- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Биология және экология кафедрасы
- •Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен
- •1. Пәннің оқыту бағдарламасы – syllabus
- •2. Пән туралы мәліметтер
- •4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
- •5. Курстың мазмұны
- •Бірінші апта
- •1,2,3 Сөж тапсырмалары:
- •Екінші апта.
- •Үшінші апта
- •Төртінші апта
- •Жалпақ құрттар типінің ұйымдасу ерекшелігі және кластарының құрылысындағы ерекшеліктер
- •Бесінші апта
- •Жұмыр құрттардың биологиясындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
- •Таспа құрт түрлерінің құрылысындағы және биологиясындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
- •Алтыншы апта
- •Жетінші апта
- •Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын салыстырмалы талдау
- •Сегізінщі апта
- •7 Кесте
- •Оныншы апта
- •Онбірінші апта
- •Онекінші апта
- •Бунақденелілер өкілдерінің мұртша типтері
- •Онүшінші апта
- •Онтөртінші апта
- •Бунақтыденелілер мен буылтық құрттар құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
- •Он бесінші апта
- •Тікентерілілер кластарының салыстырмалы ерекшеліктері
1,2,3 Сөж тапсырмалары:
1.Зоология салалары. Зоолог-ғалымдар. Жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Зоологияның медицинамен , ауылшаруашылығымен т.б. ғылым салаларымен байланысы
2. Өсімдік және жануарлар клеткасының ұқсастығы мен айырмашылығын кестеге түсіру. Паразит формалардың жұғу жолдары, туғызатын аурулары және күрес жолдары. Қарапайымдылардың табиғаттағы, ғылымдағы, халық шаруашылығындағы маңызы
3. Жануарлардың жер шарында таралуы, табиғатта және адам өмірінде маңызы.
4.Оптикалық приборлар (микроскоп, лупа т.б.) құрылысы, жұмыс методикасын меңгеру, уақытша микропрепарат дайындау, тірі және фиксацияланған материалдармен, микропрепараттармен жұмыстанып дағдылану.
5.Сабақта қаралған обьектілердің суретін салу
Есеп беру түрі: Ауызша әңгімелесу, пікірлесу, тексеру, есеп беру.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Зоология ғылымы, зерттеу әдістері
2. Жануарладың көптүрлілігі және таралуы
3. Тіршілік орта
4. Жануарлардың тіршілік формасы
5. Жануарлардың қоректену тәсілі
6. Жануаралрадың маңызы және оларды қорғау жолдары
7. Жануарлар эволюциясы
8. Зоологияның даму тарихы
9. Жануарлар жүйесі
10. ҚР – дағы зоологиялық зерттеулер
Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Оптикалық приборлар, олардың түрлері және куту жолдары
2. Микро-, макропрепараттар; тұрақты және уақытша микропреператтар
3. Зоологиялық суретке қойылатын талаптар
4. Саркомастигофораларға тән белгілер
5. Саркодылардың құрылысы, тіршілік әрекеті
6. Жануарлар эволюциясында талшықтылардың ролі
7. Талшықтылардың құрылысындағы прогрессивті белгілер
8. Талшықтылардың қоректену тәсілі
Ұсынылған негізгі әдебиеттер тізімі:
Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 26 - 75 б.
Байдулова Л.А.,Болатова Қ.Б.«Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2012. 4-14 б
Болатова Қ.Б. , Байдулова Л.А., Электронды оқулық «Омыртқасыздар зоологиясы» Орал 2007
Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1969 4-24 б.
Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 32-98 б.
Қосымша:
Вестхайде В., Ригер Р. Зоология беспозвоночных. От простейших до моллюсков до арт ропод. Т.І, М.,2008г
Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 22-97 б.
Шалапенок Е.С., Буга С.В. Практикум по зоологии беспозвоночных. Минск, 2002. С. 272
Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985 4-27 б.
Екінші апта.
№3,4 дәрістің тақырыбы: Жануарлар дүниесі – Zoa. Бір жасушалы жануарлар дүние тармағы – Protozoa
Терминдер мен анықтамалар: органоид, вакуоль, жалған аяқ, талшық, кірпікшелер, жиырылғыш талшық – мионемдер, циста, гамета, зигота, автотрофтар, гетеротрофтар, миксотрофтар, агамогонія, пелликула, гомогония, симбионттар, паразиттер, макро- және микронуклеус, коньюгация, бентос, планктон, биоиндикация.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Бір жасушалы организмдер - қарапайымдылардың ұйымдасу ерекшелігі.
2. Қарапайымдылардың биологиясы
3. Қарапайымдыларды жүйелеу принципі және классификациясы
4. . Қарапайымдылардың таралуы және экологиялық топтары.
5. Филогениясы
№2 зертханалық сабақтың тақырыбы: Кірпікшелілер (Ciliaphora) және Апикомплекстер (Apicomplexa) типтерінің негізгі өкілдерінің құрылыс ерекшелігі, биологиясы.
Зертханалық сабақтың мазмұны :
1. Қарапайымдылар тұнбасынан дайындалған уақытша препараттан және дайын микропрепараттан кебісшенің микроскоп арқылы құрылысын анықтап, қозғалысын бақылау.
2. Споралылардың (грегарина, кокцидий, т.б. өкілдер) тіршілік әрекетіне орай құрылыс ерекшелегімен танысу.
Әдістемелік нұсқау:
1. Қарапайымдылар тұнбасынан дайындалған уақытша препараттан және дайын микропрепараттан кебісшенің микроскоп арқылы құрылысын анықтап, қозғалысын бақылау.
2. Споралылар класының (грегарина, кокцидий, т.б. өкілдер) тіршілік әрекетіне орай құрылыс ерекшелегімен, тіршілік циклімен танысу.
1) Тең кірпікшелі инфузория класс тармағы – Homotricha
Кірпікшелі кебісше – Paramecium caudatum .
Инфузория тұнбасынан дайындалған уақытша препараттың ( суын сорғыш қағазбен сорып) кебісшенің дене пішінін, құрылысын анықтап, қозғалысын, қоректенуін және зәр шығару вакуольдерінің жұмысын бақылау, суретін салу.
2). Грегаринаның құрылысы, даму циклі
Споралылар классы – Sporozoa
Грегарина – Gregarina sp.
Жауын құртының жыныс без (ұн қоңызының , ішек сұйықтығы) сұйықтығынан уақытша препарат дайындап микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы (дайын микропрепарат) грегаринаның сыртқы құрылысымен дене бөліктерін танып-білу, суретін салу.
Оқулықтан, сызба-кестеден грегаринаның даму циклін зерттеп, меңгеру.
Лабораториялық жұмыс ОЖСӨЖ жалғасады.
Жұмысты қортындылау
4,5,6 - СОӨЖ тақырыбы: Біржасушалы жануарлардың көбею және даму циклдері. Қарапайымдылардың классификациясы, тіршілік ортасы, экологиясы.
Тапсырмалар:
1.Қарапайымдылардың көбею жолдары, даму циклдері.
2.Паразит формалардың (трипоносома, опалина ) құрылыс ерекшелігі, даму циклі. 3.Споровиктердің даму циклі, жұғу жолдары және кебісшенің көбею жолдары
4.Қарапайымдылардың классификациясы. Қарапайымдылардың тіршілік ортасы, таралуы, экологиясы, филогениясы.
Әдістемелік нұсқау:
Көрсетілген оқулықтардан жалған аяқтылар, талшықтылар кластарының негізгі өкілдерінің көбею жолдары, тіршілік циклі, паразитті тіршілік ететін түрлердің құрылыс ерекшеліктері, даму циклі туралы конспект құрастыру.
Кокцидияның, грегаринаның, қан споробиктері (безгек плазмодиясы) даму циклі, иесіне жұғу жолдары және кебісшенің көбею жолдарын оқып, сипаттап жазу, суретін салу. Төменде берілген кестені толтыру.
1 кесте
Споралылар класының үш өкілінің тіршілік цикліндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Тіршілік цикл ерекшеліктері
|
Грегариндер |
Кокцидиялар |
Қан споралылар |
Паразиттің иесіндегі локамизациясы |
|
|
|
Жұғу жолдары |
|
|
|
Даму кезеңіндегі иелер саны |
|
|
|
Ұрықтың (зиготаның) локамизациясы |
|
|
|
Споробласт және спораның пайда болатын орны |
|
|
|
Спорозоиттардың пайда болатын орны |
|
|
|
Негізгі ие |
|
|
|
Көбею формаларының кезектесуі |
|
|
|
Қарапайымдылардың қазіргі заман систематикасын оқулықтардан анықтап, дәптерге түсіру. Олардың тіршілік ортасын, қолайсыз жағдайға бейімділіктерін, экологиялық топтарын, филогениясын сипаттап жазу.
4,5,6-СӨЖ мазмұны: Қарапайымдылардың ашылу тарихы. Әртүрлі тіршілік ортаға адаптациясы. Қарапайымдылар көптүрлілігі. Паразит формалардың жұғу жолдары, туғызатын аурулары және күрес жолдары. Қарапайымдылардың табиғаттағы, ғылымдағы, халық шаруашылығындағы маңызы.
Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Protozoa - біржасушалы эукариоттар, олардың құрылысының прокориоттан айырмашылығы
Protozoa-ның әртрлі қызмет атқаратын органеллелар типі
Қозғалыс органеллалары және қозғалыс типі
Қарапайымдылардың қоректену тәсілі және оректену органеллалары
Экожүйеде қоректену тізбегіндегі қарапайымдылардың рөлі
Қарапайымдылардың көбеюі және тіршілік циклдері
Қарапайымдылар типтерінің өзара филогенетикалық байланысы
Қарапайымдылардың экологиялық радиациясы
Адамда және жануарларда қарапайымдылар туғызатын аурулар, оларды алдын-алу жолдары
Адамның шаруашылық іс-әрекеттерде қарапайымдыларды пайдалануы
Қарапайымдылар- шөгінді жыныстар түзу және мұнай қабаттарының индикаторы
Қарапайымдылар- биоиндикаторлар
Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды сұрақтар:
1. Споралылардың тіршілік әрекеті
2. Паразитті тіршілікке байланысты споралылардың қоректену және құрылысындағы ерекшеліктер.
3. Споралылардың даму циклі, жұғу жолдары.
4. Жоғары сатыда ұйымдасқан қарапайым – инфузориялардың құрылыс ерекшелігі.
5. Инфузория типіндегі эволюция бағыттары.
6. Қарапайымдылардың қозғалыс органеллалары, тіршілік ортасы.
Негізгі әдебиеттер:
Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2012 14-23 бет
Болатова Қ.Б. , Байдулова Л.А., Электронды оқулық «Омыртқасыздар зоологиясы» Орал 2007
Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 24 - 75 б.
Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 32-98 б.
Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1969 24-52 б.
Қосымша:
Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 22-97 б.
Вестхайде В., Ригер Р. Зоология беспозвоночных. От простейших до моллюсков до арт ропод. Т.І, М.,2008г
Шалапенок Е.С., Буга С.В. Практикум по зоологии беспозвоночных. Минск, 2002. С. 272
Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985 29-46 б.
