Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала марк 2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
760.32 Кб
Скачать

14 Дәріс. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг

1. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг мәні

2. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг талаптары

3. ҚР-да өнеркәсіп саласындағы маркетингтің ерекшеліктері

Экономикалық реформаларды тереңдету барысында шетелдердің инвестицияларын халық шаруашылығын өркендетуге тарту ұлттық өнімдердің көбеюімен бірге, елімізде маркетинг кешенінің әдістерін пайдалануға жол ашты.

Қазір реформаның стратегиялык мақсаттары белгілі-бір дәрежеге жетіп, макроэкономикалық тұрақтануға қол жетті. Экономикада айтарлықтай оңды құрамдық өзгерістер пайда болды. Ең бастысы, реформаның бірінші кезеңі, ұзаққа созылып, аса қиындыққа түссе де, рыноктық экономикаға көшу процесі кері айналмайтын күйге жетті.

Дүние жүзінде, әсіресе басқа елдерден әлдеқайда кеш басталған біздің елдегі нарықтық қатынаста маркетинг бірден басталған жоқ. Ол менеджерлердің көп жылғы бірте-бірте дамыған көзқарастары мен мақсаттарын, міндеттерінің өнеркәсіп пен сауданы өрістету әдістерінің нәтижелерінен туындаған. Маркетинг тұжырымдасының қалыптасуына қоғамның ғылыми-техникалық прогресі үлкен ықпал жасап, ал ол тауар түрлерінің көбеюін, олардың жаңартылуының жоғары қарқынды болуын жүзеге асырып, өндірісті басқарудың және маркетинг тиімділігін қамтамасыз етеді. Нарықтық қатынас жағдайында өндірісті басқаруды ұйымдастыру өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтті. Халықаралық маркетинг экспорттық қызметте басталып, келесі кезеңде жекеленген шетелдерде жалғасты; бұрынғы кәсіпорындарға өте ұқсас фирмалар, филиалдар, бөлімшелер құрыла бастады. Әрі қарай филиалдары бар корпорациялар дүние жүзіне таралып, бір елде штаб- пәтерлерін орналастырды. Ең бастысы маркетинг келешекте материалдық бағалы заттар, жұмысшы күші және капитал бүтіндей ауыстырылатынын болжайды. Ең бастысы маркетинг құруды өрістету барысында қазір интеграция, Еуразияда біріңғай ынтымақтастықтар құрылуда. Міне, осы нарық жағдайындағы басқарудың тұжырымдамасын «маркетинг» деп атайды. Қазіргі кәсіпкерлер маркетинг тұжырымдамаларын оқып үйренумен бірге оны пайдалана білуінің де маңызы зор.

Маркетингті әркім әрқалай түсіндіреді, ал шын мәнінде маркет деген- рынок (өнімді, затты сататын жер). Ал оған әртүрлі анықтама берілу себебі өндіріс үрдісінде (өнімді шығару, жасау кезінде), өнім өткізуде, жарнамада, техникалық қызметте, тағы басқа жағдайларда шешілетін мәселелерге байланысты. Сондықтан мамандар маркетинг деген терминге екі мағынаны қосады. Оның бірі — басқару күші мен шеңбері, екіншісі- нарықтық қатынас жағдайындағы басқарудың мақсатты тұжырымдамасы. Мұны ғалымдар пайдалы істер философиясы дейді. Егер зер салып, маркетингтің негізгі мәнін түсінгіміз келсе, оны басқару күші мен шеңберінің ерекше екенін байқаймыз өз өніміне сатушы делдал іздейді, яғни барлық компаниялар маркетингтің міндеттерін атқарады, бірақ бұл маркетинг философиясын басшылыққа алады деген сөз емес.

Пайдалы іс философиясы тұрғысынан алғанда маркетинг міндеттері компанияның демократиялық процесі ретінде қаралып, тұтынушының өзіне қажетті ақшамен «дауыс» беруін талап етеді. Бұл сұраным ерекшелігін зерттеп, оны мүмкіндігінше толық қанағаттандырудың алдына міндет етіп қойған компанияның табысын да анықтайды. өндірістік шығындар азайған кезде стандартқа сай келмейтін, өндірістік бағдарламадан шығарылып тасталған, бірақ тұтынушыларға қажетті дүниелер есебінен өнім шығарудың қалыпты көлемін қамтамасыз етуге болмайды. Бұл маркетинг талабына қайшы келеді.

Маркетингтік іс тауарлардың өтімділігін қамтамасыз етумен айналысатындықтан ол нарықтық қызметтен де ауқымды болып келеді. Оның көмегімен сатып алушының талабы орындалады. Маркетинг — екі жақты процесс, бірі — сатып алушының қажеті жөнінде хабарларды түсіру болса, екіншісі — өнім өндірушінің тауарлар ұсыну қызметін көрсетудің шараларын жасайды. Маркетинг тұтынушы мен өнім шығарушының               (компанияның, фирманың) байланысына негізделген. Сонымен маркетипг дегеніміз жоспарлау және бұйымдар мен қызмет жасауды, баға саясатын, алушыларға тауарларды өткеру істерін басқаратын процесс. Сондай ұйымдастырушылық іске үйрену жеке кәсіпкерлердің де, ұйымдардың да қажеттерін өтейді.

Маркетингтің мынадай талаптары бар:

1. Шаруашылық істерді атқарудың шешімдерін қабылдау кезінде нарық талаптарына сәйкес қажеттілікті, жағдайларды және сұраныстарды мұқият есепке алу керек. Тұтынушылар кейбір кездері өздерінің не керек екенін білмейді, тек өз проблемаларының қайтсе жақсы нәтижеге жететінін ойлайды.

2. Нарық талабы ұзақ мерзімді, келешегіне өндірістің қалыпты ынғайласатын жағдайларын жасау. Бұл арада мынаны ескерген жөн- маркетигтің қазіргі тұжырымдамасы / кәсіпорынның не мекеменің қызметі тұтынушылар сұранымын және оның келешекте өзгеретіні білуге негізделген. Оның максаттарының бірі-сатып алушылардың қанағаттанбаған сұраныстарын анықтап, өндірісті соған қарай ыңғайлап,қалыпқа келтіру. Маркетингтің төл- міндеті шын мәнінде соған бағыттау болып табылады. Маркетинг жүйесі тауар өндіруді сұраным түрлеріне байланысты етіп, тұтыным мөлшеріне қарай жасауды талап етеді. Оның тұжырымдарын жүзеге асырғанда өндіріс орталығынан қабылданған шешімдердің орындалуы нарықтық буынға барып ұштасады. Маркетинггік қызметі тек қана нарықтық қатынастың ойластыру орталығы емес, сонымен бірге кәсіпорынның өндірістік, ғылыми-техникалық және қаржылық саясатының қайнар бұлағы болады. Маркетингтік бағдарламаларды ойластырып жасау кезінде сұранымның өсетінін, іскерлік болжамдарды мұқият талдау негізінде тауар түрлерін көбейтудің не азайтудың қажеттілігі, келешекте өндіріске пайдалылығы жөніндегі мәселелер ескеріліп шешілуі керек.

3. Маркетинг істерінің негізгі талаптарының бірі-нарыққа, сатып алушыға қолда бар барлық кұралдармен, ең алдымен жарнамалармен ықпал ету. Бұл істер біздің Қазақстанда кеңінен өрістей қойған жоқ, әйтсе де маркетингтің талаптарын түсініп, өз істерінде қолданып жүргендер көріне бастады. Олар қазір бәсекелесіп, тұтынушыларды өзіне тартуға және олардың қажетін қанағаттандыруға тырысады. Бұл — оң құбылыс. Сондықтан олар да маркетингтің тағы бір ерекшелігі болып отыр.

Маркетингтік қызмет соңғы жылдары республикамызда өте қарқынды дамып, өз орнын дұрыс табуда. Бәрін де бәсеке анықтайтындықтан қазіргі уақытта «өндіріс» ұғымы «нарық» ұғымына орын босатты.

Тауар сату саясатын жасаған және жүргізген кезде бір өнімнің әртүрлі тіршілік сатысында болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Көптеген компаниялар, фирмалар түрлі өнімдер сатады, олардың да тіршілік кезеңінің әртүрлі сатысында болғаны дұрыс. Бір өнімнің саудасы нашар, зиянды болғанда, екінші өнім саудасы жақсы, табысты болып, компания, фирма істерінің оңға басуына ықпал жасайды. Уақыт кезеңінде бірінші өнімді ендіріске енгізу, екіншісі толықтыру, үшіншісі күрт қайту сатыларында болады. Сол үшінші сатыда өнімді сатудан түскен табыс екінші сатыдағы өнім жасауды қаржыландыруға, сол кезде екінші сатыдағы өнім табысы мол тауарды жасауға көмектеседі. Егер компания, фирма, кәсіпорын сатылу көлемін ұзақ мерзімде өсіруді мақсат етсе, ара-күдік үзілісті уақытпен нарыққа шығаратын жаңа енімдер жасауды, өндіріске енгізуі қажет.

Әрбір жаңа өнімнің сатылуының үлкен көлемін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өнімдерді сатудан түскен табыс есебінен ресурстарды көптеп жұмсау қажет. Мұндай жағдайда тіршілік кезеңінде сатыдағы өнімдерді теңестіріп реттеу керек, әсіресе ақырғы жағдайға әсер ететін және тіршілік кезеңінің соңғы, сатысында болса да табыс келтіретін заттарды ең алдымен ескеру керек.

15 дәріс. Агромаркетинг

1. АӨК кәсіпкерлік қызметті дамытуда маркетингтің рөлі

2. АӨК тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті қолдану

3. Маркетингтік қызметті жетілдірудің стратегиялық бағыттары

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының дамуында маңыздылығы жоғары, негізгі салаларының бірі. Ол халықты азық–түлік өнімдерімен қамтамсыз етеді. Ауыл шаруашылығының даму деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығында қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, халықтың жартысынан астамының әлеуметтік жағдайы ауылдық аймақтарымен тығыз байланысты.

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті тиімді дамыту, нарықтық механизмді игеру, нарықтағы баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, мемлекеттік реттеу заңдылықтарын меңгеруге байланысты бизнес нысандары нарықтың талаптары мен оның механизмін игеруге икемділігі жоғары болып табылады. Сол себептен де қазіргі жағдайда аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі нарық механизмін толыққанды игеруге мүмкіндік жасайды. Бұл мүмкіндік кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауға, реттеуге бағытталған қосымша шаралардың іске асырылған жағдайында пайда болады

Ұлттық экономиканың дамуы үшін бастылардың бірі болып отандық агроөнеркәсіптік кешен табылады. Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық тұрақтылықты, тұтынушылардың қажеттілігін толыққанды қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың материалдық әл-ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі алғышарты болып табылады.

Агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеу ауыл шаруашылығы өнімі, шикізат пен азық-түлік өндірісіне, қайта өңдеу және сатуға құқықтық, әкімшіліктік және экономикалық мемлекеттік әрекет ету жүйесі. Сондықтан да аграрлық саланы мемлекеттік реттеуде шешуге тиісті міндеттер болып агроөнеркәсіп өндірісін дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтағы өндіріс саласын басқаруды жетілдіру, ауыл шаруашылық өнім, азық-түлік, шикізат нарығын реттеу, халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсарту, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары арасындағы паритетті экономикалық қолдау, ауыл шаруашылығы және басқа салалар жұмыскерлерінің табыстарын жақындату, отандық тауар өндірушілерді қорғау жатады. Осы міндеттерді шешу үшін мемлекеттің экономикадағы рөлі жоғары болуы тиіс.

Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, ауыл шаруашылығындағы қол жеткізілген жетістіктердің барлығы ғылыми-техникалық дамуы арқасында екендігі анық. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресті дамытып, оны ауыл шаруашылығына көптеп енгізу қажет. Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті дамыту келесі бағыттарда жұмыс жасайды: шаруашылық механизмін дамыту, ауыл шаруашылық өндірісін техникалық тұрғыдан дамыту, өсімдіктер мен мал шаруашылығының өнімділігін жоғарылату, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту болып табылады.

Ауыл шаруашлығы өнімінің өсімі мал шаруашылық фермасын жаңғырту үшін заманауи технологиялық құралдарды пайдалану, сонымен қатар, малдардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және тиісті құрама жем базасын құруды жеделдету арқылы мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Елде өндірілетін күріштің 90 пайызы жыл сайын өңірде өндіріледі, бұл топырақ экологиясына оң әсер етеді және ауылдың халқын жұмыспен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешу агромаркетингті қолданусыз мүмкін еместігі болып табылады. Агромаркетингті дамытудың обьективті түрде өзектілігі халықаралық ауыл шаруашылығы нарықтарына шығу, агромаркетингтің халықаралық жүйесін қалыптастыру, сыртқы экономикалық байланыстардың тиімді формасын таңдау, әлемдік ауыл шаруашылығы нарығын терең зерттеу қажеттілігінің туындауына байланысты артып отыр.

Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті қолдануды жетілдірудің негізгі алғышарттарын табысты жүзеге асыру үшін нарық қажетілігіне сай келетін және аймақтың халық шаруашылығы кешенін индустриальды-инновациялық дамыту мақсаттарына толық жауап беретін, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын сала құрлымын анықтау керек.

Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - оның аграрлық өндірісті индустрияландыру мен негізгі өнім түрлері бойынша АӨК өнімдерінің тиімділігін арттыруға негізделген тұрақты дамыту болып табылады.

Аграрлық саладағы кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы кәсіпкерлік субъектінің дамуына тікелей әсер етеді. Бұл ауыл шаруашылығын қолдау қоры, кәсіпкерлікті дамыту қоры, лизингтік компаниялар, екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, кеңес беру, маркетинг, кадрларды оқыту және қайта даярлау қызметтері өте үлкен рөл атқарады.

Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті қолдануды жетілдірудің негізгі алғышарттарын табысты жүзеге асыру үшін нарық қажетілігіне сай келетін және аймақтың халық шаруашылығы кешенін индустриальды-инновациялық дамыту мақсаттарына толық жауап беретін, халықтың өмір сүру жағдайын  жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын сала құрлымын анықтау керек. Бұл әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысының салалық жетілдірілмеген және ұйымдық құрылымдарының ұсақтығы мен технологиялық жетілмеген агроөнеркәсіп кешені үшін маңызды. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті жетілдіруді қамтамасыз ету Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының болашақтағы жағдайын зерттеудің ғылыми әдісі ретінде ұзақмерзімді және ортамерзімді болжамдар жасау негізінде жүзеге асуы тиіс. Сонымен қатар қазіргі таңда болжам тек болашақты болжау емес, сонымен бірге маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдауды негіздеу болып табылады.

Аймақта ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда маркетингтік қызметті қолдануды жетілдірудің ғылыми-негізделген қатынасын жасау үшін саланың құрлымдық саясатының маңызды бағыттарына негізделген, оның болашақтағы құрылымдық қайта құрылуын болжамдау жолдары:  

- ауыл шаруашылығы құрылымдарын аймақтық мамандандыру және ірілендіру;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге негізделген салалар мен өндірісті дамыту;

- қаржылық, сақтандыру инфрақұрылымдары және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жолымен АӨК субьектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;

Аймақтағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай мен тенденцияға қарай, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті жетілдірудің стратегиялық бағыттарын негіздеуге әрекет жасалды.

Қазақстан аймақтарында агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдірудің төмендегі стратегиялық бағыттары:

- тұтынушылардың сұранысына және маркетинг саласындағы жаңалықтар мен нарықтағы өзгерістерге бейім келетін біртұтас икемді маркетинг кешенін құру, сондай-ақ, облыс, аудан көлемінде бірқатар бірыңғай кәсіпорындар мен бірлескен құрылымдардың маркетингтік қызметтері мен міндеттерін кеңейту арқылы агромаркетингтің ұйымдық құрылымдарын дамыту қажеттілігі;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге негізделген, ғылымисыйымды және еңбек сыйымды салаларды (жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсіп) жедел дамыту және бұл салаларда маркетингтік басқаруды кеңінен қолдануды жетілдіру мүмкіншілігі;

- ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды ынталандыру негізінде агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етілуі.