- •Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
- •І. Пәннің мазмұны
- •Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Іі. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •IV. Практикалық сабақтардың мазмұны
- •V. Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •VI. Білім алушының өзіндік жұмысы
- •VII. Аралық бақылаулар мен емтихан сұрақтары:
- •VIII. Midterm сұрақтары:
- •IX. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
«Бекітілді»
Гуманитарлық бағыт бойынша
академиялық кеңесінде қаралған
№ « ______ » ________________ 201___ж.
Факультет деканы ____________ С.Т.Тайман
Силлабус (жұмыс оқу бағдарламасы)
Модуль20:«Қазіргі журналистика жанрлары»
|
|
ZhMM3302 ЖАРНАМА ЖӘНЕ МАСС МЕДИА
|
|
Мамандығы |
5В050400-журналистика
|
Курс, семестр (күзгі немесе көктемгі) |
ІІІ курс, 6 семестр (күндізгі)
|
Оқыту тілі |
Қазақ
|
Кредит саны |
3
|
Пән статусы (міндетті, таңдау) |
Таңдау
|
Лектор, зертханалық сабақты беретін оқытушы
|
Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы, баспа ісінің магистрі., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87018610875), e-mail: asyakuz.abdrazakova_75@mail.ru, каб. 204. 1-оқу ғимараты.
|
Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана |
№1 оқу ғимараты, 306, 115 дәрісханалар |
|
|
Силлабусты дайындаған: А.Қ.Әбдіразақова
Силлабус Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ___ «__»___________ 2017 жыл.
Кафедра меңгерушісі: Ғ.Ә.Тұяқбаев
бойынша академиялық кеңесі ұсынған
Силлабус Филология, тарих және құқық факультетінің гуманитарлық мамандықтар бағыты бойынша Академиялық кеңесі мәжілісінде қаралып, бекітілді.
Хаттама № ____ «__»___________ 2017 жыл.
Комитет төрағасы: ________________________________
Пәннің мақсаты мен міндеттері |
Мақсаты: Ұлттық жарнама тарихы, даму жолдары, безендірілу сырлары мен мән-маңызын ашып, жасалу технологиясы, тілдік, стильдік ерекшеліктерін оқытатын бұл курс журналистика мамандығы бойынша білім алатын студенттерге осы мамандықтың қыр-сырын игеріп шығу үшін, кең ауқымды білім беруге арналған. Жарнаманың әдіс-тәсілдерін меңгерте отырып, бұқаралық ақпараттық процестердің ауқымды жүйесіндегі жарнаманың орны, рөлі мен маңызы туралы және ҚР Жарнама туралы заңымен таныстырады. |
Міндеттері: Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарға сай болады: -Жарнама саласының негізгі ұғымдарымен танысады; -Жарнаманың теориясы мен тәжірибесін меңгеріп, бақ-тағы жарнаманың рөлін бағамдай алады;; -Отандық жарнама технологиясының тәжірибесін пайдалану студенттердің жарнаманың табиғатын, оның жан-жақты қырлары мен болашағын жете түсінуіне мүмкіндік береді; -Жекелеген өнім түрлерін жарнамалау ерекшеліктерін үйренеді; -Жөнсіз, жосықсыз жарнама түрлерін ажыратып, жөнсіз жарнаманы теріске шығаруды үйренеді; -Жарнамадағы авторлық құқық мәселесімен танысады. |
Пәннің құзыреттілігі (оқыту нәтижелері): журналистика саласындағы жарнама заңдармен таныс болу арқылы жарнама саласын меңгеріп, жарнама агенті атқаратын міндеттерді меңгеру мәселелерінде құзыретті болу керек. |
Пәннің пререквизиттері: «Қазақ журналистикасының тарихы», «Мамандану пәні», «Журналист шеберлігі», «Публицистика негіздері», «Журналистикаға кіріспе және бұқаралық ақпарат құралдары» |
Постреквизиттер: «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі», «Стилистика және редакциялау», «Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары» |
