- •5В010900 – математика
- •Оқу сараманының жұмыс бағдарламасы Орал 2015 ж.
- •1 Курс (1 апта) оқу сараманы.
- •Әдебиеттер:
- •2 Курс (жеделдетілген оқу), 3курс оқу-педагогикалық сараманы (2 апта)
- •1. Меңгеру
- •2. Қатысу
- •3. Іске асыру
- •4 Курс (10 апта), 3 курс (жеделдетілген оқу) студенттерінің кәсіптік сараманы
- •1.Меңгеру:
- •2. Құрылымы:
- •4.Қатысу:
- •IV. Дипломалды сараман 4 курс (5 апталық)
- •Студент-практиканттың жеке жоспарының сызбасы
Әдебиеттер:
1) ҚР «Білім туралы» заңы
ГОСО РК 6.8.065-2010 специальности 5В010900 – «Математика»,
«Квалификационный справочник должностей руководителей, специалистов и других служащих», утвержденный приказом Министерства труда и социальной защиты населения РК от 25.11.2010 г. №385
«Типовые квалификационные характеристики должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц», утвержденным приказом МОН РК от 13.07.2009 г. № 338;
2 Курс (жеделдетілген оқу), 3курс оқу-педагогикалық сараманы (2 апта)
3 курстағы студенттердің теориялық және практикалық дайындығын «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогика», «Психология» пәндері, арнайы пәндер, «Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» пәндеріне алған білімдері қамтамасыз етеді.
Сараманның міндеттері
1.Сыныптағы педагогикалық процестің жағдайын ұғынып және меңгеру:
а)оқу процесі тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлігі
б)тәрбие процесі тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлігі:
2.Педагогикалық процестің негізгі белгілерін меңгеру үшін қолданылатын психологиялық-диагностикалық әдістердің кешенін меңгеру.
3.Кәсіби құзырлылықты(педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру жәнне пән мұғалімінің,сынып жетекшісінің көмекші қызметін орындау үшін білім,іскерлік және дағды)қалыптыстыру.
Сараманның мазмұны
1. Меңгеру
- нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (пән мұғалімің оқу жоспары, оқу бағдарламасы , күнтүзбелік, тақырыптық және сабақ жоспары);
- пән бойынша оқу кабинеті (техникалық оқу құралдарының , кесте, үлгі, таратпа дидактикалық материалдар, оқулықтар және электронды бейне құралдардың болуы және т.б);
- әр тұрлі түрдегі оқу процесінің жағдайы (дебаттар, дөңгелек үстел, семинар, сабақ және т.б);
- пән бойынша сабақтан тыс жұмыстар;
- педагогикалық-психологиялық, диагностикалық әдістемені пайдаланған балалар ұжымы;
- оқушылардың жас ерекшеліктері;
-сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі;
-сыныптағы педагогикалық процеске қазіргі білім беру технологияларын ендіру.
2. Қатысу
- пән мұғалімінің сабаққа дидактикалық материалды дайындауына;
- сыныптан тыс әртүрлі танымдық іс-әрекеттердің өтілуіне (оқу пәндері бойынша);
- оқушылардың оқу материалдарын меңгеруіне көмек көрсету;
- тәрбие жұмысының кейбір түрлері мен формаларын өз бетінше дайында және өткізу.
3. Іске асыру
- сабаққа жалпы дидактикалық, психологиялық талдау жасау;
- сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жасау;
- кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзіне білім беру бағдарламасын жүзег асыру жұмыстары;
4. Педагогика және психология пәндерінен ғылыми реферат, баяндама дайындау мақсатында студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары және студенттердің оқу ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындау.
4 Курс (10 апта), 3 курс (жеделдетілген оқу) студенттерінің кәсіптік сараманы
Бітіруші курстағы педагогикалық сараман мектептегі оқу-тәрбиелік процесін ұйымдастырудағы алдыңғы сараманның үйлесімді аяқталуы болып табылады және тұтас педагогикалық процесті басқарудағы білім, іскерлік және дағдыны меңгеруге және диплом жобасы бойынша тәжірибе жұмыстарын өткізуге бағытталған.
Сараманның міндеттері:
- тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;
- мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диогностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, ілгерлік, дағдыларлы жетілдіру;
- пән мұғалімдерімен, оқушылармен, психологиялық қызметтің қызметкерлерімен, ата-аналармен ынтымақтастықта болу;
- педагогикалық құзырлығын ( ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б) дамыту және қалыптастыру;
- кәсіби-педагогикалық және тұлғалық кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақты оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білу);
- дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;
- педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық зерттеушілік әдісін қалыптастыру;
- тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;
-кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.
Сараманның мазмұны
