Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_ekonomika.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.13 Кб
Скачать

3. Қуаншылықтың типтері (атмосфера, топырақ), өсімдіктердің қуаншылыққа төзімділігі.

Күн нұрының әсерінен гидросфера, литосфера және атмосфераның қызуына байланысты, ауа ағынының өзгеруі нәтижесінде жер шарының әр түрлі аймақтарында қуаңшылық құбылысы жиі кездеседі.  Көптеген ғалымдар қуаңшылық құбылысына өздерінше әр түрлі анықтамалар беріп келеді. Солардың ішінде ең алғашқыларының бірі П.И. Броунов қуаңшылықты атмосфераның, қысымның шамадан тыс жоғарлауына байланысты, қалыпсыз құрғақшылық кезеңі деп сипаттады. Оның ұйғаруынша қуаңшылық өте күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа мерзімді деп бөлінеді.  А.А. Каминский өз еңбегінде (1934) қуаңшылықты ауа райы біршама жылынғаннан кейін шаңқай түстік (күндізгі сағат 13-те), температура ұдайы жоғарылайтын кезең қуаңшылықтың мынадай екі түрі болатындығы көрсетті.  1.Оңтүстік-Шығыс, Орал және Батыс Сібірге тән, оңтүстіктегі атмосфераның тұрақты жоғарылығына (антициклон) байланысты қуаңшылық.  2.Төмен қысымды өлкелерде, олардан оңтүстікке қарай антициклондар болғанда байқалатын қуаңшылық.  Соңғысы Орта Азия және Қазақстанға тән. Көпшілік жағдайда қуаңшылық кезінде аңызақ та (ыстық жел) қатар байқалады. Сонымен қатар, мұнар да (ауаның шаң-тозаңнан тұмандануы) қуаңшылықтың жағымсыз әсерін күшейте түседі.  А.М. Шулгиннің (1978) ұйғаруынша қуаңшылық ұзақ уақыт жауын-шашын болмай, ауа температурасы жоғарылап, булану процесі күшейіп, топырақтың және атмосфераның ылғалдылығы азаюынан өсімдіктер өнімділігі төмендейтін құбылыс деп анықталды. Қуаңшылық ұзаққа созылған, немесе қысқа мерзімді жауын-шашынсыз, ауа температурасы мен ылғал тапшылығы жоғарылап, өсімдіктер шамадан тыс сусызданып, қызуы тәтижесінде залалданып, өнімділігі төмендеп, кейде түгел қурап өліп қалатын кезең деп сипаттады. Қуаңшылық өсімдіктерге екі жақты әсер етеді: 1.Өсімдік денесінің температурасын жоғарлатады. 2.Сусыздандырады (су тапшылығы, немесе солу). Осыған сәйкес ыстыққа төзімділік және қуаңшылыққа төзімділік деген екі ұғым пайда болады. Өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігін алдын-ала болжаудың, немесе анықтаудың тікелей немесе жанама әдістері бар.  Табиғи жағдайда атмосфера мен топырақ қуаңшылығы жыл сайын бола бермейтін құбылыс. Сондықтан қуаңшылықты қолдан жасау мақсатында құрғатқыш шатырлар қолданылады. Оның айналасынан тереңдігі 80см, ені 50-60 см ор қазылып, төбесі су өткізбейтін материалмен жауын-шашын болардан бұрын жабылады да, басқа уақытта ашық қалдырылады. Осындай жан-жағынан ылғал түспейтін шатырдың ішіне зерттелетін өсімдіктер егіліп, тиісті (физиологиялық) бақылаулар жүргізіліп, түсіиі есептелініп, қалыпты жағдайда өсірілген өсімдіктермен салыстырылады. Алынған салыстырмалы нәтижелер арқылы зерттелген өсімдік сорттарының қуаңшылыққа төзімділігі туралы тиісті қорытынды жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]