Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

Студенттердің өздік жұмысы (сөж) тапсырмалары:

1. Өленді жатқа айтыңыз.

Оқуға шақыру

Балалар, оқуға бар, жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.

Кішкене қоңыз да жүр жүргін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.

Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,

Оянып жан-мақұлық түнде қонған.

Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,

Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.

«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа! –

Құлдарын құдай сүймес жалқау болған. (Ахмет Байтұрсынов)

2. «А.Байтұрсынов – ғалым-лингвист, аудармашы» тақырыбын мазмұндаңыз.

3.Сәйкестендіріп жазыңыз.

Деньги откроют любую дверь.

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Который палец не укуси,одинаково больно.

Асықпаған арбамен қоянға жетеді.

Неторопливый и на арбе догонит зайца.

Ақшаның ашпайтын есігі жоқ.

Гость недолго гостит,да много видит.

Ата-анаға баласының бәрі бірдей.

15-сабақ

Лексикалық тақырып: Ар-ождан бостандығы. Дін және діни таным. Діни мерекелер.

Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы.

Лексикалық қор

Адамгершілік, ұлттық құндылық, мәдениеттілік, дәстүр, тәрбие, намыс, ақыл, әдеп, үлкенге құрмет, қадірлі, ардақты, ризашылық, бата, махаббат, жағымды сөз, ұрпақ тәрбиесі, сыйлау, алғыс.

Жазылым

  1. Қай мереке қай күні тойланады?

    1 қаңтар

    22 наурыз

    1 мамыр

    9 мамыр

    30 тамыз

    16 желтоқсан

    8 наурыз

  2. Қазақстан Республикасында аталып өтетін мереке күндерін мына топтарға бөліңіздер.

мемлекеттік

ТМД елдеріне ортақ

діни

халықаралық

Грамматика

кесте

Етіс түрлері

Жұрнақтары

Негізгі етіс (основной залог)

-

Өзгелік етіс (понудительный залог)

-т, -қыз/-кіз/

-ғыз/-гіз;

-дыр/-дір/

-тыр/-тір

Ырықсыз етіс (страдательный залог)

-л/-ыл/-іл

Ортақ етіс (взаимно-совместный залог)

-с/-ыс/-іс

Өздік етіс (возвратный залог)

-н/-ын/-ін

  1. Берілген сөздерден өздік етіс жасаңыз, сөйлемдер құраңыз.

Үлгі: ұғ-ын,қыр-ын.

Қара, сүрт, шақыр, теп, сұра, жу, байла, мақта, көр, тара, жақ, шеш, құттықта, тойла.

  1. Берілген сөздерден өзгелік етіс жасаңыз, сөйлемдер құраңыз.

Тебу, айту, бару, келу, жазу, тарау, шешу, сайлау, бүркеу, көру, алу, сыйлау,қызу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]