Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ2 Силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
435.2 Кб
Скачать

Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті

«Бекітілді»

Экономикалық бағыты бойынша

Академиялық кеңесінде қаралған

№4 хаттама «10» қантар 2017ж.

Экономика және ақпараттық технологиялар

факультетінің деканы Н.С.Құлмырзаев

_________________________

« ____ » _________ 2017ж.

Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)

Модуль 16:«Кәсіби бухгалтерлік есеп»

ВЕ3304«Басқару есебі 2»

Мамандығы

5В050800-«Есеп және аудит»

Курс, семестр (күзгі немесе көктемгі)

ІІІ курс, 6 семестр (күзгі)

Оқыту тілі

Қазақ

Кредит саны

3

Пән статусы (міндетті, таңдау)

Таңдау

Лектор

(аты жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, телефондары мен электрондық поштасы)

Наурызбаев Асылбек Жұмабайұлы, э.ғ.к

ұялы тел.: 87775623227

asil-54@mail.ru

Практика, зертханалық сабақты беретін оқытушы

(аты жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, телефондары мен электрондық поштасы)

Оспанова Гүлпат Айбасқызы. Экономика магистрі

ұялы тел.: 87774564274

gulpat73@mail.ru

Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана

429

Силлабусты дайындағандар: Наурызбаев А.Ж. э.ғ.к, «Есеп және аудит» кафедрасының менгерушісі, Оспанова Г.А. экономика магистрі

Силлабус «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № 6 « 6 » қантар 2017 жыл.

Кафедра меңгерушісі: Наурызбаев А.Ж.

Силлабус экономика және бизнес бағыты бойынша Академиялық кеңесі мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама №4 « 6 » қантар 2017 жыл.

Экономика және бизнес бағыты

бойынша Академиялық кеңес

төрайымы, э.ғ.к., доцент: Г.Ж.Рысмаханова

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Басқару есебінің мақсаты ұйымдардың басшыларын жоспарлау, бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау, ынталандыруға жататын басқару қызметін жүзеге асыру үшін экономикалық ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі жағдайдағы басқару есебінің функциясы мен ерекшеліктерін, шығындар функциясын бағалауды, сонымен бірге бюджеттік жүйені қарастыра отырып, ауытқуларды талдауды осы курста үйренуге болады. Кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және басқару шешімдерін қабылдап, талдай алатын, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыра алатын және есептілікті құрудың ішкі және сыртқы талаптарын қамтуға, менеджерлерге тиісті шешімдер қабылдауға қажетті ақпараттар ұсына алатын бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.

Міндеттері: Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүйесі сыртқы қаржылық есептілікті ұсыну талаптарын қанағаттандыру және де пайда туралы айлық және тоқсандық есептіліктерді құрастыру үшін тауарлы-материалдық қорлардың құнын бағалауға қажетті шығындар есебімен байланысты болып келеді.

«Басқару есебі 2» пәнін зерделеу барысында мынадай міндеттер шешіледі:

  • қазіргі жағдайдағы басқару есебін, оның функциясы мен ерекшелігін оқып үйрену;

  • шығындарды бағалауды үйрену;

  • бюджеттік жоспарлау, функционалдау көрсеткіштерін бақылау мен өлшеуді оқып-үйрену;

  • шешімдер қабылдауды талдауды үйрену;

  • өзіндік жұмыстар бойынша қосымша сұрақтар және компьютерде бақылау аралық тесттер алу мен емтиханға арналған тест сұрақтарына жауап беру.

Пәннің құзыреттілігі (оқыту нәтижелері): Басқару есебінің функциональды міндеттеріне сәйкес шығындарды түрлері бойынша халықаралық тәжірибе негізінде оларды отандық есеп жүйесінде тиімді пайдалану арқылы басқару есебінің әдістеріне сүйене отырып басқарушылық шешімдер қабылдау мен шығындардын мөлшерін төмендету болады.

Пәннің пререквизиттері: «Бизнесті бағалау», «Басқару есебі 1»

Постреквизиттер: өндірістік іс-тәжірибесі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]