- •9.1 Мұғалім талаптары деңгейі мен оқушылар білімділігі дәрежесі арасындағы өзара байланыс
- •9.2 Оқушылардың нақты біліктілік дәрежесін диагностикалау
- •9.3 Мұғалімдерді аттестациялаудың маңызы және оны
- •9.1 Мұғалім талаптары деңгейі мен оқушылар білімділігі дәрежесі арасындағы өзара байланыс
- •9.2 Оқушылардың нақты білімділік дәрежесін диагностикалау
- •9.3 Мұғалімдерді аттестациялаудың маңызы мен оны диагностикалық негізде жүргізу ерекшеліктері
- •1. В.П. Симонов. Педагогический менеджмент. Учебное пособие. М., 1997-264 с.
- •2.Педагогика.Учебноепособие.В.А.Сластенин,и.Ф.Исаев,а.И.Мищенко,е.Н.Шиянов.-м.:Школа-Пресс,1997 Тақырып бойынша сұрақтар:
- •Практикалық тапсырмалар
- •Өз бетінше орындалатын тапсырмалар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
9-тақырып
Мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті сапасы мен нәтижесін диагностикалау
Негізгі мәселелер
9.1 Мұғалім талаптары деңгейі мен оқушылар білімділігі дәрежесі арасындағы өзара байланыс
9.2 Оқушылардың нақты біліктілік дәрежесін диагностикалау
9.3 Мұғалімдерді аттестациялаудың маңызы және оны
диагностикалық негізде жүргізу ерекшеліктері
9.1 Мұғалім талаптары деңгейі мен оқушылар білімділігі дәрежесі арасындағы өзара байланыс
Педагогикалық менеджментте педагогикалық құбылыстар мен үрдістерді өлшеу мен бағалау проблемасымен тығыз байланысты оқыту және тәрбиелеудің нақты нәтижелерін анықтау үлкен рөл атқарады.
Дәстүрлі үлгерім мен мінез-құлықты бағалаудың бес балдық жүйесі нақты емес және сипаты түсініксіз. Бес балдық жүйе оқушылардың білім, білік, дағдыларының артуы емес, олардағы қандай да бір сапалардың кемуін көрсетеді.
Барлық пәндерден білім беру стандартын анықтау үшін дәстүрлі «оқушылардың білім, білік, дағдылары» ұғымдарын анықтау мен нақтылау мәселесі өзекті болып табылады.
Қазіргі кезде білім беру үрдісі тиімділігін бақылау негізіне бес көрсеткіштер алынады.
1-көрсеткіш - «ажырату» (тану) немесе танысу деңгейі, білімділіктің төменгі деңгейін сипаттайды. Бұл деңгейде білімді меңгерген оқушы қарастырылып отырған, обьект, үрдіс, құбылысты немесе қандай да бір әрекетті сыртқы белгілеріне қарап ажырата алады.
Мысалы, мұндай деңгейдегі оқушы түрлі формулаларды атап, ажырата алады, бірақ оларды жазып, түсіндіріп, есеп шығаруда қолдана алмайды.
2-көрсеткіш - «есте сақтау». Бұл білімділік дәрежесіндегі оқушы белгілі бір мәтінді, ереже мазмұнын қайта айтып беріп, қандай да бір заңның тұжырымдамасын қайта жаңғырта алады, бірақ барлық уақытта түсіну деңгейіне жетпеуі мүмкін.
Бұл білімділік дәрежесіндегі оқушы репродуктивті түрдегі сұрақтарға оқулық немесе мұғалім әңгімесі логикасы ретіне сәйкес келгенде ғана жауап бере алады.
Маңызы мен мәні жағынан ерекше 3-көрсеткіш «түсіну, ұғыну». Н.И.Кондаков анықтамасы бойынша түсіну - құбылыстар мен нәрселердің маңызды белгілері мен байланыстарын таба білу, оларды маңызды емес, кездейсоқ белгілерден талдау мен жіктеу, логикалық түрде ой қорытындысын жасау, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыр білу, алған ақпараттарды бар білімдермен салыстыру негізінде бөліп ала білу.
Мұндай білімділік дәрежесіндегі оқушылар тұжырымдаманы қайта жаңғыртып қана қоймай, оның өрнегін жаза біледі, түсіндіре отырып, өзі де мысалдар келтіре алады.
Білімділік дәрежесінің 4-көрсеткіші - қарапайым біліктер мен дағдылар (репродуктивті деңгей).
Білік, білімдерді тәжірибелі іс-әрекетте қолдана білу. Бұл білімділік дәрежесінде оқушылар теориялық білімдерді қарапайым тапсырмаларды орындауда іс жүзінде қолдана біледі: меңгерген заңдар мен ережелерді типтік есептер шығаруда қолдана біледі, теориялық материалды талдау барысында қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды анықтай біледі, белгілі бір теориялық қағидаларды практикамен байланыстыра біледі. Алгоритмделген (элементар) біліктер мен дағдылар - білімділіктің көрсеткіштерінің маңызды бір түрі және ол мұғалімнің сабақтағы оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі мақсаты бола алады.
Білімділік дәрежесінің 5-көрсеткіші - тасымалдау. В.А.Крутецкий анықтауы бойынша бұрын меңгерген дағдылардың жаңа дағдыларды меңгеруге оң әсері деп түсіндіреді. Бұл білімділік дәрежесін көрсеткен оқушы алған теориялық білімдерді жаңа, стандартты емес жағдайларда іс жүзінде шығармашылықпен қолдана біледі, оларды бұрын өткен, меңгерген ұғым, заңдар мен заңдылықтар жағдайына тасымалдай біледі.
Тасымалдау анықталған заңдылықтарды жаңа оқу және практикалық жағдайларына тасымалдау және жалпылауға қабілеттілікпен сипатталады. Оқушы бұл деңгейде кез келген сұраққа жауап беріп, кез келген есепті (бағдарламаға сай) шеше алады, іс-әрекеттің жаңа жолдарын құра алады және алға қойған міндеттерді шешуде жаңа, еркше жолдарды таба алады.
Білімділік дәрежесі - оқушылар меңгерген білім, білік және дағдылар жиынтығы, сызықтық байланыспен өрнектеледі.
Тексеру барысында білімділігінің тасымалдану дәрежесіне сәйкес оқушыны шартты түрде толық білімді (100%-ға дейін) деп есептеуге болады.
Білімділіктің жалпы дәрежесін бес көрсеткіш құрайды: (I+II+III+IV+V-100% немесе 4%+12%+20%+28%+36%=100%)
Сызықтық тәуелділік болған жағдайда ретімен келетін, теңдей көрсеткіштердің қатынасын шартты түрде (жуықтап, идеал) өрнектеуге болады, яғни 1:3:5:7:9-100% Сонда жалпы білімділік дәрежесі 1+3+5+7+9=25 бөлікті кұрайды.
Сонда 1-көрсеткіш - «ажырату, айыру» толық білімділік дәрежесінің 4%-н, 2-көрсеткіш «есте сақтау» - 12 %-ды құрайды және бұл деңгейге жеткен оқушыны 16% білімділігі бар деп есептеуге болады, ал 3-көрсеткіш 20%-ды құрайды, бұл деңгейдегі оқушының білімділік дәрежесі 36%,4-көрсеткіш - «қарапайым біліктер мен дағдылар» - 28% -ды құрайды және бұл деңгейдегі білімділік 64%, 5-көрсеткіш - «тасымалдау» - 36%-ды құрайды, бұл деңгейде оқушыны 100%-ға меңгерді деп есептеуге болады.
2-сурет
Дәстүрлі баллық шкала білімдердің артуын емес, кемуін көрсетеді. Мысалы, қазір «үш» деген баға 4%-дық мазмұнға (үшінші деңгейдегі талаптар) және 16% білімділікке (екінші деңгейдегі талаптар), сол сияқты 36% мазмұн үшін (бірінші деңгейдегі талаптар) қойылады.
«Үш» бағасын мұндай кең түрде қолдану балдық жүйенің шындығында кемуін, яғни формалды түрде 4 балды, ал іс-жүзінде 3 балды екендігін көрсетеді.
1-кесте.Білімділік дәрежесін көрсеткіштері
Білімділік |
I- |
II- |
III- |
ІV- |
V - |
дәрежесінің |
Көрсеткіш |
Көрсеткіш |
көрсет |
көрсеткіш |
тасымалдау |
көрсеткіштері |
|
|
кіш |
қарапайым |
|
|
ажырату |
есте |
түсіну |
білік- |
|
|
, |
сақтау |
|
дағдылар |
|
|
айыру |
|
|
|
|
Жалпы білімділік |
|
|
|
|
|
дәрежесінің бөлігі |
1 |
3 |
5 |
7 |
9 |
Жалпы білімділік |
|
|
|
|
|
дәрежесіне қатысты |
4% |
12% |
20% |
28% |
36% |
мазмұны |
|
|
|
|
|
Көрсеткіштерге |
|
|
|
|
|
жеткен кездегі |
4%-ға |
16%-ға |
36%- |
64%-ға |
100%- |
оқушының білімділік |
дейін |
дейін |
ға дейін |
дейін |
ға дейін |
дәрежесі |
|
|
|
|
|
Білімділік дәрежесінің практикалық маңызды бір ерекшелігін атап көрсетуге болады, жаңа білімдер, білік, дағдылар қалыптастырылған кезде тексеруге қарағанда олардың меңгеру деңгейін басқа ретпен бағалайды. Бұл жағдай келесі кестеде бейнеленген:
2-кесте. Мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеті сипаты
Мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеті |
||
Жаңа білім, білік және дағдыларды калыптастыру бойынша |
Меңгерілген білім, білік, дағдыларды тексеру мен бағалау бойынша |
|
Білімдер |
I Тану, ажырату II Түсіну III Есте сақтау |
I Тану, ажырату II Есте сақтау III Түсіну, жаңғырту
|
Біліктер мен дағдылар |
IV Элементар біліктер мен дағдылар V Тасымал (шығармашылық деңгей) |
IV Элементар біліктер мен дағдылар V Тасымал (шығармашылық деңгей)
|
Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, алгоритмдік (элементар) біліктер мен дағдылар - оқушылардың іс жүзінде білімділігінің алғашқы көрсеткіштерінің бірі болып табылады және сабақтағы мұғалімнің білім беру іс-әрекетіндегі алғашқы мақсат қызметін атқарады.
Ал бірақ басты және негізгі мақсат жай элементар біліктер мен дағдыларға қол жеткізу ғана емес, меңгерілген әрекеттерді жаңа жағдайларға тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру іс-әрекеті тиімділігін анықтауда кездесетін жалаңдықтар сипаты:
1. Жекелеген мұғалімдер сабақ соңында оқушылардың меңгеруі тиіс білімділік дәрежесін нақты анықтай алмайды.
2. Сабақтарда ақпараттар тым көп беріледі де, кейбір мұғалімдер оқу материалындағы ең негізгі, өзекті мәселені бөліп көрсете алмауы нәтижесінен сабақта теориядан практикаға дер кезінде өте алмайды, яғни қарапайым біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға дұрыс көңіл бөлінбейді де, үйде өз бетінше жұмыс жасау үшін беріледі. Ал түсіну деңгейінен қарапайым «білік пен дағдыларға» өздігінен көшу тек үлгерімі жақсы окушылар үшін ғана мүмкін, оқушылардың негізгі бөлімі бұл жұмысты өз бетінше жасай алмайды да, теориялық жағынан да және білімдерді практикада қолдану жағынан да кедергілерге кездесе бастайды.
3. Мектеп басшылары тексерушілер ретінде «білім, білік және дағдылар», «оқушылар білімдері сапасы» ұғымдарының беріктігі, жүйелілігі, тереңдігі және саналылығымен сипатталатын негізгі құраушыларын бөліп көрсете алмайды.
