- •Түсініктеме
- •Пәннің мазмұны
- •1 Тақырып. Салалар мен қызмет сфераларындағы маркетинг. Сфералық саладағы маркетинг ерекшеліктері
- •Тақырып. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасының өзара қатынасы
- •Тақырып. Бәсекелестік күресте фирма позициясын жақсарту
- •9 Тақырып. Банктік маркетинг
- •11 Тақырып. Білім жүйесіндегі маркетинг
- •12 Тақырып. Аудиторлы-консалтингтік қызмет маркетингі
- •13 Тақырып. Туристік қызмет маркетингі
- •14 Тақырып. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг
- •15 Тақырып. Агромаркетинг
- •Ұсынылатын семинар сабақтарының тақырыптар тізімі
- •1 Тақырып. Салалар мен қызмет сфераларындағы маркетинг. Сфералық саладағы маркетинг ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасының өзара қатынасы
- •3 Тақырып. Бәсекелестік күресте фирма позициясын жақсарту
- •Қаржы-экономикалық факультет Мемлекеттік басқру және менеджмент кафедрасы
- •Курстың қысқа мазмұны
- •Курстың мақсаты мен міндеттері
- •Баға қоюдын критерилері
- •Курс саясаты
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •«Салалардағы және қызмет сфераларындағы маркетинг» пәні бойынша семинар сабағының әдістемелік нұсқаулары
- •1 Тақырып. Салалар мен қызмет сфераларындағы маркетинг. Сфералық саладағы маркетинг ерекшеліктері
- •Сөж тапсырмаларын орындаудың жалпы мақсаттары мен әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж материалдары
- •1 Сөж тапсырмалары
- •«Салалардағы және қызмет сфераларындағы маркетинг » пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс кешені
- •5 Дәріс. Қызмет көрсету рыногында маркетинг кешенін дайындау
- •1. Қызмет көрсету рыногында маркетинг кешенінің сипаттамасы
- •2. Қызмет көрсету нарығындағы маркетинг кешенінің стратегиялары
- •14 Дәріс. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг
- •1. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг мәні
- •2. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг талаптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
«Салалардағы және қызмет сфераларындағы маркетинг » пәні бойынша глоссарий
Маркетинг – айырбас құралдарына мұқтаждық пен талаптарды қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі. Мұқтаждық – адамның өзіне кез келген заттың жеткіліксіздігін сезінуі. Қажеттілік – жеке адамның тұлғасы мен мәдени деңгейіне байланысты ерекше қалпын қабылдаған мұқтаждық. Сұраным – сатып алу қабілетімен дәлелденген қажеттілік. Ол жеке тұлғаға, мүмкін. Тауар – талап пен мұқтажды қанағаттандыра алатын және нарыққа сатып алушының назарын аударту, сатып алуы, пайдалануы, тұтынуы үшін ұсынылатын және айырбасқа айналатын өнім. Тауар ассортименті - мұқтаждықты қанағаттандыратын тауарлар деп аталады. Айырбас – қажет объектінің орнына басқа бір нәрсені ұсыну арқылы алу акті. Кәсіпорындардың көтерме бағалары (босататын бағалар) – ол кәсіпорыннан шығатын тауардың бағасы және тауардың өзіндік құнымен кәсіпорын пайдасынан құралады. Өнеркәсіп көтерме бағалары (сауданың) – ол өзіне өзіндік құны мен пайдасынан басқа қамту - өткізу шегермені (скидка) еңгізеді. Қамту - өткізу шегермесі – ол қамту және өткізу қызметі үшін төленетін баға. Бұл шегерме қамту - өткізу мекемелерінің шығындарын қайтаруына және пайданы беруіне тиіс. Бөлшек бағалар – бұл ақырғы тұтынушыға келетін тауардың бағасы, яғни процесті аяқтайтын баға. Келісім – екі жақтың арасындағы құндылықтармен коммерциялық айырбасы. Келісім – маркетингінің негізгі бірлігі. Нарық – кез келген өнімнің бүгінгі және ықтимал сатып алушылар жиынтығы. Диверсификация – жалғыз өнімге немесе бөлудің бір қалпына бағытталудаң бас тарту және туарлар номенклатурасы мен бөлудің көптеген формаларына көшу арқылы жүзеге асырылатын маркетингі стратегияларының бірі. Нарықты сегменттеу – тұтынушыларды мұқтажы мен мінез-құлқы, жүріс-тұрысындағы айырмашылықтарға қарап топтарға бөлу процесі. Матрицалық ұйым – тауар жөніндегі меңгерушілермен қатар нарық жөніндегі меңгерушілерді пайдаланып маркетинг қызметін ұйымдастыру. Статистикалық банк - ақпаратты статистикалық өңдеудің қазіргі заманғы әдістемелерінің жиынтығы. Олар деректердің өзара байланысын неғұрлым толық ашып, статистикалық сенімділік дережесін анықтау мүмкіндігі. Модельдер банкі – нарық қайраткерлеріне анағұрлым оңтайлы маркетингілік шешім қабылдауға ықпал ететін математикалық модельдер жиынтығы. Маркетингтік делдалдар – компанияларға клиенттеріне тауарды өткізуге және тауарларға жәрдемдесетін фирмалар. Түйсіну – жаңа тауар туралы бірінші рет естіген сәттен оны қабылдаған сәтке дейінгі жеке адамның ойында өтетін процес. Марка – ол тауардың атауы, белгілі бір шрифтпен жазылған символы, суреті немесе олардың қосылуы. Маркалық атау – ол марканың бір бөлігі – оны айтуға болады және тауардың сапасы жақсы деген ойды білдіреді, мысалы «Шевроле», «Пума». Маркалық белгі – ол өзге тауардан айыру үшін берілген сөзбен, суретпен, көлемді етіп бейнеленген марканың бөлігі эмблемасы. Тауарлық белгі (, ) – құқықтың қорғаумен қамтамасыз етілген марка, оның бөлігі. Авторлық құқық () - әдебиеттік, музыкалық немесе көлемді шығармаларының құрамы мен формасын басып шығаруға, сатуға және басқадай түрлендіруге өзіндік құқығы. Тауарлық номенклатура – нақтылы сатушымен сатып алушыларға ұсынылатын тауарлардың және тауарлық бірліктердің ассортименттік топтарының жиынтығы. Ақпараттық және зерттеу жұмыстары – айырбасты жоспарлауға және жеңілдетуге қажетті ақпараттар жинау. Өткізуді ынталандыру – тауар туралы назар аударарлық ақпарат – коммуникациялар беру (жарнамалау, насихаттау, көрмелер өткізу). Болашақ тұтынушылармен байланыс орнату – (ассортименті, берілетін кепілдігі, жеткізілуі, қызмет көрсетілуі). Тауарларды сәйкестендіру -тауарларды тұтынушының талаптарына сай дайындау. Бұған өндіру,сұрыптау, құрастыру және орау секілді қызметтер жатады. Қеліссөздер өткізу – бағасын келісу және меншікке немесе иелікке өткізуге қажетті актлерді жасау және т.б. Тауар қозғалысын ұйымдастыру – тауарды тысымалдау және қоймаға қою. Қаржыландыру – таңдалған арналарды пайдалануға қажетті қаражатты іздестіру және жұмсау. Тәуекелдікке бару – арналардың жұмыс істеу жауапкершілігін өзіне алу. Селективті тарату – бір адамнан артық, бірақ делдалдардың жалпы санынан аз адамдарды тауар саудалаумен щұғылдануға тарту.
