Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать
  1. Полилогті оқып, мәтінге айналдырыңыздар

Мейрамбек: – Біздің Астанамызда ескерткіштер көп.

Сергей: – Иә, әсіресе, қазақ хандары мен батырларының ескерткіштері көп.

Әсем: – Дұрыс айтасың, Сергей. Астанада Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай батырларға ескерткіштер қойылған.

Айсұлу: – Қабанбай ескерткіші Қабанбай көшесінде орналасқан.

Тілек: – Қалада үш бидің де ескерткіштері бар.

Мейрамбек: – Мен Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би туралы қазақ әдебиетінен көп оқыдым.

Сергей: – Керім, сен батырлардың ескерткішін көргің келе ме?

Керім: – Әрине, көргім келеді.

Әсем: – Онда жүр! Біз сені Астана қаласымен таныстырайық.

  1. Мәтінді оқыңыздар және «Қазақ елі қандай ел?» деген сұраққа жауап беріңіздер Тәуелсіз Қазақ елі

Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы тәуелсіз мемлекет. Ол құрлықтың нақ ортасында орналасқан. Қазақ елінің шекарасы 15 мың шақырымнан асады. Оның жартысынан көбі құрлықта болса, ал қалған бөлігі Каспий және Арал теңізінің бойында жатыр.

Қазақстан – батысында Жайық өзені, шығысында Алтай таулары, солтүстігінде Батыс Сібір ойпаты, оңтүстігінде Алатауға дейін созылып жатқан кең байтақ жер. Қазақстанның жалпы аумағы 2717, 3 мың шаршы шақырым.

Еуразия құрлығының ортасына орналасқан Қазақстан – Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен шекаралас ел. Осы көрші елдермен ежелден мәдени-рухани достықта, ынтымақ-бірлікте қарым-қатынастар құрып, экономикалық байланыстар орнатқан. Жерінің кеңдігімен әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан, Австралия тағы басқа мемлекеттерден кейінгі тоғызыншы орынды алады. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы –Астана.

Елімізде 14 облыс және республикалық маңызы бар екі ірі қала бар. Сонымен бірге Қазақстан 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 7719 ауылдық мекендерден тұрады. Аталған ауылдар мен қалаларда 16 млн-нан астам халық өмір сүреді.

Қазақстан жерінде жазық далалар, шөлдер, шөлейтті жерлер бар. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Батыс Сібір ойпаты, Бетпақдала ұлан байтақ жерлерді алып жатыр. Алтай, Тянь-Шань таулары және ірі өзендер – Есіл, Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария кең далаға көрік беріп тұр. Бүгінде Жайық өзені арқылы салынған көпір Еуропа мен Азия құрлығын жалғастырып тұрғандай.

Ұлы даланың жер асты байлығы – мұнайы мен газы, алтыны, мысы, темірі және жер бетінің байлығы – астығы, еті, мақтасы ел экономикасын дамытуда. («Бала би» журналынан)

  1. Мәтінді оқу кезіндегі өзіңді таңғалдырған сөйлемнің жанына (!) белгісін, өзің келіспейтіндерге (-) белгісін, толық мәлімет алғың келсе (?) белгісін қой. Себебін түсіндір

  1. Мәтін бойынша кестені толтырыңыздар

Қазақстан-ның жер аумағы

Шекара-лас елдер

Қазақстан-ның облыстары

Таулары, өзен-көлдері

Халқының саны

Жер асты байлықтары

  1. Кестедегі өздеріңіз жазған мәліметтер бойынша сөйлем құрыңыздар

  1. Сөйлеу жағдаяты

Саған шетелде тұратын досың қонаққа келді.

Ол Қазақстанның көрікті жерлерін көргісі келді.

Көрікті жерлер туралы айтып бер.

  1. Мәтін мазмұнын ашатын дұрыс жауаптың нұсқасын белгілеңіздер

Мәтін мазмұнына сәйкес келетін тақырып: ____________

  1. Жері байдың – елі бай.

  2. Отан оттан да ыстық.

  3. Менің Қазақстаным.

Қазақ елінің шекарасы ________

  1. 12 мың шақырымға жуық

  2. 22 мың шақырым

  3. 15 мың шақырымнан асады.

Қазақ елі көрші елдермен ежелден ______ қарым-қатынас құрған.

  1. мәдени-рухани, достық

  2. достық, елшілікте

  3. экономикада

Елімізде _____, ______, _____бар.

  1. 12 облыс, қалалар мен ауылдық, аудандар бар.

  2. 14 облыс, 2 ірі қала, 160 аудан

  3. 10 аймақ, бірнеше ірі қала, 150 аудан

_______салынған көпір Еуропа мен Азия құрлығын жалғастырып тұрғандай.

  1. Есіл өзені арқылы

  2. Жайық өзені арқылы

  3. Іле өзені арқылы

СОӨЖ тапсырмалары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]