Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_ekonomika.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.13 Кб
Скачать

3. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің әртүрлі топтарының реакциялары.

Сыртқы ортаның қандайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі.  Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімдеушіліктер тән – кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, лептесік аппараттарының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ жасушалы болып келуі, жасуша қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр жүйесін (системасын) түзеді.  Мезофиттер деп ылғалдылығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.  Гидрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың мүшелерінің сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, жасуша аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.  Гигрофиттер деп, ауаның ылғалы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады. Оларда судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды. Эпидермисінің жасушаларының қабықшалары мен кутикуласы жұқа, лептесік аппараттары жапырақ тақтасының бетінде бірыңғай орналасқан, жасушалары үлкен, борпылдақ бос жатады. Жарыққа қатынасына байланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта көлеңкелі жерде өседі. Бұлар негізінен орманның төменгі ярусын құрайтын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық ұлпалары жетілмеген, хлорофиллдері аз болады. Бір өсімдіктің бөрікбасының деңгейінде жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш жапырақтар деп бөледі. Жарық сүйгіш жапырақтардың көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Өйткені ашық күнде, барлық уақытта өсімдіктерге жарық көп түседі де оны қыздырады, нәтижесінде судың булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда гигрофиттердің белгілерімен сәйкес келеді. 

Билет 8.

1. Вакуольдер жүйесі, оның химиялық құрамы және қызметтері.

Вакуоль — өсімдіктер мен кейбір жануарлар клеткаларының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс. Жетілген өсімдік клеткаларында вакуольдер айқындалған, жас, жаңа клеткаларда әлі айқандала қоймаған құрылым. Вакуоль клеткалардың дамуы мен ескіруі барысында цитоплазмада анық көрінеді.  Вакуольдің сұйықтығының құрамына ерітінді күйінде минералды тұздар, көмірсулар, сондай-ақ клетканың тіршілігіне қажетті әр түрлі органикалық қышқылдар, таниндер, пигменттер және тағы да басқа заттар болады. Онда қор заттармен қатар клеткаға қатерлі улы заттар, сондай-ақ екінші реттік метоболиттер жинақталады. Вакуольдердің пішіні көпіршік, жіңішке түтікшелер тәрізді. Олар тонопласт деп аталатын мембранамен шектелген. Тонопласт басқа мембраналар секілді билипидті, липопротеидті құрылым. Ол заттарды белсенді, сұрыптай өткізгіш қабілетке ие. Тонопласт тасымалдағыш ақуыздар мен АТФаза тектес ферменттермен жабдықталған. Вакуоль клетканың осмос қысымын анықтап, зат алмасу, секреттеу және қорғаныш қызметтерін атқарады.

Органикалық, заттар: азотты заттар: белоктар (протеиндер, претидтер), амин қышқылдары (аспарагин, триозин, лейцин және басқалар), алкалоидтар (хинин, морфин, никотин, колхицин, кофеин және басқалар); азотсыз заттар: моносахаридтер- глюкоза, фруктоза; дисахаридтер-сахароза, мальтоза; полисахаридтер- инулин, глюкозидтер (амигдалин, сапонин, соланин, пигменттер-антоциан, антохлор және басқалар), илік заттар (танидтер), органикалық қышқылдар (қымыздық, алма, вино, лимон және басқалар), кристалдар (қымыздық және басқа қышқылдардың тұздары), эфир майы және басқалар.

Органикалык емес заттар: нитраттар, хлоридтер, фосфаттар.

Бұл заттардың біреулері, мысалы углеводтар, қорлық, екіншілері- экскреторлық, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]