- •5В010900 – математика
- •Оқу сараманының жұмыс бағдарламасы Орал 2015 ж.
- •1 Курс (1 апта) оқу сараманы.
- •Әдебиеттер:
- •2 Курс (жеделдетілген оқу), 3курс оқу-педагогикалық сараманы (2 апта)
- •1. Меңгеру
- •2. Қатысу
- •3. Іске асыру
- •4 Курс (10 апта), 3 курс (жеделдетілген оқу) студенттерінің кәсіптік сараманы
- •1.Меңгеру:
- •2. Құрылымы:
- •4.Қатысу:
- •IV. Дипломалды сараман 4 курс (5 апталық)
- •Студент-практиканттың жеке жоспарының сызбасы
1 Курс (1 апта) оқу сараманы.
1-ші курс студентердің оқу сараманы «Педагог қызметке кіріспе» пәніне негізделген. Студенттерге практикалық қызметті ұйымдастыруға негіз болатын пәндер «Психология және адам дамуы», «Әлеуметтану», «Экология және тұрақты даму», «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» жалпы білім беру пәндері, және 1-ші курста оқытылатын кәсіби циклдегі пәндер. Оқу сараманы математика мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан дайындаудың негізгі бөлігі болып табылады.
Сараманның мақсаты - табысты мансап қалыптастыру және студенттерді өзін-өзі ықпал ететін заманауи технологияларды оқыту. Бірінші курс студенттерінің оқу сараманынан өту кезіндегі қарым-қатынасынан өздерінің мамандықтарын сәтті немесе сәтсіз таңдағаны және одан кейінгі кезеңдердегі оқу жетістіктеріне байланысты.
Сараман міндеттері:
- тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;
- мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диогностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, ілгерлік, дағдыларлы жетілдіру;
- пән мұғалімдерімен, оқушылармен, психологиялық қызметтің қызметкерлерімен, ата-аналармен ынтымақтастықта болу;
- педагогикалық құзырлығын ( ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б) дамыту және қалыптастыру;
- кәсіби-педагогикалық және тұлғалық кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білу);
- дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;
- педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық зерттеушілік әдісін қалыптастыру;
- тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;
-кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.
Осы уақыт ішінде, студенттік тәжірибесін дамытуға тиіс:
1)Кітапханалар мен оқу залдарында әдебиеттерді таңдай білуді үйрену, арнайы тақырыпта интернет деректерімен және онымен жұмыс істей білу;
2)оқытушының берген нұсқауы сапалы және уақытында орындау;
3)Таңдалған тақырып бойынша зерттеу және тапсырмалар дайындау және өткізуде белсенділік таныту;
4)тиісті физикалық, зертханалық және демонстрациялық жабдықтармен жұмыс істей білу;
5) математика кабинеттерді жабдықтауға, безендіруге қажетті плакаттарды, модельдерді дайындауға икемді болу;
6) Әрбір студент сараман кезінде жұмыс берушімен сұхбаттасу кезінде қажет болатын кәсіби түйіндемесін дайындау, Түйіндеме-бұл үнемі толықтыруды қажет ететін және іскер адамды өз өмірінде алға жетелейтін құжат, сондықтан барлық студенттерге электрондық нұсқасын дайындауға кеңес береміз.
Сараман соңында әрбір студент өз сараманыңың өтуі туралы есеп береді.
Сараманның мазмұны
1. оқу-тәрбие үрдісінің әр түрлі типтегі мекемелердің жұмыс жүйесімен сәйкесінше нормативтік құжаттарымен танысу
- нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (пән мұғалімің оқу жоспары, оқу бағдарламасы , күнтүзбелік, тақырыптық және сабақ жоспары);
- пән бойынша оқу кабинеті (техникалық оқу құралдарының , кесте, үлгі, таратпа дидактикалық материалдар, оқулықтар және электронды бейне құралдардың болуы және т.б);
- әр тұрлі түрдегі оқу процесінің жағдайы (дебаттар, дөңгелек үстел, семинар, сабақ және т.б);
- пән бойынша сабақтан тыс жұмыстар;
- педагогикалық-психологиялық, диагностикалық әдістемені пайдаланған балалар ұжымы;
- оқушылардың жас ерекшеліктері;
-сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі;
-сыныптағы педагогикалық процеске қазіргі білім беру технологияларын ендіру.
2.Математика пәндері бойынша өткізілетін зертханалық, физикалық практикум, демонстрациялық жұмыстардың әдістемесі мен техникалық талаптарымен танысу.
3.Студенттерді орта мектептерде өткізілетін фронтальды зертханалық жұмыстар, математикалық практикумдарды өткізу мен ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру.
4.Математика сабақтарында қолданылатын техникалық оқу құралдарын дайындау
5. Математикадан практикалық есептерді шешу
6. Студент (кем дегенде төрт )таңдаған білім беру бағытына сәйкес ғылыми журналдардағы мақалалар, оның ішінде оқулықтар және оқу және ғылыми әдебиеттер тізімін ұсынуы қажет.
7.Өз түйіндемесінің электронды нұсқасын құру.
Студент-практиканттың міндеттері мен құқы
Студент – практиканттың құқығы:
Студент-практикант кез-келген жағдайда өзін ойландырған сұрақтар төңірегінде педагогикалық практика жетекшісіне, кафедра меңгерушісіне, факультет деканына, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге жолығуға.
Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен практиканы ұйымдастыру туралы өз пікірін ортаға салуға, ұсыныс айтуға.
Унивеситеттегі өзіне қажетті кафедра мен кабинеттерден әдістемелік көмек алуға.
Мектеп кітапханасы мен кабинетіндегі бар құралдарды, көмекші жадығаттарды пайдалануға.
Педагогикалық практика жетекшілерінің атқарар міндеттері:
Кафедра бойынша педагогикалық практика жетекшісінің қызметі:
1.Педагогикалық практика өткізілетін мектептерді уақтылы анықтап, олармен байланыста болу.
2.Студенттерді практика өткізілетін мектептерге бөліп, олардың педагогикалық практикаға шығатыны жөнінде ректор атына мәлімдеме дайындап, әдіскерлер тағайындау.
3.Педагогикалық практика алдындағы ұйымдастырушы және қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру, әдістемелік жадығаттар негізінде көрмелер ұйымдастыру.
Әдіскерлерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, басшылық жасау, семинарлар мен кеңестер өткізуге және оның жұмысын әділ бағалауға міндетті.
Студенттерді оқу сараманынының қортындысына дайындау және оны қорғау
Есеп берудің құрылымы мен мазмұны.
Есеп беру - бұл студенттің сараманнан өту кезіндегі істелінген жұмыстарды хабарлайтын негізгі құжат болып табылады. Есеп берудің келесі құрылымын ұсынады:
1.таңдалып алынңан тақырыптың әдебиеттерімен танысу;
2.құрастырылған әдебиеттер тізімі бойынша істелінген жұмыстар;
3.зерттеуді өткізу және әзірлік бойынша істелінген жұмыстар;
4. зерттеуді жүргізудің әдіснамасы;
5.зерттеу нәтижесін талдаудың әдіснамасы;
6. жасалынған қорытынды және алынған нәтиженің хабарламасы.
Есепті безендіру.
Есеп компьютерде терілген болуы керек. Есепте сараманға берілген тапсырма, жетекшінің студент жұмысына қойылған бағасы бар бағалау парағы салытуы керек.
Есеп мазмұнында болу керек:
-титулдық бет (қосымша №3)
-компьютерде жазылған түйіндеме(қосымша №5)
-таңдалынып алынған бағыт бойынша оқу және ғылыми әдебиеттер тізімі(қосымша №4)
-кафедра оқытушысының жетекшілігімен жүргізілген зерттеу бойынша жүргізілген жұмысы, жасалынған қорытынды және алынған нәтиженің хабарламасы.
Есеп беру тәртібі.
Барлық талаптары бойынша толтырылған құжаттар кафедраға тапсырылады. Есеп беру уақытына дейін сараман жетекшісі бағалау парағы толтырылып, студентке қайтарады. Студент кез-келген бөлімі бойынша жазылған есебіне жауап бере алуға тиісті және кеңес алуға болады. Студенттің сараман бойынша жасаған қортындысына, сараманнан алған тәжірибесіне, есебінің безендірілуіне, кәсіби түйіндемесінің сапсына баса назар аударылады.
Қосымша:
Қосымша 1. Оқу сараманына тапсырма
ЖОО _______________________ Факультет__________________ Кафедра ___________________ мамандық______________
Оқу сараманына тапсырма
Бірінші курстың _____________ тобының студентіне берілді (Ф.А.Ә.)__________________________________________________________ Сараман жетекшісі: Оқытушы ____________________________________________________ ( Сараман жетекшісінің аты-жөні)
Тақырыбы: ____________________________________________________________
Сараманның жұмыс жоспары:
1. Базлық оқу әдебиеттерін оқу.
2. өзі туралы кәсіби түйіндеме жазу.
3. тақырыбың бойынша әдебиеттерді іздеу және іріктеу.
4. Мәселе бойынша әдебиеттерге аңдатпа жасау.
5. Зертеуге дайындық және жүргізуге қатынасу.
6. Зерттеу қорытындысына талдау және өңдеу жасауға қатынасу.
7. Сараманнан өту есебін безендіру.
Сараманның басталуы: ______________________ 20___ жыл. Сараманның аяқталуы: _______________________20 ___ жыл. Сараман жетекшісі / Аты-жөні/ тапсырманы қабылдады / Аты-жөні / Қала , жыл.
Қосымша 2.
Оқу сараманнан өту есебінің бағалау парағы
Бірінші курстың _____________ тобының студенті (Аты-жөні.) ___________________________________________
№№ |
не бағаланады (критерии) |
жетекшінің бағасы |
1. |
Жасалынған жұмыстың сапасы мен көлемі |
|
2. |
Студенттің белсенділігі |
|
3. |
Жұмысқа орналасу және мақсатын орындау барысындағы ұйымдастырушылық қызметі мен студенттің өдігінен жасай алу қабілеті |
|
4. |
Сараман бағдарламасын орындаудағы дәлдігі мен уақтылы орындауы |
|
5. |
Зерттеуді ұймдастыру және өткізу кезіндегі шығармашылық әрекеті мен оның қорытындысын алу мен тұжырымдауға қатынасуы |
|
6. |
ұжымдық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндігі. |
|
Сараман қорытындысы бойынша ұсынылған жалпы баға ___________________ Сараман жетекшісі _________________________________________ Қосымша 3. Оқу сараманының есебі ЖОО______________________________ Факультет _________________________ Кафедра __________________________ Мамандық _____________________
Оқу сараманының есебі
Бірінші курстың _____________ тобының студенті (Аты-жөні.)_________________________________________ Мамандық _________________________________________ Сараман жетекшісі: __________________________________ зерттеу түрі _________________________________________ Тақырыбы: __________________________________________
Есепті қабылдады : ______________________________________ Бағасы: ________________________________________________
Қала,жыл.
Қосымша 4 оқу және ғылыми әдебиеттерді рәсімдеу тәртібі Оқулықтар:
1.
2.
3.
4. Оқу әдістемелік құралдар:
1.
2.
3.
4. Журналдағы басылым:
1.
2.
3.
4. Қосымша 5.
Кәсіби түйіндеме жоспардың нұсқасы
Аты-жөні (толық) Мекен жай: Байланыстелефоны: Мақсат: жұмыс тәжірибесі: Білімі: Қосымша білімі: Ғылыми жетістіктер мен басылым: Жеке жетістіктер: Қосымша ақпарат:
