- •Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •І. Пәннің мазмұны
- •IV. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •V. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •VII. Аралық бақылаулар мен емтихан сұрақтары:
- •VIII. Midterm сұрақтары:
- •IX. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер
- •X. Курстың академиялық саясаты баөж-на қойылатын талаптар және өзіндік зерттеу жұмысы (шағын жоба) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттің өзіндік өзіндік зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті
- •2 Өзіндік жұмыстың құрылымы мен мазмұны
- •3. Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары
- •«Басқару есебі 2» тақырыбындағы өзіндік жұмысын орындауда үлгі жоспары
- •4 Өзіндік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
- •5 Өзіндік жұмысты қорғау тәртібі және бағалау саясаты
- •2016 - 2017 Оқу жылына
Қосымша әдебиеттер
1. Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы. / Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров. - Алматы: Экономика, 2008.- 832 б.
2.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Ф.С. Сейдахметова.- Алматы: LEM баспасы, 2008. - 500 б
3.Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: 1 Оқулық. – Қарағанды, «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009.568 б
4. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары.- Алматы: ТОО "Изд-во LEM", 2009.- 36
5. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: Оқулық құралы. / Е.О. Нұрсейітов.- Алматы: Изд-во "Lem", 2009.- 428 б.
6. Нурсеитов Э.О. Бухгалтерские расчеты / Э.О. Нурсеитов, Д.Э. Нурсеитов.- Алматы: ТОО "Издательство LEM", 2011.- 112 с.;
7. Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях: Учеб. пособие. / Э.О. Нурсеитов.- 4-е изд., перераб.- Алматы: ТОО "Издательство LEM", 2011.- 444 с.;
8. Проскурина В.П. Бухгалтерлік проводкалар: (ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. N185
бұйрығымен бекітілген, "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының" бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы). / В.П. Проскурина; Ауд. М.Қ.Акишев.- Алматы: ЖШС "LEM" баспасы, 2011.- 292 б.;
9.Жуматов М.К. Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп: Тәжірибе құралы. / М.К. Жуматов.- Астана, 2010.- 158 б.;
10.Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Садиева А.С., Жуматов М.К., Акимова Б.Ж., Тлеуова Э.М.- Астана, 2010.- 328
X. Курстың академиялық саясаты баөж-на қойылатын талаптар және өзіндік зерттеу жұмысы (шағын жоба) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе
Студенттің өзіндік зерттеу жұмысы оқу үрдісінің негізгі түріне жатады, ғылыми- зерттеу сипатына ие. Орындалған жұмыстың сапасы теориялық дайындық деңгейін, салалар, жекелеген кәсіпорындар қызметін экономикалық талдаудың методологиясы мен әдістемесін меңгеру деңгейін, олардың құқықтық аспектілерін, сондай-ақ олардың биліктің түрлі деңгейдегі органдарымен өзара әрекеттерін көрсетеді.
Студенттің өзіндік зерттеу жұмысының мәні – студенттің жинастырылған ресми, әдеби-статистикалық және болжамдық материалдарды жүйелі түрде саралап, талдап, одан алынған тұжырымдар мен қорытындыларды таңдап алынған тақырыпты терең ашу үшін белгілі бір логикалық сәйкестілікке келтіруге және осылардың барлығын өз пікірінше орындап жазуға үйрету болып табылады.
Әдстемелік нұсқау зерттеу жұмысының тақырыптарының өзектілігін, оның ғылыми деңгейі мен орындау сапасын жүйелі жоғарлатуды қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, әдістемелік нұсқау алдағы оқу процесінде студенттік ғылыми жұмыстардың тартымдылығы мен дербестігін дамытуды ынталандыруы қажет.
Студенттің өзіндік өзіндік зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті
Өзіндік зерттеу жұмыс студенттің бір семестрдегі орындайтын ғылыми жұмысы болып табылады және өзінің мақсаты бар:
мамандық бойынша теориялық білімді жүйелеу, нығайту және кеңейту және бұл білімді нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өзге де міндеттерді шешу кезінде қолдану;
дербес жұмысты жүргізу жетістіктерін дамыту және қарастырылатын сұрақтарды шешу кезінде зерттеу және сынау әдістемесін игеру;
қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника және мәдениеттің жағдайында дербес жұмыс үшін студенттердің дайындық деңгейін анықтау.
Өзіндік жұмыста келесілер көрініс табуы тиіс:
- студент дайындығының жалпы деңгейі;
- дербес ғылыми-зерттеу жұмысының жетістіктерін меңгеру деңгейі;
- зерттеу саласы үшін таңдап алынған арнайы білім негізі;
- кәсіпорын экономикасының қазіргі заманғы проблемаларымен практикалық байланыс;
- ғылымның өзекті проблемаларымен байланысы;
- ғылыми жұмыс әдістемесін жүргізу.
Өзіндік жұмыстың көлемі 30 беттен кем болмауы тиіс.
Өзіндік жұмысты орындау студенттің осы пәнге дайындығымен тығыз байланысты. Өзіндік зерттеу жұмысы (шағын жоба) тақырыбының жалғасы болуы тиімді деп саналады. Бұл бұрыннан жиналған материалдарды пайдалануға және зерттеу сапасы мен маңыздылығын көтеруге мүмкіндік береді және болашақта диплом жұмысын орындаудағы бастама болып табылады.
