Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_kurs_OSKE_metodichka_-_studentke.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175.1 Кб
Скачать

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ

ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Шымкент медицина институтының

Дипломнан кейінгі білім беру

факультетінің деканы м.ғ.к., доцент

_____________Б.Қ.Жүнісов

«_______»__________ 20 ____ ж

051301 – «Жалпы медицина» 5 курс студенттеріне

«Жалпы дәрігерлік практика» пәнінен

емтиханның ІІ кезеңіне (тәжірибелік дағдылардың игерілуін тексеру) арналған

ОҚКЕ КЕЗЕҢДЕРІ

(емтихан тапсырушыға арналған)

Шымкент - 2015ж

«Жедел жәрдем және ішкі аурулар » кафедрасының мәжілісінде қаралған және мақұлданған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.доцент м.а. ____________ Г.М.Датқаева.

Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____ ___ ________2015ж.

Комитет төрайымы м.ғ.д., профессор м.а. _______________ А.Ш. Садыкова

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ ___ ________2015ж.

Комитет төрайымы м.ғ.к., _________________ П.Е. Калменова

5 Курс студенттерінің объективтік құрылымдық клиникалық емтиханы (оқке) бойынша тәжірибелік машықтанудың тізімі

Бекет атауы

Максималды балл

Тапсырманы орындау уақыты

Емтихан қабылдаушы

1

Жүрек перкуссиясы мен аускультациясы

15

7

А.Ж.Ажмуханбетова

2

Өкпе перкуссиясы

15

7

Ж.Ж.Джакипбекова

3

Іштің пальпациясы

15

7

Т.Н.Джубанишбаева

4

ЭКГ тіркеу және талдау

15

7

Г.М.Датқаева

Бекет бойынша максималдық ұпай – 15

Бекетке берілген уақыт – 7 минут

Оқке нәтижесін бағалау критерийлері Максимальды балл – 15 балл.

Баға

Аралығы

1

Өте жақсы

20-18

2

Жақсы

17,8-15

3

Қанағаттанарлық

14,9-10

4

Қанағаттанарлықсыз

9,9-0



«Жалпы медицина» мамандығы бойынша, 5 курс студенттеріне арналған osce кезеңдерінің кезекті кестесі

Обьективті құрылымды клиникалық емтихан (оқке)

ҚР – ның Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес 12.03.2009 ж. республикалық ЖОО – аралық семинар – кеңес резолюциясы негізінде дәрігер интерндер хирургтар акушер – гинекологтар, терапевтер және жалпы тәжірибелі дәрігерлер ОҚКЕ жүйесі бойынша Мемлекеттік Квалификациялық емтихан (аттестация) тапсырады.

ОҚКЕ – ның клиникалық дағдыларды бағалайтын бекеті болып саналады (бірінші бекеті тесттік бақылау). Бұл емтихан нәтижесінде интерн дәрігердің бағасы машықтану дағдыларын бақылауға негізделген.

Мақсаты.

Жалпы білім беру стандарты бойынша, медициналық жоғарғы оқу орындары, халыққа керек кезінде ғылыми – практикалық жетістіктер деңгейінде медициналық көмек көрсете алатын, квалификациялық маман – дәрігерлер даярлау керек.

Мәселелері.

  • Инновациялық ойлау қабілеті бар жаңа генерациялық, дамыған этномәдениетті көзқарастағы, әлем мен халықаралық қатынастарды, денсаулық пен салауатты өммір салтын, демократия мен адам құқығын жақсы меңгерген мамандар дайындап шығару.

  • Үйренушілерде коммуникативті дағдыларды, дәрігерлік деонтологияның клиникалық ойлау негіздерін қалыптастыру, профессиялық мәселелерді білу және шешу жолдарын, ағзалары мен жүйелерінде өміріне қауіп төндіретін патологиялық өзгерістер дамыған науқастарға шұғыл және профессиональды, оптимальды медициналық жәрдем жасауды үйрету.

  • Үйренушіге үздіксіз оқуды, жаңа, замани технологиялар негізінде бүкіл творчестволық өмірінде өзін профессиональды жетілдіру, қажеттілігіне баулу.

Алға қойылған квалификациялық талаптарды толық қанағаттандыру үшін бітіруші білуі тиіс.

  • Медицинада кездесетін этикалық проблемаларды және оны шешу жолдарын

  • Сау ағзаның анатомиясы мен физиологиясын

  • Адам организміндегі молекулярлық, биохимиялық және клеткалық гомеостазды сақтап қалу механизмдерін

  • Әр – түрлі сырқаттар кезінде немесе қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты адам организмдерінің адаптация, дезаптация және структуралық қайта – құрылу механизмдерінің жалпы биологиялық, психологиялық, дегенеративті, травматикалық, ятрогенді, т.с.с. мен патогенезін.

  • Ауруды дамытатын әлеуметтік, өркениеттік, мәдени, жанұялық факторларын

  • Патологиялық жағдайдағы ағзалар мен жүйе қызметінің ерекшеліктерін

  • Терең ғылыми жетістіктерге негізделген көрнекі медицина принциптерін

  • Аймақта көп тараған аурулардың негізгі лабораториялық, клиникалық, инструменттік, морфологиялық көрсеткіштерін

  • Кең тараған ішкі және хирургиялық аурулардың, жарақаттардың негізгі клиникалық симптоматикасы мен диагностикасын, емдеу тактикасын

  • Жүктіліктің, туу мен туғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы мен патологиясын, кең тараған гинекологиялық аурулардың клиникасы мен ағымын.

  • Науқастардың диагностикасы мен емінің замани принциптерін

  • Негізгі аурулардың эпидемиологиясы мен оны азайту, болдырмау шараларын

  • Уақытша және түпкілікті еңбекке жарамсыздықты, дәрігерлік еңбек сараптау тәртібін

  • Төтенше жағдайларда халыққа көмек беру принциптері мен тәсілдерін

  • Медициналық көмек көрсетуге жұмсалатын қаржы мен қажеттіліктерін рациональды пайдалану және оны ұйымдастыру

  • Салауатты өмір салтын уағыздаудың маңызын

Сонымен қатар бітіруші жасай білуі тиіс

  • Медициналық және психологиялық тұрғыдан науқастың жағдайын бағалау үшін, толық әрі анық анамнез жинау

  • Науқасқа заманауи клиникалық, лабораториялық және инструментальдық тексерулер жүргізу, оның көрсеткіштерін талдау

  • Күнделікті дәрігерлік процедураларды жасау

  • Ауру тарихы бойынша қысқаша және толық анамнезін баяндап, тексеру нәтижелерін талдау

  • Алынған нәтижелерді талдағанда логикалық негізге сүйеніп, диагноз қою, емдеу және реабилитация жоспарын жасау

  • Аурудың жағдайының өзгерісі мен ағымына қарай немесе жаңа ақпараттық берілімдерге сай, емдеу тәсілін және реабилитация бағдарын өзгерту

  • Шұғыл жағдайларда науқастың өміріне қауіп төндіретін өзгерістерді дер кезінде анықтап, алғашқы дәрігерлік көмек көрсете білу

  • Науқаспен, оның туысқандарымен, жұмыстағы әріптестерімен сенімді қарым – қатынаста болу үшін коммуникативті дағдыларды игеру

  • Науқасты барынша ерте анықтау үшін, жалпы және индивидуальды қатер факторларын түзу

  • Медициналық көмек деңгейін көтеру үшін психо-әлеуметтік ақпараттарды жинау, оны сараптап пайдалана білу

  • Салауатты өмір салтын халық арасында насихаттауда өз білімін шыңдау

Бұл жағдайда студент міндетті:

  • Науқастың жағдайына оның жеке басының сипатына, түсінікпен силастықпен қарау

  • Науқастың қажеттілігін өз қажеттілігінен жоғары қою, оның жынысына, әлеуметтік жағдайына, нәсілі мен дініне қарамай барлығына бірдей медициналық көмек беру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]