Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала марк 2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
760.32 Кб
Скачать

Түсініктеме

«Салалардағы және қызмет сфераларындағы маркетинг» пәнінің мақсаты – пән бойынша білімгерлердің теориялық және тәжірибелік дағдылар жүйесін қалыптастыру және түрлі қызмет салалары мен сфераларында маркетингті ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау. Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады: өндірістік, ауыл шаруашылық, қызмет көрсету, сақтандыру, консалтинг, туризм, банк салаларында маркетингтік қызмет ерекшеліктерін зерттеу.

Пәннің мазмұны

Кіріспе

Заманауи қазақстандық нарықтық экономиканың даму жағдайында халық шаруашылығының барлық салаларында маркетинг саласында жан - жақты даярланған жоғары білікті мамандарға қажеттілік туындауда. Аталмыш мамандарды даярлауда «Салалардағы және қызмет сфераларындағы маркетинг» курсын зерттеу үлкен орынға ие болуда, бұл курс жалпы маркетинг теориясының сұрақтары мен қатар түрлі салалардағы оның тәжірибелік қолдануын, сонымен қатар салалардағы (өндіріс, сауда, жарнама, туризм, қызмет көрсетулер, сақтандыру және банк қызметі ж.т.б.) оның мақсаттарын, міндеттерін, құралдары мен ерекшеліктерін зерттеуге бағытталады.

Заманауи Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты нарық типі бар ашық экономиканы құру болып табылады. Осындай экономиканы дамыту үшін өндіріс пен тауар сатылымының негізгі бейімі ретінде нақты тұтынушылар топтарының қажеттіліктері мен сұранысы болуы керек.

Сыртқы және ішкі нарықтардағы тиімді жұмыс объективті нарық заңдарын білу мен есепке алуды талап етеді. Осының барлығы маркетинг элементтері – нарықтық экономиканың тиімді тұжырмдамалары болып табылады.

Негізгі бөлім

1 Тақырып. Салалар мен қызмет сфераларындағы маркетинг. Сфералық саладағы маркетинг ерекшеліктері

Қызмет көрсету маркетингтің өзіндік ерекшелігі. Қызмет көрсету саласындағы маркетинг принциптері. Қызмет көрсету нарығында өзгеретін сұранымның және өндіру әдістері мен өнімді өткізудің баламалық принципінің әрекеті. Қызмет көрсету кәсіпорынының маркетингілік ортасы. Көрсетілетін қызметке сұраным және қазіргі жағдайлардағы маркетинг тұрпаттамасы. Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласындағы маркетингтің маңызы. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің тұжырымдамалары. Макроортада қалыптасатын негізгі сыни және шектеуші факторлар. Мақсатты нарықтарды әзірлеу кезіндері.

  1. Тақырып. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасының өзара қатынасы

Кәсіпорынның микроорта туралы түсінігі және оның негізгі факторлары.

Кәсіпорынның макроортасы және оның жұмысқа әсер етуші факторлары.

Фирмада маркетинг бөлімін ұйымдастыру тәсілдері. Нарықтық; тауарлық;

функционалдық; аралас; географиялық; матрицалық. Делдалдардың түрлері

(маклерлер, дилерлер, брокерлер, консигнанттар, коммивояжерлар, джогберлер

және т.б.).

  1. Тақырып. Бәсекелестік күресте фирма позициясын жақсарту

Эталондық стратегиялар тәсілдемелері. Кәсіпорынның даму стратегиялары. Стратегиялық жоспарлау сатылары. Бизнесті мақсатты қысқарту стратегиясының төрт түрі. Кәсіпорын бизнесін ары қарай жүргізе алмайтын жағдайда қолданылатын жою стратегиясы. Кәсіпорын өзінің қызмет ету аясына ұзақ мерзімді өзгеріс енгізу үшін бизнесінің немесе бөлімшелерінің бірін сату немесе жабу арқылы қысқарту стратегиясы.

Өндірістік шығындардың көлемін азайту бойынша іс-шаралар жүргізуге бағытталған стратегия. Стратегиялық жоспарлау. Жоспарлауда сценарийлері. Кәсіпорын стратегиясы-барлық негізгі функциялар мен бөлімшелерді қамтитын мақсаттарды, тұтынушыларды қанағаттандару және нарықтық позициясын нығайтуға кәсіпорынның басқару жоспары. Стратегияны таңдау. Әлемдік тәжірбиеде қалыптасқан стратегиялық жоспарлаудың сатылары.

  1. тақырып. Қызмет көрсету саласындағы маркетинг тұжырымдамасы

Қызмет көрсету саласындағы маркетинг ерекшеліктері. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің тұжырымдамалары: өндірістік, тауарлық, коммерциялық іс-әрекетті интенсивтендіру, маркетинг, әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамалары. Қызмет көрсету нарығында алғы шарттар кешені.

5 тақырып. Қызмет көрсету рыногында маркетинг кешенін дайындау

Маркетинг стратегияны іске асыру үшін маркетинг кешенін жасау. Маркетинг кешені. Маркетинг кешенінің негізгі элементтері. Маркетинг кешенінің өзге де компоненттері: қызметкерлер, олардың мамандығы; қызмет көрсету процесі; қоршаған орта. Негізгі элементтер бойынша жеке стратегиялар жасалынады: өнім стратегиясы; баға стратегиясы; өнімді өткізу стратегиясы; коммуникациялық стратегия.

6 тақырып. Тұтынушылардың мінез құлқы және қызметтер нарығын сегметтеу

7 тақырып. Сақтандыру салаларындағы маркетинг

Сақтандыру маркетингі: мәні, қажеттілігі, қалыптасуы. Сақтандыру рыногын сегменттеу. Сегменттеу критерийлері. Сегменттеу қағидалары. Потенциалды сақтандырушыны зерттеу.

10 тақырып. Денсаулық сақтау саласындағы маркетинг

Денсаулық сақтау саласындағы маркетинг ерекшеліктері. Денсаулық сақтау нарығындағы сұранысты зерттеу. Денсаулық сақтау ісіндегі маркетинг бағыттары. ҚР-да денсаулық нарығының қазіргі жағдайы. Денсаулық сақтау ісіндегі маркетингті шартты түрде бес бағытқа бөлуге болады: медициналық қызмет маркетингі; дәрілік препараттар маркетингі; медициналық техника маркетингі; медициналық технологиялар маркетингі; ғылыми идеялар маркетингі.