Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

12. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен шағын мәтін құраңыз.

Өсиет айту – дәстүр, ғұрып

Ұрпаққа ақыл, өсиет, өнеге, тәлім-тәрбие, кейінгі ұрпақ, соңғы тапсырма,бұлжытпай орындау.

13. Сұрақтарға түсіндірме сөздіктерден қарап, жауап беріңіз.

1. Енші беру - қандай салт?

___________________________________________________________

2. Айып - қандай салт, заң жолын түсіндіріңіз.

___________________________________________________________

3. Діни мереке – айт туралы білесіз бе?

___________________________________________________________

14. Мәтінді оқып, түсініңіз. Қандай салт туралы айтылып тұрғандығын табыңыз.

1) Көшпелі қазақ халқы көшуді салтанат санаған. Көшкенде әдемі, жаңакиімдерін киетін. Жүк артқан түйелерге кілем, оюлы сырмақ жабатынболған. Еру отырған ауылдардың жанына қонғанда, олар көшті жабылақарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтқан. Еру отырған ауылдар шай,қымыз, тіпті қой сойып апаратын болған.Бүгінгі күнде ауылға жаңа көшіп келген шаңырақты ауыл адамдарықонаққа шақырып, танысады. Көнеден келе жатқан салт осылайша жалғасынтауып отыр.

Бұл қандай дәстүр? ________________________________________

2) Бұл мұсылманның бес парызының бірі. Бұл салтты кейде «ауыз бекіту»деп те атайды. Ауыз бекіткен адам отыз күн бойы күндіз тамақ ішпейді,әдепсіз ой ойлмайды, жаман сөз айтпайды, қиянат жасамайды. Күн шықпасбұрын таңертеңгілік сәресі ішіп, күн батқан соң ғана ауызын ашады. Ауыладамдары аузы берік адамдарды «ауыз ашарға» шақырады.

Бұл қандай салт?___________________________________________

15. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.

1. Бала тәрбиесі – бесіктен.

2. Су ішкен құдығыңа түкірме.

3. «Сіз» деген әдеп,«Біз» деген көмек.

4. Баланы жастан, келінді бастан.

Сөж тапсырмалары:

  1. Мәтінді оқыңыздар. Етістіктерді тауып, етіс формасын жасаңыз. Адамгершілік, имандылық – тәрбие негізі

Қазақ халқының тәрбиесіндегі, алдымен, үй йесі отағасымен амандасу, үлкендерге иіліп сәлем беру салт-дәстүрі әлі күнге дейін өз маңыздылығын жойған жоқ. Ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде Абай атамыздың: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек», - деп айтқан қанатты сөзінің мәні зор. Бұл сөздер жастарды адамгершілікке, әдептілікке және мәдениеттілікке үндейді.

Қазақ халқының әдебінде адамдармен қарым-қатынас «Сіз»» деген сөзден басталады, себебі бұл сөз адамды сыйлауды, құрметтеуді білдіреді. Әдептілікті, мәдениеттілікті білдіретін «аса қадірлі», «құрметті», «ардақты» сөздерінің мәні зор. Таныс адамдарына «алғыс айтамын», «рақмет» деп айту да әдептілікке жатады. Халықтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөзі отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты айтылған.

Өзінің ата-анасын құрметтеу, үлкенді сыйлау, досына адал болу, әділетті өмір сүру – барлық халықтарда бар дәстүр.

2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мереке күніне құттықтау жазыңыздар.

Ұлттық салт-дәстүрлер.

Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрі. Көмекші етістіктердің негізгі етістіктермен тіркесіп қимыл фазаларын (кезеңдерін) немесе өту сипатын білдіруі. Түбір етістік + а (-е,-й) бастау, түбір етістік + а, (-е, -й) бару, түбір етістік + ып, (-іп, -п) қою, түбір етістік + ып, (-іп, -п) алу, түбір етістік + ып, (-іп, -п) шығу, түбір етістік + ып, (-іп, -п) болу және т.б. тіркестер арқылы жасалуы.

Лексикалық қор

15-сабақ

Лексикалық тақырып: Ұлттық салт-дәстүрлер.

Грамматикалық тақырып: Көмекші етістік.

Лексикалық қор

Бала тәрбиесі, шілдехана, бесіктой, тұсау кесер,сүндет той, құда түсу, үйлену тойы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]