Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Математика бадарлама.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.01 Кб
Скачать

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

"Бекітемін"

Физика-математика факультетінің деканы __________Медешова А.Б.

"__"____________2015ж

5В010900 – математика

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде

оқитын 1-4 курс студенттеріне арналған

Оқу сараманының жұмыс бағдарламасы Орал 2015 ж.

Жұмыс бағдарламаасын құрастырғандар:

Аға оқытушылар Айтенова Г.М., Имангалиева Б. С.

ҚР МЖМБС жоғарғы білім, ҚР үкіметінің №1080 23 тамыз 2012 ж. бекітілген қаулысы және  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидалары, ҚР үкіметнің №499 17 мамыр 2013 ж. бекітілген қаулысы негізінде құрастырылған.

Физика және математика кафедрасының отырысында қаралған

Хаттама № «___» __________20__ж.

Кафедра меңгерушісі_________________ Кульжумиева А. А.

Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралған:

Хаттама № «___» __________20__ж.

Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңес төрағасы_____Иксебаева Ж. С.

Келіскен: Сафуллин Е. Н. ____________________________20__ж.

Қызметі: «"Өрлеу " біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»" акционерлік қоғамның филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" директорының орынбасары.

Қоғамдағы жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай, әлемдік мәдени – білім кеңістігіне ену, өркениетті елдердегі педагогика ғылымы және білім беру жүйесі дамуының қазіргі кездегі тенденциялары, әлемдік деңгейдегі педагогика және психология ғылымында жинақталған тәжірибелерді талдау нәтижесі мұғалім мамандығына сапалы етіп дайындауды қажет етеді.

Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын – ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық – педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек.

Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Бұл бағдарлама «Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетініңі «Кәсіби сараманды ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес құрастырылған.

Кәсіби сараман университетте окыту процесінде алынған теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдылары мен жетік білімділіктің қалыптасуына, сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған.

Педагогикалық сараман: Тұжырымдаманың жетекші идеяларын іске асыруға; білім беруді ізгілендіру, демократияландыру және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді – шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу – тәрбие іс – әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу – тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Педагогикалық сараман мына шарттар арқылы өткізіледі:

  • мұғалімнің кәсіби іс – әрекетінің обьектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;

  • студент оқу іс–әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады

  • психологиялық–педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.

  • бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми – зерттеу жұмысына бағыттау;

  • педагогикалық сараманның болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағытталуы.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартна», психологиялық-педагогикалық пәндердің кешендеріне сәйкес,студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде әрбір курста үздіксіз педагогикалық сараман өткізіледі және мыналарды қамтиды:

1)студенттің оқу сараманы 1 курс ( 1 апта);

2) студенттің оқу-педагогикалық сараманы 3 курс (2 апта);

3)студенттің кәсіби педагогикалық сараманы 4 курс (10 апта);

4)студенттің диплом алдындағы сараманы 4 курс (5 апта);

Педагогикалық сараманның базалық ұйымына орта жалпы білім беретін мектептер мен инновациалық типтегі мектептер (мектеп-гимназия, мектеп-лицеи және т.б.).

Педагогикалық сараманның мақсаты:

Жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық педогогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және сонымен қатар теориялық білім негізінде педагогикалық, дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру.

Педагогикалық сараманның міндеттері:

  • Тұтас педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің дайындығын қалыптастыру;

  • Мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасы сын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпы педагогикалық және жалпы психологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;

  • Пән мұғалімдерінің, оқушылармен психологиялық қызметтің қызметкерлерімен ата – аналарымен ынтақтастықта болу;

  • Педагогикалық құзырлығын (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, құрастыра білушілік, қолданбалы және басқалары) дамыту және қалыптастыру;

  • Кәсіби педагогикалық және тұлғалық кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақты оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі);

  • Дәстүрлі және жаңашыл технологияларын оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;

  • Педагогикалық іс – әрекеттің шығармашылық, зерттеушілік қалыптасыру;

  • Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру дайындығына өзіндік баға беруді қалыптастыру;

  • Кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беруде жүзеге асыру.

Математика (физика) бакалаврының құзыретілігін қалыптастыруға бағытталған іс-тәжірибенің барлық түрлері:

Негізгі:

А) қалыптастыру – педагогикалық мақсатқа бағытталған білімнің болуы, тұтас педагогикалық процесті жобалау және іске асыру қабілеті мен дағдыларының болуы, гуманизм және оптимизмге бейім, ұлттық құндылықтар, этикалық құндылықтар жүйесіне деген ұстанымын;

Б) жүйелендіру - синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер(жүйелі педагогика принципі) салаларында білімінің болуы , психологиялық-педагогикалық білімді жүйелеу және құрылымдау, рәсімдеу, іздестіру дағдылар мен іскерлігінің болуы, педагогикалық қызметті біртұтас қабылдау және жүйелі ойлауға ұмтылу.

В)зерттеушілік - гносеология, әдіснамалық, педагогикалық және психологиялық білімінің болуы, ақпаратты басқару дағдысы мен іскерлігінің болуы, психологиялық және педагогикалық диогностика негізінде кешенді мониторингты жүзеге асыру, талдау және синтездеу, педагогикалық рефлексияға қабылетті, зерттеушілік мәдениетті үздіксіз жақсартуға ұмтылу.

Мамандандыру:

A) коммуникативтік – технологиялық қарым-қатынас үшін қазақ, орыс және бір шет тілін меңгеру;педагогикалық реторика және қайшылық (конфликтологии), байланыс стратегиялары, конструкциялық диолог дағдылары мен іскерлігі, , көпұлтты және көпконфессиялы қоғамдағы байланысы; толирантты болу және педагогикалық ынтымақтастыққа ұмтылу.

B) технологиялық – педагогикалық технология, педагогикалық жаңашылдық саласында білімінің болуы, педагогикалық технологияны қолдану, таңдау, бағалау, іздену қабілеті мен дағдысының болуы, жаңашыл болуға ұмтылуға қабілеті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу;

B) бақылаушылық- педагогикалық менеджмент саласында білімі болуы, педагогикалық мониторингты жүзеге асыруға дағдысы мен іскерлігінің болуы, педагогикалық шкалалар және көрсеткіштер жүйесін әзірлеу, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіру, әділ және шынайы болу үшін адекватты өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылауға ұмтылу.

Арнайы:

A) бағдарламалы - психологиялық-педагогикалық, пәндік, әдістемелік жүйелі білімінің болуы, әлеуметтік-педагогикалық шарттарға сәйкес кәсіби қызметінің теориялық білімін қолдана білу іскерлігі мен дағдысының болуы, педагогикалық қызметінің нәтижесіне жауапкершілігін, педагогтың кәсіби борышын сезіну,

Б) пәнаралық - - қазіргі әлемдегі болып жатқан әлеуметтік –экономикалық процестерге сәйкес білім алуға, педагогикалық мәселелерді шешуге әртүрлі пәндерден алған білімдерін біріктіре білу іскерлігі мен дағдысының болуы;

B) әлеуметтік- адам құқығы саласынан білімінің болуы, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін дағдылары мен қабілетінің болуы,педагогтың кәсіби абыройы мен қадiрі, сонымен қатар педагогикалық этиканы сақтау, педагог кәсібінің әлеуметтік маңызын сезіну, азаматтық құқықты құрметтеу.

Г) дамушылық - Қазіргі заманғы педагогикалық антропология саласынан білімі болуы, сондай-ақ жоғары білікті оқытушылардың тәжірибесін пайдалану, жинақтап қорыту, үйрету, таратуға іскерлігі мен дағдысының болуы, педагогикалық қызметке жағары мотивацияны игеру, өзін-өзі тануға, өз білімін жетілдіруге ұмтылу, жоспарлау дағдысы, ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын үйлестіру және шығару; пәнаралық жобалар бойынша жұмыс істей білу. Д) шығармашылық - шығармашылық ойлауға және жаңа мәселелер мен жағдайларды шешу үшін шығармашылық көзқарас, білім беруде авторлық инновациялық идеяларды жүзеге асыру, шығармашылық және баламалы шешімдер табуға, жаңа ойларды өндіруге икемді болу.

E) ұйымдастырушылық-әдістемелік - ғылыми-зерттеушілік қызмет , ғылыми стандартты міндеттерді шешу; кредиттік технология бойынша білім беру мен педагогикалық қызметті жүзеге асыру, кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі, білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.

жеке өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі

- Өздігінен білім алуға және өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі; әлеуметтік жағдайын жақсарту, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, өзінің жеке қасиеттері дамытуға, табысқа жетуге, жаңа жағдайларға бейімді болуға, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылу.