Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.65 Mб
Скачать

Соөж тапсырмалары:

1. Жаттап алыңыз.

1.Білімнен қымбат нәрсе жоқ,

Көңілде жатса, баспай тат.(Н.Байғанин)

2.Білгенге: білім – байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай.(Омар Шораяқұлы)

3. Талап қыл артық білуге,

Артық ғылым кітапта.

Ерінбей оқып көруге.(Абай)

2. Оқыңыз, аударыңыз.

Халықаралық сыйлықтар. Альфред Нобель.

Нобель сыйлығы айрықша халықаралық сыйлық болып табылады. Жазушы немесе ғалым, мемлекеттік қайраткер Нобель сыйлығын алған болса, бұл дегеніңіз – жазушы талантты шығарма, кітап жазғаны ғалымның маңызды ғылыми жаңалық ашқаны, ал мемлекеттік қайраткер өз елінің өмірінде прогрессивті рөл атқарғаны, мүмкін әлем үшін де Нобель сыйлығы берілген адам адамзат тарихында қалады.

Альфред Нобель, танымал швед жазушысы, өмірі қайшылыққа толы адам болған (был человеком контрастов). Ол өнер мен әдебиет қызықтырған кәсіпкер болған. Ол табысты мансапқа жетті, бірақ, әрқашан қарапайым өмір сүрді және жалғыздықты жақсы көрді.Ол өте қонақжай және жақсы әңгімелесуші болған, ал күнделікті өмірде көңілсіз, жабырқау (грустный, мрачный) болған. Ол адамдарды жақсы көрген, бірақ өмір бойы жалғыз қалды. Ол Италияда дүниеден өтті. Оның жаңалықтары ойлап тапқандары әлемнің барлық елдеріне белгілі болды, бірақ өзі ешқашан белгілі болған емес, тек қана қайтыс болған соң оның есімі танылды.

Альфред Нобель 1833 жылы 21 қазанда Стокгольмде дүниеге келеді. Ол тоғыз жасқа толғанда, оның отбасы Ресейге көшті.

Альфредтің жастық шағы сол кезде әлем мәдениеті орталықтарының бірі болған Петербургте өтті. Қажетті білімді ол өз бетінше оқыды. Ол бірнеше шет тілін білді, ағылшынша, шведше, немісше, французша, орысша сөйлей білді. Он жеті жасқа толғанда Нобель Еуропаны саяхаттауға шықты (отправился путешествовать). Германияда, Францияда, Америкада болды.

А.Нобельдің әкесі талантты инженер болды. Ол бірнеше қызықты жаналықтар ашқан. Оның бірі су асты миналары. Әкесі сияқты Нобель де химияға қызықты. Отбасылары Швецияға оралғанда, Нобель химия зертханасында жұмыс істеуді бастады. 1863 жылы әлемге өзін танымал еткен динамитті ойлап тапты.

Нобельді динамит королі деп санады, бірақ ол өзінің ашқан жаңалықтарын адамдарды жою үшін пайдалануды қаламады.

Нобель 350-ден астам жаналық ашты. Осы адамда ғалым мен кәсіпкердің таланты сәтті біріккен. Мүмкін оның таңғаларлық табыстарын осымен де түсіндіруге болар. Ол әлемнің 20 шақты елдерінде 93 өнеркәсіптің негізін салды және оларды басқаруға көп уақытын бөлді. Банк және қаржы істерімен өзі айналысты.

Нобельдің денсаулығы аса күшті болмаған, бірақ белсенді жұмыс істей алды. Ол 1896 жылы 10 желтоқсанда дүниеден өтті. Қайтыс боларынан бір жыл бұрын өзінің артында қалатын аса үлкен байлығы туралы аманат жазды. А. Нобель қайтыс болған соң, бұл құжатты жариялады. Оның мазмұны көпшілік үшін күтпеген және өзгеше болды. Онда оның барлық байлығы сатылуға қажетті екендігін жазған. Осы ақшаға акция сатып алуға тиісті. Осы акция әкелетін қаржы адамзатқа үлкен пайда әкелген адамдарға сыйлық ретінде жыл сайын пайдалануға тиісті.

Ғалымдарды, жазушыларды, мемлекеттік қайраткерлерді марапаттау үшін негізін салуды шешкен кәсіпкер, химик-экспериментатор Альфред Нобель осындай болған.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

4. Мына сөз тіркестерінің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз:

Айрықша сыйлық, халықаралық сыйлық, мемлекеттік қайраткер, ғылыми жаналық адамзат тарихы, қарапайым өмір, жалғыз қалу, ақылға сыймас махаббат, өте белгілі, өз бетінше, су асты миналары, әскери мақсат, таңғаларлық табыстар, аманат жазды, қайраткерлерді марапаттау.

5. Мына сөздердің қарама- қарсы мағынасын жазыңыз.

Талант, қалу, бай, банкрот, жалғыз, отаншыл, алыс, танылу, көңілсіз, үлкен, дүниеге келу, белгілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]