Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортопед. стом Силлабусс каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.34 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

интернатура стоматологиясы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту кафедрасы

Силлабус

Пән: Ортопедиялық стоматология

Пәннің коды: ОS 6311

Мамандық: Стоматология

Оқу сағаттарының/кредиттерінің* көлемі: 6/270

Оқыту курсы мен семестрі: 6 курс, 12 семестр

Ақтөбе, 2016

Силлабусты жұмыс бағдарламасын интернатура стоматологиясы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту кафедрасы «Ортопедиялық стоматология» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырған.

Кафедра отырысында талқыланған 31.08.2016ж.

Хаттама №1

Кафедра жетекшісі, м.ғ.д. _____________________ Жаналина Б.С.

Оқытушылар туралы мәліметтер:

1. Жаналина Бахыт Секербековна – кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.. Медициналық стаж – 33 жыл, педагогикалық стаж – 30 жыл. 110 ғылыми жұмысы бар.

2. Байбактин Улан Усенович – кафедра ассистенті. Жалпы медициналық тәжірибесі 7 жыл, педагогикалық тәжірибесі 1 жыл. 1 ғылыми мақаласы бар.

3. Коваль Владимир Павлович – кафедра ассистенті. Жалпы медициналық тәжірибесі 6 жыл, педагогикалық тәжірибесі 1 жыл. 1 ғылыми мақаласы бар.

Байланыс ақпараты:. Ақтөбе қ, Маресьева 76 көшесі, тел: 8(7132) 56 49 76

Пәнніңсаясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:

- Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- Аудиториялы сабақтарды және БӨЖ өткізуге қойылатын

талаптар

- Оқушыларға талаптар

Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;

- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;

- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;

- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;

- қызметкерлер мен интерндердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.

Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, ИӨЖ интерндерге электронды алып жүруде берілген;

- сабақтар, кеңес алу кестелері және т.б. кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;

- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.

Аудиториялы сабақтарды және иөж өткізуге қойылатынталаптар

- барлық аудиториялы және аудиториядан тыс сабақтар әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқушыларға талаптар

- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;

- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;

- еңбек тәртібін сақтау;

- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;

- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.

1. Кіріспе:

Интернатура жоғарғы медицинлақы білім беру мекемелерімен жүзеге асыратын бакалавра – стоматологтың мамандығының үздік жұмысы үшін біржылдықарнай дайындалуы болып табылады.

Жоғарғы тіжірибелі дәрігер стоматолог ересектерге ортопедиялық стоматологиялық көмек көрсетуде қоғам қажеттілігін қанағаттандыра алатын, ғылымда және тәжірибеде стоматологиядағы инновациялық технологияларды дамыта және қолдана алатын, информациялық және коммуникациялық жетістіктерді қолдана отырып халық денсаулығын нығайтатын жоғарғы білікті маман болуы тиіс.

2. Пәннің мақсаты: Дәлелдеу медицинасының қағидалары мен емдеу-диагностикалау технологиясының замануи жетістіктеріне сүйене отырып стрматологиялық науқастарға жетілдірілген медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлік жалпы дайындық.

3. Міндеттері:

  • стоматологиялық аурулар мен күйзеліс жағдайында тұрғындарға жетілдірілген дәрігерлік стоматологиялық көмек көрсету үшін негізгі емдеу-диагностикалық және адын алу шараларының дағдыларын бекіту;

  • интерннің стоматологиялық аурулары бар науқастарды замануи және инструментальды тексерістерін тұжырымдауда және нақтылауда білімдерін арттыру;

  • Жеке науқасты емдеу барысында білімі мен дағдысын ұштастыра білуін қамтамасыз ету; дәлелдеу медицинасы қағидалары негізінде мамандандырылған шешім қабылдай білу;

  • тұлға мен жан-ұяның салауатты өмір салтын қалыптастыруда білім қағидалары мен тәсілдерін жетілдіру;

  • еңбек жолында үздіксіз мамандығын және өзінің білімі мен дағдыларын жетілдіруге сұранысын арттыруды қалыптастыр;

  • альтуризм, жанашырлық, жауапкершілік, адалдық сияқты құндылықтарды және конфиденциальдық қағидаларының ұстанымдарын енгізу;

  • топта жұмыс істеу, ұйымдастыру және диагностикалау мен емдеу барысында басқару дағдыларын;

  • ағымдағы, тіркеу-есеп беру құжаттарын жүргізу дағдысын бекіту.

4. Оқыту әдіснамасы:

Жанаспалы сағаттар тестілеу, блиц сұрау, кіші топтарда жұмыс жасау, жұппен жұмыс жасау, іскерлік ойын, кейс-стади, дискуссия, науқастарды теориялық және клиникалық талдау.

ОИӨЖ- хирургиялық кабинетте науқастарды амбулаторлы қабылдау, стационарда науқастарды курациялау, операцияларға қатысу, қабылдау бөлімінде, жара таңу кабинетінде жұмыс жасау, ауыр науқастардың консилиуміне, консультацияларға қатысу, амбулаторлы медициналық карталарды толтыру, ауру тарихын жазу, клиникалық жағдайларды талдау, конспектілеу, презентациялау, ИӨЖ, және т.б.

Ақырғы нәтиже:

Дәрігер интерн міндетті

білу:

  • жалпы тәжірибелі дәрігер - стоматологтың жұмысын ұйымдастыру;

  • ортопедиядық стоматологиядағы менеджмент және маркетинг сұрақтары;

  • ортопедиялық стоматологиядағы заңды құқығы, этикалық және құқықтық қалыптар;

  • тіс-жақсүйек жүйесінің анатомиялық және морфо-функционалдық ерекшеліктері;

  • стоматологиядағы жергілікті жансыздандыру әдістері, жергілікті анестетиктердің клинико-фармакологиялық сипаттамасы;

  • тіс адентияларының, кемістіктерінің, тіс қатарының асқынған деформацияларының, самай-төменгі жақсүйек буынының жарақаттан болған артикуляциясы және ауруларының этиопатогенезі;

  • тістердің патологиялық қажалуының (беттің төменгі бөлігі биіктігінің өзгеруімен және өзгерусіз жүретін) этиопатогенезі;

  • жақ-бет аймағының туа біткен және жүре пайда болған кемістіктерінің этиопатогенезі;

  • тіс протездері конструкциясын (құрылымын) уақытша және тұрақты бекітуге орналған стоматологиялық материалдардың жіктемесі, құрамы және қасиеттері;

  • ортопедиялық стоматологиялық емдеуге жататын тіс-жақсүйек жүйесі ауруларын диагностикалау принциптері мен әдістері;

  • тіс-жақсүйек жүйесі аурулары кезінде қолданылатын ортопедиялық стоматологиялық емдеу әдістері;

  • стоматологиялық сырқаттары кезіндегі, дәрігерлік-еңбек сараптамасы сұрақтары;

  • стоматологиялық тәжірибедегі дәлелді медицина;

  • жедел жағдай кезінде, нақтамалау және жедел көмек көрсету негізігі;

  • тіс-жақсүйек жүйесі сырқаттарының алдын алу әдістері.

Істей алу:

  • стоматологиялық бөлменің, бөлімшесінің, клиниканың жұмысын ұйымдастыру;

  • есеп-тірекеу құжаттарын жүргізу;

  • дәлелді медицина негізінде хаттамаларды қолдану;

  • тіс-жақсүйек жүйесінің аурулары кезіндегіортопедиялық әрекеттердің көрсетімдері және қарсыкөрсетімдерін анықтау;

  • стоматологиялық науқасты тексеру, тіс-жаксүйек жүйесі закммдануының негізгі симптомдарын айқындау: тіс адентиялары, кемістіктері, тіс катарларынын асқынған деформациялары, самай-төменгі жақсүйек буыньның жарақаттан болған артикуляциясы мен аурулары;

  • Тістердің патодогиялық кажалуымен (беттің төменгі бөлімі биіктігінің өзгеруімен және озгеруінсіз жүретін), жақ-бет аумағының туа біткен және жүре пайда болған кемістіктерімен сырқаттанатын стоматологиялық науқасты тексеру;

  • Тістерді, альвеолярлы өсіндіні, жақсүйектерді рентгенояогиялық зерттеу мәліметтеріне талдау жургізу: рентгенологиялық зерттеу жүргізу көрсетімдері мен әдістерін білу, тіс-жақсүйек жүйесі мен самай-төменгі жақсүйеқ буынының патологиялары кезінде негізгі рентгенологиялық синдромдарды айқындау;

  • тіс-жақсүйеқ жүйесі мен самай-төменгі жақсүйеқ буынының патологияларын визуализациялау (МРТ, КТ, ортопантомография) әдістерінің мәліметтеріне талдау жүргізу;

  • қанды, зәрді зерттеу мәліметтеріне, микробиологиялық, иммунологиялық және биохимиялық көрсеткіштеріне талдау жүргізу;

  • жергілікті анестетиктерге және тіспротездері материалдарына деген сезімталдықты тексеруге жүргізілген тері жәнесілемей қабық сынамаларының мәліметтеріне талдау жүргізу;

  • тіс жаксүйек жүйесі ауруларының саралау диагностикасын жүргізу: тіс адентиялары, кемістіктер,тіс қатарларының асқынған деформациялары, самай-төменгі жақсүйек буынының жарақаттан болған артикуляциясы мен аурулары;

  • тістердің патологиялық қажалуымен (беттің төменгі бөлігі биіктігінің өзгеруімен және өзгерусіз жүретін), жақ-бет аумағының туа біткен және жүре пайда болған кемістіктерімен бірге жүретін негізгі симптомдардың саралау диагностикасын жүргізу;

  • анафилактикалық шок, коллапс, тыныс жолдарының жедел бұзылуы кезінде (асфиксия), гипертониялық криз, қан кету кезінде жедел көмек көрсету;

  • жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары;

  • денсаулық сақтау заңнамасына сай, медициналық құжаттарды толтыру;

  • стоматологиялық патологиясы бар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша экспертиза жүргізу, медико-әлеуметтік экспертизаға, еңбекке жарамдылық көрсеткіштерін анықтау, еңбек шарттарын жеңілдету, санаторлы-курортқа бағыттау.

машықтарын жетілдіру:

  • жақ бет аймағындағы жергілікті жансыздандырудың барлығын жүргізуді;

  • одонтопрепаровка әдісін жүргізуді;

  • тістерден және жақтардан қалыптар алу әдістемесін өткізу;

  • орталық окклюзияны анықтау әдістемесін өткізу;

  • тіс протездерін тексеру және тапсыру әдістемесін өткізу;

  • тірек тістерден алынбайтын тіс протездерін шығару әдістемесін өткізу;

  • қондырмалардың, штифтті құрылымдардың, винирлердің, сауыттардың дайындалу әдістемесін өткізу;

  • пародонттың патологиясы, тістердің патологиялық қажалуы кезінде әртүрлі ортопедиялық құрылымдардың дайындалу әдістемесін өткізу;

  • дентальды имплантаттарда әртүрлі ортопедиялық құрылымдардың дайындалу әдістемесін өткізу.

коммуникативті машықтарын меңгеру:

  • ем қорытындысы нәтижелі болуы үшін, науқаспен/туыстарымен алғашқы байланысты және кейінгі қарым қатынасты қалыптастыру;

  • науқасты нақтамалау және емдеу үрдісіне қатыстыру, науқастың компетенциясын құру;

  • қарап тексеру және емдеу шараларымен байланысты, науқастардың көзқарасы, науқастың агрессиялық көңіл күйін бақылау, конфликтті жағдайды басқару;

  • жоспарланған зерттеулер немесе хирургиялық араласулардың сипатын, көлемін, науқасқа сенімді, байыппен түсінікті ақпараттандыру;

  • қызметтестерімен және медициналық қызметкерлермен, кәсіби қарым қатынастар;

  • қызметтестерімен, оң моральді-психологиялық қарым қатынасын қалыптастыру;

  • кәсіби тәртібі – сенімділік, жауапкершілік, өз-өзін бағалау, пікірлерге адекватты жауап беру;

  • стресттік жағдайларда, кәсіби тәртібі

құқықтық компетенциясы:

Арнайы машықтарын қалыптастыру:

  • хирургиялық стоматологиялық бөлменің, бөлімшенің, ұйымның және жұмыс кестесіне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар;

  • аппараттармен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі және ержелері;

  • хирургиялық стоматологиялық бөлімшедегі, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің іс әрекеттерін, олардың құқықтарын, міндеттерін ҚР заңдарына, нормалық құқықтық және реттеуші құжаттарына сай жүргізу;

  • хирургиялық стоматологиялық және жақ бет хирургиясы іс әрекетін қалыптастырудың құқықтық негіздерін тәжірибеде қолдану;

  • тәжірибеде медико-экономикалық хаттамаларын қолдану;

  • медициналық есептік тіркеу құжаттарын толтыру;

  • науқастың құқығын қорғау;

  • кәсіби этканың қағидалары мен қалыптарын, дәрігерлік этика мен деонтологиясы;

өз бетінше білім алу, өз-өзін жетілдіру:

төмендегі машықтарын жетілдіру;

  • өз бетінше кәсіби әдебиет көзімен, электронды ақпарат көзімен жұмыс;

  • ЖОО оқуы кезінде алынған, негізгі және кәсіби білімін, қолдана отырып, алынған ақпараттарды сараптау;

  • дәлелді медицина көзқарасынан, ақпаратты талдау;

  • хирургиялық стоматология аймағында, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу

  • творчестволық презентацияларды дайындау, семинарларда, конференцияларда сөйлеу, аудиториямен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру;

  • креативті ойлау қабілетін қалыптастыру;

  • жалпы интеллектуальді деңгейін, кәсіби сөйлесу, этикалық қалыптар мәдениетін жетілдіру.

5. Пәннің қысқаша мазмұны: Ортопедиялық стоматологияның басқа медициналық пәндердің арасындағы алатын орны. Оның стоматологияның басқа салаларымен ара қатынасы.стоматологияның алдын алу шараларының бағыты, кешенді диспансеризациялау қағидалары. Қауіпті жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырып, көрсету. Бұқараға мамандандырылған көмекті ұйымдастырып, көрсету. Ғылыми-техникалық даму мен ғылыми жетістіктердің стоматологиялық тәжірибеге ендірілуі. Ақпараттың жаңа жолдарының, интернеттің, дәлелдік медицинаның емдеуімен зерттеуінде кеңінен қолданылуы. Кәсіби деңгейін үнемі жоғарыда ұстау үшін, білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыру.