Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХС Силлабусс каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.07 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

интернатура стоматологиясы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту кафедрасы

Силлабус

Пән: Хирургиялық стоматология

Пәннің коды: HS 6310

Мамандық: Стоматология

Оқу сағаттарының/кредиттерінің* көлемі: 6/270

Оқыту курсы мен семестрі: 6 курс, 11 семестр

Ақтөбе, 2016

Силлабусты жұмыс бағдарламасын интернатура стоматологиясы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқыту кафедрасы «Хирургиялық стоматология» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырған.

Кафедра отырысында талқыланған 31.08.2016ж.

Хаттама №1

Кафедра жетекшісі, м.ғ.д. _____________________ Жаналина Б.С.

Оқытушылар туралы мәліметтер:

1. Жаналина Бахыт Секербековна – кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.. Медициналық стаж – 33 жыл, педагогикалық стаж – 30 жыл. 110 ғылыми жұмысы бар.

2. Утепов Анарбек Хамбарович – кафедра ассистенті. Жалпы медициналық тәжірибесі 7 жыл, педагогикалық тәжірибесі 3 жыл. 3 ғылыми мақаласы бар.

3. Коваль Владимир Павлович – кафедра ассистенті. Жалпы медициналық тәжірибесі 6 жыл, педагогикалық тәжірибесі 1 жыл. 1 ғылыми мақаласы бар.

Байланыс ақпараты:. Ақтөбе қ, Маресьева 76 көшесі, тел: 8(7132) 56 49 76

Пәнніңсаясаты – пәнді оқу барысында оқушыға қойылатын талаптар. Пәннің саясаты силлабуста айтылған және де келесі бөлімдерді көрсетуі тиіс:

- Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- Аудиториялы сабақтарды және БӨЖ өткізуге қойылатын

талаптар

- Оқушыларға талаптар

Оқу процесінің ұйымдастырылуы

- кафедра оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады;

- оқу процесін жүргізудің түрлерін жетілдіреді;

- оқу кестесін оқу бөлімімен және офис тіркеушімен бірге келістіреді;

- студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;

- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс жасайды және тәжірибелік сабақтарды тақырыпқа сай науқаспен қамтамасыз етеді;

- қызметкерлер мен интерндердің ғылими зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

- қосымша білім қызметі үшін жағдайлар жасайды.

Оқу процесін ақпаратты қамтамасыз ету

- кафедрада және кітапханада силлабустар, анықтама-жүргізушілер, тәжірибелік сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар, ИӨЖ интерндерге электронды алып жүруде берілген;

- сабақтар, кеңес алу кестелері және т.б. кафедраның шешімі бойынша кафедраның ақпаратты қабырғасында ілінген;

- оқушыларға уақытында рейтинг бағалары туралы ақпарат беру.

Аудиториялы сабақтарды және иөж өткізуге қойылатынталаптар

- барлық аудиториялы және аудиториядан тыс сабақтар әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқушыларға талаптар

- тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге міндетті түрде қатысуылары тиіс;

- киім формасы: ақ халат, бас киім, маска, ауыстыратын аяқ-киім, стационарда хирургиялық костюм;

- еңбек тәртібін сақтау;

- жіберіп алған сабақтар мен лекцияларды мідетті түрде қай та орындау;

- студенттер аралық конференцияларға қатысқандары үшін кафедра шешімі бойынша + 4 балл аралық рейтингке қосымша бонустар ретінде қосылады.

1. Кіріспе:

Интернатура жоғарғы медицинлақы білім беру мекемелерімен жүзеге асыратын бакалавра – стоматологтың мамандығының үздік жұмысы үшін біржылдықарнай дайындалуы болып табылады.

Жоғарғы тіжірибелі дәрігер стоматолог балаларға және ересектерге стоматологиялық көмек көрсетуде қоғам қажеттілігін қанағаттандыра алатын, ғылымда және тәжірибеде стоматологиядағы инновациялық технологияларды дамыта және қолдана алатын, информациялық және коммуникациялық жетістіктерді қолдана отырып халық денсаулығын нығайтатын жоғарғы білікті маман болуы тиіс.

2. Пәннің мақсаты: Дәлелдеу медицинасының қағидалары мен емдеу-диагностикалау технологиясының замануи жетістіктеріне сүйене отырып стрматологиялық науқастарға жетілдірілген медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлік жалпы дайындық.

3. Оқыту міндеттері:

  • Стоматологиялық аурулар мен күйзеліс жағдайында тұрғындарға жетілдірілген дәрігерлік стоматологиялық көмек көрсету үшін негізгі емдеу-диагностикалық және адын алу шараларының дағдыларын бекіту;

  • Интерннің стоматологиялық аурулары бар науқастарды замануи және инструментальды тексерістерін тұжырымдауда және нақтылауда білімдерін арттыру;

  • Жеке науқасты емдеу барысында білімі мен дағдысын ұштастыра білуін қамтамасыз ету; дәлелдеу медицинасы қағидалары негізінде мамандандырылған шешім қабылдай білу;

  • Тұлға мен жан-ұяның салауатты өмір салтын қалыптастыруда білім қағидалары мен тәсілдерін жетілдіру;

  • Еңбек жолында үздіксіз мамандығын және өзінің білімі мен дағдыларын жетілдіруге сұранысын арттыруды қалыптастыр;

  • Альтуризм, жанашырлық, жауапкершілік, адалдық сияқты құндылықтарды және конфиденциальдық қағидаларының ұстанымдарын енгізу;

  • Топта жұмыс істеу, ұйымдастыру және диагностикалау мен емдеу барысында басқару дағдыларын;

  • Ағымдағы, тіркеу-есеп беру құжаттарын жүргізу дағдысын бекіту.

4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Жанаспалы сағаттар тестілеу, блиц сұрау, кіші топтарда жұмыс жасау, жұппен жұмыс жасау, іскерлік ойын, кейс-стади, дискуссия, науқастарды теориялық және клиникалық талдау.

ОИӨЖ- хирургиялық кабинетте науқастарды амбулаторлы қабылдау, стационарда науқастарды курациялау, операцияларға қатысу, қабылдау бөлімінде, жара таңу кабинетінде жұмыс жасау, ауыр науқастардың консилиуміне, консультацияларға қатысу, амбулаторлы медициналық карталарды толтыру, ауру тарихын жазу, клиникалық жағдайларды талдау, конспектілеу, презентациялау, ИӨЖ, және т.б.

Ақырғы нәтиже:

Дәрігер интерн міндетті

білу:

  • жалпы тәжірибелі дәрігер - стоматологтың жұмысын ұйымдастыру;

  • стоматологиядағы менеджмент және маркетинг сұрақтары;

  • стоматологиядағы заңды құқығы, этикалық және құқықтық қалыптар;

  • жақ-бет аймағының топографиялық анатомиясы, тістердің, жақсүйектерінің, жұмсақ тіндерінің, лимфа түйіндерінің, сілекей бездерінің және самай-төменгі жақсүйегі буынының морфо-функциональді және анатомиялық ерекшелігі;

  • хирургиялық стоматологиядағы жалпы және жергілікті жансыздандыру ерекшеліктері;

  • стоматологиялық сырқаттардың, соның ішінде, жақ-бет аймағының жарақаттарын және зақымдануларының клиникалық симптомы, нақтамалау қағидалары, салыстырмалы нақтамасы, емі;

  • стотматологиялық сырқаттары кезіндегі, дәрігерлік-еңбек сараптамасы сұрақтары;

  • стоматологиялық тәжірибедегі дәлелді медицина;

  • жедел жағдай кезінде, нақтамалау және жедел көмек көрсету негізігі;

  • хирургиялық стоматологиялық сырқаттарының алдын алу әдістері;

  • халыққа амбулаторлы стоматологиялық көмектің барлық түрлерінің көлемі, соның ішінде, ауруханаға дейінгі кезеңде, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

  • стоматалогиялық аурулардың амбулаторлы және ауруханалық реабилитация қағидалары;

  • заманауи жағдайда стоматологигялық науқастарды диспансеризациялауды ұйымдастыру және жүргізу;

  • жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары.

Істей алу:

  • стоматологиялық бөлменің, бөлімшесінің, клиниканың жұмысын ұйымдастыру;

  • есеп-тірекеу құжаттарын жүргізу;

  • дәлелді медицина негізінде хаттамаларды қолдану;

  • жақ-бет аймағының хирургиялық ақауы бар науқастарға зерттеулер жүргізу;

  • зертханалық, функциональді, көмекші, визуальді және басқа да зерттеу әдістерін дұрыс тағайындау және оларды адекватты талдау;

  • жақ-бет аймағында жергілікті жансыздандырудың барлық түрлерін жүргізу;

  • жақ-бет аймағының зақымданулары мен сырқаттары кезінде, тәжірибелі және арнайы стоматологиялық көмек көрсету;

  • анафилактикалық шок, коллапс, тыныс жолдарының жедел бұзылуы кезінде (асфиксия), гипертониялық криз, қан кету кезінде жедел көмек көрсету;

  • жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары.

  • денсаулық сақтау заңнамасына сай, медициналық құжаттарды толтыру;

  • стоматологиялық патологиясы бар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша экспертиза жүргізу, медико-әлеуметтік экспертизаға, еңбекке жарамдылық көрсеткіштерін анықтау, еңбек шарттарын жеңілдету, санаторлы-курортқа бағыттау;

машықтарын жетілдіру:

  • жақ бет аймағындағы жергілікті жансыздандырудың барлығын жүргізуді;

  • тістерді типтік және атипиялық әдістермен жұлу;

  • периостотомия операциясын жүргізу;

  • тіс түбір ұшын кесу, гемисекция, тіс түбірін кесу, реплантация, цистоэтомия, цистотомия операцияларын жүргізу;

  • жоғарғы жақсүйегі қойнауының перфоррациясы кезінде, ұяшығы кесу;

  • жақ-бет аймағының және мойынының шиқандарын, іріңді лимфаденитін және аденофлегмонасын тіліп ашу;

  • ауыз қуысы жарақаттарына тігіс салу;

  • ауыз қуысы аймағының операциялық жарақаттарынан тігісті алу;

  • ауыз қуысы аймағының жарақаттарын таңу;

  • сілекей бездерінің өзектерін жуу;

  • пародонт сырқаттарын хирургиялық емдеу әдістерін орындау;

  • ерін және тіл үзбелерінің, ауыз қуысы кіреберісінің пластикасы;

  • дентальдыимплантацияны жүргізу;

  • дентальды имплантация кезінде сүйектік пластиканы жүргізу;

  • дентальдыимплантация кезінде синус – лифтинг жүргізу.

коммуникативті машықтарын меңгеру:

  • ем қорытындысы нәтижелі болуы үшін, науқаспен/туыстарымен алғашқы байланысты және кейінгі қарым қатынасты қалыптастыру;

  • науқасты нақтамалау және емдеу үрдісіне қатыстыру, науқастың компетенциясын құру;

  • қарап тексеру және емдеу шараларымен байланысты, науқастардың көзқарасы, науқастың агрессиялық көңіл күйін бақылау, конфликтті жағдайды басқару;

  • жоспарланған зерттеулер немесе хирургиялық араласулардың сипатын, көлемін, науқасқа сенімді, байыппен түсінікті ақпараттандыру;

  • қызметтестерімен және медициналық қызметкерлермен, кәсіби қарым қатынастар;

  • қызметтестерімен, оң моральді-психологиялық қарым қатынасын қалыптастыру;

  • кәсіби тәртібі – сенімділік, жауапкершілік, өз-өзін бағалау, пікірлерге адекватты жауап беру;

  • стресттік жағдайларда, кәсіби тәртібі

құқықтық компетенциясы:

Арнайы машықтарын қалыптастыру:

  • хирургиялық стоматологиялық бөлменің, бөлімшенің, ұйымның және жұмыс кестесіне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар;

  • аппараттармен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі және ержелері;

  • хирургиялық стоматологиялық бөлімшедегі, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің іс әрекеттерін, олардың құқықтарын, міндеттерін ҚР заңдарына, нормалық құқықтық және реттеуші құжаттарына сай жүргізу;

  • хирургиялық стоматологиялық және жақ бет хирургиясы іс әрекетін қалыптастырудың құқықтық негіздерін тәжірибеде қолдану;

  • тәжірибеде медико-экономикалық хаттамаларын қолдану;

  • медициналық есептік тіркеу құжаттарын толтыру;

  • науқастың құқығын қорғау;

  • кәсіби этканың қағидалары мен қалыптарын, дәрігерлік этика мен деонтологиясы;

өз бетінше білім алу, өз-өзін жетілдіру:

төмендегі машықтарын жетілдіру;

  • өз бетінше кәсіби әдебиет көзімен, электронды ақпарат көзімен жұмыс;

  • ЖОО оқуы кезінде алынған, негізгі және кәсіби білімін, қолдана отырып, алынған ақпараттарды сараптау;

  • дәлелді медицина көзқарасынан, ақпаратты талдау;

  • хирургиялық стоматология аймағында, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу

  • творчестволық презентацияларды дайындау, семинарларда, конференцияларда сөйлеу, аудиториямен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру;

  • креативті ойлау қабілетін қалыптастыру;

  • жалпы интеллектуальді деңгейін, кәсіби сөйлесу, этикалық қалыптар мәдениетін жетілдіру.

5. Пәннің қысқаша мазмұны:Хирургиялық стоматологияның басқа медициналық пәндердің арасындағы алатын орны. Оның стоматологияның басқа салаларымен ара қатынасы.стоматологияның алдын алу шараларының бағыты, кешенді диспансеризациялау қағидалары. Қауіпті жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырып, көрсету. Бұқараға мамандандырылған көмекті ұйымдастырып, көрсету. Ғылыми-техникалық даму мен ғылыми жетістіктердің стоматологиялық тәжірибеге ендірілуі. Ақпараттың жаңа жолдарының, интернеттің, дәлелдік медицинаның емдеуімен зерттеуінде кеңінен қолданылуы. Кәсіби деңгейін үнемі жоғарыда ұстау үшін, білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]