- •Студенттерге арналған бағдарлама (Силлабус) Астана, 2014
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Семестр
- •Семестр
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6. Пәннің мазмұны
- •6.1. Практикалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •2 Семестр
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Мәтінді оқыңыздар Менің Отаным
- •Тірек сөздерді қолданып, мәтінді дамытыңыздар
- •Сөздермен хабарлы сөйлем құрыңыздар
- •Полилогті оқып, мәтінге айналдырыңыздар
- •Мәтінді оқыңыздар және «Қазақ елі қандай ел?» деген сұраққа жауап беріңіздер Тәуелсіз Қазақ елі
- •Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз
- •Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз Қазақстан
- •«Қазақстанның қазба байлықтары» тақырыбында эссе жазыңыз
- •Танымдық сұрақтарға жауап беріңіздер
- •Мәтінді мазмұндаңыз, тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіз Қазақстан жері
- •Лексикалық тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •1. Тірек сөздермен танысыңыз
- •2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің 1 бөлігіндегі мәліметтер қайдан алынған?
- •Грамматикалық минимум
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
- •Парламентінің және үкіметінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
- •Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
- •Ерек туған ер Мәлік
- •Аэроұтқыр әскері – айрықша құрылым
- •Қазақстан – 2030
- •Экономика
- •Ұлттық банк
- •2.Сөздікті жаттап алыңыздар.
- •3.Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер.
- •4.Мәтінді оқыңыздар.
- •9.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыздар.
- •10. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •11.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •12.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.
- •13.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.
- •1. Cіз өз құқығыңызды білесіз бе?
- •2. Адамдар өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, келеңсіз жағдайларға түседі ме, жоқ әлде кішіпейіл болғандықтан кешіріммен қарайды ма?
- •3. Сіз бір ыңғайсыз жағдайға түссеңіз, өз құқығыңызды айтып, мәселенің дұрыс шешілуін талап етесіз бе, әлде мені кейін сотқа шақырады, уақытым кетеді деп көзжұма қарайсыз ба?
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Сіз оқитын факультетте қандай мамандықтар бар?
- •Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?
- •Сіздің мамандығыңыз бойынша қай салада жұмыс істеуге болады?
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •Дені саудың – жаны сау
- •1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •Ұлттық тағамдар
- •1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •«Астана-Арена» жабық стадионы
- •1. Суреттер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Қалай сұрап, қалай хабарлауға болады?
- •3. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударыңыздар. Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- •4. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыздар.
- •1. Кестені толтырыңыздар.
- •5. Сөз тіркестеріндегі есімше формасын ажыратып жазыңыздар.
- •6.Әр сөздің тұсынаШоқан Уәлихановқа байланысты сөздердіжазыңыздар.
- •7. Қазақ тіліне аударыңыздар.
- •8. Мәтінді оқыңыздар. Ахмет Байтұрсынов (1872 - 1938)
- •14. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Заманауи технология
- •15. Ал сіздер заманауи техникалық құралдарды қолданасыздар ма? Олардың пайдасы мен зияны туралы айтыңыздар.
- •16. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, полилог құрыңыздар. Рөлдерде ойнаңыздар.
- •17. Мәтінді оқып, тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңыздар. Интернет байланысы
- •18. Сөйлемдерге қажетті сөздерді анықтаңыз.
- •Соөж тапсырмалары:
- •Халықаралық сыйлықтар. Альфред Нобель.
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж) тапсырмалары:
- •3.Сәйкестендіріп жазыңыз.
- •Қай мереке қай күні тойланады?
- •Қазақстан Республикасында аталып өтетін мереке күндерін мына топтарға бөліңіздер.
- •Берілген сөздерден өздік етіс жасаңыз, сөйлемдер құраңыз.
- •Берілген сөздерден өзгелік етіс жасаңыз, сөйлемдер құраңыз.
- •5. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз.
- •7. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.
- •Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған етістіктердің қай етіс тұлғасындажасалып тұрғанын айтыңыз.
- •9. Мәтінді оқыңыздар. Мереке күндер
- •Сіздерге қандай мереке ұнайды? Әңгімелеп беріңіз.
- •11. Мәтінді аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз. Асар
- •12. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен шағын мәтін құраңыз.
- •13. Сұрақтарға түсіндірме сөздіктерден қарап, жауап беріңіз.
- •14. Мәтінді оқып, түсініңіз. Қандай салт туралы айтылып тұрғандығын табыңыз.
- •15. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •Мәтінді оқыңыздар. Етістіктерді тауып, етіс формасын жасаңыз. Адамгершілік, имандылық – тәрбие негізі
- •2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.
- •3. Мереке күніне құттықтау жазыңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқыңыз, аударыңыздар. Шілдехана тойы
- •2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз. Бесік жыры
- •4. Мәтінді оқып, аударыңыз. Бесікке салу
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.
- •7. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиістісөздерді қойыңыз.
- •9. Мәтінді ретімен орналастырыңыздар. Аударыңыздар.
- •10. Берілген сөздердің синонимін табыңыздар.
- •11. Мақал – мәтелдерді аударыңыздар. Жаттап алыңыздар.
- •12. Көмекші етістіктерді қойыңыз.
- •13. Орыс тіліне аударыңыз.
- •14. Бұрыс сөйлемді табыңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •2.Мәтінге сүйеніп сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Ырымдардың себебін жазыңыздар.
- •Мемлекеттік тіл. Көсемше
- •1. Мәтінге қажетті сөз, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіз.
- •3. Берілген сөздердің синонимдерін көрсетіңіз.
- •М. Әуезов.
- •10. Бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыз.
- •11. Өлеңді жаттап алыңыз. Үш бақытым
- •12. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін жазыңыз.
- •13. Асты сызылған сөздердің антонимдерін жазыңыз..
- •14. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.
- •15. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •16.Етістіктерден көсемшенің түрлерін жасаңыз.
- •1. 1997 Жыл 11 шілдедегі қр Тіл туралы заңының баптарына талдау жасау.
- •2. Төмендегі мақал – мәтелдерді жаттау
- •Өнегелі ғұмыр, тарихи тұлғалар.
- •5.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыз
- •6.Сәкен Сейфуллиннің өлеңін жаттаңыздар.
- •7.Берілген етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз.
- •8. Мәтін бойынша түсінік айтыңыз н.Ә. Назарбаев
- •9.Сұрақтарға жауап беріңіз
- •10. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар және қазақша түсінік айтыңыз
- •11. Мәтінді әңгімелуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
- •12. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
- •1.Жаңа сөздермен танысыңыз , есте сақтаңыз
- •2. Мәтінді оқыңыз, мағыналық бөлімдерге бөле отырып жоспар құрыңыз
- •3. Мәтінді әңгімелуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
- •4. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
- •5. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
- •3.Мәтін бойынша сұрақ кұрастырыңыз.
- •4.Мәтінді оқып, қажетті ақпаратты жазып алыңыз
- •5.Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6.Етістіктерді шартты райда жіктеңіз
- •9. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •4. Шашылған сөздерді орнына қойып, сөйлем құраңыз.
- •5.Мына сұрақтарды пайдалана отырып, кесте құраңыз
- •6.Берілген сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •8. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •9. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •10. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
- •11.Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыздар.
- •1. «Қазақстан жеріндегі қорықтар мен парктер » тақырыбына презентация дайындаңыз.
- •Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •«Орта» сөзін қатыстырып бірнеше сөз тіркесін жасаңыздар.
- •Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңідерз.
- •Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «шын» деп жазып беріңіз.
- •Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.
- •Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.
- •3. Мәтінді оқыңыздар.
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.
- •Шашылған сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •8.Сөйлемдерді оқыңыз, ол мәтінің мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.
- •9. Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.
- •10. Ұлағатты сөздер туралы өз ойларыңызды айтыңыздар.
- •11. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- •12. Мәтінді оқыңыздар.
- •13. « Баланың ата - ана алдындағы парызы » дегенге өз пікірлеріңізді айтыңыздар
- •1. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- •2. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- •3. Досыңыздың жақсы қасиеттерін, сырт келбеті, мінез-құлқы туралы жазып келіңіздер.
- •Сәулеттік құрылыс жүйелері
- •Айша бибі кесенесі Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер
- •Киелі Сырдың мекені
- •Күнгей беттің көлеңкелі тұстары
- •Сіздер білесіздер ме?
- •Байланыс
- •Байланыс құралдары
- •Қазақстандағы байланыс жүйелері
- •1.Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2 .Сөздікті жаттаңыздар.
- •3.Мәтінді оқыңыздар.
- •4.Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар.
- •5.Сұхбаттасыңыздар.
- •10. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар
- •11. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •12. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
- •1.«Менің саяхатым» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.
- •Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
- •8. 1. Негізгі әдебиеттер:
- •Курстың саясаты
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Дайындаған:
10. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар
11. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Әзірет Сұлтан қорық мұражайы қай жылы құрылған?
2) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қашан бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды?
3) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы айтыңыз.
4) Қорық - мұражайда неше тарихи ескерткіш бар?
12. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
«Түркістан тарихы» мұражайы орналасқан .... XIX ғасырда әскери казарма ретінде пайдаланған. Кеңес тігін-тоқыма фабрикасы қызметін атқарған. 2000 жылы «Түркістан тарихы» мұражайы .... 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып, пайдалануға берілді. Мұражайдан қаланың өткені, келешегі туралы толық .... алуға болады. Мұражай экспозициясы сегіз ... тұрады.
Қажетті сөздер: бөлімнен, мағлұмат, қаланың, заманында, ғимарат
1.«Менің саяхатым» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.
27-сабақ
Халықаралық мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар.
Қарсы мәнді сөйлем. Қарсылықты жалғаулықтар (бірақ, дегенмен, алайда, әйткенде, сонда да) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Лексикалық қор
1-тапсырма Берілген мәтінді оқыңыз
Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
Қазақстан Республикасының мерекелері ҚР Президентінің 1998 жылы 20 қантардағы №3827 Жарлығымен оған 2003 жылы 15 карашада енгізілген өзгерістерге сәйкес заңды түрде белгіленген ұлттық, мерекелік және кәсіби мерекелер жүйесі. Ұлттық мерекелер — Қазақстан Республикасындағы жаңа оқиғаларға, оның ішінде жеке мемлекет болып қалыптасудағы тарихи жағдайларға байланысты белгіленеді. Қазақстан Республикасында ұлттық мерекенің ең бастысы — 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні. Айтулы күн 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі турапы» конституциялық заңын қабылдауымен байланысты. Осы күні республика өзінің тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет екендігін жариялады. Өз аймағындағы барлық билікке иелік етіп, ішкі және сыртқы саясат жүргізетін болды. Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы азаматтарының дәстүрлі мемлекеттік мерекелері белгіленген.
2-тапсырма Берілген ҚР ресми мерекелері күндерінің қай мерекеге сәйкес келетінін кестеге толтырыңыз
Қаңтардың 1-2-сі |
|
Наурыздың 8-і |
|
Наурыздың 22-сі, 23-і |
|
Мамырдың 1-і |
|
Мамырдың 9-ы |
|
Шілденің 6-сы |
|
Тамыздың 30-ы |
|
Желтоқсанның 16-17-сі |
|
3-тапсырма Берілген ҚР кәсіби және басқа да мейрамдарын оқып, неліктен аталып өтетіндігіне түсініктеме беріңіздер
7 мамыр |
Отан қорғаушы күні 1992 жылғы мамырдың 7-інде Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Нақ осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштері бас штабтары бекітіліп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қайта құрылды. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді. Дәстүр бойынша Отан қорғаушы күні Қазақстан Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметшілерге наградалар тапсырады. |
31 мамыр |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған. «Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті. Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы. |
4 маусым |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні 1992 жылғы маусымның 4-інде тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992-нші жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 1992-нші жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006-ншы жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік рәміздер күні - Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді. |
3 маусым |
Медицина қызметкері күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. |
23 маусым |
Қазақстан полициясы күні 1992 жылғы маусымның 23-інде ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы маусымның 5-інде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін – Полиция күні деп бекітті. Қазақстан полициясы күні - осы жауапты қызмтетті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады. |
Маусымның соңғы жексенбісі |
Баспасөз, теледидар және радио күні - журналистика күні 2004 жылдан бастап маусым айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Оған дейін аталмыш күн 1990 жылдардың басында қазақстандық парламент қабылдаған алғашқы БАҚ туралы заңның құрметіне орай маусымның 28-інде атап өтілетін. |
2 шілде |
Дипломатиялық қызмет күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы шілденің 1-індегі «1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес атап өтіледі. |
3 шілде |
Металлург күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. |
1 тамыз |
Көлік және байланыс қызметкерлері күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі. |
2 тамыз |
Құрылысшы күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі. |
3 тамыз |
Спорт және туризм күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. |
Тамыздың соңғы жексенбісі |
Шахтер күні Тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1947 жылғы қыркүйектің 10-ындағы Жарлығымен бекітілген. Қазақстанның көмір өнеркәсібі еліміз экономикасының ең ірі салаларының бірі болып табылады. Көмір қоры бойынша Қазақстан әлемде 8 орынға ие, республикамыздың кенді қойнауында бүкіләлемдік қор көлемінің 4 пайызы жинақталған. Көмір өнеркәсібі ел электр энергиясының 80 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр. |
1 қыркүйек |
Білім күні Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі. Бұл - мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттаған балғындар үшін асыға күткен күн. |
1 қыркүйек |
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелердің тізімі бекітілді. Осы Жарлыққа сай Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні - қыркүйек айының бірінші жексенбісі. |
22 қыркүйек |
Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Қазақстанда жүзден аса ұлт және ұлыс өкілдері тұрады. Әр тілдің өзіндік тарихы, басқа да тілдердің тағдырымен байланысты өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бір-бірін тауып, рухани мәдениетті, салт-дәстүрді түсінуге үйренеді. |
28 қыркүйек |
Атом саласы қызметкерлерінің күні Қазақстан Республикасының 2001жылғы желтоқсанның 13-індегі «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4-інші бабына сәйкес бекітілді. Қыркүйектің 28-і кездейсоқ күн емес. 1942 жылы нақ осы күні КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті «Уран бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» жарлық шығарды және Ғылым академиясы жанында арнайы атом ядросы зертханасын құруды мақұлдады. |
1 қазан |
Мұғалім күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қазанның бірінші жексенбісінде атап өтіледі. 2003 жылғы қарашаның 15-інде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанда кәсіби және басқа да мерекелердің жаңа тізімі бекітілді. Осы Жарлыққа сәйкес мұғалім күні - қазан айының бірінші жексенбісі. Мұғалім - тек ғылымдарға үйретуші ғана емес, сондай-ақ рухани игіліктер мен адамгершілік ізгі ниеттерді оқушылар бойына сіңіруші де. Ұстаздар айрықша азаматтық парыз - жас ұрпақты тәрбиелеу міндетін атқарады. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүрлер сабақтастығы мен жаңашылдығы әрбір мектептің негізі боп қаланған. 1994 жылы ЮНЕСКО қазанның 5-інде аталып өтетін - Дүниежүзілік Мұғалім күнін (World Teachers' Day) бекіткен. |
15қараша |
Ұлттық валюта күні (Қаржыгерлер күні) Теңгенің айналымға енген күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы қарашаның 13-дегі Жарлығымен Ұлттық валюта күні, еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді. 2006 жылы қарашаның 15-інде ұлттық валютамыздың жаңа дизайнмен әрленген 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттары айналымға шықты. Дизайн мемлекеттік рәміздерді, еліміздің сәулет нысандары мен табиғи ландшафтарын бейнелей отырып, Қазақстанның осы заманғы бейнесін береді. Қолайлылық үшін номиналдарды сандық және жазбаша белгілеу ірі қаріптермен басылған. Нашар көретін адамдар үшін банкноттарда әр жеке номиналға тән жоғары бедерлі арнаулы элементтер пайдаланылған. |
3 қараша |
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 20-дағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. |
3 желтоқсан |
Энергетик күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және атаулы күндер туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. ҚР Президентінің 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында жаңа кәсіби және басқа да мерекелер тізімі бекітілді. Бұл Жарлыққа сәйкес - Энергетик күні - желтоқсан айының үшінші жексенбісі. «Энергетик күні» - бұл энергетикалық жүйелерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысы бар барлық мамандардың мерекесі. Бұл күн - сондай-ақ энергетика саласындағы жауапты орындарда бүгін де қалтқысыз қызметке жұмылған жандар мейрамы. Қорыта айтқанда, «Энергетик күні» - «жарық» пен «жылу» түсінігі жай ғана сөздер емес, олардың ғұмырының айтулы дәуіріне айналған барша білікті мамандар мерекесі... |
4-тапсырма Берілген мәтінді түсініп оқып, мазмұндауға жоспар құрыңыздар
Адам баласының тіршіліктегі негізгі мақсаты тек еңбек етіп, өмірге қажетті материалдық байлықты жасап, отбасын құрып, ұрпақ өсірумен шектелмейді. Олар қоғам құрып, өзінің мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін дамытып, ұлт болып қалыптасады. Егер де жеке адамның өмірі табиғаттың заңы бойынша шектеулі болса, ұлттың өмірі қаншалықты ұзақ болуы, сол ұлтты құрайтын адамдардың өмір сүре білу қабілетіне байланысты. Ал, ұлт болу үшін оның – тілі, діні, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері болуға тиіс. Сол ұлттың осындай басты белгілері сақталып, әрі қарай дамитын болса, оның ұлттық санасы қалыптасып, ол өзінің ұлттық мемлекетін құруға негіз болады. Осындай ұзақ мерзімді даму процесінде әрбір ұлттың басынан өткерген елеулі тарихи уақиғалар, оның өмір салтына байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-жоралар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ол сол ұлттың әр кез есіне алып, атап өтіп отыратын ұлттық мейрамына айналады.
Қазақ халқының да тарихи даму барысында қалыптасқан өзіне тән ұлттық мейрамдары бар. Ол мейрамдар қазақ халқының көшпенді өмір салтына байланысты табиғаттың маусымдық төрт мезгіліне тура келеді. Себебі қазақтар негізінен көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі табиғатқа өте жақын болды. Сол себепті қазақтар ауа-райының қолайлығына байланысты өздерінің ұлттық мейрамдарын атап өтіп, онда түрлі ұлттық өнерлерін көрсетіп, ұлттық ойындарын өткізіп отырды. Атап айтқанда ол мейрамдар – Наурыз, Қымызмұрындық, Мизам, Соғымбасы деп аталды.
Әрбір ұлттың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрі, оның-тілі, діні сияқты ерекше қасиеттерінің бірі. Сондықтан да әрбір ұлт өзінің салт-дәстүрін қадірлеп, оны әрі қарай дамытып отыру әр ұлттың моралдық парызы.
Біз халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-жораларын сараптап, ой елегінен өткізу арқылы, ата-бабаларымыздың өмірге көзқарасын, дүниетанымын, наным-сенімін, тыныс- тіршілігін көреміз және келер ұрпағына қандай үлгі-өнеге, ақыл-өсиет, асыл мұралар қалдырғанын білеміз. Мысалы, Оңтүстік аймақта Наурыз мейрамында ұлттық ойындардың барлық түрін өткізуге толық мүмкіншілік бар болса, ал солтүстік өңірлерде ол кезде ат ойындарын, Алтыбақан, Ақсүйек, Соқыртеке сияқты ойындарды өткізуге мүмкіндіктері болмайды. Сонымен қатар, әр мейрамның өз ерекшеліктері де бар, сол себепті мейрамдарда өзінің өткізілетін мерзіміне қарай әр түрлі ойындар көрсетілуі керек. Қазақтың ұлттық мейрамдарының ішінде көктемгі Наурыз мейрамынан кейін келетін “Қымыз мұрындық“. Бұл мейрам жаздың ортасында, күннің әбден ұзарып, түннің қысқарған мезгілі – Маусым айының 21-ші күні болады. Осы кезде малшылардың қысқы қыстауынан жазғы жайлауына көшіп, қой қырқылып, түйе жүнделіп, жылқы күзеліп болатын кезі. Төлдің бәрі аяқтанып, бағлан пісіп, бие байлап қымыз ашытып, ала қыстай бытырап шаруа соңында жүрген жұрт жайлауда киіз үй тігіп, ойын-сауық өткізіп көңіл көтеріп бір жасап қалды. Қан жайлауда бас қосқан халық қыз айттырып, құда түсіп, сүндет той, бесік той жасап, қазақтың әдет-ғұрпын, ырым-жораларын осы тойда кеңінен атап өтеді. Қымыз мұрындықтың қысқа түнінде боз балалар мен бойжеткендер таңға дейін алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап, қызойнаққа барып, жұмбақ жасырып, жасырынбақ ойнап, өлең айтып, ән шырқап көңіл көтереді. Қазақтың өмір салтында бар, бірақ та онша еленіп тойлана бермейтін мейрам, ол “Мизам“ мерекесі. Бұл мейрам күзде күн мен түннің теңелген кезінде, яғни қыркүйек айының 21-ші күніне тура келеді. Бұл уақытта күннің жазғы қапырық ыстығы басылып, ауа-райы салқындай бастайды. Бұл мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, шаруаның бір ыңғайға келетін кез. Ертеде қазақтың халықты көп жинап ойын-той өкізетін уақыты осы мейзам мейрамына тұспа-тұс келетін. Ол кезде қазақта халқына еңбегі сіңген тарихи тұлғаларға арнап ас беретін дәстүрі болған. Оған алыс-жақын жерлерден алты алаштың азаматтарын шақырып, онда – Ақындар айтысын, Аламан бәйге, Көкпар тарту, Қыз қуу, Балуандар күресі сияқты түрлі ойындар өткізген. Мизам мейрамынан кейінгі, желтоқсан айының соңына таман келетін мейрам “Соғымбасы” деп аталады. Бұл 21-ші желтоқсан күні түн ұзарып, күн қысқарып, малшылардың қысқы қыстауына жайғасқан мезгілі. Қазақтар осы кезде күз бойы арнайы семірткен малын суық түсе соғымға сойған. Ауыл адамдары “соғым – ел асы” деген салтпен бірін-бірі қонаққа шақырып, ұзақ түнді қысқарту мақсатында ақындарды айтыстырып, күйшілерге домбыра тартқызып, жыршыларға жыр, термешілерге терме, әншілерге ән айттырып думан құрған. Бұрынғы қазақтардың көңіл көтеріп, сауық-сайран салатын уақыты алғашқы қар жауғаннан кейінгі бүркітпен, тазымен, жүйрік атпен аңға шығатын кезі. Бұл мезгілді қазақтар “Қансонар” деп атаған және жаңа жауған қардың үстіндегі аңның ізімен соңына түскен аңын тауып, оған бүркіт салып немесе тазы жүгіртіп аң аулаған.
5-тапсырма Тұжырымдарды «шын» немесе «жалған» деп белгілеңіз
22 наурыз күні күн мен түн теңеледі. |
|
Наурыз көже тоғыз түрлі тағамнан жасалады. |
|
Ұлыс – қуатты мемлекет, держава деген сөз. |
|
Наурыз – мемлекеті бекем ететін мейрам. |
|
Наурыз жаңа күн, жаңару деген мағынаны білдіреді. |
|
6-тапсырма Сөз тіркестерінің аудармаларын сәйкестендіріңіздер
Ортақ құндылық |
Светлые дни |
Тарихи тағдыр |
Весь народ |
Жарқын күндер |
общая ценность |
Дүйім халық |
Древняя традиция |
Ұлан-байтақ |
Мощное государство |
Байырғы дәстүр |
Историческая судьба |
Қуатты мемлекет |
необъятной |
7-тапсырма Сөйлемдерді толықтырыңыздар
---------күні табиғат түлейді, жаңарады.
Наурыз - қазақпен бірге жасасып келе жатқан ------------------.
Наурызды - --------------------- ұлы күн.
----------------әлемдегі жаңа Қазақстанның алар асуы аз емес.
Наурыз мейрамы ------------------- халқын біріктіреді.
28-сабақ
Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар.
Себеп-салдар мәнді сөйлем. Себеп-салдар жалғаулықтар (себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті) және т.б. тәсілдер
арқылы жасалуы.
Лексикалық қор
29-сабақ
Қайырымдылық қорлары мен бағдарламалар.
Қимыл есімдерінің қызметі. Қимыл есімдерінің жасалуы. Септелуі. Тәуелденуі. Придикаттық мәнде қолданылуы.
–уға, (-уге) батпау, -уға, (-уге) тырысу, -уға, (-уге) кірісу сияқты және т.б. тіркестер қолданысы.
Лексикалық қор
30-сабақ
Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі.
Лексикалық қор
