау жұмыстарын арнайы тіркеуден өткізіп, практикалық сабақтарда оқытушы белгілеген кесте бойынша қорғауы тиіс;
- студенттер өз уақыттарын және жұмыстың тапсыру күнін оқытушымен келісіп, белгілейді;
- бақылау жұмыстары тексерілгеннен кейін тиісті ұпайлары (балл) қойылады;
- студенттер құжаттарды төменде берілген үлгілерді пайдалана отырып құрастырулары керек;
- әр құжат әрбір студенттің өз атынан болашақ мамандығына сәйкес құрастырылуы керек;
- құжатты толтырудаға қойылатын талаптар міндетті түрде ескерілуі керек.
Практикалық сабақтар
№1 Сабақ тақырыбы: Ресми іс қағаздарының тілі –ресми іскерлік тіл
Жоспары:
Стиль туралы
Функциональдық стиль,оның түрлері,олардың өзара айырмашылығы мен ортақ белгілері
Ресми іс қағаздарына қойылатын ортақ талаптар, олардың ортақ стильдік ерекшеліктері
Қысқаша теориялық мәлімет
Стиль- латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы» деген мағына береді. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Лингвистикада «стиль» жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу деген мағынада қолданылып келді.
Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз.
Ресми, іс-қағаздар стилі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс-қағаздар стилі деп те аталады. Ресми, іс қағаздар тілінің ерекшелігі, факті дәл көрсетіліп, айрықша мән беріледі. Өйткені ресми құжаттар ерекше қарым-қатынас құралы болып табылады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Қазақ елін Алтын Орда хандығы, бертінде қазақ хандары билеген кездерде әртүрлі жарлық, шарт, қатынас қағаздар болды. Бірақ олардың тілі, құрылысы қазақ тілінің ерекшеліктеріне негізделмей, Орта Азия халықтарына ортақ әдеби тілге негізделген болатын. Ресми, іс қағаздарының түрлері қазір көбінесе орыс тілдеріне жазылады. Олардың ішінде жарлық, заң,жарғы т.б. мемлекеттік құжаттар орыс тілінен қазақшаға аударылып, басылым беттеріне жарық көріп келеді. Сондықтан қазақ тілінде қолданылып жүрген тұрмыстық қызмет көрсету, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдару, қол жеткен табыс, алғыс жариялау, сөгіс жариялау т.б. сөз орамдары іс қағаздар мен ресми құжаттарда дайын тілдік бірлік ретінде жұмсалып қағаз үлгілеріне кеңселік сипат береді.
Көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болып қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы, «тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді» сияқты сөздер мен сөз тіркестері ресми, іс қағаздар стиліне тән. Ресми, іс қағаздарында заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әртүрлі аталады. Мысалы, «адам» деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас деп айтылады.
Іс қағаздар стиліне әртүрлі мекемеде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Бұл форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады.
Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар мазмұны жағынан әртүрлі болып келгенімен, олардың барлығына жалпы сипаты болады:
1.Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.
2.Лексика-фразеологиялық құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдермен қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.
3.Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.
4. Бақылау сұрақтары:
4.1.Стиль сөзінің мағынасы.
4.2.Ресми іс қағаздар тіліндегі фактілердің көрсетілуі.
4.3.Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттың ортақ сипаты.
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
5.1.Адам деген сөз әр сала бойынша әртүрлі жазылады. Сіз қанша түрін білесіз? 5.2.Толықтырыңыз.
Ресми құжаттарда - азамат,жолдас;
Телефон станциясында - абонент;
Ательеде - ..........;
Шаштаразда - .........;
Ауруханада - ..........;
Санаторияда - .........;
Транспортта -...........;
Сот орындарында -..........
№2 Сабақ тақырыбы : Ресми іс қағаздарының күнделікті еңбек қатынасында жиі кездесетін түрі. Күнделікті еңбек қатынасында жиі кездесетін құжаттар. Өтініш
Сабақ жоспары :
Өтініш
Өтініш жазылатын жағдайлар
Қысқаша теориялық мәлімет:
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау құқықтарын және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заң болып табылады. Азаматтардың заңды тұлғалардың арыз - шағымдары міндетті түрде қабылданып, тіркелуге есепке алынуға және аталған заң шеңберіндегі бекітілген мерзімде қаралып, шешілуге тиіс.
Субьектінің тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Тәртіптік кеңесіне азаматтардан әртүрлі арыз - шағымдар келіп түседі. Мысалы: зейнеткерлерге зейнетақы төлеудегі, баларға жәрдемақы бөлудегі, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өтілін есептеудегі және тұрғын үй, жер телімін бөлудегі олқылықтар туралы т.б. көптеген жағдайларға байланысты өтініштер түсіп жатады. Сонымен қатар келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі мекеме қызметкерлерінің лауазымды тұлғалардың (басшылардың) немесе әріптестерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы жазылатын арызы болып табылады. Аталған Заңда кездестірілетін арыз, өтініш, сауал, ұсыныс үн қосу және шағым сияқты ұғымдар жеке-жеке мағынаны білдіреді.
Өтініш - өтінішті қарайтын субьектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосуды айтады.
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау өтініш арқылы жүзеге асырылады. Заң талаптарына сәйкес, өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынған. Өтініште қойылған мәселерді шешу құзіретіне кірмейтін субьектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы арыз берушіге хабарлана отырып, тиісті субьектілерге жіберіледі.Қарау үшін өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін өтініштер он бес күн ішінде қаралады. Қарау үшін өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеруді талап тететін өтініштер лауазымды тұлғаға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады. Бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арыз иесіне хабарланады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың тіркеудің және есепке алудың жай-күйі үшін субьектілердің басшылары мен лауазымды тұлғалар жауапты болады. Осындай жауапкершілік жүктелген мемлекеттік қызметкерлер тарапынан азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі бұзылмауы тиіс.
Арыз адамның немесе басқа адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініш хаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субьектілердің лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау.
Сауал – адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылығын туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру.
Шағым - адамның өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ субьектілерді заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.
Сұрау салу дегеніміз - өздерін толғантатын жеке немесе қоғамдық сипаттағы мәселелер жөнінде ақпарат алуға деген азаматтардың мұқтажын білдіретін өтініш.
Ұсыныс дегеніміз – қандай да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың жұмысын жетілдірудің қажеттігіне назар аударуды, олардың алдына қойылған міндеттерді шешудің нақтылы жолдары мен тәсілдерін ұсынуды мақсат етіп қоятын өтініш түрі.
Үн қосу дегеніміз – азаматтар сол арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ қоғамдық мәні бар өзге де құбылыстар мен уақиғаларға өз көзқарасын білдіретін өтініштің түрі.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
президенті, профессор У.С.Әбдібековке
Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі
33-үйде тұратын Ж. Алиевадан
Ө Т І Н І Ш
Мені 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқытушылық қызметке қабылдауыңызды сұраймын. Білімім – жоғары. Еңбек өтілім – 13 жыл.
10.09.2016ж. қолы
Үлгі :
Бақылау сұрақтары :
1.Азаматтардың шағымдарын қанша мерзімде қарап , шешу керек?
2.Азаматтардың шағымын қарау мерзімін қанша уақытқа ұзартуға болады?
3.Өзінің құзыретіне жатпайтын органдарға түскен азаматтардың шағымын тиесілі орынға қанша мерзімде жіберу керек?
4.Егер азаматтардың шағымын қарау, шешімін шығару мерзімі созылып кеткен жағдайда не істеуге болады?
5. Жаңа дәлелдер мен жаңадан анықталған жағдайлар келтірілмесе, егер олар бойынша сарқылған тексеріс материалдары болса және авторларына жауап берілсе, қайталай шағымданған жағдайда не істеу керек?
6. Азаматтардың шағымын қабылдауды ұйымдастыруға және іс қағаздарын жүргізуге кім жауап береді ?
Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары :
Жағдаятық тапсырма.
Сіз ХҚТУ-да оқытушы болып жұмыс істейсіз. 1 ай мерзімге ақысыз еңбек демалысына шығуға байланысты өтініш үлгісін жазыңыз.
2 . Төмендегі берілген сөздерден сөйлемді қалпына келтіріңіз.
Сізден, өтілім, қабылдауыңызды өтінемін, жоғары, заңгер лауазымына, білімім, 3 жыл, еңбек, қызметке
№3 Сабақ тақырыбы: Ресми іс қағаздарының күнделікті еңбек қатынасында жиі кездесетін түрі. Күнделікті еңбек қатынасында жиі кездесетін құжаттар. Арыз
Сабақ жоспары :
Арыз
Арыздың құрылымдық ерекшелігі, өтінішке тән белгілері
Қысқаша теориялық мәлімет:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар жібереді. Хабарламада аты - жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде қарауға,ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауап беруге міндетті.
Хабарламаның бір түрі – арыз. Арызда азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады.
Арыз – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көбінесе жеке адамның атынан жазылады. Арыз көлемі жағынан шағын болады.1-3 бет аралығында. Арыз белгілі бір себеппен жазылады. Арыздың бірнеше түрі бар. Олар өтініш түрінде жазылған арыз, шағым түрінде жазылған арыз, түсініктеме түрінде жазылған арыз. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазғаны, құжат аты, мазмұны, қолы, датасы. Арыз сиялы я шарикті қаламмен,таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады.А 4 форматты кейде А 5 форматты қағазға жазылады.
Арыз құрылымы:
құжат адресациясы ( кімнің атына жазылғаны);
құжат аты;
негізгі мәтін;
қосымша болса оған сілтеме;
жазылу мерзімі;
қолы
арыз мазмұнымен келісушілер қолы
Ескерту: 1.Егер арызға қол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит тәртібімен жазылады.
2.Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат жазылады.
3.Арыз бірнеше адамның атынан жазылса .олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.
4.Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.
5.Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі.
