Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

Киелі Сырдың мекені

Менің аспан әлемінің  жұмбақ сырлары  мен   ғажайыптары  туралы зерттеу мақсатым: Бірде   әкем екеуміз  егіс даласымен   келе  жатып, аспан көгінде    бір  сызық   болып   жарқырап   бара  жатқан   ғажайып   мені еріксіз елең еткізіп,  соны  білуге  деген  құштарлығым  артып,   әкемнен сұрадым.              

     Әкемнен оның  зымыран екендігін,  оны  сынақ  үшін  ұшыратынын  естіп,   аспан  әлемінің  құпия  ғажайыптары  бар екендігін  білдім. Осылайша  менің балаң  да, балапан қиялым  соның  қалай  ұшырылатынын, оның   аспан   әлемінде   қанша  уақыт  болатыны  және қалай қайта оралатынын   білгім  келіп  қиялдайтынмын. Мен  1-сыныпқа   келгелі   бері де   көктем  мезгілінде   мектепте  жиын өткізілетін. Мұғалімдер,  оқушылар ғарышкерлер   жайлы   өлеңдер, шығармалар  оқып, ғарыш  кемесінің макетін жасап,  көрме  жасайтын. Мен қатты қызығушы  едім.  Бірақ, ол жайында  терең  білмейтін едім. 12 сәуір күні апайым ауданнан  келген ғылыми  зерттеу – жобасын  түсіндіріп  өткен  соң, менің  аспан әлемі, оның  ғажайыптары жайлы қызығушылығым басым болып, 6,7 жасар кезімдегі   әкеммен әңгіме еріксіз ойыма оралды. 

Мен апайымның  көмегімен   зерттеу   жүргізу  арқылы аспан  әлемінің жұмбақ сырлары мен ғажайыптары  туралы көптеген деректер   жинастырдым.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы өз облысымызда орналасқанын, жалпы  көлемі  6,7 мың км жерді  алып  жатқандығын білдім.  Іргесі  1955 жылы  қаланыпты.   Байқоңырдың  ұшу трассасы Арал  теңізінен   Камчатка  түбегіне   дейін   созылып  жатыр екен.

  Ғарышқа ұшу үшін  дәрігерлік  тексерулерден  және  дене жаттығуларының  толық курсынан өтіп,   аспан  механикасының,  физика мен математика  пәндерін  меңгеру керек  екендігін білдім. Ғарыш кемесінің ішінде  адам өміріне  қажетті  дегендердің  бәрі   белгілі  уақытқа  жететіндей етіп салынады  екен. 

   Юрий  Гагарин  жер  төңірегіндегі  кеңістікте  108 минут ішінде бір айналым жасап, жер бетіндегі мұхиттар мен теңіздерді, таулар мен жазықтарды, өзен мен көлдерді  Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан қазақтың  дархан жерін және ондағы ірі қалаларды көріпті. Сөйтіп, «Байқоңыр»  уақытымен сағат он екіден елу алты минут  өткенде  қазақ жерінің  даңқын аспандатқан  Юрий Алексеевич Гагарин  қонуға арналған аппаратпен  аман-есен  жерге  қонған екен.

 6-тапсырма Берілген мәтіннен септік жалғаулы сөздерді тауып, қай септік категориясына жататынын анықтаңыз

Ғарыштан  түсірілген  фототүсірілімдерді, түрлі  сигналдық, өзге  мағлұматтарды, арнайы  зерттеулердің  нәтижелерін  саралай отырып, жер қойнауының  қазба байлықтарын  және оның мөлшерін, планетаның  ауа райын,  ауа құрамындағы  болып тұратын өзгерістерді бақылап, ғылыми дәл тұжырымдар айтуға болады екен.Ғарышта биологиялық зерттеулер  де  жүргізіледі.  Серіктік байланысты  жүзеге  асырып, теле-радио   хабарлар, ұялы - телефондар ғарыш арқылы байланысады. 

      Саналы   адам   баласы   аспанда   қалықтап ұшуды  ерте  заманнан арман етіпті. Әуелде   екі  қолына  жасанды   қанат   байлап  алып,  үй  төбесінен төмен қарай секіре  қалықтауға    талпыныпты. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпай,  адам әуе шарын ойлап тауыпты. Одан кейін   адамды  шынымен-ақ  аспанға   ұшыра   алатын  әуе кемесін ойлап тапқан екен. Сонан кейін 1957 жылы ғарышқа жол ашылды . Сол жылы Лайка деген  ит   отырған  зымыран, 1960 жылы Стрелка мен Белка  деген иттер, тышқан,  жәндіктер салынған  екінші кеме серігі, 1960 жылы  Пчелка мен  Мушка  деген   иттер салынған үшінші кеме  серігі,  1961 жылы Чернушка деген ит, 1961 жылы  25 наурызда Звездочка деген ит пен адам қимылын келтіретін манекен бар бесінші кеме-серік ұшырылыпты. Осындай сәтті дәрігерлік сараптамадан кейін  ғалымдар мен  кеме құрастырушылар  адам  баласының  ғарыш кемесімен кеңістікке ұшып  шығуына  болады  деген  қорытынды  жасапты.  

Сонан кейін   1961 жылы  12 сәуір күні  тарихта  тұңғыш рет  ғарышқа адам  баласы  ұшты. Бұл  күні өркениетті әлемді дүр сілкіндірген  ұлы  оқиға болған екен.  Қазақстан жерінде  орналасқан  Байқоңыр ғарышжайынан  сол кездегі  Кеңес  Одағының  азаматы  Юрий  Гагарин  «Восток» кемесімен ұшып   жер  айналасындағы  орбитаға  шығыпты.  Жердің  өзіне   тарту күшін жеңіп,   алғаш рет  адам  баласы  ғарышқа  қадам  басқан екен.  

7-тапсырма Берілген мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер жасаңыз

Жыл  өткен  сайын   ғарыш кемелері   дамып,   жетілдірілді. 1991 жылы 2 қазанда  қазақтың   тұңғыш  ғарышкері   Тоқтар  Әубәкіров   қазақстандық бағдарлама  бойынша  «Союз ТМ-13» кемесімен 8 тәулікке   ғарышқа   ұшып, 1991жылдың 10 қазанында  жерге оралыпты.  Ол өзге   ғарышкерлермен бірге   биотехнология, металлургия, медицина  салалары  және Арал  теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізген екен. Тоқтардың бұл ерлігі Гиннестің  рекордтар   кітабына   енгізіліпті. Т.Әубәкіров – техника ғылымдарының докторы, профессор Қазақтан  шыққан   тұңғыш   сынақшы-ұшқыш  Кеңес   Одағының  батыры, Қазақстан Республикасының халық қаһарманы. 

     1992-93 жылдары  Қазақстан   Республикасының   Қорғаныс  министерінің бірінші орынбасары, 1993-94 жылдары  Қазақстан  Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің  бас директоры, Ғылым және  жаңа технология министрінің орынбасары қызметтерінде болып, 1994-95 жылдары   Қазақстан Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің   депутаты  - Қорғаныс  және  қауіпсіздік комитетінің  төрағасы болыпты. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің  кеңесшісі болған. 2004 жылдан Парламент депутаты. 

      1994 жылы 1шілдеде қазақтың  екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев бортинженері ретінде «Союз ТМ 19» ғарыш кемесімен  ғарышқа сапар шегіпті.  Ол ғарыштағы  125 тәулік  ішінде екі рет кемеден шығып, кеңістіктегі күрделі тапсырмаларды орындаған  екен.  

      1996 жылдың  29 қаңтарында екінші  рет  ғарышқа  аттанады.  Ол  «Союз ТМ-27» деп аталатын  ғарыш кемесін  өзі басқарып, 207 тәулік бойы  ғарыш кеңістігінде қалықтапты. 

      Талғат Мұсабаев Қазақстанға қатысты ғарыштық ғылыми-зерттеу бағдарламасын толық орындаған. Оның кеудесінде «Ресей Федерациясының   Батыры», «Халық қаһарманы» алтын  жұлдыздарымен  қоса бірнеше орден, медальдар жарқырайды.

 

8-тапсырма Біле жүріңіз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]