Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тілменбаев .Т. Энтомология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

Ә.Т. ТIЛМЕНБАЕВ Г.

Г.3. Ж АРМҮХАМЕДОВА АМЕДОВА

ЭНТОМОЛОГИЯ

Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындары студенттері үшін оқулық ретінде Халыққа білім беру министрлігі ұсынған

Алматы

«Қайнар»

ББК 28.6 Т 32

Р 32 Тілменбаев Ә. Т., Жармұхамсдова Г. Ә.

Энтомология.— Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.

ISBN 5-620-00506-2

Оку/іық ауыл шаруашылык, оқу орындарына арналған программа бойынша құрастырилды. Кітап жазу кезіпде республика ерекшеліктері ескеріліп, негізінен Қазақстан жагдайында кездесетіи модсни осімдіктердің зиян- дм жәидіктері мен насскомдары пайдаланылды.

Оқулық жогары ок^ орны агрономия факультетініқ студенттеріне, сол сияқты арнаулы орта оқу орындары- ның кіші агроном дайындайтын болімдері окушыларьжа арналган.

Кітап ана тіліндс түңгыш рст жарық коріп отыр.

3704040000-023

022 - 91 ББК 28.6

403 (05) - 94

Isbn 5-620-00506-2

© «Қайиар», 1994

КІРІСПЕ

Энтомология — насекомдар туралы ғылым (грек тілінде: «энтомос»— насеком, «логос»— ғылым). Ауыл шаруашылык, дақылдарына насекомдармен қатар жануар- лар дүниесінің басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді. Солардың ішінде түрлерініц саны жагынан өте көбі — насекомдар класы. Осыған орай ауыл шаруашылык, жоғаргы оқу орында- рының факультеттерінде насекомдармен бірге қурамында зиянкестері бар баска жәндіктер де энтомология пәнінде оқылады.

Практикалық маңызына байланысты насекомдар пайдалы және зиянды болып екі топка бөлінеді. Пайдалы насекомдарға зиянды организмдерді қуртатын жыртқыш және паразиттік тіршілік ететін (энтомофагтар) түрлер, топырақ пен орман төсенішін мекендел, топырақ түзілуге қатынасатындар, өсімдіктердің айқас то- заңдануын қамтамасыз ететіндер, сонымен қатар аса багалы азық-түлік (бал) және өндіріс шикізаттарын (балауыз, жібек, бояу т. б.) беретіндер жатады. Ал зиянды өсімдіктерге ауыл шаруашылық дақылдарын, баска да пайдалы өсімдіктерді және орман ағаштарын зақымдайтын өсімдік қоректілер (фитофагтар), адамға және үй жануарларына қауіпті аурулар жүқтыратын әр түрлі қан сорғыш жәндіктер жатады.

Энтомология өзінің негізгі зерттеу обьектісі — насекомдардың практикалық маңызының алуан түрлілігіне сәйкес өз алдына дербес бірнеше жеке-жеке ғылыми пәндерге бөлінеді. Олардың ішінде «Жалпы энтомология» насекомдардың ішкі, сыртқы қүрылысын, тіршілік әрекеттерін, олардың түр байлығы және тіршілік орта- сымен өзара қарым-қатынасын зерттейді.

«Ауыл шаруашылык энтомологиясы» мен «Орман шаруашылык, энтомологиясы» ауыл шаруашылык дақылдар мен жайылым өсімдіктерінің және орман ағаштарының зиянкестерін зерттейді. Ал адам мен үй жануарларына ауру жуқтыратын қан сорғыш насекомдарды зерттеу «Медицина энтомологиясы» мен «Ветеринария энтомологиясы» үлесіне тиеді.

Энтомологияның негізгі міндеті — зиянды насекомдар мен басқа организм- дердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылыгы есімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту.

Дақылдардың зақымдану сипаты, оның салдарынан шыгынның мелшері тек қана өсімдіктердің зиянкестік әрекетіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар сорт ерекшелігіне, агротехника дәрежесіне, егіннің орналасу тәртібіне және тағы баска шараларға сайкес өсімдіктің зиянкеске төзімділігіне де байланысты болады. Со- ндықтан энтомология ғылымы езінің негізгі міндеттерін шешу барысында Өсімдік физиологиясы, Егін шаруашылыгы, Өсімдік шаруашылығы, Көкөніс шаруашылыгы, Жеміс шаруашылыгы, «Топырақ тану», «Агрохимия», «Ауыл шаруашылык өндірісін механизациялау және оны уйымдастыру» сияқты агрономиялық пәндермен тығыз байланысты.

Организмдердің зиянкестігі салдарынан туатын шыгынның экономиялық сал- дары өте зор. ІИысалы, 1967 жылгы мәлімет бойынша бүкіл дүние жүзінде барлық ауыл шаруашылық дақылдары енімінің зиянкестерден болатын жылдық шығыны потенциалды өнімнің 13,7%, накты өндірілетін өнімнің 21,4% шамасына жетіп, 29,7 млрд доппарға багаланады. Адамзат зиянкестердің салдарынан жыл сайын 203,7 млн т дәнді дакылды (оның ішінде 120,7 млн т күріш), 228,4 млн т қант кызылшасы мен қант қурагын, 28,8 млн т картопты, 23,4 млн т көкөністі, 11,3 млн т жеміс-жи- декті кем алады.

3

Зиянкестерден келетін шығын әсіресе Африка мен Азиядағы дамып келе жатқан елдерде өте зор. Мысалы, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерден келетін жыл сайынғы жалпы шығыны Азия елдерінде (бурынғы КСРО мен Қытайдан басқа) 13 млрд долларға, потенциалды өнімнің 20,7%, нақты енімнің 37,7% шамасына жетеді.

Зиянды организмдер әсерінің шығыны біздің елде де аз емес. Әсіресе Россия патшалығы кезінде, Октябрь революциясынан кейінгі 30-50 жылдары ауыл шаруа­шылыгы азиялық көкқаСқа шегіртке, қызылша бізтумсыгы, шалгын кебелегі, күздік көбелек сияқты тез өсіп-өніп, жаппай кебейіп кететін насекомдардан өте зор зиян шекті.

Біздің елде өсімдік қоргау қызметі шын мәнінде 60-жылдардан бастап қана кең ' көлемде жузеге асырыла бастады. Ғалымдардың зерттеу жумыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылык, дақылдарының негізгі зиянкестерінің көпшілігімен куресу жуйесі жете зерттеліп өндіріске енгізілуде. Осыған орай республикалық, об- лыстық, аудандық өсімдік қоргау станциялары, зиянкестер мен өсімдік аурулары- ның таралуын болжау және олармен куресу ушін хабар беру пункттері, мемлекеттік есімдік карантин инспекциялары және басқа да есімдік қорғау қызметінің жүйесі уйымдастырылып, жақсарып келеді.

Бурынгы одақтас республикаларының ішінде Қазақстаның улан-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі екендігі белгілі. Алуан түрлі табигат ерекшеліктеріне сай мундагы есімдік түрлері өте көп. Қазіргі кезде республиканың егістік жерлерінің келемі барынша улгайып, миллиондаған гектарға жетіп отыр. Осыншама улан-бай- тақ алқаптардан жыл сайын мол да турақты, әрі сапалы өнім алу үшін жергілікті жердің табиги ерекшеліктеріне қарай жасалатын агротехникалык, шаралар қура- мында зиянды организмдерге қарсы күрес шарасының да мані зор. Республиканың кең-байтақ жерінде тіршілік етіп, алуан түрлі өсімдіктермен коректенетін ауыпша- руашылығы дақылдарының енімін елеулі дәрежеде кемітетін зиянкестердің түрлері де кеп-ақ.

Ауыл шаруашылыгы дақылдарын зиянды жандіктерден ойдагыдай қорғаудың негізгі шарты-оларды бір—бірінен ажырата білу. Онан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда гана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді уйымдасты- руга мүмкіндік туады. Усынылып отырган осы оқулықта жогарыда керсетілген міндеттерді шешуге қажетті, гылыми турғыдан барынша негізделген және жергілікті жагдайдың ерекшеліктеріне толык, сәйкес маглуматтар беріледі.

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

I - ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ТОПТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Түр қүрамы, сондай-ақ жануарлар дүниесінің жүйесінде алатын орны жағынан ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері өте көп тс, алуан түрлі. Оларға омыртқасыз жануарлардан нематодтар, өсімдік қоректі кенелср, насекомдар, бауыр аяқты моллюскалардың өкілдері — жалаңаш шырыштар және ұлулар, ал омыртқалы жану­арлардан — зиянды кеміргіштер жатады.

Түрлерінің саны жағынан бүл топтар өзара тек емес. Қазіргі кезде ғылымда жануарлардың 1 млн 300 мың түрі белгілі. Солардың сң көбі (1 млн түр шамасы) насекомдардың үлесіне тисді. Олардан кейінгі орындарды кенелер (12...15 мың түр) және нематодтар (10 мыңнан астам түр) алады. А. Н. Северцовтың (1939) айтуы бойынша осы үш топқа жататын организмдер үшін жылдам өсіп-өніп, сан мөлшсрі жағынан жаппай көбейіп, тіршілік ету орталарының жаңа түрлерін тез арада меңгере алатындай, сөйтіп көп түрлілігімен ерек- шс көзге түсетіндей биологиялық прогресс тән. Сондықтан да олар- дың ішінде біздің планетамыздың көпжылдық тарихында басқа өсімдіктсрге қарағанда кейінірек пайда болған жоғары сатылы гүлді өсімдіктср есебінде тіршілік ететін өсімдік қоректі түрлер, яғни фи- тофагтар, өте көп кездеседі. Соңғылардың ішінде ауыл шаруашылық дақылдарымсн қоректеніп, жаппай өсіп-өніп едәуір зиян келтіретін түрлср де аз емсс.

ЖҰМЫР ҚҰРТТАР ТИПІ - NEMATHELMINTHES

Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін жануарлар топ- тарының ішінде шығу тегі жағынан ең көнесі — нематодтар. Олар жүмыр қүрттар нсмесс алғашқы қуыстылар типінің негізгі класын қүрады. Бұл типке жататын қүрттардың денесі жіп тәрізді созылған (nema — латынша жіп) бунақталмаған, кутикуладан тұратын тығыз тері жамылғысы бар. Кутикулада, гиподерма және бүлшық ет қабаттары қосылып тері-ет қапшығын қүрайды. Қабатпен ішкі мүше- лердің аралығында сұйық зат саңылаулар болады. Олар алғашқы де- не қуысының немесе протоцельдің қалдықтары. Осыған орай жүмыр құрттар типін алгашқы қуыстылар деп те атайды. Бұл типтің қүра- мына 8 класс енеді. Олардың ішінде түр қүрамының көптігі және практикалық маңызы жагынан негізгісі — нематод класы.

5