- •Студенттерге арналған бағдарлама (Силлабус) Астана, 2014
- •2. Пән туралы мәлімет
- •Семестр
- •Семестр
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6. Пәннің мазмұны
- •6.1. Практикалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •2 Семестр
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Мәтінді оқыңыздар Менің Отаным
- •Тірек сөздерді қолданып, мәтінді дамытыңыздар
- •Сөздермен хабарлы сөйлем құрыңыздар
- •Полилогті оқып, мәтінге айналдырыңыздар
- •Мәтінді оқыңыздар және «Қазақ елі қандай ел?» деген сұраққа жауап беріңіздер Тәуелсіз Қазақ елі
- •Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз
- •Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз Қазақстан
- •«Қазақстанның қазба байлықтары» тақырыбында эссе жазыңыз
- •Танымдық сұрақтарға жауап беріңіздер
- •Мәтінді мазмұндаңыз, тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіз Қазақстан жері
- •Лексикалық тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •1. Тірек сөздермен танысыңыз
- •2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің 1 бөлігіндегі мәліметтер қайдан алынған?
- •Грамматикалық минимум
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
- •Парламентінің және үкіметінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
- •Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
- •Ерек туған ер Мәлік
- •Аэроұтқыр әскері – айрықша құрылым
- •Қазақстан – 2030
- •Экономика
- •Ұлттық банк
- •2.Сөздікті жаттап алыңыздар.
- •3.Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер.
- •4.Мәтінді оқыңыздар.
- •9.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыздар.
- •10. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •11.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •12.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.
- •13.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.
- •1. Cіз өз құқығыңызды білесіз бе?
- •2. Адамдар өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, келеңсіз жағдайларға түседі ме, жоқ әлде кішіпейіл болғандықтан кешіріммен қарайды ма?
- •3. Сіз бір ыңғайсыз жағдайға түссеңіз, өз құқығыңызды айтып, мәселенің дұрыс шешілуін талап етесіз бе, әлде мені кейін сотқа шақырады, уақытым кетеді деп көзжұма қарайсыз ба?
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Сіз оқитын факультетте қандай мамандықтар бар?
- •Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?
- •Сіздің мамандығыңыз бойынша қай салада жұмыс істеуге болады?
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •Дені саудың – жаны сау
- •1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •Ұлттық тағамдар
- •1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •«Астана-Арена» жабық стадионы
- •1. Суреттер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Қалай сұрап, қалай хабарлауға болады?
- •3. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударыңыздар. Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- •4. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыздар.
- •1. Кестені толтырыңыздар.
- •5. Сөз тіркестеріндегі есімше формасын ажыратып жазыңыздар.
- •6.Әр сөздің тұсынаШоқан Уәлихановқа байланысты сөздердіжазыңыздар.
- •7. Қазақ тіліне аударыңыздар.
- •8. Мәтінді оқыңыздар. Ахмет Байтұрсынов (1872 - 1938)
- •14. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Заманауи технология
- •15. Ал сіздер заманауи техникалық құралдарды қолданасыздар ма? Олардың пайдасы мен зияны туралы айтыңыздар.
- •16. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, полилог құрыңыздар. Рөлдерде ойнаңыздар.
- •17. Мәтінді оқып, тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңыздар. Интернет байланысы
- •18. Сөйлемдерге қажетті сөздерді анықтаңыз.
- •Соөж тапсырмалары:
- •Халықаралық сыйлықтар. Альфред Нобель.
- •Студенттердің өздік жұмысы (сөж) тапсырмалары:
- •3.Сәйкестендіріп жазыңыз.
- •Қай мереке қай күні тойланады?
- •Қазақстан Республикасында аталып өтетін мереке күндерін мына топтарға бөліңіздер.
- •Берілген сөздерден өздік етіс жасаңыз, сөйлемдер құраңыз.
- •Берілген сөздерден өзгелік етіс жасаңыз, сөйлемдер құраңыз.
- •5. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз.
- •7. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.
- •Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған етістіктердің қай етіс тұлғасындажасалып тұрғанын айтыңыз.
- •9. Мәтінді оқыңыздар. Мереке күндер
- •Сіздерге қандай мереке ұнайды? Әңгімелеп беріңіз.
- •11. Мәтінді аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз. Асар
- •12. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен шағын мәтін құраңыз.
- •13. Сұрақтарға түсіндірме сөздіктерден қарап, жауап беріңіз.
- •14. Мәтінді оқып, түсініңіз. Қандай салт туралы айтылып тұрғандығын табыңыз.
- •15. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •Мәтінді оқыңыздар. Етістіктерді тауып, етіс формасын жасаңыз. Адамгершілік, имандылық – тәрбие негізі
- •2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.
- •3. Мереке күніне құттықтау жазыңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Мәтінді оқыңыз, аударыңыздар. Шілдехана тойы
- •2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз. Бесік жыры
- •4. Мәтінді оқып, аударыңыз. Бесікке салу
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.
- •7. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиістісөздерді қойыңыз.
- •9. Мәтінді ретімен орналастырыңыздар. Аударыңыздар.
- •10. Берілген сөздердің синонимін табыңыздар.
- •11. Мақал – мәтелдерді аударыңыздар. Жаттап алыңыздар.
- •12. Көмекші етістіктерді қойыңыз.
- •13. Орыс тіліне аударыңыз.
- •14. Бұрыс сөйлемді табыңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •2.Мәтінге сүйеніп сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Ырымдардың себебін жазыңыздар.
- •Мемлекеттік тіл. Көсемше
- •1. Мәтінге қажетті сөз, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіз.
- •3. Берілген сөздердің синонимдерін көрсетіңіз.
- •М. Әуезов.
- •10. Бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыз.
- •11. Өлеңді жаттап алыңыз. Үш бақытым
- •12. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін жазыңыз.
- •13. Асты сызылған сөздердің антонимдерін жазыңыз..
- •14. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.
- •15. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •16.Етістіктерден көсемшенің түрлерін жасаңыз.
- •1. 1997 Жыл 11 шілдедегі қр Тіл туралы заңының баптарына талдау жасау.
- •2. Төмендегі мақал – мәтелдерді жаттау
- •Өнегелі ғұмыр, тарихи тұлғалар.
- •5.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыз
- •6.Сәкен Сейфуллиннің өлеңін жаттаңыздар.
- •7.Берілген етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз.
- •8. Мәтін бойынша түсінік айтыңыз н.Ә. Назарбаев
- •9.Сұрақтарға жауап беріңіз
- •10. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар және қазақша түсінік айтыңыз
- •11. Мәтінді әңгімелуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
- •12. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
- •1.Жаңа сөздермен танысыңыз , есте сақтаңыз
- •2. Мәтінді оқыңыз, мағыналық бөлімдерге бөле отырып жоспар құрыңыз
- •3. Мәтінді әңгімелуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
- •4. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.
- •5. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
- •3.Мәтін бойынша сұрақ кұрастырыңыз.
- •4.Мәтінді оқып, қажетті ақпаратты жазып алыңыз
- •5.Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6.Етістіктерді шартты райда жіктеңіз
- •9. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •4. Шашылған сөздерді орнына қойып, сөйлем құраңыз.
- •5.Мына сұрақтарды пайдалана отырып, кесте құраңыз
- •6.Берілген сөз, сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
- •8. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •9. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •10. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
- •11.Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыздар.
- •1. «Қазақстан жеріндегі қорықтар мен парктер » тақырыбына презентация дайындаңыз.
- •Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •«Орта» сөзін қатыстырып бірнеше сөз тіркесін жасаңыздар.
- •Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңідерз.
- •Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «шын» деп жазып беріңіз.
- •Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.
- •Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.
- •3. Мәтінді оқыңыздар.
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.
- •Шашылған сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •8.Сөйлемдерді оқыңыз, ол мәтінің мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.
- •9. Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.
- •10. Ұлағатты сөздер туралы өз ойларыңызды айтыңыздар.
- •11. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- •12. Мәтінді оқыңыздар.
- •13. « Баланың ата - ана алдындағы парызы » дегенге өз пікірлеріңізді айтыңыздар
- •1. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- •2. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- •3. Досыңыздың жақсы қасиеттерін, сырт келбеті, мінез-құлқы туралы жазып келіңіздер.
- •Сәулеттік құрылыс жүйелері
- •Айша бибі кесенесі Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер
- •Киелі Сырдың мекені
- •Күнгей беттің көлеңкелі тұстары
- •Сіздер білесіздер ме?
- •Байланыс
- •Байланыс құралдары
- •Қазақстандағы байланыс жүйелері
- •1.Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2 .Сөздікті жаттаңыздар.
- •3.Мәтінді оқыңыздар.
- •4.Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар.
- •5.Сұхбаттасыңыздар.
- •10. Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар
- •11. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •12. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
- •1.«Менің саяхатым» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.
- •Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
- •8. 1. Негізгі әдебиеттер:
- •Курстың саясаты
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Дайындаған:
5.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыз
6.Сәкен Сейфуллиннің өлеңін жаттаңыздар.
Тау ішінде
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп, өлеңдетіп
Астымда ақ боз атым сылаң қағып
Жалтақтап, құлақтарын елеңдетіп,
Ақ боз ат менің тұлпарым
Шалқыған көңіл сұңқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А - ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзім.
Ән салдым есіп майда, жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып
Толқынды мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай, ояу жатып.
7.Берілген етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз.
Айту, жазу, көру, оқу, айту, тыңдау, келу, кету, түсіну
8. Мәтін бойынша түсінік айтыңыз н.Ә. Назарбаев
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатынының жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетінің Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның Прездиденті қызметін адал атқаруда.
1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі- қазақ тарихындағы үлкен оқиға болды. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды.
9.Сұрақтарға жауап беріңіз
1 . Н.Ә. Назарбаев қашан және қай жерде туылған?
2 . Еңбек жолын қандай жұмыстан бастады?
3 . Кеңес үкіметі жылдарында қандай қызметтер атқарған?
4 . Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген еңбектері туралы
айтыңыз.
Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық сахнадағы беделі қандай?
10. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар және қазақша түсінік айтыңыз
1990 жылы 24 сәуірде Н.Ә.Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайланды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкестігін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы қызметіне кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.
Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тоғыстырған білгір басшы. Ел өмірінің тіршілік-тынысын терең білу, ең өзекті проблемаларды нақты шеше білу, ел ішіндегі және сыртқы ахуалдармен санаса отырып, ұтымды әрекеттер жасау, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай елеусіз қалмай, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды.
