Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математика бадарлама.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.01 Кб
Скачать

1.Меңгеру:

-құжаттар (мемлекеттік стандарт, оқу, тақырыптық,сабақ жоспары,пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың жоспары, тәрбие жұмысының жоспары т.б);

-өзі бекітілген сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің деңгейі;

-жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;

-оқу-тәрбие іс-әрекеттерінің психологиялық аспектісі (сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылардың қызушылығы, педагогтік этика, танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, қарым-қатынас);

-пән бойынша оқудан және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;

-пән бойынша оқушылардың іскерлігі, білім деңгейі;

-сыныптағы тәрбие процесі (жоғары сынып оқушыларының даму заңдылықтарын есепке алу, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігі, қызығушылығы және мінез-құлық тәртібі)

2. Құрылымы:

-Пән мұғалімдері мен сынып мұғалімі болып жетекшілік практикасын мерзімге студенттің жеке жоспары;

-Тақырыптық және күнделікті сабақ жоспары;

-Сабақтан тыс сабақ жосапрлары;

-Сыныптағы әдістемелік толықтырулар (кесте, схема ...және т.б.);

-Ата-ана мен сынып жетекші арасына керекті әдебиеттер тізімі;

-Практика кезеңіндегі ғылыми-зерттемелік жұмыс жоспары;

3.Іске асыру:

-пән мұғалімінің және сынып жетекшілерінің іс-әрекеті;

-жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтан психологиялық-педагогикалық талдауы;

-оқытудың интерактивтік әдістері, қазіргі инновациялық технологияларды пайдаланылған оқыту әрекеттері;

-оқыту әдістерін және қазіргі компьютерлік технологияларды пайдалану;

-ата-аналармен жұмыс әдістері мен жекеленген түрлерінің ынтымақтастық негізінде оқу-тәрбиелік үрдісін ұйымдастыру (ата-аналар жиналысына дайындық, сұхбаттасу, сауалнамалық сұрақ);

-оқушылармен кәсіби бағдарлық жұмыстар;

-жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық-педагогикалық талдауы;

-пән бойынша оқушылардың жалпы мектептік іс-шаралар өткізу және дайындық (пәндік кештер, апталық олимпиада, конкурстар);

-ұжымдық шығармашылық іс-әрекет негізінде жалпы мектептік тәрбиелік іс-шаралық өткізу және т.б.

4.Қатысу:

-мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы;

-пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмыстары;

-сынып жетекшісінің семинар жұмыстары;

-кіші педагогикалық жұмыстары (студенттердің);

-оқыту іс-әректерінің талдауы және өзіндік талдауы;

-оқушылармен тәрбие жұмыстарының талдауы және өзіндік талдауы.

Студенттердің жұмысына мониторинг және бағалау. педагогикалық іс-тәжірибе нәтижелерін қорытындылау

Тәжірибе негізінде аттестаттау белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген жазбаша баяндама негізінде жүзеге асырылады, және жұмыс берушімен практика жетекшісі ескеріледі.

Студенттердің мониторингі, оның тіркеу және бағалау практика кезінде студенттер қызметінің сандық және сапалық сипаттамаларын қамтиды. Сандық сипаттамасы бағдарламасының талаптарына сәйкес көлемі бойынша орындалған жұмыстың негізінде беріледі.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы есепке алу күнделікті оқу студенттің күш-жігерін, сондай-ақ мерзімді білім беру қызметінің сапасын және студенттердің ұжымдық қызметін ұйымдық нысандарына тән дәрежесін көздейді.

Студенттің практика сапалық аспектісі қоғамдық қызметі дәрежесін анықтау, тәрбие жұмысына тәуелсіздігі мен шығармашылық көзқарас, мектеп үшін балаларға арналған оқу-әдістемелік мамандыққа қатысы, есептік құжаттардың сапасы.

Жұмыс берушінің талаптары мен бағалауы сәйкес жүзеге асырылады, оқытушылық практика барысында студенттердің жұмысын тексеру және есепке алу.

Студент-практиканттардың сабағын бағалау критериі

Үздік.

Сабаққа баға қойылады мынадай талаптарға сәйкес : уақтылы дайындалған және барлық қажетті жабдықтар дайындалған болса, жетіспеген құрал жабдықтар қолдан дайындалған болса, сабақ жоспары уақытында бекітілген болса, қосымша керекті дидактиалық материалдар сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дұрыс таңдалса, сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары анық қойылған және жүзеге асырылса, сабақтың түрі, типі, құрылымы мен жоспары тақырыптың қиыншылығына қарай дұрыс таңдалса, кемшіліктер жіберілмесе, сабақтығы құралдар мен дидактикалық материалдар шебер қолданылса, сабақтың міндетті кезеңдеріне уақыт тиімді үйлестірілсе, оқушылардың қателіктері уақытылы дұрыс түзетіліп отырса, білімдері әділ әрі нақты бағаланса, бағаға берілген комментарилердің тәрбиелік мәні болса, оқушылардың қызметі дұрыс үйлесімін тауып және әртүрлі формалары қолданылса, оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері қолданылып, дұрыс ұйымдастырылса, тақырыптың мазмұнын сыныптың барлығына жуық бөлігі меңгерсе, машықкер сынып оқушыларын жақсы танып білген болса, өзінің сабағын өзіндік тұрғыдан талдай және сынай алса .

Жақсы. Сабақтың негізгі құрылымы дұрыс қойылған және қосымша материал дұрыс таңдалған, сабақ конспектісі уақытылы бекітілген, сабақтың барысы және оған бөлінген уақыт дұрыс қойылған, сабақтың білімділік, дамытушылылық мақсатары дұрыс айқындалған, сабақтың мақсат ғылыми тұрғыдан түсінікті және ашылды, сабақтың құрылымы, әдісі және оқытуға қолданылған тәсілі тақырыпқа сәйкес дұрыс құрастырылған, сабақтың материалын сынып оқушылары меңгерді, оқушылардың қателіктері кеш болсада дүзетіліп отырды, бірақ сабақты өзіндік тұрғыдан талдауда жетіспеушілік болған жағдайда қойылады.

Қанағаттанарлық. Сабақтың конспектісі және құрал жабдықтары уақытылы дайындалған. Бірақ әдіскердің және сараман жетекшінің көмегін қажет етеді. Сабақтың білімділік және тәрбиелік мақсаты жүзеге асты. Сабақтың тақырыбы ғылыми тұрғыдан ашылды, оқушылардың сабаққа белсенділігі қалыпты, оқу материалы жеткілікті деңгейде меңгерілді. Алайда кейбір кезеңдерінде сабақтың мазмұнынан қателіктер жіберілді. Оқушыларды бағалау кезінде, баяндау барысында, сабақтың құрал жабдықтарын пайдалану кезінде өзіне деген сенімсіздіктер байқалды, сабақтың құрылымдарын уақыт дұрыс бөлінбеген. Машықкер сыныптағы оқушылардың тәртіп бұзушылығына өз уақытында әсер етпеді. Сабақ өзіндік тұрғыдан талдауда дұрыс талдамады.

Қанағаттанарлықсыз. Білімдік және тәрбиелік міндеттері шешілмеген, сабақтың мазмұнында өте өрескел қателіктер жіберілген (жаңа материалды зерттеу кезінде, тапсырмаларда және т.б.), қатысушылардың жауапарындағы қателіктер ескерілмеді, сабақтың жоспары толық орындалмаған, сабақ бағаланады.Сабақтың тәрбиелік бағыты жоғары емес.

Ескерту:

І.Студент уақытында, немесе ұқыпсыз немесе жеткіліксіз деңгейде сабаққа дайындалса, сабақ конспектісін жеткіліксіз деңгейде жазбаса, сабаққа қажетті көрнекіліктерді дайындамаса және т.б. кемшіліктер жасаған жағдайда сабақ өткізуге жіберілмейді және қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады.

ІІ. Егер студент сабақ өткізуден бас тартса немесе себепсіз сабақты өткізуге келмесе, онда қанағаттанарлықсыз деген баға қойылып, одан әрі сараманды жалғастыру мәселе қойылады.

Тәрбиелік жұмыстың бағалану критериі

Өте жақсы баға курстың сараман бағдарламасында талап етілетін тәрбиелік жұмыстың барлық түрлерін дұрыс, әрі оны орындауға педагогикалық-психологиялық теориялық біліміне сүйене алатын, үлкендерменде, оқушыларменде тез тіл табысып біріге жұмыс жасай алатын, тәрбие жұмыстарын ешкімнің көмегінсіз өзі ұйымдастыра алатын , белгіленген тәрбиелік шараларды жоғары деңгейінде және өз уақытында орындаған студентке қойылады.

Жақсы баға курстың сараман бағдарламасында талап етілетін тәрбиелік жұмыстың барлық түрлерін дұрыс, әрі оны орындауға педагогикалық-психологиялық теориялық біліміне сүйене алатын, үлкендерменде, оқушыларменде тез тіл табысып біріге жұмыс жасай алатын, тәрбие жұмыстарын ешкімнің көмегінсіз өзі ұйымдастыра алатын , белгіленген тәрбиелік шараларды жоғары деңгейінде және өз уақытында орындаған студентке, алайда тәрбие жұмыстарын жүргізуде елеусіз қателер жіберіп алатын қойылады.

Қанағаттанарлық баға қойылады егер машықкер тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өзінің педагогикалық-психологиялық білімдерін дұрыс пайдалана алмаған, тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда кейбір қателіктерді жіберген, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай дұрыс байланыс жасай алмаған студентке қойылады.

Қанағаттанарлықсыз баға сараман бағдарламасында қойылған талаптарға сәйкес тәрбие жұмысын жүргізе алмаған. Жоспарлау мен ұйымдастырып өткізуде өзінің педагогикалық-психологиялық білімін дұрыс пайдаланалмаған, оқушылармен дұрыс қарым қатынас орната алмаған студенттерге қойылады.

Қорытынды баға машықкердің мектепте өткен сараманы кезіндегі оқу-тәрбие процесіндегі жұмысына, оны атқару кезіндегі жауапкершілігіне, мектептің әдістемелік жұмыстарына қатысу деңгейіне, студенттің белсенділігіне, құжаттарының сапалы жасалуына, педагогикалық қызметке деген көзқарасы ескеріле отырып қойылады.

Қорытынды баға қойылу саясаты

әріптік

Балдық

Пайыздық

дәстүрлі

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

Өте жақсы

В+

В

В-

3,33

3,0

2,67

85-89

80-84

75-79

Жақсы

С+

С

С-

Д+

Д

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

қанағаттанарлық

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Педагогикалық сараман аяқталған соң студент кафедраға келесі құжаттарды тапсыруы керек:

1.Жеке жұмыс жоспары

2.Күнделік

3.Сараман кезінде өткізілген жұмыстар жөнінде жалпы есеп

4. Пән мұғалімі неиесе әдіскердің талдауы жасалған,көрнекілік құралдары бар екі сабақтың конспектісі

5. Сынып жетекшісінің жоспары бойынша өткізілген тәрбиелік шараның конспектілері

6. Сыныпқа немесе оқушыға берілетін психологиялық-педагогикалық мінездеме

7. Мектептегі сараман қорытындыс бойынша өткізідген педагогикалық кеңестің хаттамасының көшірмесі

Педагогикалық сараманның қорытындысы бойынша, студенттер кафедраға есеп тапсырады және кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық рейтингтік әріпті жүйе бағаасы бойынша дифференциалды сынақпен бағалады.Комиссия құрамына:кафедраның сараман жетекшісі, әдіскерлер, жұмыс берушілердің өкілдері. Практика программасын орындамаған, жұмысы жөнінде қорғау барысында теріс баға немесе қанағаттанарлықсыз баға алған студент университеттен шығарылады.

Педагигикалық практиканың шешімі кафедра отырысында және университеттің есеп конференциясында қаралады.

Сырттай бөлімде оқитын студенттердің педагигикалық сараманы барлық қала және ауылдық мектептердің 7-11 сыныптарына өткізіледі. Мамандығы бойынша жұмыс жасайтын студенттер кафедраның, педагогика және психология кафедрасымен бірлесіп құрған индивидуалдық тапсырма-жоспарымен практикадан өтеді. Мамандығы бойынша жұмыс жасамайтын студенттер тәртіп бойынша арнайы мамандығы бойынша жұмыс орнымен және дипломдық жұмысының тақырыбын сай келетін материалдармен танысу үшін жіберіледі.

Өзінің тұрғылылықты жерінен өтетін студенттер міндетті түрде бекіту конференциясына дейін факультет әдіскеріне немесе сараман жетекшісіне қандай мектепке, қандай аудандық білім беру бөліміне, қандай сыныптан өтетінді жөнінде хат жолдауы тиіс.

Педагогикалық практиканы аяқтау кезінде студенттер кафедраға ткелесі құжаттарды тапсыруы керек:

1.Жеке жұмыс жоспары

2.Күнделік

3.Сараман кезінде өткізілген жұмыстар жөнінде жалпы есеп

4. Пән мұғалімі неиесе әдіскердің талдауы жасалған,көрнекілік құралдары бар екі сабақтың конспектісі

5. Сынып жетекшісінің жоспары бойынша өткізілген тәрбиелік шараның конспектілері

6. Сыныпқа немесе оқушыға берілетін психологиялық-педагогикалық мінездеме

7. Мектептегі сараман қорытындыс бойынша өткізідген педагогикалық кеңестің хаттамасының көшірмесі