Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kiro.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
564.2 Кб
Скачать

2. Организмдердің негізгі қасиеттері

Тірі организмдердің қасиеттері:

1. Зат және энергия алмасу. Барлық тірі организмдер сыртқы ортамен зат алмасуға қабілетті. Сыртқы ортаның заттарымен коректенеді, Жасушаларының органикалық заттарын түзеді, тіршілік әрекетінен бөлінген заттарды сыртқа шығарады. Зат алмасу арқылы организм жасушаларының химиялық құрамы тұрақты болады. Сондықтан сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына қарамастан, олардың атқаратын қызметі тұрақты. Организм жасушаларындағы оргникалық заттардың ыдырауы кезінде бөлінген энергия жасушаның, организмнің барлық барлық тіршілік әрекетіне жұмсалады.

2. Көбею. Тірі организмдерге

3. Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар

Жасушаның құрамында шамамен 80-ге жуық химиялық элементтер болады. Бұл тірі табиғат пен өлі табиғаттың ұштасын жататындығын көрсетеді. Өлі табиғаттың құрамында химиялық элементтердің түрлері әлдеқайда көп болады. Тірі организмдердің құрамындағы химиялық элементтерді мөлшеріне қарай макроэлементтер, микроэлементтер және ультрамикроэлементтер деп үш топқа бөледі.

Жасушалар құрамынан И. Д. Менделеевтің периодтык жүйесіндегі 110 элементтің 80-ге жуығы табылған. Жасушада кейбір элементтер көптеу, басқалары анағүрлым аз кездеседі. Әсіресе жасушада төрт элемент — оттек, көміртек, азот және сутек көп мөлшерде болады. Жасуша құрамының 98%-ға жуығын осы төрт элемент күрайды. Жасушаға аз мелшерде болса да кажет біраз элементтер бар. Олар: күкірт, фосфор, хлор, калий, магний, натрий, кальций, темір. Бұлардың жиынтығы — 1,9%. Бұл екі топ элементтерін макроэлементтерге (гр. макрос  үлкен) жатқызады. Қалған элементтер жасушада өте аз мөлшерде (0,01%) кездеседі.Сонымен, жасушада тек тірі организмге ғана төн ешқандай ерекше элемент жок. Бұл тірі және өлі табиғаттың бір-бірімен байланысы мен бірлігін көрсетеді. Ал атом тұрғысынан қарағанда, органикалық және бейорганикалык көлемнің химиялық құрамы арасында айырмашылық жоқ. Айырмашылық одан гері жоғарырақ — молекулалық құрылым деңгейінде байқалады.

Жасушаның 98%-ын сутек, оттек, көміртек және азот түзеді. Бұлар органикалық қосылыстардың негізі құрамдық бөлігі болып табылады.

Нәруыздардың құрамында күкірт пен нуклеин қышқылдарында фосфор бар.

Жасушаның құрамында күкірт пен фосфордан басқа калий, натрий, кальций, магний, темір,хлор болады. Бұларды макроэлементтер деп атайды. Калий мен хлор жасуша мембранасының әртүрлі заттарды,жүйке өсінділерінің импульсті өткізуін қамтамасыз етеді.Кальций мен фосфор сүйек ұлпаларына қалыптасуына қатысады да, сүйектің беріктігін қамтамасыз етеді. Қанның ұю қасиеті кальцийге тығыз байланысты болады. Темір эритроциттің нәруызы – гемоглабиннің құрамында болып, оттекті өкпеден ұлпаларға тасымалдайды. Магний өсімдік жасушаларындағы фотосинтез процесі жүретін хлоропластардың, ал жануарларда биологиялық катализаторлар болып табылатын ферменттердің құрамында кездеседі.

Жасушада мырыш, йод, фтор, кобальт, марганец, молибден, бор аз мөлшерде болады. Барлығы жасушаның жалпы мөлшерінің 0,02%-ынан аспайды. Сондықтан бұларды микроэлементтер деп атайды. Микроэлементтердің тіршілік үшін маңызы зор. Олар ферменттер, витаминдер, гормондар сияқты биологиялық белсенжі заттардың құрамында болады. Йод жетіспеген жағдайда қалқанша безден тироксин гормоны аз бөлініп, соның салдарынан адам ауруға шалдығады. Мырыш әртүрлі ферменттердің, ұйқы без бөлінетін инсулин гормонның құрамында болады. Кобальт нуклеин қышқылының түзілуіне, нәруыздардың алмасуына қатысады. ОЛ В12 витаминінің құрамында болады. Сонымен қатар кобальттің қанның түзілуінде де маңызы зор.

Жасушадағы ультрамикроэлементтер: алтын, сынап, селен өте аз мөлшерде болады.

Су. Жасуша құрамының ең көп бөлігі- су. Тек тіс кіреукесі құрамында 10%пайыз су бар. Дамып жатқан ұрық жасушаларында 90% -дан көп, ал көпжасушалы организмде 80%-дан жоғары су болады.

Жасушадағы судың маңызы зор. Су – тірі органимдер жасушаларының қажетті құрамы, көптеген органищмдердің тіршілік ету ортасы. Су – жақсы еріткіш, соған байланысты жасушаға мембранар арқылы күйіндегі заттар енеді және шығарылады.Судың химиялық құрамының да жасуша үшін маңызы зор. Ферменттердің әсерінен су гидролизденеді. Әрүрлі молееклаларындың бос валентілігімен ОН- , Н+ топтры түрінде қосылып, қасиеттері басқа жаңа заттарды түзеді.

Судың жылуды өткізгіш және ұстағыш қасиетіне байланысты жасуша ішіндегі теспература сыртқы ортамен салыстырғанда түрақты болады.

Өсімдіктерден судың біланып, зат айналымына түсіне байланысты әрбір 2 млн жылда жер бетіндегі барлық су қоры ыдырап, қайта бұрынғы қалпына келеді. Жер бетіндегі су қоры шамамен 1,5 мың млн км3. Оның 97%- ы тұзды судан тұрады, орташа қалыңдығы 2700-2800 м. Тұшы судың орташа қалыңдығы: көлдер мен өзендерде – 0,4 м, су буында 0,3 м, мұзда – 50 м, грунт суы – 15 м,

 Жасушадағы химиялық реакцияларға қатысатын заттар суда еріген сұйықтық түрінде болады. Жасушаға енетін және одан шығатын заттардың өнімдері, тек еріген түрінде болуы тиіс.

Минералды тұздар. Жасуша құрамында минералды тұздар ерімеген қатты күйде немесе иондар түрінде болады. Калий, натрий,кальций (К+, Na+, Ca2+) катиондары организмнің тітіркенгіштігін қамтамасыз етеді. Кальций көпжасушалы организмдердің жасушаларын бір – бірімен байланыстырып, ұлпаларда белгілі бір ретпен орналасуын қамтамасыз етеді.

Тұздардың концетрациясынажасушаның буферлік әлсіз сілтілігін бірқалыпты ұстап тұру қасиеті байланысты болады. Жасушаның буферлігі Н2РО4- және НРО2-/4 аниондарды арқылы жүзеге асады. Жасуша сыртындағы және қандағы буфердің рөлін Н2СО3 және НСО3- атқарады. Әлсіз қышқылдың және әлсіз сілтінің аниондарын сутек иондары және гидроксил – иондары (ОН-) байланыстырып тұралды да, сутектік көрсеткіші (рН) өзгермейді.

Кальций мен фосфордың негізгі массасы көмір қышқылы және фосфор қышқылының қос тұздары түрінде (формуласы: СаСО3 * nCa3 (PO4)2) сүйек ұлпасын түзуге жұмсалады. Сонымен бірге ұлулардың бақалшақтарының құрамында болып, оларға беріктік қасиет береді.

Жасушаның қалыпты қызмет атқаруы және жасуша ішінде үнемі реакция жүруі үпгін де иондардың маңызы ерекше. Бейорганикалық заттар жасушада, тек еріген күйінде емес, сондай-ақ қатты заттар күйінде де кездеседі. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]