Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kiro.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
564.2 Кб
Скачать

Кіріспе

Биология – тіршілікті жан-жақты зерттейтін жаратылыс тану ғылымдарының бір саласы. Биология атауы гректің bios –тіршілік, өмір және logos – ілім, ғылым деген ұғымның білдіретін екі сөзінен тұрады. Жер бетінде тіршілік ететін организмдердің құрылысын, қызметін, шығу тегін, таралуын, дамуын, бір-бірімен және өлі табиғатыпен байланысын зерттейді.Сонымен қатар тіршілікке тән жалпы және жеке заңдылықтарды, олардың көріністерін, қасиеттерін (зат алмасу, көбею, тұкымқуалаушылық, өзгергіштік, бейімделушілік, өсу, тітіркену, қозғалу) анықтайды.

Биологияның зерттелу тарихын қарастыру арқылы оның жетістіктерімен танысуға болады. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ(біздің заманымызға дейін 460-370) пен философ ғалым Аристотель(біздің заманымызға дейін 384-322) тірі табиғатты зерттеуге әрекеттенді. Гипократ адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысына жүйелі сипаттама беріп, оларда болатын түрлі аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқымқуалаушылықтың рөлін атап көрсетті. Ал Аристотель “Жануарлардың пайда болуы” деген еңбегіне жануарларды құрылысы мен тіршілік әрекетіне қарай 4 топқа бөлді. ОЛ “ЖАн туралы” деген еңбегінде адамның анатомиялық-морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, ой-өрісінің дамуын сипаттап жазды.

Микроскоп. Жасушалардың мембранасына, ядросына және цитоплазмасының құрамына кіретін молекулалар мен органоидтарды жарық немесе электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Жарық арқылы көрсететін микроскоп зерттейтін заттарды 100 - 3000 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді, ал жетілдірілген окулярды қолданып, зерттелетін объектіні экранға түсіргенде оны 100 мың есеге дейін үлкейтуге болады. Биологияның арнаулы саласы-биохимия жасушаның химиялық құрамын молекулалық деңгейде зерттеу үшін центрифуга деп аталатын күрделі құралды пайдаланады. Ол өте жылдам айналып, жасушаның құрылымдық бөліктерін бір - бірінен бөліп алады, себебі оның бөліктерінің тығыздықтары әр түрлі болады. Жасушаның аса нәзік құрылысы мен қызметін зерттек тек цитологтардың, биохимиктердің, физиологтардың, генетиктер мен биофизиктер күш-жігерін ұштастырудың нәтижесінде ғана мүмкін екені өзінен-өзі түсінікті. Жасуша теорясы негізінің қалануы және жетілдірілген техникалық құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын, атқаратын қызметін зерттеуге кең жол ашты.

Микроскоптың ашылуына тұжырымдады белгісіз организмдер табылып, түрлердің саны артты. Организмдердің құрылысы туралы мәліметтер жинақтала бастады. Белгілі болған организмдерді бір жүйеге келтірудің қажеттілігі туындады. 1735 жылы швед ғылымы К. Линней “Табиғат жүйесі” атты еңбегіне жануарлар мен өсімдіктердің жүйесін жасады. Ол 8000 өсімдік түруне сипаттама берді.

Қазақстанда қазір биология ғылымдары бойынша ғылыми – зерттеу институттары (Топырақтану; Ботаника және Фитоинтродукция; Зоология; Микробология және Вирусология; Адам жцне жануарлар бионинженериясы; Молекулалық биологися және биохимия; Жалпы генетика және цитология) бар.

Биологиялық білімнің пайдаланылмайтын шарушылық саласы жоқ десе деболады. Биологияны білу – табиғи шикізат көзін үнемдеп пайдаланып, оны қорғауға көмектеседі.Биосферадағы тіршіліктің көптүрлілігін сақтаудағы қорықтар мен ұлттық саябақтардың маңызы айқындалады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап биологияда ірі теориялық пікірлер қалыптаса бастады. 1839 жылы неміс ғылымдары Т. Шванн және М. Шлейден жасушалық теорияны ұсынды.

І тарау. Организмдердің негізгі құрылымдық деңгейлері және Негзгі қасиеттері

1.Организмдердің негізгі құрылымдық деңгейлері

Жер бетінде, шамамен 3,5 млрд жыл бұрын, тіршіліктің молекулалық деңгейі болды. Мұхиттар мен теңіздердің жағалық аудандарында судың, құрлықтың, ауауның тоғысқан жерінде тұрақты органикалық заттар – қанттар, спирттер пайда болды.

Сонымен бірге нәруыздың және нуклин қышқылдарының концентрациясы жоғары ертінділерінен қоймалжың түйіршіктер пайда болды. Оларды коацерваттық тамшылар немесе коацерваттық деп атады. Сыртқы ортадағы ертіндіден коацерваттар заттарды сіңіруге қабілетті болды. Ішке өткен химиялық қосылыстар реакцияға түсіп, өзгеріске ұшырап, біразы сыртқы ортаға шығып отырды.

Коацерваттар әлі тірі организмдер емес еді. Олардың тек тірі организмдереге ұқсас өсу, зат алмасу сияқты қасиеттері болды. Сондықтан коацерваттар тіршіліктің бастапқы кезеңі болып саналды. Бұлардан біртіндеп біржасушалы сыртқы қабықшасы жоқ организмдер пайда болды.

Осындай пікірді 1871 жылы ағылшын ғылымы Ч. Дарвин де айтқан еді: Тірі организмдердің пайда болуына бұрынғы кездегі сияқты қазір же жағдай бар ғой деген пікір көп айтылады. Әрине, кішігірім тоғандағы жылы суда жарық, жылу, электр қуаты жеткілікті болғанда, аммоний мен фосфор тұздарынан химиялық әдіспен күрделене алатын одан да көп нәруыздар, нуклеин қышқылдары түзілер еді. Бірақ оларды қазіргі су организмдері сіңіріп, жеп қояды.

Тіршіліктің молекулалық деңгейі күрделі органикалық заттарды негізі ретінде қарастырады.

Жасушалық құрылым деңгейі. Тірі организмдердің барлығы жасушадан тұрады. Біржасушалы да организмдер бар. Жасушаларда тұқым қуалайтын ақпарат жүйесі қалыптасқан, жасуша өсіп – өнуге, көбеюге қабілетті.

Тіршіліктің көпжасушалы организмдік құрылым деңгейінде жасуша бірлік қызметін атқарады. Жасушалар бір – бірімен байланысты қызмет ететін жүйелерге, ұлпаларға, мүшелерге бірігеді. Көпжасушалы организмдердің жасушаларының бірлігі жасушааралық сұйықтық, гуморальдық және жүйке жүйелері арқылы реттеледі. Көп жасушалы организмдердің жасушаларының мамандануы, қызметінің жіктелуі көбеюге бейімділігін арттырады.

Популяциялық – түрлік деңгей - тіршіліктің организмнен жағары құрылым деңгйі. Белгілі бір ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдердің жиынтығы популяцияны (латынша populous – халық, ел) түзеді. Түрдің тарихи дамуы популяцияларда жүреді.

Келесі тіршіліктің биоценоздық құрылым деңгейін бірігей ортадағы әртүрлі популяциялардың жиынтығы түзеді.

Биосфералық деңгей – тіршіліктің ең жоғары деңгейі. Жер бетіндегі барлық биоценоздар бірігіп, тіршіліктің жоғары құрылым деңгейін – биосфераны (жер бетінің тіршілігі бар қабаты) түзеді. Бұл деңгейде тірі организмдер өзара және өлі табиғатпен тұрақты байланыста болып, біртұтас жүйе ретінде қарастырылады.

Биосфераның жоғары шекарасы стратосферада 23 км биіктікте болады. Бактериялар мен саңырауқұлақтардың спорлары кездеседі. Төменгі шекарасы жердің қабық қабатында 3,5 км тереңдікте болады.Анаэробты бактериялар тіршілік етеді.

Тірі организмдер құрылымдық деңгейі жоғарлаған сайын күрделеніп, жаңа сапалық белгілерге ие болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]