- •Аудиториялы сабақтарды және иөж өткізуге қойылатын талаптар
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
- •6. Сабақтардың тақырыптық жоспары.
- •6.1. Практикалық) сабақтардың тақырыптық жоспары.
- •6.2.Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік жұмыстардың тақырыптық жоспары (ожбөж)
- •7. Интерндердің өзіндік жұмыстары үшін тапсырмалар:
- •7.1. Білім алушының өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (бөж)
- •7.2. Білім алушының өзіндік жұмысын (иөж) ұйымдастыру жоспары
- •9. Оқу және оқыту әдістері:
- •10.Білімді бағалау критерийлері мен ережелері: әр деңгейдегі білімді бағалау:
- •1. Рейтинг есептеудің әдістемесі
- •1 Рейтингті (р1) және аналогия бойынша (р1, р2, р3 …) басқа да рейтингтерді есептеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
интернатура СТОМАТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту кафедрасы
Силлабус
Пән: Ортодонтия
Пәннің коды: Ort 6313
Мамандық: Стоматология
Оқу сағаттарының/кредиттерінің* көлемі: 6/270
Оқыту курсы мен семестрі: 6 курс, 12 семестр
Ақтөбе, 2016
Силлабусты жұмыс бағдарламасын интернатура стоматологиясы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту кафедрасы «Ортодонтия» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырған.
Кафедра отырысында талқыланған 31.08.2016ж., №1 хаттама
Кафедра жетекшісі, м.ғ.д. _____________________ Жаналина Б.С.
Оқытушылар туралы мәліметтер:
1. Оралбаева Гулнур Амироовна - кафедра ассистенті. Медициналық стаж – 4 жыл, педагогикалық стаж - 3 жыл. 4 ғылыми жұмысы бар.
2. Утепов Анарбек Хамбарович – кафедра ассистенті. Медициналық стаж - 7 жыл, педагогикалық стаж – 3 жыл. 3 ғылыми жазбалары бар.
3. Байбактин Улан Усенович - кафедра ассистенті. Медициналық стаж – 7 жыл, педагогикалық стаж – 1 жыл. 1 ғылыми жазбалары бар.
Байланыс ақпараты:. Ақтөбе қ, Маресьева 76 көшесі, тел: 8(7132) 56 49 76
Пәннің саясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:
- Оқу процесінің ұйымдастырылуы
- Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету
- Аудиториялы сабақтарды және БӨЖ өткізуге қойылатын
талаптар
- Оқушыларға талаптар
Оқу процесінің ұйымдастырылуы
- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;
- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;
- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;
- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;
- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;
- қызметкерлер мен интерндердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;
- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.
Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету
- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, ИӨЖ интерндерге электронды алып жүруде берілген;
- сабақтар, кеңес алу кестелері және т.б. кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;
- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.
Аудиториялы сабақтарды және иөж өткізуге қойылатын талаптар
- барлық аудиториялы және аудиториядан тыс сабақтар әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Оқушыларға талаптар
- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;
- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;
- еңбек тәртібін сақтау;
- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;
- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.
1. Кіріспе:
Интернатура жоғарғы медицинлақы білім беру мекемелерімен жүзеге асыратын бакалавра – стоматологтың мамандығының үздік жұмысы үшін біржылдықарнай дайындалуы болып табылады.
Жоғарғы тіжірибелі дәрігер стоматолог балаларға және ересектерге стоматологиялық көмек көрсетуде қоғам қажеттілігін қанағаттандыра алатын, ғылымда және тәжірибеде стоматологиядағы инновациялық технологияларды дамыта және қолдана алатын, информациялық және коммуникациялық жетістіктерді қолдана отырып халық денсаулығын нығайтатын жоғарғы білікті маман болуы тиіс.
2. Пәннің мақсаты: Дәлелдеу медицинасының қағидалары мен емдеу-диагностикалау технологиясының замануи жетістіктеріне сүйене отырып стрматологиялық науқастарға жетілдірілген медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлік жалпы дайындық.
3. Оқыту міндеттері:
Стоматологиялық аурулар мен күйзеліс жағдайында тұрғындарға жетілдірілген дәрігерлік стоматологиялық көмек көрсету үшін негізгі емдеу-диагностикалық және адын алу шараларының дағдыларын бекіту;
Интерннің стоматологиялық аурулары бар науқастарды замануи және инструментальды тексерістерін тұжырымдауда және нақтылауда білімдерін арттыру;
Жеке науқасты емдеу барысында білімі мен дағдысын ұштастыра білуін қамтамасыз ету; дәлелдеу медицинасы қағидалары негізінде мамандандырылған шешім қабылдай білу;
Тұлға мен жан-ұяның салауатты өмір салтын қалыптастыруда білім қағидалары мен тәсілдерін жетілдіру;
Еңбек жолында үздіксіз мамандығын және өзінің білімі мен дағдыларын жетілдіруге сұранысын арттыруды қалыптастыр;
Альтуризм, жанашырлық, жауапкершілік, адалдық сияқты құндылықтарды және конфиденциальдық қағидаларының ұстанымдарын енгізу;
Топта жұмыс істеу, ұйымдастыру және диагностикалау мен емдеу барысында басқару дағдыларын;
Ағымдағы, тіркеу-есеп беру құжаттарын жүргізу дағдысын бекіту.
4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
Жанаспалы сағаттар – тестілеу, блиц сұрау, кіші топтарда жұмыс жасау, жұппен жұмыс жасау, іскерлік ойын, кейс-стади, дискуссия, науқастарды теориялық және клиникалық талдау.
ОИӨЖ- хирургиялық кабинетте науқастарды амбулаторлы қабылдау, стационарда науқастарды курациялау, операцияларға қатысу, қабылдау бөлімінде, жара таңу кабинетінде жұмыс жасау, ауыр науқастардың консилиуміне, консультацияларға қатысу, амбулаторлы медициналық карталарды толтыру, ауру тарихын жазу, клиникалық жағдайларды талдау, конспектілеу, презентациялау, ИӨЖ, және т.б.
Ақырғы нәтиже:
Дәрігер интерн міндетті
білу:
ортодонтия кабинетінің жұмысын ұйымдастыру;
ортодонтиядағы менеджмент және маркетинг сұрақтары;
ортодонтиядағы заңды құқығы, этикалық және құқықтық қалыптар;
балаларда және жасөспірімдерде жақ-бет аймағының топографиялық анатомиясы, тістердің, жақсүйектерінің, жұмсақ
тіндерінің, лимфа түйіндерінің, сілекей бездерінің және самай-төменгі жақсүйегі буынының морфо-функциональді және анатомиялық ерекшелігі;
жақ-бет хирургиясындағы жалпы және жергілікті жансыздандыру ерекшеліктері;
тісжақ жүйесінің ауытқуларының клиникалық симптомы, нақтамалау қағидалары, салыстырмалы нақтамасы, емі;
балалардағы тісжақ жүйесі деформациясы кезінде дәрігерлік – қызметтік сараптама сұрақтары;
ортодонтиядағы дәлелді медицина;
балаларда жедел жағдай кезінде, нақтамалау және жедел көмек көрсету негізігі;
балаларда тісжақ жүйесі деформациялары;
балаларда халыққа амбулаторлы стоматологиялық көмектің барлық түрлерінің көлемі, соның ішінде, ауруханаға дейінгі кезеңде, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.
стоматалогиялық аурулардың амбулаторлы және ауруханалық реабилитация қағидалары;
заманауи жағдайда стоматологиялық науқастарды диспансеризациялауды ұйымдастыру және жүргізу;
жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары.
Істей алу:
ортодонтиялық бөлменің жұмысын ұйымдастыру;
есеп-тірекеу құжаттарын жүргізу;
дәлелді медицина негізінде хаттамаларды қолдану;
жақ-бет аймағының хирургиялық ақауы бар науқастарға зерттеулер жүргізу;
зертханалық, функциональді, көмекші, визуальді және басқа да зерттеу әдістерін дұрыс тағайындау және оларды адекватты талдау;
балаларда жақ-бет аймағында жергілікті жансыздандырудың барлық түрлерін жүргізу;
жақ-бет аймағының зақымданулары мен сырқаттары кезінде, тәжірибелі және арнайы ортодонтиялық көмек көрсету;
балаларда анафилактикалық шок, коллапс, тыныс жолдарының жедел бұзылуы кезінде (асфиксия), гипертониялық криз, қан кету кезінде жедел көмек көрсету;
балаларға жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары.
денсаулық сақтау заңнамасына сай, медициналық құжаттарды толтыру;
стоматологиялық патологиясы бар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша экспертиза жүргізу, медико-әлеуметтік экспертизаға, еңбекке жарамдылық көрсеткіштерін анықтау, еңбек шарттарын жеңілдету, санаторлы-курортқа бағыттау;
машықтарын жетілдіру:
толық анатомиялық қалып алу әдістері;
қорытынды – диагностикалық мүсіндерді дайындау әдістері;
клиникалық функциональды сынама әдістері;
тістем түрін анықтау әдістері;
жақ мүсіндерін антропометриялық өлшеу әдістері;
окклюзиограмма, тістердің таңдамалы тегістеу алды әдістері;
ортодонтиялық аппаратты орнату, коррекциялау және тапсыру әдістері;
ортодонтиялық сақина орнату мен бекіту, лигатура мен доғаны салу мен алу әдістері.
коммуникативті машықтарын меңгеру:
ем қорытындысы нәтижелі болуы үшін, науқаспен/туыстарымен алғашқы байланысты және кейінгі қарым қатынасты қалыптастыру;
науқасты нақтамалау және емдеу үрдісіне қатыстыру, науқастың компетенциясын құру;
қарап тексеру және емдеу шараларымен байланысты, науқастардың көзқарасы, науқастың агрессиялық көңіл күйін бақылау, конфликтті жағдайды басқару;
жоспарланған зерттеулер немесе хирургиялық араласулардың сипатын, көлемін, науқасқа сенімді, байыппен түсінікті ақпараттандыру;
қызметтестерімен және медициналық қызметкерлермен, кәсіби қарым қатынастар;
қызметтестерімен, оң моральді-психологиялық қарым қатынасын қалыптастыру;
кәсіби тәртібі – сенімділік, жауапкершілік, өз-өзін бағалау, пікірлерге адекватты жауап беру;
стресттік жағдайларда, кәсіби тәртібі
құқықтық компетенциясы:
Арнайы машықтарын қалыптастыру:
хирургиялық стоматологиялық бөлменің, бөлімшенің, ұйымның және жұмыс кестесіне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар;
аппараттармен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі және ержелері;
хирургиялық стоматологиялық бөлімшедегі, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің іс әрекеттерін, олардың құқықтарын, міндеттерін ҚР заңдарына, нормалық құқықтық және реттеуші құжаттарына сай жүргізу;
хирургиялық стоматологиялық және жақ бет хирургиясы іс әрекетін қалыптастырудың құқықтық негіздерін тәжірибеде қолдану;
тәжірибеде медико-экономикалық хаттамаларын қолдану;
медициналық есептік тіркеу құжаттарын толтыру;
науқастың құқығын қорғау;
кәсіби этканың қағидалары мен қалыптарын, дәрігерлік этика мен деонтологиясы;
өз бетінше білім алу, өз-өзін жетілдіру:
төмендегі машықтарын жетілдіру;
өз бетінше кәсіби әдебиет көзімен, электронды ақпарат көзімен жұмыс;
ЖОО оқуы кезінде алынған, негізгі және кәсіби білімін, қолдана отырып, алынған ақпараттарды сараптау;
дәлелді медицина көзқарасынан, ақпаратты талдау;
хирургиялық стоматология аймағында, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу
творчестволық презентацияларды дайындау, семинарларда, конференцияларда сөйлеу, аудиториямен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру;
креативті ойлау қабілетін қалыптастыру;
жалпы интеллектуальді деңгейін, кәсіби сөйлесу, этикалық қалыптар мәдениетін жетілдіру.
5. Пәннің қысқаша мазмұны: Ортодонтия болашақ мамандардың сүт және тұрақты тістердің дамуына, баланың туғаннан кейінгі және антенатальды кезеңде тістердің қатты тіндерінің қалыптасуымен минеразлизациясына әсер ететін факторларға көңіл аударуға бағыттайды. Ортодонтияның мақсаттары біртұтас мәнді болып келеді. Болашақ стоматолог науқастарды тексеру мен нақтамалау әдістерін білу керек.
