Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тырысқақ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.33 Кб
Скачать

Тырысқақ

Тырысқақ – өте қауіпті жұқпалы ішек ауруы. Ол адамды асқазан-ішек инфекциясының ауыр түріне шалдықтырады, өте тез тарайды, сондықтан бұл ауру өте карантинді індеттердің қатарына жатады.

Қазақстанмен тығыз қарым-қатнастағы Азияның оңтүстік шығыстағы мемекеттер Пәкістан, Үндістан, Түркия, Қытай, Иран, Ауғанистан, Индонезия, Бангладеш және т. б. Елдер тырысқақ жөнінен қолайсыз аймақ болып саналады.

Аурудың қоздырғышы – тырысқақ вибрионы, ұсақ, иілген, суда көп уақыт сақталады. Азиядан келген түрі адамға өте қаупты бізде жеңіл түрі (Эль-Тор) және тағы басқа түрлері кезігеді. Вибриондар кепкенде, күн сәулесі түскенде, қайнатқанда тез өледі.

Аурудың тарау жолдары: ластанған жерлердегі қоздырғыштар шыбын-шіркейер және өзге де жолдар арқылы суға, азық-түліктерге таралады. Сау адамдарға ластанған су немесе азық-түліктер арқылы жұғады. Кейде кір қол арқылы, қол алып амандасқанда, олар ауру пайдаланған заттарды қолданғанда жұғады.

Аурудың бастапқы инкубациялық, яғни жасырын кезеңі бірнеше сағаттан бес күнге дейін созылады. Вибриондар ауыз арқылы түседі, жартысы асқазанда өледі, қалғандары тоқ ішекке барып өсіп-өнеді де өте улы экзотоксин шығарады бұл у бүкіл ағзаға тарайды, адамды уландырады.

Тырысқақтың белгілері: ішек қызметінің бұзыуы салдарынан жүрегі айныйды ол лоқсып құсады, іші жиі-жиі өтеді, ауыр түрге айналса күніне 20-30 ретке дейін, дәреттің түрі ірімтік-ірімтік, күріштің жұған суы сияқты болады. Осының салдарынан сырқат су және иондар жоғалтады, ауыр түрімен ауырған адамдар 20-30 % дейін салмағын жоғалтады. Аурған адамның халі өте нашар: денесі сүп-сүр, суық тер жауып тұрады, денесінің температурасы 34-35 градусқа дейін төмендейді, көзі үңірейіп ішіне кіріп кетеді, терісі қатпарланып, жиырылады, қалшырайды, тырысады, қан қысымы төмендейді, дауысы әзер шығады, кейде дауысы жоғалады (афония), егер адамды дер кезінде емдемесе ол мерт болады.

Тырысқақтың емдеуі: ауру адам оқшауланады, емханада емделеді – антибиотиктер (левомицетин, стрептомицин, тетрациклин және бактерофагтар, сульфаниламидтер) беріледі. Көк тамырға ертінділер (дисоль, трисоль, Рингер ертіндісі, глюкоза және т. б.) жіберіледі.

Алдын алуы: адамдар егіледі, ошақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, карантин жарияланады. Шет елден келген адамдар, тамақ өнімдері бақлауға алынады.

Тырысқақ[өңдеу]

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тырысқақ

Цлассіфіцатіон анд ехтернал ресоұрцес

Сцаннінг елецтрон міцросцопе імаге оф Вібріо цһолерае

ЫЦД-10

А00.

ЫЦД-9

001

ДісеасесДБ

29089

МедлінеПлұс

000303

еМедіціне

мед/351

МеСҺ

Д002771

Тырысқақ (лат. цһолера) – антропонозды жіті ішек жұқпасы, Халықаралық медициналық – санитарлық ережелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады. Жұқпа таралуының жалғыз көзі – ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш. Мұндай жұғу жолы – ауыз – нәжістік деп аталады. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Қоздырғыш суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады.

Вібріо цһолерае бактериялары ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық, ауырсындырмайтын, жиі іш өтуге әкелетін токсин бөледі. Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі. Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағза сусызданып, адам өліп кетуі де мүмкін.

Тырысқақтың жасырын мерзімі қысқа – бір күннен бес күнге дейін.

Ауру таралуының негізгі себебі қауіпсіз судың тапшылығы не жоқтығы, санитариялық құралдардың болмауы, бұған қоса, қоршаған ортаның нашар жағдайы, жеке бас гигиенасының сақталмауы болып табылады.

Тырысқақ өте жұқпалы, және оған балалар да, ересектер де шалдығады. Басқа ішек ауруларынан ерекшелігі ол бірнеше сағат ішінде дені сау ересек адамның өзін өлімге душар етеді. Иммунитеті төмен тұлғалар, дұрыс тамақтанбайтын балаларға және АҚТҚ жұқпасына шалдыққан адамдарға тырысқақ жұққанда өлім қаупі өте жоғары. Емдеу жасалмаса, өлім коэффициенті 30-50 пайызға дейін жетеді.

Медициналық көмекке дер кезінде жүгінсе, және емдеу дұрыс жүргізілсе, аурудың соңы, көп жағдайда сауығумен аяқталады.

Әлемдегі жағдай[өңдеу]

Көптеген елдерде тырысқақ адамдардың денсаулығына төнген қауіп болып отыр. 2010 жылғы шілде айының басына жер шарында тырысқақтың 9655 жағдайы тіркелген. Тырысқақтың бұрқ етуінің ең жоғарғы қаупі көшпелі қоғамдарда және қашқындар лагерлерінде сақталуда, көп жағдайда, себеп - санитария деңгейінің төмен болуы және қауіпті ауыз судың жоқтығы. Сіз баруға жоспарлаған елде тырысқақ ауруы бойынша жағдай туралы ақпаратты алу үшін денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына баруға болады. ДДҰ мәліметтері бойынша 2010 жылғы 30 маусымға дейінгі жағдай бойынша келесі елдерде тырысқақ тіреклген:

  • Африка: Ангола, Замбия, Зимбабве, Кения, Мозамбик, Нигерия, Судан, Уганда, Ангола;

  • Азия: Бангладеш, Вьетнам, Гонконг, Индия, Камбоджа, Республика Корея, Папуа-Новая Гвинея, Тайланд.

Тырысқақтың алдын алу іс-шаралары:[өңдеу]

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктерінде тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген тұлғаларға санитарлық-карантиндік бақылау қамтамасыз етілген, аймаққа АҚЖ әкелінуін мүлдем болдырмау мүмкін емес, себебі, аурудың жұққаннан кейін, бірнеше сағаттан немесе 7 күнге дейін белгілері білінбеуіі мүмкін. Дәл осы уақытта адам шекарадан өтіп кетуі мүмкін, және елдімекенге келгеннен кейін, біраз уақыт өткен соң аурушаңдықтың белгілері шыға бастайды. Осы уақытта дер кезінде диагноз қойылу және ем алу үшін медициналық көмекке жүгіну қажет, тек осының нәтижесінде дерттен сауығуға және басқа адамдарға жұқтырмауға болады.

Жіті ішек аурулары мен тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына орай, тырысқақтың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында облыста келесі алдын алу іс-шаралары жасалуда:

  • эпидемиологиялық (жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі,

  • емдеу–алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген,

  • арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен,, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады,

  • этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі,

  • халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.

Жеке қорғаныс шаралары:[өңдеу]

Аурушаңдықтың қаупі жоғары аудандарда тұратын немесе сапарға шығатын адамдар өздерін жіті ішек ауруларынан, соның ішінде тырысқақтан гигиена мен тамақты дұрыс дайындаудың мына ережелерін орындай отырып, сақтана алады:

  • Қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында.

  • Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз. Ыстық шай не кофе, шарап, сыра, газдалған су немесе алкогольсіз сусындар, және бөтелкедегі не пакеттегі жеміс шырындары сияқты сусындар әдетте қауіпсіз саналады.

  • Егер қауіпсіз судан жасалғанына күмәніңіз болса, мұзды пайдаланудан бас тартыңыз.

  • Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз (қайнатылған, пісірілген/қуырылған, ыстық сумен жуылған (жеміс, көкеніс) немесе қабығынан аршылған, т.б.).Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.

  • Алдын ала дайындалған тамақты жақсылап ысытыңыз.

  • Пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнатыңыз.

  • Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз, шұғыл арада медицианлық көмекке жүгініңіз. Медициналық көмекті күтіп отырғанда, қайнатылған су немесе тәтті емес, мысалы, сорпа ішкен жөн.

Холера ауруы. Холера қоздырғышы. Тырысқ жайлы қазақша ұғым

Холера (тырысқақ)Vibrio cholerae қоздырғышымен шақырылатын, экзотоксиннің әсерінен сулы-электролитті диареямен және оның нәтижесінде туатын  сусыздану синдромымен жедел өтетін аса қауіпті ішек антропонозды инфекциясы.

Холера жайлы тарихи мәліметтер

1817 ж-ға дейін холера тек қана Оңтүстік-шығыс Азияда, көбінесе Индияда тараған ауру болған. 1817-1936 жж — Азияттық холераның 6 пандемиясы өтті. 1961 жылдан бері — 7-ші пандемия. Қазіргі күнде холера 40-тан астам мемлекеттерде тіркелген. Жыл сайын дүние жүзінде холерамен 300-500 мың адам ауырады, өлім көрсеткіші 1-4%. Қазақстанда холера жан-жақтан әкелінген бірен-саран оқиғалармен көрінеді.

Этиологиясы: қоздырғышы  Vibrio cholerae

  1. Vibrio cholerae classica- азиаттық классикалық холераның қоздырғышы

  2. Vibrio cholerae Эль-Тор — Эль-Тор холераның қоздырғышы

Вибриондар: өте қозғалмалы, үтір түрде иілген, грамм теріс  қысқа  таяқшалар. Аэроб, оптимальды  температурада (37˚С), сілтілі ортада жақсы өседі. Сыртқы ортаның температурасы 17 ˚С-тан жоғары, су көздерінде өте төзімді. Антигендік құрамы: О- соматикалық антиген, Н- жіпшелік антиген. Антигендік қасиеті бойынша О1 серотопқа кіреді.О1 антиген — А,В,С компонеттерінен құрастырылады.

Келесі серотоптарға бөлінеді:

  1. Инаба (АС)

  2. Огава (АВ)

  3. Гикошима (АВС)

Холера вибрионы  3 токсикалық зат бөледі:   

  1. Эндотоксин – иммуногенді әсер

  2. Экзотоксин-холероген – диареямен сусызданудың негізгі себебі

  3. Өткізгіштік факторы — жасуша мембраналарымен тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатады.

Тырысқақ эпидемиологиясы: Антропоноз. Аса кауіпті инфекциялар қатарына кіреді.

Инфекция көздері:

  1. Холераның типті және атипті түрлерімен ауыратын адамдар (1 гр нәжіспен 107- 109 микроб бөліп шығарады)

  2. Вибрион тасымалдаушылар (сау, транзиторлы, реконвалесценттер) -(1 гр нәжіспен 102- 105 микроб бөліп шығарады)

Классикалық холерада инфекция көзі — көбінесе типті түрімен науқастанған адамдар.

Эль-Тор холерада инфекция көзі – көбінесе атипті түрімен науқастанған адамдар және тасымалдаушылар.

Таралу механизмі: нәжіс-ауыз (фекальді -оральді) арқылы

Таралу жолдары:

  • су арқылы (көбінесе)

  • алиментарлы

  • тұрмыстық қатынас арқылы

Loading...

Адамдардың инфекцияны қабылдау мүмкіншілігі өте жоғары – 100% -ке дейін. Эндемиялық ошақтарда көбінесе балалар мен қарт адамдар  ауырады.

Тырысқақ (холера) патогенезі

Холера вибриондары асқазаннан өтіп, ащы ішектің қуысына түседі. Энтероциттерге жабысып – адгезия-шырыш қабаттарында 12-24 сағаттың ішінде көбейеді (колонизацияланады), токсикалық заттарды бөледі. Патогенездің негізгі факторы экзотоксин (диареяның себебі). Экзотоксин энтероциттердің ішіне өтіп, аденилциклазаны белсендендіреді, цАМФ шығуын көбейтеді,  ішек сөлінің секрециясын күрт жоғарлатады (гиперсекреторлы процесс туады, 1  сағатта 1 литр суйықтық өндіреді). 1 литр сүйықтықпен организмнен 5,0г NaCl, 4,0г натрий гидрокарбонаты, 1,0г КСІ сыртқа шығады.

Диареяның түрі – сулы-электролитті. Ол сусыздану, деминерализацияны туғызады. Нәтижесінде гиповолемия (абсолюттік), микроциркуляцияның бұзылыстары, тканьды гипоксия, ацидоз, метаболиялық бұзылыстар туады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]