Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тілменбаев .Т. Энтомология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

14 Жұмыртқадан салып, оларды жеті-жетідсн екі қатар етіп орнала- стырады. Өсімталдығы 200 жұмыртқаға жетсді. Эмбрионалдық даму

  1. 16 күнге дейін созылады. Жүмыртқадан жаңа шыққан личинкалар алғашында топтанып бір жсрде отырады да, 3-4 күннен кейін өрме- леп, таралып кетеді. Личинка 35-40 күн дамиды. Осы мерзім ішінде ол 5 рет түлеп, соңғы түлеудсн ксйін ересек қандалаға айналады. Ересск қандалалар толық қанаттанған соң 10-шақты күннен кейін қыстайтын жерлеріне қарай үша бастайды. Бақашық қандала та- ралған жерлерінің барлығында да жылына бір генерация беріп өсіп- өнеді.

Зиянды бақашық қандала дәнді дақылдардьің барлық түрлсрін — жаздық бидайды, қара бидайды, арпаны, сұлыны, ал жемшөптік дақылдардан еркекшөпті, бидайықты т. б. ертс көктсмнен бастап өнімді жинап алуға дейін закымдайды. Осылардың ішінде көбірек зақымдайтындары жаздық және күздік бидай мсн қара бйдай. Көктсу және түптену фазаларында зақымданған өсімдіктің орталық жапы- рағы солып, сарғайып кетсді. Ал сабақтану кезінде закымданса, онда оның масағы қурайды да, ақ масақ болып қалады.

Бақашық қандала сорып зақымдаған астық дәнін басқа сау дәндерден ажыратып алуға болады. Егер бидай дәні сүттену немесе қамырлану кезінде зақымдалса, онда дән бүрісіп, семіп қалады. Ал бидай дәні пісіп-жетілген кезде зақымдалса, онда дән өзініц пішінін өзгертпейді. Дзннің қандала сорып жарақаттаған жеріндс қара-қоңыр нүкте қалады.

Қандалалар және олардың личинкалары бидай дәнін зақымдағанда оның тек салмағын ғана ксмітіп қоймай, сонымсн қатар оның товар- лык және түқымдық сапаларын да төмендетеді. Себсбі зиянкестің сілекейіндегі ферменттер дәнніч^йФЗйковинасын бүлдіреді. Сондықтан қандала зақымдаған бидайдың үнынан пісірілген нан көтерілмей, са- пасы нашар болады. Ал қандала дзннің үрық бөлімін зақымдаса, онда оның тұқымдық сапасы төмендеп, өнімі кемиді.

Бақашық қандаланың сан мөлшерінің оқтын-оқтын жаппай көбейіп, не азайып тұруына жағдай туғызатын факторлардың бірі — ауа райы. Кейбір жағдайларда ауа райы зиянкеске тікелсй эсер етеді. Әсіресе қыс кездеріндегі қарсыз, қара суықтар қандалалардың қыстап шығуы үшін өте қолайсыз. Соның салдарынан кейбір жылдары олар- дың көпшілігі қыстап жаткан жерлерінде түгелдей дерлік кырылып та қалады.

Кейбір жылдары ауа райы жанама факторлар аркылы эсер стеді. Астық шыкпай қалған қүрғакшылық жылдары қоректік өсімдіктердің жеткіліксіз болуынан зиянды бакашык кандала (әсіресе личинка фа­засында) жазда жаппай кырылады.

Зиянды бақашыктың популяциясының динамикасына эсер ететін фактордың ішінде оның табиғи жауларының да ролі күшті. Әсіресс, жүмыртка жемірлері немесе теленоминдер деп аталатын паразит на- сскомдардың маңызы өте зор. Теленоминдер залалдаған бакашыктың

175

жұмыртқаларын cay жұмыртқаларынан оңай ажыратуға болады: 2-3 күннен -ксйін олар қарайып кстеді.

Бүл зиянкестің тслсноминдсрдсн ксйінгі негізгі знтомофагтары фа- зия деп аталатын паразит шыбындар. Олар тахина, немесс кірпі шы­бындар тұқымдасында жатады. Фазиялар ездсрінің жүмырткаларын қандаланың денесіне орналастырады. Мысалы, сұр фазия жұмыртқасын қандала бір өсімдіктсн екінші өсімдікке үшып-қонып жүргенде оның арка жагына немесс канатының астына салады. Жүмыртқадан шыққан шыбынның личинкасы қандаланыц дснесін тссіп, оның ішіне енеді дс, сонда өсіп-жстіледі. Осыньіц нәтижссінде кандаланың үрық бездері жстілмей бсдеу калады.

Дәнді дакылдарға зиянды бакашықпсн туыстас австриялык бакашық және мавр бакашығы деп аталатын қандалалар да зиян кслтіреді. Дене қүрылысы, биологиясы және зиянкестік сипаты жағынан олар зиянды бақашыққа өтс үксас.

Мавр бақашыгының (Eurygaster maura L.) маңдайшасы мсн бет тақталарының үштары бір сызық бойында жатады. Алдыңғы арқа бу- нағының бүйір бүрыштары дөңгслсніп кследі. Дснссінің үзындығы 8- 11 мм.

Австриялық бақашықтың (Eurygaster austriacus Schr.) басының үзындығы мсн екі бірдей бст тақталары мандайшадан үзын болады да олардың үштары мандайшадан озып барып, өзара түйіседі. Со- ндықтан бүл түрдің басы баска бакашық қандалаларға карағанда сүйір келеді.

Денссінің ұзындығы 11-12 мм.

Қазақстанда бақашық қандалалардың. бүл скі түрі Ақтөбс, Орал, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында кездсссді. Олар- дың сан мөлшері мен зиянкестік қабілсттілігі зиянды бакашыққа Караганда едәуір томен болады.

Сүйір түмсық қандалалар — Aelia Ғ. Қалқаншалылар (Pentatomidae) тұкымдасына жататын қандалалар. Қазақстанда олардың мынадай 5 түрі зиян келтіреді: Aelia acuminata L, Ac. sibirica Rcut, Ac. furcula Fieb, Ae. melanota Ficb, Ac. klugi F. Жалпы күрылысы, тіршілік циклы жэне зиянкестік әрсксттері жағынан олар бір-біріне өтс ұксас. Қазакстанда, әсіресс солтүстік облыстарда, кең таралғаны сібірлік сүйір тұмсык кандала — Ae. sibirica Reut. (18,6-сурст).

Ересек қандаланың ұзындығы 8-11 мм, денесі жұмыртка пішінді сопақша, арка жагы дөңсстеу, басы сүйір үш бұрышты. Түсі акшылдау сары, денесінің үстінде салалы сүр нсмесе кара жолактар бар. Жүмырткасы кішкене бөшке тәрізді, аксары немесе бозгыл түсті. Личинкалары үзынша, сопак денелі кслсді. I жэне II жастағы личин- калардың бас және көкірек бөлімдері кара-қоңыр, күрсағы бозғылт, ал III-V жастағы личинкалардың түсі біркслкі бозғылт немссс акшыл коңыр болады.

Сүйір түмсық кандалалар Қазакстанның солтүстік аймактарында 1-2, ал оңтүстік-шығысында толық екі генерация бсріп өсіп-өнеді. 176

Қандалалар эдетте зиянды бақашық қандала сияқты миграция жа- самай жазғы қоректенген жерлсрінде, яғни егіс алқабында, көпжыл- дық жемшөптік дақылдар сгісіндс, сонымен катаі# астык түкымдас өсімдіктср өсстін тың жэнс тыңайған жерлерде эр түрлі паналардың астында қыстайды.

Сүйір тұмсық қандалалар жұмыртқаларын алты-алтыдан скі қатарлап немесе бір тізбск етіп астық түқымдас өсімдіктсрдің жапы- рагына ксйде өткен жылгы аңыз калдьіктарына немесс топырақ кс- ссктерінің үстіне салады. Орташа өсімталдығы әр үрғашы кандалаТа 50 жүмыртқадан келсді. Жұмыртқадан бастап ересек қандалага дсйінгі дамуы оңтүстік-шыгыс аймақтарда 40 күнге, солтүстік аймақтарда 60 күнге дсйін созылады.

Өсімдіктерді зақымдау сипаты жағынан бакашық қандалаларға етс үксас. Бірақ, бүл қандалалардыц зақымдауы бидай дэнінің товарлық сапасына азырақ эсер етсді (зиянды бақаиіықтың зақымдауымсн са- лыстырғанда).

Бакашык кандала сияқты сүйір түмсық қандалалар да дэнді дақылдардың барлық түрлерін зақымдайды. Ал жабайы өсстін немесс жсмшөптік скпе астык түқымдас өсімдіктермен олардың байланысы бақашық қандалаға Караганда күштірек. Егер кыстап шыккан жср- лсрінде ондай өсімдіктср жеткілікті болса, оңда сүйір түмсык кандалалар дәнді дакылдардың сгісіне көшпсй-ақ, барлык даму ке- зсңін сол өсімдіктердс өткізе алады. Зиянды бақашыктың сан мөлшерінің динамикасына эсер етстін факторлар бүл кандалаларга да сондай эсер стеді.

V/Бидай трипсі — Haplothrips tritici Kurd. Шашак канаттылар (Thysonoptcra) отрядының флсотрипиде (Phloethripidac) түкымдасына жатады. Бидай мен кара бидайдың ете ксң тараған зиянкссі. Ересек трипсінің үзындығы 1,5-2 мм, түсі кара немесе кара-қоңыр. Мүртша- лары 8 буыннан түрады, қүрсағының ең соңғы ссгмснті түтікше тэрізді үзарған, қанаттары мөлдір, шеттерінсн жіңішкс шашақтар салбырап түрады. Ерксгі үрғашысынан кішірск, өте сирек ксздсседі. Жүмыртқасының түсі ақ, етс үсақ, личинкасы қызыл түсті.

Трипсі личинка фазасында егіс даласындағы эр түрлі ірі сабакты өсімдіктердің қалдыктарында жэне топырак түйірлерінің арасында қыстайды. Личинкалар кектемде топырақ жылынып қыза бастаған кезде қыстап шыккан жсрлсрінен шығып, ерссек трипсілсргс айнала- ды. Қазакстанның солтүстігіндс срссск трипсілер маусым айының ор- тасында, оңтүстігінде сэуір айының аяғы мен мамырдың басында шығады. Олардың жаппай үшуы солтүстік аймактарда маусымның скінші жартысында, ал оңтүстікте мамырдың аяқ кезінде байкалады. Алғашқы кезде трипсілср күздік бидай, кара бидай жэнс бидайык сиякты көпжылдық астык тұқымдас жемшөптік дакылдардың сгістеріне жиналып шоғырланады да, кейіннен жаздык сгістергс көшеді. Олар өсімдіктің сң жоғарғы жапырағының қолтығына еніп алып, масак орамының нағыз шырынды жұмсақ тканін сорады.

177

Трипсілер масақша қауыздарының астына және масақ сағағына жұмыртқалайды. Олар ең алдымен ерте бас алған өсімдіктерді мскен- дейді, ал егін түИел масактанғаннан кейін өсуі кешіккен және қуалап өскен өсімдіктерге шоғырланады.

Бір үрғашы трипсі өз өмірінде 20-22 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның жетілуі 6-8 күнге созылады. Әдетте личинкалардың шығуы жаздық бидайдың толысу кезеңіне тура келеді. Олардың сан мөлшерінің ең көп болуы бидай дэнінің сүттену кезеңінің аяқ кезінде байқалады. Қамырлану кезеңі басталысымен личинкалар қорекТснуін тоқтатып, масақты тастап жерге түседі. Таралған жерлерінің бар- лығында жылына бір генерация беріп өсіп-өнеді.

Ересек трипсілер масақша қауызының және ең жоғарғы жапырақ түтікшесінің керегесін жарақаттап шырынын сорады. Осының нәтижесінде масақ бүралып, пішінін өзгертеді және оның үшындағы ма- сақшалар қурап қалады. Личинкалар алғашқы кезде гүл және масақша қауыздарымен қоректенеді де, соңынан толысып келе жатқан бидайдың дәндерін сорып, салмағын кемітеді. Зақымдалған дәндер қатая келе семіп қалады. Бидайдың бір дәніне бір личинкадан келгенде оның сал- мағы 10-11, екеуден келгенде — 20-25%, үшеуден келгенде — 30-35 %- ке дейін кемиді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында орташа есеп бойынша бидайдың бір дәніне 2-3 личинка, оңтүстік аймақтарында — 1,0-1,5 личинка келеді. Осыған сәйкес трипсінің зақымдау салдарынан болатын өнім шығыны Солтүстік Қазақстанда 1 гектарға 1,5-2,0 цент- нерден, оңтүстікте — 0,5-1,0 центнерден келеді. Осымен қатар трипсілермен зақымданған дәндердің түқымдық сапасы нашарлайды, яғни щығымдылығы мен өну энергиясы төмендейді. Ондай түқымды сепкен жағдайда өнім 7-9% кемиді.

Қүрғақшылық жылдары трипсілердің зиянкестік әрекеті күшейе түседі. Суармалы егістерге қарағанда олар тәлімі жерлердегі егінді қаттырақ зақымдайды. Егістің трипсілермен зақымдану дәрежссі би- дайдыц ерте не кеш масақтануына және ол фазаның өту жылдам- дығына да байланысты. Әдетте eric түгел бірден масақтанбай, біртіндеп масақтанатын болса, трипсілер әрі көп, әрі олардың зиян- дылық дәрежесі де жоғары болады.

Дәннің сүр көбелегі — Apamea anceps Schiff. Қабыршақ қаңаттылар (Lepidoptera) отрядының қоңыр кобелектер, немесе түн көбелектері (Noctuidae) түқымдасына жатады. Көбелектің үзындығы 15-18 мм, қанаттарының өрісі 38 мм жетеді, алдыңғы қанаттарының түсі сүр немесе қоңырқай-сүр, шеттері кемірілген, орта бөлімі акшыл, дөңгелек және бүйрек тәрізді таңбалары қоңырқай-сүр түсті болады. ¥рғашы көбелектің жүмыртқа салғыш қынабы қызыл-қоңыр түсті, жақтаулары қысқаш тәрізді.

Көбелектің жүмыртқасы өте үсақ (дйаметрі 0,5 мм), шар пішінді, көп қырлы болады. Жаңа салынған жұмыртқа мөлдір ақ түсті, кейінірек үрықтың даму барысына қарай қызғылт, ал жүлдызқүрт шығар алдында қоңыр түске айналады.

178

Бірінші және екінші жастауя жұлдызқұрттар өтс ұсақ бозғылт, не­месс жасылдау болады. Басы мен көкірек аяқтары қара-қоңыр. Жел- кесі мен артқы қалканшалары қара. III-IV жастагы жүлдызқүрттардың түсі жасылдау-сұр немесе жирен түсті, басы сарғылт-қоңыр, арқа жагында ақшылдау келген үзын салалы үш жо- лақ орналасқан. Жоғарғы жастағы жүлдызқүрттар (V-VIII) қоңырқай сұр түсті болады. Арқа жағындағы жолақ айқын көрінеді, ал бүйір жақтарындағы жолақтар көмескілеу. Басы бозғылт, дененің ұзындығы 25-30 мм. Қуыршағы қызыл-қоңыр, үзындығы 15-18 мм, қүрсақ бөлімінің үшында 4 қылшық жэне 2 үшкір тікенек болады.

Дәннің сүр көбелегі Солтүстік, Батыс, Орталық және Шығыс Қазақстанда, сонымен қатар Жетісу өлкесінің тау етсктеріндсгі кейбір аудандарда таралған. Қазақстан жағдайында дәнді дақылдардың ең басты зиянкесі. Әсіресе Солтүстік Қазақстанның (Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облы- старының) далалық жэне орманды-далалық аудандарында, Қарағанды облысының солтүстік аудандарында қатты зиян келтіреді.

Ол жылына бір генерация беріп өсіп-өнеді. Ең соңгы, ягни VIII- жастағы, кейде VIII-жастағы жүлдызқұрттары 5-15 см тереңдіктс то- пырақ арасында немесе жиналмай қалган десте мен сабанның астында қыстайды.

Көктемде, әдетте сэуір айының ІІ-ІІІ онкүндіктеріндс де жүлдызқүрттар қысқы мекендерінен шығып, өнімді жинау кезінде жерге төгілген астық дәнімен, дақылдардың немесе жабайы өсетін ас­тык түқымдас өсімдіктердің көгімен қоректенеді. Солтүстік облыстар- да олардың қуыршаққа айналуы мамыр айының II- онкүндігінде басталып, бір айға созылады. Ал жаппай қуыршақтану мамырдың ІІІ-онкүндігі мен маусым айының І-онкүндігінде байқалады. Қуыршақтың даму мерзімі топырақтың температурасына байланысты 25-35 күнге тең.

Көбелектің қуыршақтан үшып шыгуы әдетте маусым айының орта кезінде басталады да, жаппай ұшуы осы айдың аяғы мен шілденің бірінші жартысында байқалады. Көбелектердің жалпы үшу үзақтығы 30 күн шамасына, ал соның ішінде жаппай үшуы тек 10-12 күнге ғана созылады. Олар кешке және түнде ұшады. Әсіресе қауырт үшуы түнгі сағат 11 мен 1 аралығында байқалады. Күндіз көбелектер әр түрлі өсімдіктердің төмснгі жапырақтарының және топырақ кесск- терінің астында жатады.

Қоректік өсімдіктерді және жұмыртқалайтын қолайлы орындарды іздеп, көбелектер оншақты километр қашықтыққа дейін үшып бара алады. Олар ашыған ашытқы исіне жақсы үшады. Сондықтан көбе- лектердің сан мөлшерін оларды ашыган сірнеден жасалган еліктіргіштің көмегімен ұстау арқылы аньіқтайды.

Көбелектің негізгі қорегі — бас тартып келе жатқан бидайдың ма- сақ түтікшесіндегі шырын мен әр түрлі қос жарнақты өсімдіктсрдің гүл нектары. Дәннің сұр көбелегінің есімталдығы оның имаго алдын-

179

дағы фазаларының даму жағдайлары мен көбелсктің коректенуінс байланысты 100 жұмыртқадан 2500 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады.

Көбслсктер жүмыртқаларын 12-15 топтап, масақтын гүл қауызына немесе жатынға салады. Эмбрионалдык. даму ауа темгтературасына байланысты 5-15 күнге созылады. Жаңа ұрпақтың жүлдызқұрттары шілденің ІІ-онкүндігіндс жаппай шыға бастайды да, тамыздың басын- да түгел шығып болады. Жұлдызқүрттар VIII-жаска дейін дамып 7 рет түлейді.

Әр жастағы жүлдызкүрттардың даму үзақтығы да әр түрлі болады.

І-жастағылары 6 күн, II-1V- жастағылары 5 күннсн, V-7, VI-9, VII- 17, VIII-34 күн дамиды. Жүмыртқадан жаңа шыққан жүлдызқұрттар сол жерде масақ гүлінің ішінде қоректснсді, ал III—жастан бастап бір жатыннан екінші жатынға көшіп миграция жасайды, IV-жастан бастап дәннің ішінен шығады да масакшалардың нсмесе олардың қауыздарының арасына орнығып алып, дәнді сыртқы жағынан бастап ксміріп жсйді. V-жастан бастап жүлдызкүрттар түнде ғана қорек- теніп, күндіз төменгі жапырақтардың қолтыгын паналап жатады.

Дәннің сүр көбелегінің жұлдызқұрттары бидайдың, қара бидайдың, арпаның дәндерін, сонымен қатар қылтықсыз арпабастыц, ср- кекшөптің, борыксыз бидайықтың тұқымдарын, кейдс жүгерінің жа- пырағын, гүл шашағын және собығын ксміріп закымдайды. Олар өскен сайын, әсіресе V-жастан бастап қомағай келсді. І-жастан VII- жасқа дейінгі даму кезінде әрбір жұлдызқүрт орта сссппсн 500 мг ас­тык дәнін жейді. VIII-жастағы жұлдызқүрт онан әрі аңызда қорсктснс отырып қысқы үйқыға ксткеншс, 1330 мг дән жейді. Сөйтіп әрбір жүлдызқүрт қыскы ұйқыга кеткенге дейінгі даму кезсңіндс 2 грамға жуық астық дәнін жояды.

Дәннің сүр көбелегінің зияндылық дәрежесінің жоғары не төмсн болуы жүлдызқүрттардың сан мөлшеріне, олардың қорсктсну үзақтығына, астық пісіп келе жатқан кездегі ауа райы жағдайына және тағы басқа факторларға байланысты. Жүлдызк.үрттардың сан мөлшсрі кеш себілгсн егінмен салыстырғанда, сртс себілгсн сгіндс жоғары болады. Астықтың пісуі жақындаған кезде ауа райы қүрғак болса, өнім шығыны зиянкестің сан мөлшеріне байланыссыз, сртс ссбілген егінде аз болады (кеш ссбілген егінмен салыстырғанда). Се- бебі ерте егілген егінде бидай дәні тез пісіп катаяды да, жүлдызқүрттардың қорсктену жағдайы қиындайды. Олар ылғалдылығЬ 20% асатын дәндермен ғана қоректснс алады. Жаздың екінші жартысы мен күз жауын-шашынды салқын болса, онда жүлдызқүрттардың үзағырақ қоректенуінс мүмкіндік туады да, өнімнің олардан келетін шығыны арта түседі.

Дәннің сүр көбелегі оқтын-оқтын жаппай өсіп-өніп көбсйіп түрады. Оның табиғи жауларының ішінде Meniscus agnatus Grau, Rogas dimidialus Spin деп аталатын шаншарлар мсн Tachinac дсп аталатын кірпі шыбынның маңызы өтс зор. Зиянкссті күртуда вирус гранулсзі деп аталатын ауру да маңызды роль .аткдрады. Зиянксстің жаппай 180

  1. су рст. Квдімгі дон кебелсп (С. М. Волков жанс Л. С. Зимин бойыкша): а-ммаго; б-қуыршақ; в-зақымданған бидай дэндері.

өсіп-өніп көбсюінің соңғы кезеңінде жұлдызқұрттардың 85-90% жуығы осы аурудан қырылып қалады.

Кәдімгі дән көбелегі — Apamea sordens Huff. Дәннің сұр кебслегі сияқты бұл да қоңыр көбелектср (Noctudae) тұқымдасына жатады. Ресейдің европалық балігінің далалық жәнс орманды-далалык аудан­дарында, Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азия мсн Кавказда, Қазақстанда таралған.

Көбелсктің қанат өрісі 32-42 мм, алдыңгы канаттары қоңырқай түсті, дөңгелек және бүйрек тәрізді таңбалар сарғыш түске боялған, нашар көрінеді. Барлық қанаттарының түп бөлігінде анық көрінстін кыска қара сызықша болады. Артқы канаттары алдыңғыларына карағанда ақшыл түсті. Жүмыртқалары ақшыл-сары, диаметрі 0,5 мм. Жұлдызкұрты дәннің сүр көбелсгінің жүлдызқұртына үқсас, айырмашылығы — дснесін жауып түратын түктср тікелей кутикулада орналасқан. Қуыршағы сарғылттау-қоңыр нсмссс қызыл-қоңыр (19-сурст).

Таралған жерлерінің барлығында бір генерация бсріп өсіп-өнеді. Биологиясы мсн келтірстін зияндылығы дәннің сүр көбелсгіне үксас. Бірақ оның жаппай өсіп-өніп көбеюі онша байқалмайды. Сондықтан зияндылығы да дәннің дүр көбелегіне қарағанда едәуір төмсн болады.

Астық қоңыздары — кузька қоңызы — Anisoplia austriaca Hbst. Қатты канаттылар (Colcopteraj отрядының тактамүрттылар (Scarabaeidae) түқымдасына жатады. Қоңыздың үзындығы 12-16 мм, аяқтары мығым жәнс түсі жасылдау-қара, денесінің астыңгы жағын ақшыл-сүр түсті қалың түктер баеқан, үстіңгі қанаттары сарғылт тал- шын түсті жәнс олардың түпкі бөлімінде төрт бұрышты кара таңба бар. Сол таңбадан артқа қарай канаттардың түйісетін ішкі жисктерін бойлай қара сызық орналасқан (20-сурет). Жүмыртқасы ақшыл, шар пішінді, диаметрі 2 мм шамасындай. Личинкаларының денссі доғаша иілгсн, 3 жүп көкірек аяқтары бар, сарғылт-ак түсті. Қуыршағының үзындығы 15-17 мм, алғашқы күндері сүттей ак болады да, тоғызыншы күні қараяды.

181

20-сурст.

Кузька-коңыз: а-имаго; б-личинка.

Астық қоңызының бұл түрі Ресейдің европалық бөлігінің далалық және орманды-далалық аудандарында кең таралған. Қазақстанда Ба­тые Қазақстан облысының дәнді дақылдар өсірілетін аудандарында кездеседі.

Бір генерациясының дамуы 2 жылға созылады. Әр түрлі жастағы личинкалары топырақ арасында қыстайды. Олардың даму үзақтьігы 22 айға тең. Жер бетіне көтерілмей ылғи топырақ арасында әр түрлі тереңдікте тіршілік етеді. Қысқа қарай бірінші жылғы личинкалар топырақтың төменгі — 30-55 см терендіктегі қүрғақ қабатына кетеді, ал екінші жылғы личинкалар — 20-45 см тереңдіктс болады. Олар 20 см тереңдікте 9,6°С суыққа тезе алады. Осындай суыққа тезімділік зиянксстің жақсы күйде шығуын қамтамасыз етеді. Екінші рет қыстап шыққан соң ІІІ-жастағы личинкалар мамыр айының екінші жартысында қоректенуін тоқтатады да, топырақ арасында үйшік жа- сап, сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасының дамуы 15-20 күнге созылады. Одан соң, яғни мамыр айының аяғы мен маусым айының бірінші жартысында, жаңа генерацияның қоңыздары шығып, жер бетіне көтеріледі.

Қоңыздар алғашында бидайықты (немесе астық тұқымдас өсімдіктердің басқа түрлерін) мекендеп, одан соң күздік егінге көшеді. Күздік астықтың дәні қатая бастаған кезде жаздық егінге өтеді. Олар(қара бидайдың, күздік және жаздық бидайдың, баска да дәнді дақылдардың толысып келе жатқан дәндерімен қоректенеді. Со- нымен қатар аяқтарымен тарпып, оларды масақтан. түсіріп тастайды. Сөйтіп, әрбір қоңыз оншақты масақтың дәндерін қүртады.

Қоңыздар 8-16 жүмыртқаларын 2-3 рет қатарлап топтап, топы- рақтың үстіңгі қабатына салады. Өсімталдығы 50 жүмыртқаға дейін жетеді. ¥рғашы қоңыздар жүмыртқалау үшін борпылдақ бос топы- рақты учаскені үнатады. Сондықтан олар көбінесе жүмыртқаларын егінге жақын орналасқан парға салады. Эмбрионалдық дамуы 20-30 күнге созылады. Қоңыздың личинкалары топырақ арасындағы шірінділермен және өсімдіктердің үсақ тамыршаларымен қоректенеді. Сан мөлшері жоғары болған жылдары егінді сиректетуі мүмкін.

182

Кресті қоңыз — Anisoplia agricola Poda. Қоңыздың ұзындығы 11- 13 мм, денесі мен аяқтары металдық жарқылы бар қара түсті. Үстіңгі қанаттары сарғылт-қоңыр, онда крест немесе якорь тәрізді қара таңба болады, арқасының алдыңғы бөлігін түк баскан.

Қазақстанда Орал, Ақтөбе, Талдықорған, Семей, Шығыс Қазакстан облыстарында және Орталық Қазақстанның кейбір аудан­дарында таралған.

Генерациясы екі жылдық. Биологиясы кузька қоңызының биологи- ясына үқсас. Ересек қоңыздар бидайдың гүлдену фазасы аяқталган кезде шығады даі^бидайдың, қара бидайдың, арпа мен сүлының, би- дайықтың жэне де басқа астық тұқымдас өсімдіктердің пісіп- жетілмеген дәндерімен қоректенеді. Кузька қоңызынан айырмашылығы —масақтағы дәндерді аяқтарымен тарпып жерге түсірмейді. Егінде олар астықтың қамырлану фазасына дейін қоректенеді. Күздік астықтың егісінде қоңыздар біркелкі таралады, ал жаздық егіннің тек көлденеңі 50 метрлік шеткі жағында ғана кез- деседі. Жаппай өсіп-өнген жылдары егіннің 1 шаршы метріне 10-15 қоңыздан келеді. Ал 1 шаршы метрге бір қоңыздан келген жағдайда өнімнің шығыны гектарына 0,3-0,4 центнерге дейін жстеді.

Красун қоңызы — Anisoplia segetum Zoubkovi Kryn. Қоңыздың үзындығы 9-12 мм, сорайған түктер басқан басы мен арқасының ал- дыңғы бөлігі жасыл реңді металдық жарқылы бар қара түсті болады. Үстіңгі қанаттарын басқан сары түктер мен бүйір жақтарындағы қатты қылшықтар сирек орналаскан. Жоғарғы жастағы личинкалары ақшыл-сары түсті, ұзындығы 22 мм жетеді.

Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстанда кең таралған. Ересск қоңыздардың шығу мерзімі еркекқияқтың масақтануына тура келеді де, алғашқы күндері сол өсімдікте қоректенеді. Одан соң қара бидай, бидайық, еркекшөп және арпабас өсімдіктеріне кешеді. Көбінесе осы өсімдіктердің гүл тозандарымен, кейде түқым түйіндерімен де қоректенеді. Жаз аяғында толысып келе жатқан астық дәндерімен де қоректенеді. Бірақ дәнді дақылдарға айтарлықтай зиян келтірмейді. Егіннің 1 шаршы метріне бір қоңыздан келгенде, өнімнің шығыны гсктарына 1,5 кг-нан аспайды.

Астықтың жолақ бүргесі — Phyllotreta vittula Redt. Қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядының жапырак жемірлсрі (Chrysomelidae) тұқымдасына жатады. Қоңыздың үзындығы 2 мм ша- масындай, сопакша келген денесі дөңестеу, жалпы түсі кара, басы және аркасының алдыңғы жағы жасылдау немесе көгілдір реңді ме- талдай жылтыр. Үстіңгі қанаттарында үзын салалы сары жолактар бар; сирақтарының түп бөлігі қызғылт-коңыр арткы сандары жуан, жақсы секіреді. Жүмыртқасы ақшыл-сары, үзындығы 0,5 мм. Личин- касының түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, үзындығы 3,5 мм-ге дсйін. шағы личинкасына қарағанда күңгірттеу болады.

зақстанда тегіс таралған. Әсіресе солтүстік Қазакстанның дала- лық жэне орманды-далалық аудандарында көп болады.

183

Бүрге қоңыздардың баска түрлері сиякты мүның да гснерациясы бір жылдык. Қоңыздар өсімдік калдыктарының астында кыстайды. Кейде жсрдің жарыктарына нсмссе 5 см терсндікке дейінгі топырак арасына кіріп жатады. Жаздың екінші жартысы жауын-шашынды бо­лып, егіс далаларында өсетін астык түкымдас өсімдіктер ұзақ уакыт бойы жасыл түсін жоймай түрса, онда коңыздар ешкайда кстпсй, сол егін далаларында кыстап калады. Ксрісінше, күрғакшылық жылдары жаздың екінші жартысында коңыздар орман алкаптарына, сай-жыра- ларға, көпжылдык астык түкымдас өсімдіктсрдің сгісінс үшып барып, сонда жете қоректеніп қыстап шығады.

Көктсм шығысымен коңыздар тіршілігін кайта бастайды. Олар қоректенуге ауаның тсмпературасы 7-9°С болғанда кіріседі. Алғашында олар кыстап шыккан жерлсрінің маңайындағы жабайы астык түкымдас өсімдіктсрмен қоректенеді дс, содан кейін дәнді дакылдардың сгісіне көшеді. Әдетте қоңыздар егіннің көгі шыккан күннен бастап есептсгендс 6-7 күннсн ксйін өте көп болып каптап кстеді. Қазакстанның солтүстік бөлігіндегі астыкты аудандарда қоңыздардың ең көп шығатын кезеңі мамырдың аяғы мен маусым айының бас кезі.

Қоңыздар жүмырткаларын топырактың үстіңгі кабатына салады. Личинкалар әр түрлі өсімдіктердің үсак тамырларымен жэнс топырак арасындағы шірінділермен коректенеді, дакылдарға айтарлыктай закым келтірмейді. Қоректсну мерзімі аякталған Соң олар топырак астында куыршакка айналады. Қуыршак фазасы 2 жстігс созылады. Жаңа гснерацияның жас коңыздары жаздың скінші жартысында ве- гетациясы аяқтала қоймаған астык түкымдаС өсімдіктердің жапы- рактарында біраз коректеніп, одан соң жоғарыда айтылған учаскелерде кыскы үйкыға кетеді.

Өсімдіктерді негізінен кыстап шыккан коңыздар закымдайды. Олар жапырақтың үстіңгі бстінің парснхимасын (жүмсак тканін) ксміріп, сонымен қоректенеді. Осының нәтижесіндс закымданған жапырак бетінде үзыншалау үсак тесіктер пайда болады. Көбінесс ондай тесіктердің астыңғы жағын жапырактың астыңғы бстінің жүка үлпск қабығы жауып түрады.

Бүргелср қатты закымдаған егін сирсп калады, оның кектсрінің өсуі кешеуілдейді және нашар түптенеді. Өсімдіктсрдің көзге көрінерліктей болып элсіреуі олардың жапырак’бсттер! 50 процснтке дейін закымданғанда ғана байкалады.

Астыктың жолак бүргесінің закымдауы өсімдіктің көктеуінсн бас­тап оның үшінші жапырағы шыққанға дсйінгі кезеңдс өтс кауіпті. Сондықтан бүргелердің зияндылык дәрежесі астыкты себу мерзімдеріне тікслей байланысты. Солтүстік облыстарда ертс ссбілген егіндер көбірек зақымдалады. Ал кешігіп ссбілген егіндердс олардың көктері шыкканша коңыздар коректенуін токтатып, жүмыртқалауға кіріседі. Көктемде ауа райы неғүрлым ыстык және күрғакшылык бол­са, бүргелерДің зиянкестік әрекеті соғүрлым жоғары болады. „Олар дәнді дакылдардың ішінде жаздык бидайды катты закымдайды. Сүлы 184

мсн жүгеріні онша үнатпайды. Кейде олар қызылша, кыша, бүршак түкымдастар мен көкеніс дакылдарында закымдайды.

Астық сабағының үлкен жэне кіші бүргелері — Chaetocnema aridula Gyll., Ch. hortensis Geofr. Бүлар да қатты қанаттылар отря- дының (Colcoplcra) жапырак жемірлері (Chrysomclidac) түкымдасына v жататын кішірек коңыздар. Қазақстанда тегіс таралған, бірак рсспуб- ликаның солтүстік бөлігінің далалык және орманды-далалық алкаптарында, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде .тау стск- тсріне орналаскан аудандарда зиян келтірсді.

Қоңыздар кола түстсс немесе жасыл рсңді жылтыр кара болады. Дснесінің үстіңгі жағы дөңсстеу, сандары жуан, жаксы секірсді, үлкен бүргенің үзындығы 2,5-3 мм, кішісінікі 2,6-2,3 мм. Личинка- ларының пішіні цилиндр тәрізді, жалпы түстері бозғылт, дснслсрінің үзындығы 5 мм жетсді. Басы, кеуде аяқтары жэне күрсағының артқы бөлігі хитинді болады.

Қоңыздар егіс танаптарында өсімдік калдыктарының астын, тың жерлерде шым арасын, орманды алкаптарда жерге түсксн жапы- рақтардың астын және бұталардың түптерін паналап кыстайды. Баска насекомдарға Караганда бүлар коректенугс өте срте — көктсмнің алғашкы жылы күндерінсн бастап-ақ кіріссді. Алғашкы кезде олар әр түрлі жабайы астық түкымдас өсімдіктер өсстін учаскелсрді жәнс күздік егістерді мекендейді де, соңынан жаздық сгістсргс көшсді. Қоңыздар нсгізінен өсімдіктің сола бастаған төмснгі жапырактарының паренхимасын кеміріп жсйді. Ауыл шаруашылык дакылдары үшін пәлендей қауіпті емес. Негізінен личинка стадиясында зиян кслтірсді.

Көктемгі қоректснуден соң қоңыздар жүмырткалауға кіріседі. Үлкен астык бүргесі жүмыртқаларын тамыр мойына таяу орналасып қурай бастаған жапырақтардың тканіне, ал кіші астық бүргссі өсімдік түбіне таяу топырактың үстіңгі қабатына салады. Жүмыртқадан жаңа шыққан личинка сабақты тссіп ішіне енсді дс, ондағы дамып кслс жаткан бастапкы жапыракпсн қоректенеді. Әдстте личинканың өсіп- жетілуі толығымен бір сабактың ішінде өтеді, алайда кейдс ол бір са- бақтан екінші сабакка көшіп отыруы да мүмкін. Личинканың дамуы 14 күннсн 20 күнге дейін созылады, одан соң сабакты тссіп шығады да, топыракка еніп, сонда қуыршактанады. Жаңа генсрацияның жас қоңыздары шілде-тамыз айларында шығады да, біраз уакыт қоректеніп, одан соң қыскы үйкыға кетсді.

Сабақ бүргелерінің личинкалары түптену кезіндс закымдаған өсімдіктердің орталық жапырағы сарғайып солады да курап калады. Мұндай зақымдаудың сырткы белгісі швсдтік шыбынның закымдауына ете үқсас. Сондықтан бүргслердің закымдағанын олар- дың дамуы аяқталған личинкаларының шығу үшін сабак түбінс жа- саған тесігі аркылы ажыратып білуге болады.

Көктсм жылы және ылғалды болса сабак бүргелерінің дамуына қолайлы жағдай туады. Мүндай жылдарда Солтүстік Қазакстанның орманды-далалық алкаптарындағы кейбір сгіс далаларында жаздык бидайдың сабак бүргелерімсн -закымдануы 15-20% дейін жстсді.

185

Кәдімгі сүлікше қоңыз — Lema melanopus L. Қатты қанаттылар отрядының (Coleoptera) жапырақ жемірлері (Chrysomelidae) түқымдасына жатады. Рессйдің европалық бөлігінің далалық және ор- манды-далалық аймағында, Орта Азияда таралған. Қазақстанның оңтүстік жәнс оңтүстік-шығысындағы тау етектеріне орналасқан аудандарда осы түқымдастың қызыл кеуделі сүлікше деп аталатын түрі зиян келтіреді.

Қоңыздардың үзындығы 4-6 мм. Жалпы түсі жасылдау көк, ал- дыңғы арқасының алдыңғы бунағы мен аяқтары сарғылт-қызыл. Жүмыртқасы сопақша, янтарь түстес, сары. Личинкасы акшыл сары, денесінің орта бөлігі дөңестеу, үстін тұтасымен қара-қоңыр шырыш жауып түрады (21-сурет).

Осыған байланысты ол медицина сүлігіне өте ұқсас. Зиянкесті «сүлікше» (пьявица) деп атау себебі осыдан. Қуыршағы ақшыл-сары, ақ түсті болады.

Сүлікше қоңыздың генерациясы бір жылдық. Ерссек қоңыз фаза­сында жер бетіне таяу топырақ арасында қыстап шығады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі тау етектеріне орналасқан аудандарда қоңыздар сәуір айының аяғы мен мамыр айының бас кезінде қысқы үйқыдан оянып, дәнді дақылдардың көктерімен қоректсне бастайды. Олар көбінесе жүмсақ жас жапырақтарды кеміріп жейді.

Зақымданған жапырақтардың бетінде сопақша тесіктер пайда болады.

Қысқы үйқыдан оянғаннан кейін 10-15 күн өткен қоңыздар жұмыртқалауға кіріседі. Жүмыртқаларын жапырақ бетіне 3-4 дана- дан тізіп немесе жекелеп салады. Жаппай жұмыртқалау кезеңі

егіннің түптену немесе сабақтану фазаларына тура келеді.

Жүмыртқаның дамуы 7-10 күнге созылады.

Ересек қоңыздар сияқты личинкалар да өсімдіктің жапы- рақтарымен қоректенеді. Олардың дамуы 12-15 күнге созылады. Со- дан кейін мамыр айының екінші жартысында олар қорсктенуін тоқтатып, жапырақтан жерге түседі де, 2-3 см терёңдіктс топырақ арасында қуырщаққа айналады.

21-сурст. Сүлікше коңыз: а-имаго; б-личннка.

186

Сүлікшс қоңыздың қуыршақ фазасы 14-25 күнге дейін созылады. Жаңа үрпақтың жас қоңыздары шілде айларында шығып, біраз уақыт қорсктенген соң қысқы ұйқыға кетеді. Алматы облысының тау етектеріндегі аудандарында қоңыздар орман алқаптарында және әр гүрлі бүталардың арасында қыстайды.

Көктемде қоңыздардың саны онша көп болмайды. Сондықтан бұл зиянкес негізінен личинка кезінде едәуір зиян келтіреді. Личинкалар зақымдаған жапырақтарда үзынша келген ақ жолақтар мен саңылаулар пайда болады. Жапырақ беті 25-50 процснтке дейін зақымдалса, бидайдың өнімі 30-38 процент кемиді. Бидайдан баска арпа мен сүлыны, кейде жүгері мен тарыны да закымдайды.

Астықтың барылдақ қоңызы — Zabrus tenebrioides Gz. Қатты канаттылар (Coleoptera) отрядының барылдак коңыздар (Carabidae) гұкымдасына жатады. Ресейдің европалык бөлігінің оңтүстік дала зо- насында, Кавказда жэне Орта Азияда таралған. Қазакстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кейбір аудандарында (көбінесе Жамбыл облысының Мерке, Қордай, Шу аудандары мсн Шымкент облысының Ленин және Сарыағаш аудандарында) оңтүстік астык барылдағы — Zabrus morio Goze зиян келтіреді.

Ересек коңыздарының үзындығы 12-16 мм, металдык жаркылы бар шымкай кара түсті, ауыз мүшелері, мұртшалары жэне табандары коңыркай қызыл, үстіңгі канаттары дөңес жэне олардың әркайсысының үстінде терендеу келген үсак нүктелі 8 борозда бола­ды. Жұмыртқалары сүттей ақ түсті. Личинкаларының кекірск аяқтары жаксы дамыған, бас бөлімі мен көкірек бунактары кара- қоңыр, құрсақ бунактарының үстінде ақшыл-қоңыр түсті дақтар бар. Біртіндеп сүйірлене беретін қүрсағының соңғы жағында қыскарак келген бір жүп өсінДі болады (22-сурет). Қуыршағының түсі ак, аяктары, ауыз мүшелері жэнс канаттары жақсы көрінеді.

187

Астықтың барылдақ қоңызының II жэне III жастагы личинкалары топырақ арасында 20-30 см тереңдікте қыстайды. Көктемдс ауаның орташа тәулік тсмпсратурасы 9°С-тан аскан кезде личинкалар топы- рақтың жоғарғы қабатына кетеріліп, ін жасап, сонда тіршілік етеді. Індерінсн олар көбінесе түндс (бүлтты күндсрі күндіз дс) шығып, ас­тык түқымдас өсімдіктсрдің көгімсн коректенеді. Олар өсімдіктің жа- пырақтарын індсріне тартып алып, күндіз де қоректенуін жалғастыра бсрсді. Закымданған жапырактар түте-түтесі шығып, бірінс-бірі жа- быскан талшыктар шумағы түріндс көрінеді. Арпа, сүлы, кара бидай, жүгері жэне баска дакылдарға карағанда күздік бидайды көбірск зақымдайды.

Оңтүстік аудандарда сәуір айының аяк ксзіндс личинкалар қоректенуін токтатып, топырак арасына енеді де, 12-15 см тсрсңдікте жср бесік ішіндс куыршакка айналады. Қуыршак фазасы 12-14 күнгс созылып, маусым айының бас кезінде жаңа генсрацияның жас қоңыздары шығады.

Қоңыздар толысып келс жаткан астык дәндерімсн қорсктснсді. Закымданған масактар үйпалактанып калады. Бірак, олардың қоректенуі ұзакка созылмайды. Жаздың ыстык кезеңі басталысымсн олар қорсктенуін токтатып, тамыз айына дсйін топырак арасына сніп, жазғы ұйкыға кетеді. Қоңыздардың бүдан соңғы тіршілік әрекеттері (қорсктенуі, ұрыктанып өсіп-өнуі) жаздың скінші жарты- сында басталады. Олар келешекте личинкаларын көрсктік есімдіктермен қамтамасыз сте алатындай учаскелергс жүмыртка са­лады. Ондай учаскслер: күздік астыктың егістері, өнімді жинаған кезде астык дәндсрі тегіліп калған жерлер, сгіннің ішіндегі бидайык жэне баска астық тұкымдас өсімдіктер есксн аландар жәнс т. б.

Жаңа генерацияның личинкалары жұмырткадан 14-20 күн етксн соң шыгады да суық күзге дейін коректенеді.

Егінге негізінен қыстап шыккан личинкалар көктсмдс катты зиян кслтіреді. Зиянкес жаппай өсіп-өнгсн жылдары оның личинкалары- ның зақымдауынан сгіннің көгі сиреп калады да, кайта ссбуді кажст ететін такыр алаңдар пайда болады.

Басқа дақылдармсн алмастырмай бидайды жыл сайын бір жсргс өсіре беру, өнімді жинау кезінде ысырап жасау астыктың барылдак коңызының көбсйіп кетуінс қолайлы жағдай туғызады.

Тары барылдақ қоңызы — Ophonus calceatus Duft. Бұл зиянкес те барылдак коңыздар түқымдасына жатады. Қазакстанның солтүстік бөлігінің қуаң далалык аудандарында таралған. Әсіресс Павлодар об- лысының қүмдауыт топырақты аудандарында көбірек ксздсседі.

Үзындығы 15 мм жететін едәуір ірі кара коңыз. Мүртшалары, ауыз мүшелері және табандары қызғылт-сары түсті. Жүмырткасы мсн личинкасының түсі және жалпы күрылысы жағынан астык барыл- дағына өтс ұксас.

Зиянксстің личинкалары тереңдігі 10 см топырак арасында қыстайды. Ересек қоңыздар жер бетіне шілдс айының орта ксзінде шығып, бір айдай өмір сүрсді. Олар күндіз көбінссе топырак ксссктсрі 188

мсн өсімдік қалдықтарының астын паналап жатады да, коректснуге жәнс басқа тіршілік әрскеттсрін жасауға кешкі сағаттарда жәнс түнде шығады. Жүмыртқаларын топтап дымкыл топыракка (10 см тс- реңдікке дейін) салады. Сондықтан олар борпылдақ топырақты жер- лерді, парға себілген егінді, жыртылып тасталған егін жағалауын, терсң жыртылған учаскслерді және отамалы дакылдар сгісін үнатады. I Қоңыздардың барлығы бірдей бір мсрзімде шықпайтындығына бай­ланысты жүмыртқалау кезеңі үзакқа созылады. Сондықтан топырақ арасына жаңа салынған жұмыртқаларды шілденің аяғынан тамыздың аяғына дейін кездестіруге болады.

Бүл түрдің тек срссск қоңыздары ғана өсімдікті зақымдайды. Ли­чинкалары жыртқыш болады. Қоңыздар пісіп келе жаткан тары дәндерімен қоректенеді. Әсірссе олар дестеде жаткан тарыны қатты зақымдайды. Олар тары дәнін зақымдап қана қоймай, оның шашак басында өрмелеп жүріп, дәннің бірқатарын жерге түсіріп ысырап етеді. Қоңыздар тарыдан басқа пісіп ксле жатқан бидай мен кара би- дайды да зақымдайды. Арам шептерден оның көбірек ұнататыны мы- сыккүйрық!

Астық сабағының егегіші — Cephus pygmeus L. Жарғак қанаттылар (Hymenoptera) отрядыныц сабақ егеушілері тұқымдасына (Cephidae) жатады. Далалық және орманды-далалық зоналардың бар- лығында түгсл таралған. Қазакстанда Батыс Қазакстан және Актөбс облыстарында зиян келтіреді.

Ерссек насекомдардың жалпы түсі кара, күрсағында сары жо- лақтар бар, аяқтарының түсі бозғылт-сары, кеуде бөлімінің астыңғы жағында сары дактар болады, денесінің ұзындығы 9-10 мм. Жұмырткасының түсі ак, үзындығы 0,8 мм. Личинкалары ашық сары түсті, пішіні әріп тәрізді, басы және аяктары болмайды, денссінің артқы тесік орналаскан соңғы бунағы хитинді түтік тәрізді, жоғарғы жастағыларының үзындығы 15 мм жетеді. Қуыршағы ашык, түсі алғашында ақ болады да дамуының соңғы ксзіндс караяды.

Зиянксс жылына бір генерация бёріп өсіп-енсді. Қорсктснуін тоқтатқан ересек личинка фазасында дәнді дакылдар егісінің аңызында сабак түбірінің ішінде қыстайды. Қыстар алдында личинка үзынша келген мөлдір түсті піллә жасайды. Көктемдс соның ішіндс личинка куыршакка айналады. Қуыршак стадиясы 7-10 күнгс созы­лады.

Батыс Қазакстан жағдайында бүл зиянкестің ерссск насскомдары мамыр айының аяғы мен маусым айының бас кезіндс үшып шығады. Ал олардың жаппай жүмыртқалауы жаздық бидайдың ма- сақтануының бас кезіне тура келеді. Жүмырткаларын бір-бірдсн же- келсп кебінесе жоғарғы буын аралығына сабак ішіне салады. Кепшілік жағдайда жұмыртқаны негізгі сабакка салуға тырысады. Личинка сабактың ішінде қоректеніп, оның буындарын кеміре тссіп, томен карай, яғни тамыр мойнына карай жылжиды.

Астық дәндері қамырлана бастаған кезде личинка сабактың топы­ракка таяу беліміне жетіп, қорсктснуін токтатады да, сабаКты ішкі

189