Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.13 Кб
Скачать

71. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

1.Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде

Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады

2. Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі. Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал - жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді

3. Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі

Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай - ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады.

4. Ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдері

Ұлттық байлық - бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай - ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар жатады:

  • абстракциялау (экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттеу және түсіндіру үшін үлгілерді қолдану);

  • индукция мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі;

  • нормативтік және позитивтік талдаудың үйлесімділігі;

  • «әртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;

  • экономикалық агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары туралы болжамдар және т.б..

Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі – ол агрегаттау болып табылады.

72. Қазақстан республикасының макроэкономикалықсаясатының мақсаттары. Негізінен жеке экономикалық субъектінің әрекерін зерттейтін микроэкономикадан өзгешілігі, макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының бірлескен экономикалық қызметінің нәтижелері мен зардаптары бір уақытта зерттеледі. Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды (инфляция, экономикалық өсу, жұмыссыздық) зерттеді. Экономикалық талдаудың мәні ұлттық шаруашылық дамуының қалыптасу теориясын әзірлеу болып табылады. Соңғының негізінде макроэкономикалық саясаттың құралдары қалыптасады оған қазынагерлік, несие-ақша саясаты, табыс саясаты және сыртқы экономикалық саясат жатады. Макроэкономикалық саясаттың мақсаты мен құралдары. Мақсаты: 1. Өндіріс –жоғары деңгей, 2.жұмыспен қамтылу - жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі жұмыссыздықтың төменділігі. 3. Еркін нарықтағы бағаның тұрақтылығы. 4. Халықаралық сауда – экспорт пен импорттың тепе-теңдігі. Валюта бағамының тұрақтылығы.

73.Жер рентасы және оның түрлері. Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер Рентасы алынады. Оларға:

  1. тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента;

  2. құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады. 

74. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: жұө, жіө, тұө, ұк

Ұлттық экономика нәтижелерін жалпылайтын агрегаттар БҰҰ кеңесімен пайдаланылатын болды. Негізгісі ұлттық байлық, ол тарих бойы жинақталған құндылықтар жинағы.

Шаруашылық қызметтің жалпылама көрсеткіші қоғамдық өнім. Оны жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық кіріс (ҰК), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) өлшемдерімен бейнелейді.

ЖҰӨ- бір жыл ішінде елде өндірілген товарлар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.

ҰК жыл көлемінде қайта қалыптасқан өндіріс нәтижесі. Оны есептеу үшін ЖҰӨ мен жыл көлемінде жұмсалған материалдық шығындар айырмасын есептеу керек (амортизация, шикізат, материалдар, т.б.).

ТҰӨ- ұлттық кіріске жанама салықтарды қосқанда шығады. Немесе ТҰӨ есептеу үшін ЖҰӨ нен амортизацияны (капиталды тұтыну шығындары) шегереміз.

ЖІӨ- тек ел территориясында өндірілген, тек өз өндіріс факторларын пайдаланған товарлар мен қызметтерді біріктіреді.

75.Табыстар мен шығынның макроэкономикалық айналым үлгісі. Экономикалық агенттер мінез-құлықтарының (жүріс-тұрыстарының) ең таралған сипаттарын табу (агенттерді агрегаттау), бірыңғай көрсеткішке біріктіру және экономикалық нарықтар қызметінің ең маңызды заңдылықтарын табу (нарықтарды агрегаттау, бірыңғай көрсеткішке біріктіру) макроэкономикалық өзара қатынастарды агрегаттауға (бірыңғай көрсеткішке біріктіруге) мүмкіндік береді, яғни макроэкономикалық нарықтарда макроэкономикалық агенттердің мінез-құлық заңдылықтарын зерттеуге. Бұл өнімнің, шығындар мен табыстар айналым сызбасын салудың көмегімен жасалады. Алдымен экономиканың 2 секторлы үлгісін қарайық. Ол 2 макроэкономикалық агенттерден – үй шаруашылықтары мен фирмалардан және 2 нарықтан – тауарлар мен қызмет көрсету нарығы мен экономикалық ресурстар (қорлар) нарығынан тұрады. Табыстар мен шығындар шеңбер бойынша айналады. Әр экономикалық агенттің табысы екінші экономикалық агенттің табысын құра отырып, шығындалады. Жаңағы табыс, өз кезегінде, оның шығындарының негізі болып келеді. Шығындардың көбеюі табыстың өсуіне әкеледі, ал табыстың өсуі шығындардың ары қарай көбеюінің алғышарты. Сондықтан сызбаны айналым үлгісі немесе шеңберлі ағындар үлгісі деп аталады. Материалдық ағындар сағат тіліне қарсы жылжиды, ал ақша ағындары – сағат тілі бойынша. Сұраныс сағат тілі бойынша, ал ұсыныс – сағат тіліне қарсы жылжиды.

76. Халықаралық еңбек бөлінесі. Халықаралық еңбек бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы. Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қрі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі.

77. Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлері.

Халықаралық қатынастардың басты формаларына жататындар:

  • халықаралық еңбек бөлінісі,

  • тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда,

  • халықаралық несие,

  • өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы,

  • халықаралық валюта-қаржы қатынастары,

  • халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар,

  • экономикалық интеграция.

78. Халықаралық сауда теориялары  Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі ағылшын экономистары А.Смит пен Д.Рикардомен ұсынылған. А.Смит өзінің «Халықтың байлығының табиғаты мен себебін зерттеу» 1746 ж атты еңбегінде, халықаралық сауданың дамуын абсолютті шығындардың әртүрлігімен негіздейді және одан шығатыны, тауарды шығындары абсолютті аз елдерден импорттап, ал шығындары аз тауарларды экспорттау қажет. Смит елдердің халықаралық сауданы дамытуға мүдделі екенін көрсетті, өйткені олардың экспортер немесе импортер болатынынан тәуелсіз олар жеңіп отырды.

А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада "Абсолюттік артықшылық теориясы" деп аталып кетті.

 Бұл теориядағы негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысты тиіс екендігі.

 Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады десек, мамандардың көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді? Осы кезде "экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек?" деген сұрақтар туындайды.

 А. Смит Франция,  Португалия, Шотландиа елдеріндегі шарап өндірісін мысалға келтіреді. Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады.

 Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан, Шотландияда шарап өндіру тиімсіз болатындығы анық.

 А.Смиттің теорясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Солардың ішіндегі артықшылықтарды атап көрсетейік:

 • біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері, сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады;

 • екіншден, егер табиағи артықшылықтарға жаңа технологиялардың жетістіктерін қоссақ, оңда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.

 • Сонымен қатар бұл теорияның кемшіліктері де бар:

 • біріншіден, әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы. Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады, бірак та шын мәнінде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес

 • екіншіден, ағылшын саяси экономикасының классигі ақша айырбасының моделі емес, тауар айырбасының моделін қарастырады;

 • үшіншіден, абсалюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды түрде әсер ете алмайды, өйткені тауар өндірісінін алтернатавтік (балама) құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.

79. ЖІӨ мен ЖҰӨ-ді есептеу тәсілдері.

Есептеу әдістері

ЖІӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:

Табыс бойынша

* Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік иелерінің табыстарының қосындысы ретінде, яғни факторлар табыстарының қосындысы түрінде анықталады.Халық, [[корпорация]]лар табыстары, жинақтаулар пайыздары, мемлекеттің іскерлік табыстары, импортқа және өндіріске салығы түріндегі табысытарының қосындысы;

Шығын бойынша

* шығыс бойынша - барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді. Үй шаруашылығының пайдалану шығысы, фирмалардың [[инвестиция]]лық шығыстары, мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер мен инвестициялар және таза экспорт (эспорттан импортты алып тастағандағы) қосындысы;

: <math>Y = C + I + G + Xn\,</math>, мұнда

: <math>Xn = Ex - Im\,</math>

Қосылған құн бойынша

* Тек қана әр [[фирма]]ның қосылған бағаларының қосындысы (берілген мекеме қойған қосылған баға).

ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.

ЖҰӨ-ді есептеудің әдістері

ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан:

* Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы;

* Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы.

Соңғы тәсіл бойынша халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну құны, қоғамдық ұйымдардың қызмет құны, ғылым мен басқару буындарына көрсетілген қызмет құны, қор жинау (күрделі қаржы және басқалар), сыртқы сауда сальдосы, экон. қызметтен түскен табыс сальдосы сияқтыларды қосу арқылы анықталады. ЖҰӨ шамасына баға деңгейінің әсері мол, ол баға индексі арқылы беріледі де, ағымдағы бағамен есептелген ұлттық өнім жалпылама (номинальді) көрсеткіш болып аталса, баға деңгейімен түзетілген ұлттық өнім нақты ЖҰӨ болып табылады

80. Ұлттық есептеу жүйесі. Ұлттық байлық және оның құрылымы.

ҰЕЖ-нің экономикалық саясатты дамытуда, нарықтык

экономиканы реттеуге және инвестициялауға байланысты шешім

қабылдауда, қысқа және ұзақ мерзімді болжамдар жасауда атқаратын

ролі зор.

ҰЕЖ - экономиканы макродеңгейде сипаттау, талдау үшін

қолданылатын қазіргі заманғы әдістемелік және ақпараттық жүйе.

Оның даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең екін-

ші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жылдарды қамтиды. Осы кезде

мемлекеттік басқару органдары ұлттық табыс статистикасынын

ақпараттарына айтарлықтай көніл бөле бастады. Бұған 1929 - 1933

жылдардағы ұлы экономикалық тоқырау себеп болды. Нарықтык

экономикадағы инфляция, жұмыссыздық, өндірістік қуатты толык

пайдаланбау сияқты құбылыстармен күресу үшін мемлекеттік

басқару органдарына статистикалық ақпараттар өте қажет болды.

Дамудын алғашқы кезенінде ақпараттарды интеграциялауға қадам жа-

салды, ұлттық табысты есептеу әдістері жетілдірілді. Ақпараттарды

интеграциялау анықтамаларды, жіктемелерді үйлестіру арқылы іске

асырылады.

Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Физиология растения

Билет 7. 1. Эндоплазмалық ретикулум торының құрылысы және атқаратын қызметі.

Эндоплазмалық тор (ЭПТ) немесе эндоплазмалық ретикулум (ЭР) көптеген қатпарлары түзіп жататын мембранамен қапталған біріңғай үзілмейтін компартмент. Сондықтан электронды-микроскопия суреттерінде ЭР көптеген түтіктер, жалпақ немесе дөңгелек цистерналар, мембраналық көпіршіктер секілденіп көрінеді.

ЭР мембраналарында клетканың тіршілігіне қажетті әртүрлі заттардың алғашқы синтездері жүреді. Ол заттардың алғашқы синтезі деп атауымыз шартты, өйткені эндоплазмалық ретикулумнан синезделіп шыққан заттардың молекулалары әрі қарай клетканың басқа компартменттерінде  химиялық өзгерістерге ұшырайды.

Эндоплазмалық ретикулумның түйіршікті (гранулярлы)  және түйіршіксіз (агранулярлы) түрі бар. Олар сыртқы көрінісі және атқаратын қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болғанымен бір құрылым.

Түйіршікті эндоплазмалық ретикулум мембранасының гиалоплазмаға қараған бетіне рибосомалар бекінген, ал агранулярлы ретикулумның мембранасында рибосомалар болмайды.

Түйіршікті ретикулум клеткада аса маңызды қызмет атқарады. Бекінген рибосомалардың көмегімен ол цистерналарының қуысында немесе вакуольдерде ақуыз қорын және арнайы ферменттерді синтездейді. Ретикулум түтікшелері арқылы макромолекулалар мен иондар жасуша ішінде және жасушааралықтарында тасымалданады. Түйіршікті ретикулум клетка мембраналарының пайда болып, органеллалардың бір-бірімен қарым-қатынасын жүзеге асырады. Сол сияқты клетканың вакуоль, лизосома, диктиосома сияқты компоненттерін жасауға қатынасады.

Агранулярлы ретикулум нашарлау дамыған, Оың жасушада болмауы жиі кездеседі. Ол бұтақталған жіңішке түтікшелердің торынан және сирек көпіршіктер мен цистерналардан тұрады. Агранулярлы ретикулум эфир майларын, шайыр мен каучукты синтездеуге, жасуша ішінде тасымалдауға қатынасады. Тегіс тордың мембраналарында көмірсулар мен липидтер, олардың ішінде, гликоген мен холестерин синтезделеді. Тегіс ретикулум стероидты гормондардың синтезіне қатысады Тегіс эндоплазмалық тор асқазан бездерінің эпителийлерінің париетальді клеткаларында хлор иондарының бөлінулерін қатысады. Кальций иондарының депосы болып келетін ЭР кардиомиоциттер мен қаңқа бұлшық еттерінің талшықтарының жиырылуларын қамтамасыз етеді. Ол түйіршікті ретикулумнан оның цистерналарының түтікше тәрізді бұтақтануы түрінде пайда болады.

Кейбір клеткаларда тегіс ретикулум торы анық лабиринт (мысалы, гепатоциттерде, Лейдиг клеткаларында), кейбір клеткаларда циркулярлы табақшалар (мысалы, ооциттерде) түзеді.

2. Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу ерекшеліктері.

Жер бетіндегі барлық өсімдіктер су алмасу ерекшеліктеріне лайық екі негізгі топқа бөлінеді. Пойкилогидридті өсімдіктерге су алмасу процесін ырықты реттей алмайтын түрлер жатады. Олар айтарлықтай судың булануын тежейтін анатомиялық ерекшеліктері болмайды. Оларда судың сіңуіне және тежеуіне және бөлінуіне ешқандай кедергі жоқ, транспирациясы жай булану сияқты. Бұларға жер бетінде өсетін балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар, кейбір мүктер, сондай-ақ кейбір споралар, жұқа жапырақты папортниктер жатады. Бұл өсімдіктердің жапырақтары ауа құрғақтылығына дейін кеуіп қалып, ылғалдылығына кейін өз калпына қайтып келеді. Гомогидридтілерге жоғарғы сатыдағы өсімдікткрдің басым көпшілігі жатады. Олар суды, үнемдірек пайдалануға айналған түрліше ерекшеліктер қалыптасқан. Олардың клеткаларында су өткізбейтін заттар- суберин, кутин көбірек, жапырақтардың кутикуласы жақсы жетілген. Өсіп-өнетін орталарына және бейімдеушілік белгілеріне қарап жер бетіндегі өсімдіктер гидрофиттер, мезофиттер және ксерофиттер деп 3ке бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]