- •Студенттерге арналған бағдарлама (Силлабус) Астана, 2014
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Семестр
- •Семестр
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6. Пәннің мазмұны
- •6.1. Практикалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •2 Семестр
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Мәтінді оқыңыздар Менің Отаным
- •Тірек сөздерді қолданып, мәтінді дамытыңыздар
- •Сөздермен хабарлы сөйлем құрыңыздар
- •Полилогті оқып, мәтінге айналдырыңыздар
- •Мәтінді оқыңыздар және «Қазақ елі қандай ел?» деген сұраққа жауап беріңіздер Тәуелсіз Қазақ елі
- •Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз
- •Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз Қазақстан
- •«Қазақстанның қазба байлықтары» тақырыбында эссе жазыңыз
- •Танымдық сұрақтарға жауап беріңіздер
- •Мәтінді мазмұндаңыз, тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіз Қазақстан жері
- •Лексикалық тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •1. Тірек сөздермен танысыңыз
- •2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің 1 бөлігіндегі мәліметтер қайдан алынған?
- •Грамматикалық минимум
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
- •Парламентінің және үкіметінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
- •Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
- •Ерек туған ер Мәлік
- •Аэроұтқыр әскері – айрықша құрылым
- •Қазақстан – 2030
- •Экономика
- •Ұлттық банк
- •2.Сөздікті жаттап алыңыздар.
- •3.Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер.
- •4.Мәтінді оқыңыздар.
- •9.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыздар.
- •10. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •11.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •12.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.
- •13.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.
- •1. Cіз өз құқығыңызды білесіз бе?
- •2. Адамдар өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, келеңсіз жағдайларға түседі ме, жоқ әлде кішіпейіл болғандықтан кешіріммен қарайды ма?
- •3. Сіз бір ыңғайсыз жағдайға түссеңіз, өз құқығыңызды айтып, мәселенің дұрыс шешілуін талап етесіз бе, әлде мені кейін сотқа шақырады, уақытым кетеді деп көзжұма қарайсыз ба?
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Сіз оқитын факультетте қандай мамандықтар бар?
- •Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?
- •Сіздің мамандығыңыз бойынша қай салада жұмыс істеуге болады?
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •Дені саудың – жаны сау
- •1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •Ұлттық тағамдар
- •1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •«Астана-Арена» жабық стадионы
- •1. Суреттер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Қалай сұрап, қалай хабарлауға болады?
- •3. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударыңыздар. Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- •4. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыздар.
- •1. Кестені толтырыңыздар.
- •5. Сөз тіркестеріндегі есімше формасын ажыратып жазыңыздар.
- •6.Әр сөздің тұсынаШоқан Уәлихановқа байланысты сөздердіжазыңыздар.
- •7. Қазақ тіліне аударыңыздар.
- •8. Мәтінді оқыңыздар. Ахмет Байтұрсынов (1872 - 1938)
- •14. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Заманауи технология
- •15. Ал сіздер заманауи техникалық құралдарды қолданасыздар ма? Олардың пайдасы мен зияны туралы айтыңыздар.
- •16. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, полилог құрыңыздар. Рөлдерде ойнаңыздар.
- •17. Мәтінді оқып, тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңыздар. Интернет байланысы
- •18. Сөйлемдерге қажетті сөздерді анықтаңыз.
- •Соөж тапсырмалары:
- •Халықаралық сыйлықтар. Альфред Нобель.
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж) тапсырмалары:
- •3.Сәйкестендіріп жазыңыз.
- •Қай мереке қай күні тойланады?
- •Қазақстан Республикасында аталып өтетін мереке күндерін мына топтарға бөліңіздер.
- •Берілген сөздерден өздік етіс жасаңыз, сөйлемдер құраңыз.
- •Берілген сөздерден өзгелік етіс жасаңыз, сөйлемдер құраңыз.
- •5. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз.
- •7. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.
- •Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған етістіктердің қай етіс тұлғасындажасалып тұрғанын айтыңыз.
- •9. Мәтінді оқыңыздар. Мереке күндер
- •Сіздерге қандай мереке ұнайды? Әңгімелеп беріңіз.
- •11. Мәтінді аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз. Асар
- •12. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен шағын мәтін құраңыз.
- •13. Сұрақтарға түсіндірме сөздіктерден қарап, жауап беріңіз.
- •14. Мәтінді оқып, түсініңіз. Қандай салт туралы айтылып тұрғандығын табыңыз.
- •15. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •Мәтінді оқыңыздар. Етістіктерді тауып, етіс формасын жасаңыз. Адамгершілік, имандылық – тәрбие негізі
- •2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.
- •3. Мереке күніне құттықтау жазыңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқыңыз, аударыңыздар. Шілдехана тойы
- •2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз. Бесік жыры
- •4. Мәтінді оқып, аударыңыз. Бесікке салу
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.
- •7. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиістісөздерді қойыңыз.
- •9. Мәтінді ретімен орналастырыңыздар. Аударыңыздар.
- •10. Берілген сөздердің синонимін табыңыздар.
- •11. Мақал – мәтелдерді аударыңыздар. Жаттап алыңыздар.
- •12. Көмекші етістіктерді қойыңыз.
- •13. Орыс тіліне аударыңыз.
- •14. Бұрыс сөйлемді табыңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •2.Мәтінге сүйеніп сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Ырымдардың себебін жазыңыздар.
- •Мемлекеттік тіл. Көсемше
- •1. Мәтінге қажетті сөз, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіз.
- •3. Берілген сөздердің синонимдерін көрсетіңіз.
- •М. Әуезов.
- •10. Бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыз.
- •11. Өлеңді жаттап алыңыз. Үш бақытым
- •12. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін жазыңыз.
- •13. Асты сызылған сөздердің антонимдерін жазыңыз..
- •14. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.
- •15. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •16.Етістіктерден көсемшенің түрлерін жасаңыз.
- •1. 1997 Жыл 11 шілдедегі қр Тіл туралы заңының баптарына талдау жасау.
- •2. Төмендегі мақал – мәтелдерді жаттау
- •Өнегелі ғұмыр, тарихи тұлғалар.
- •5.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыз
- •6.Сәкен Сейфуллиннің өлеңін жаттаңыздар.
- •7.Берілген етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз.
- •8. Мәтін бойынша түсінік айтыңыз н.Ә. Назарбаев
- •9.Сұрақтарға жауап беріңіз
- •10. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар және қазақша түсінік айтыңыз
- •11. Мәтінді әңгімелуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
- •12. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
- •1.Жаңа сөздермен танысыңыз , есте сақтаңыз
- •2. Мәтінді оқыңыз, мағыналық бөлімдерге бөле отырып жоспар құрыңыз
- •3. Мәтінді әңгімелуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
- •4. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
- •5. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
- •3.Мәтін бойынша сұрақ кұрастырыңыз.
- •4.Мәтінді оқып, қажетті ақпаратты жазып алыңыз
- •5.Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6.Етістіктерді шартты райда жіктеңіз
- •9. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •4. Шашылған сөздерді орнына қойып, сөйлем құраңыз.
- •5.Мына сұрақтарды пайдалана отырып, кесте құраңыз
- •6.Берілген сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •8. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •9. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •10. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
- •11.Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыздар.
- •1. «Қазақстан жеріндегі қорықтар мен парктер » тақырыбына презентация дайындаңыз.
- •Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •«Орта» сөзін қатыстырып бірнеше сөз тіркесін жасаңыздар.
- •Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңідерз.
- •Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «шын» деп жазып беріңіз.
- •Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.
- •Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.
- •3. Мәтінді оқыңыздар.
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.
- •Шашылған сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •8.Сөйлемдерді оқыңыз, ол мәтінің мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.
- •9. Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.
- •10. Ұлағатты сөздер туралы өз ойларыңызды айтыңыздар.
- •11. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- •12. Мәтінді оқыңыздар.
- •13. « Баланың ата - ана алдындағы парызы » дегенге өз пікірлеріңізді айтыңыздар
- •1. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- •2. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- •3. Досыңыздың жақсы қасиеттерін, сырт келбеті, мінез-құлқы туралы жазып келіңіздер.
- •Сәулеттік құрылыс жүйелері
- •Айша бибі кесенесі Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер
- •Киелі Сырдың мекені
- •Күнгей беттің көлеңкелі тұстары
- •Сіздер білесіздер ме?
- •Байланыс
- •Байланыс құралдары
- •Қазақстандағы байланыс жүйелері
- •1.Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2 .Сөздікті жаттаңыздар.
- •3.Мәтінді оқыңыздар.
- •4.Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар.
- •5.Сұхбаттасыңыздар.
- •10. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар
- •11. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •12. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
- •1.«Менің саяхатым» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.
- •Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
- •8. 1. Негізгі әдебиеттер:
- •Курстың саясаты
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Дайындаған:
3. Мәтінді әңгімелуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
4. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
5. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
Академик А.Е.Ферсман суды қалай айтады?
Қазіргі кезде тұщы су проблемасы күннен-күнге қиындап бара жатыр?
Қай елдерде суды сатып ішеді?
Судың табиғи ресурс ретінде экономика дамуына қатысы қандай?
Су қат болған жағдайда адамзат болашағын қалай елестетесіз?
6. Түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, берілген сөз тіркестерінің мағынасын талдаңыз. Ауыз су, аузының суы құрыды, қара суға түсті, мойнына су кетті, су жаңа, су жүрек, су сепкендей басылды, суға салса батпайды, судан тұнык, сүттен ақ, судан таза, судың да сұрауы бар.
7. Қазақстандағы өзен, көл, теңіздерді атаңыз. Сулы өлкелер туралы әңгімелеңіз.
8.”Сулы жер – нулы жер” дегенді қалай түсінесіз?
9. “Қазақстандағы өзен-су атауларын кім көп біледі? ” тақырыбында сұхбат құрастырыңыздар.
11. Балқаш көлін қорғау және оны құқықтық реттеу туралы сұхбат құрыңыздар.
1. Балқаш көлі қай өңірде?
2. _______________________________
3. Экология комитеті Балқаш проблемасын біле ме?
4. _______________________________________
5. Балқаш деңгейі неше метрге төмендеді?
6. _______________________________
12.Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сіз табиғатты қорғауға қандай жағдай жасап жүрсіз?
2. «Жасыл ел» бағдарламасына көзқарасыңыз қалай?
3. «Табиғатты сен ата-бабаңнан аманатқа емес,келер ұрпақтан
қарызға алдың»деген пікірді қалай түсінесіз?
4. «Жер-Ана » тіркесінің мағынасын ашыңыз.
13 .Арал теңізінің жай-күйі туралы не білесіз?Сұхбат құрастырыңыз.
14. «Теңіз тазалығы», «Теңіз кімге тиесілі», «Теңіз құқығы»(Каспий
теңізіне қатысты)тақырыптарында пікірталастар құрастырыңыз.
15. «Жер-Ананы аяла» тақырыбына шығарма жазыңыз.
СОӨЖ тапсырмасы:
1.« Қазақстанның өзен , көлдері» тақырыбында хабарлама дайындаңыз.
2. Өзіңіздің жақсы көретін өзен, көл туралы презентация дайындаңыз
19-сабақ
Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап.
Шарт мәнді сөйлем. Егер ... етістік +са (-се) + ЖЖ, онда ... лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі. Етістік +ған (-ген, -қан, -кен + ЖС, етістік + атын (-етін, -йтын, -йтін) еді + ЖЖ тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Лексикалық қор
1.Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз
Жануарлар мен өсімдіктер әлемі , ең қажетті мемлекеттік құжат, құстарды қорғау, омыртқасыз жануарлар, жергілікті аймақ, сөз тіркесі, ағылшын ғалымы, халықаралық Қызыл кітап
2.Мәтінді оқыңыз.
Қызыл кітап
«Қызыл кітап» деген сөз тіркесі ғылымға 1966 жылдан бастап енді. «Қызыл» дегені – «қауіп төніп тұр!» деген адамзат баласына ескерту ұғымын білдіреді. Қызыл кітаптарға жер бетінде жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін өсімдік мен жануарлардың түрлері тіркеліп, ондай түрлерді сақтап қалудың және қорғаудың қажеттігі ерекше атап көрсетіледі. Әрбір Қызыл кітап шығарылу дәрежесіне сәйкес ең қажетті мемлекеттік құжат болып саналады.
Халықаралық Қызыл кітапты шығару туралы пікірді алғаш рет ұсынған ағылшын ғалымы Питер Скотт. Оған жойылып кету қаупі төнген, сирек кездесетін, ғылыми тұрғыдан әлі толық зерттелмеген, жылдан-жылға саны күрт азайып бара жатқан, қорғауды қажет ететін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері тіркеледі.
Жануарларды қорғау мәселелері ХХ ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 жылы Парижде алғаш рет құстарды қорғаудың Халықаралық Конвенциясына қол қойылды. Бүгінгі таңда Қызыл кітаптардың бірнеше нұсқалары жарық көрген. Олар – Халықаралық Табиғат қорғау одағының (IUCN) Қызыл кітабы, әрбір мемлекеттің (республикалық) Қызыл кітаптары және жергілікті аймақтың (облыстық) Қызыл кітаптары деп аталады. Мысалы, Қазақстанның омыртқалы жануарларға арналған Қызыл кітаптары (1978, 1991, 1996, 2010), омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы (2006) және өсімдіктерге арналған Қызыл кітабы (1981) жарық көрді. Ал Алматы облысының Қызыл кітабы 2006 жылы жарияланды.
Қызыл кітаптарға тіркелген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерге байланысты өсімдіктер әлеміне және жануарлар дүниесіне арналған Қызыл кітаптар деп те бөлінеді. Қазақстанның Қызыл кітаптары еліміздің аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тіркеуге арналған арнайы мемлекеттік құжат болып саналады.(ғаламтор материалдарынан)
