5. Жасуша - Тіршіліктің элементарлық, құрылымдық және қызметтік бірлігі
Барлық тірі организмдер - өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялар жасушадан тұрады. Жасушаның пішіні мен мөлшері олардың атқаратын қызметіне қарай әртүрлі болады (1 – сурет).
1 – сурет. Жасушаның әртүрлі пішіні: 1 - Эпителий жасушасы. 2 - Бактериялар; 3 - Диатомды балдырлар; 4 - Бір клеткалы ацетабулиярия балдыры; 5 - Жүйке талшығы; 6 - Бұлшық ет клеткасы; 7 - Бауыр клеткалары; 8 - инфузория; 9 - эритроциттер; 10 - пияз эпидермисінің клеткалары; 11 - Талшықтылар (Жгутиконосец).
Жасуша - бөліну арқылы қайта түзілетін, дамитын биологиялық жүйе.
Сонымен бірге жасуша - тірі жүйенің ең кіші бірлігі. Себебі тірі организмге тән барлық қасиеттер: зат, энергия алмасу, өсу, көбею, тұқымқуалаушылық, тіртіркенштік, қозғалу жасушаға да тән. Сондықтан бір жасуша жеке организм болып та тіршілік өте алады (бактериялар, қарапаймдар, кейбір балдырлар).
Организмдер прокариоттар және эукариоттар болып екі топқа бөлінеді.
Прокариотты жасуша. Прокариотты жасушалардың ядро затын қоршаған мембраналы қабықшасы болмайды. Ядро заты ДНҚ-дан тұрады. Ол кейде гейстон нәруызы жоқ бір ғана сақина тәрізді хромосомаға бірігеді не шоғырланып, түйін түзіп немесе цитоплазмада бос орналасады. ДНҚ – да тұқым қуалау ақпараты сақталады. ДНҚ синтезін реттейтін мезосома болады. Нәруызды синтездеуші бірнеше мың майда рибосомалардан басқа мембранамен қоршалған органойдтері болмайды.
Фотосинтез бакетерияларда бактериохлорофилдерде, цианобактерияларда хлорофил “ a ”,“ c ” пигменттерінде жүреді.
Жасушалары қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Жыныстық көбею кезінде организмнің өзі жыныс жасушасының қызметін атқарып, бірінен-біріне тұқым қуалайтын ақпараттың бір бөлімі ғана өтеді.
Прокариоттарға бактериялар (2 – сурет) және цианобактериялар (көк - жасыл балдырлар) жатады. Бактериялардың төрлері көп. Жер бетіндегі барлық бакетриялардың мөлшері басқа организмдің мөлшерінен көп. Олар барлық және: суда, ауада,топырақта таралған. Тек 1 г қара топырақта 5 - 6 млрд бактерия болады. Адамда (туберкулез, бруцеллез), малда (сібір жарасы, бруцеллез), өсімдіктерде (мақта гоммозы) ауру туғызатын бактериялар паразиті тіршілік етеді.
2 – сурет. Бактерияның құрылысы.
Цианобакетриялардың түрлері көп. Олар жер бетінде кең тараған. Жаңбыр жауып өткен соң әр жерге жиналған шалшық сулардың көгеріп кететінін білесіңдер. Оған цианобактериялардың осциллатория деген туысының түрлері себепші болады. Су кеуіп кеткенде жіпшесі бірнеше бөлшекке бөлініп, әрқайсысы қалың қабықшамен қапталып, келесі жаңбырға дейін тыныштық күйде сақталады.
Прокариоттар жасушалардың антибиотиктерге, рентген сәулелеріне қарсы тұра алмайтын ерекшелігі болады.Олар жағары температурада (70-90'C) тіршілігін сақтап қалады. Прокариотты жасушалардың негізгі ерекшелігі - басқа жасушалармен бірлесіптіршілік ете алмайды.Бактериялар саңырауқұлақтармен қосылып, қоректенуі кезінде тіршілік қалдықтарын ыдыратады. Цианобактериялардың кейбір түрлері суда қарқынды өсіп, басқа түрлердіығыстырады, тіршілік ортасын ластайды.
