Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЖы Ару .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Мәміле түрлері

Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:

мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;

әр тарап Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет;

мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек;

мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемл. тіркеуден өтуі қажет.

Мәміленің ақылы, ақысыз, мерзімді және мерзімсіз түрлері болады. Кейде Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер қандай да бір алдын ала келісілген оқиға болған кезде туындайды, ал оқиғаның болуы-болмауы екі ұшты мәселе. Яғни келісілген құқықтар мен міндеттердің жүзеге асуы оқиғаның болуына тікелей тәуелді болса, мұны шартты Мәміле деп атайды.

Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.

Мәміле— бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.

Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз — жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ — мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.

Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.

Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы: шартты жасау еркіндігі;

шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды. Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін

Шарттарды жіктеудің маңызы өте зор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты және консенсуалды болып екіге бөлінеді.

Консенсуалды. Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Сату және сатып алу, мүлікті жалға алу, т.б.)

Реалды шарт. Реалды шарт бойынша шартты жасасудың негізі—мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды есептеледі. (Мысалы, несие шарты.)

Сонымен, мәміле дегеніміз — тараптардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттері. Екі жақты немесе көп жақты жасалған мәміле шарт деп аталады.

Шарттың барлық тараптары шартты жасауға немесе жасамауға шарттың мен жайларын анықтауға ерікті. Бұл шарт жасау еркіндігі деп аталады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақша, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүлктік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті , абырой , игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Мәмленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жеде мәміле жасаушыларың еркі тараптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Бұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін. заңдармен немесе келісіммен жазбаша немесе өзге белгілері бар нысан белгіленбеген мәміле, атап айтқанда, олар жасалған мкезде атқарылған мәмілердің бәрі ауызша жасалуы мүмкін. ауызша мәміле адамның мінез құлқынан оның мәміле жасау еркі көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

Жазбаша мәмілелер 1) егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттерден басқа, кәсіркерлік қызметүрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында; 2) мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүзесептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс, 3) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуы тиіс

Егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жаслаған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюға иіс. Егер заңдарға немесе мәмілеге қатысушылардың бірінің талаптарына қайшы келмесе, мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерлік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың клісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азаат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сонрдай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерді көрсете отырып, куәландыруға тиіс.

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы. Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарапт ың да осындай құқығы бар. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша ауызша жасалуы мүмкін.

Мәміле адамның мінез-құлқынан оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Сонда, адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын, мәміле жасайын деген нетінің байқалып тұруы арқылы мәміленің жсалуы конклюдетті мәміле деп аталады. Мысалы, банкоматта карточканы салып ақша алу, көшеде телефон –автоматқа карта салып сөйлесу, қоғамдық көлік кіргенде жол ақысын төлеп билет алу сияқты әрекеттерлі жатқызуға болады.

Үндемеу , заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасасуға ерік білдіру деп танылады.

Азаматтық құқық саласында мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Мысалы, мәміле жасауға араласатын тараптардың санына байланысты бір жақты, екі жақты, көп жақты деген мәмілелердің түрлерін көрсетуге болады.

Заңнамалар мен тарпатардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе басқа жақтардың келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өщіне берілген белгілі бір құқықтың бас тартуы, берілген сенімзхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т.б. жатқызуға болады.

Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі жақты мәміле деп аталады. Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты мәміле деп аталады. Қазіргі кезде екі одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім шарт деп аталады.

Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мәміле делінді. Керісінше болса ақысыз мәміле.